Келіспеушіліктің жағымды, жағымсыз жағы.
Жағымды жағы
даму көзі
өзгеріске белгі
жақындай түсуге мүмкіндік
қысымға күш беру
қарым-қатынасты жақсарту
Конфликттің пайда болу ағымы және шешілу жолдары.
Конфликт ағымы туралы айтқанда, конфликт қатысушылыадан басқа мінездемелерден жеке сыртқы жағдайлармен анықталады. Ол сол ортада пайда болып, дамиды.
Конфликт процесінің шарттары:
уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы)
әлеуметтік – психологиялық (кикілжің топтың климаты және олардың өзара қатынасы, конфронтация деңгейі сонымен қатар крнфликт мүшелерінің қал - жағдайы).
Әлеуметтік (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этникалық) және т.б. мүшелердің қатысы.
Конфликті жағдайдың көрінісі- бұл конфликт мүшелерінің қарама- қарсы жақ пен конфликт ортасына деген жеке өзіндік көзқарасы.
Конфликт мүшелерінің мүмкін іс- әрекеттері:
мінез- құлықтың «с- әрекеті (шабуыл, қорғану, бейтараптық)
іске асуының деңгейі (активті – пассивті, ынталылығы т. б.).
Конфликттің шығу мүмкіндігі:
біреудің толық немесе жартылай бағынуы
ымыраға келуі (компрамисс)
конфликтті іс- әрекеттің үзілуі
интеграция және т.б.
Конфликтті шешу мынандай жағдайда мүмкін:
Конфликтінің объективті жағдайының өзгерісі
Конфликтті жағдайдың үзіліп барып, жалғасын тап кезде
Конфликтінің «Томас торы» бойынша шектеу жолдары.
К. Томастың айтуы бойынша конфликтіні бақылау мен басқарудың 5 негізгі әдісі:
1. Жарысу (бәсекелестік);
2. Бейімделу;
3. Компромисс (ымыраға келу);
4. Қашу;
5. Одақтасу.
Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.
Жарысу – жылдам шешім қабылдауды және өзндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы:
конфликтіден кету өте қажет еткенде;
өзіңіздің беделіңіз жоғары және билігіңіз болғанда
өте қиын тұғырыққа тап болғанда;
ешқандай амал- тәсіл болмағанда.
Бейімделу мынандай жағдайларда тиімді:
біреуге жол бере тұра, өзіңіздің ештеңе жоғалтпайтыныңызды білгенде;
қалыптасқан жағдайды жұмсарту керек кезде;
шығатын қорытындының өзіңізден гөрі басқа тұлғаға қажеттігін түсінде;
шындық сіздің жағыңызда болмағанда.
Компромисс – бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның қажеттіліктері ескерілгенде болады.
екі жақтыңда билігі тең және олардың белгілі бір мақсатқа жетудегі өзара ортақ шешім қабылдауы;
уақытша немесе тез арада шешім шығаруда;
басқа амалдар тиімсіз болғанда;
өзара қатынасты сақтап қалу үшін ымыраға келу.
Қашу мынандай жағдайларда тиімді:
- қозғалған мәселенің сіз үшін маңызды емес кезінде;
өзіңіздің кінәлі немесе кінәсіз екеніңізді түсінгенде;
әлсіз әріптесіңізбен сөйлескенде;
белгілі бір шешім тапқыңыз келіп тұрады, дегенмен таба алмаған жағдайда;
қозғалған мәселе бойынша мәлімет жеткіліксіз болғанда.
Одақтасу немесе бірігу мынандай сәттерде тиімді:
мәселенің шешілуінің екі жаққа да өте қажет болғанда;
өзара өте тығыз қарым – қатынста болсаңыз;
мәселені шешуге уақытыңыз болғанда;
екі жақтың билігі болғанда.
Конфликт ол қарама –қарсы бағытталған қақтығыс, бір –бірімен сәйкес келмейтін тенденциялар, ой –пікірлер, жеке алған индивидтің саласындағы қатынастардың қақтығыстары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |