«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, (1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Білім басқармасы жұмысының қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективасындағы стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысу; қала әкімдігіне және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне аналитикалық шолу материалдарын дайындау. Құзырлығы аясында білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Алматы қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламаларын әзірлеу және орындалуына бақылау жасау. Ведомстволық есептегі білім беру ұйымдарының бюджетін қалыптастыру және қаржыландыру бойынша ұсыныстар дайындау. Бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды ұйымдастыру және бақылау. Қаладағы білім ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері мен оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету. Білім беру нысандарының құрылыстық, сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу, материалдық-техникалық база жағдайының мәселелерін бағыттау. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жағдайларын бақылау және басқару. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жж. арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша Білім басқармасының және бағынысты ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Жоспарлау және болжау, бухгалтерлік есеп пен есептілік мәселелері бойынша бақылау және басқару. Құрылымдылық бөлімшелердің қаржылық және экономикалық мәселелері бойынша іс-әрекеттеріне талдау жасау. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша жұмысты үйлестіру. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.
Достарыңызбен бөлісу: |