Конкурс өткізу туралы хабарландыру



Дата10.03.2017
өлшемі87,46 Kb.
#11205
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру
10.06.2016

Мақтарал ауданы әкімдігінің бірыңғай конкурс комиссиясы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

E-R-5 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

Келесі құзыреттер болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Е-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Келесі құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:



Санаты

Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-5

64960

88279

Е-G-4

62461

84115


Мақтарал ауданы әкімінің аппараты 160500 Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі 20 үй, 2-қабат, 9-кабинет, анықтама үшін телефондар: (8 72534) 6-28-91

эл.почта. personal_maktaral@mail.ru

1.Мақтарал ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет және қала құрылысы секторының жетекші маманы, Е-R-5 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің іс-номенклатурасы бойынша іс жүргізеді, құжаттарды мұрағатқа өңдеу және әзірлеу. Жоғарыдан келіп түскен қаулыларға, бұйрықтарға, тапсырмаларға, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға заңда көрсетілген мерзімінде жауап беріп тұруды қамтамасыз етеді. Қызметшілермен Қазақстан Республикасы заңдарын таныстыру және олармен бірге сабақ өтеді. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік

қызметі туралы” Заңының талаптарына сәйкес бөлім басшысының тапсырмасы бойынша өзіне жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: сәулет, құрылыс, құқық (заңтану) мамандықтары.
2.Мақтарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары секторының жетекші маманы, Е-R-5 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Заң талаптарына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша арыз-шағымдарды уақытылы қарау, хаттарға дер кезінде жауап беру. Бөлім басшысы немесе орынбасарлары және сектор меңгерушісі бекіткен қызметтік нұсқаулықтарды, басқа да тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, орындалуын қамтамасыз ету. Экономикалық жағдайын талдау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында қысқа дайындық қызметі мен міндеттерді орындау. Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының талаптарына сәйкес бөлім басшысының тапсырмасы бойынша өзіне жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: коммуналдық шаруашылық, құрылыс, техникалық, сәулет, көлік, көлік техникасы және технологиялары, экономика, құқықтану (заңгер) мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары.
3.Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті, Е-G-4 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері: Ауылдық округ тұрғындарының жергілікті салықтарды төлеуін қамтамасыз етеді. Салықтардың жиналуын, жинақ банкке өткізілуін, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Тиісті органдарға уақтылы есеп береді. Өзіне келіп түскен өтініш, шағымдардың, құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша өзіне жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мамандығы бойынша –жоқ
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Мақтарал ауданы әкімдігінің бірыңғай конкурс комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;


2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
 8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде олардың тиісті «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылған біліктілік талаптарына сәйкестігі мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Мақтарал ауданы әкімі аппаратында өтеді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссисымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте акредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламенті және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты:



www. kyzmet.gov.kz

Мақтарал ауданы әкімдігінің бірыңғай конкурстық комиссиясы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет