Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі), экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), жаратылыстану ғылымдары (механика), қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) мамандықтары бойынша.
2.Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы, E-G-3санаты (1-бірлік)
Функционалдық міндеттері:Өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру; Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларын, елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу және осы саладағы бағдарламаларды iске асыру; Шаруа немесе фермер қожалықтарының жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесу; Елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау; Шаруа (фермер) қожалықтарының кітаптарын электронды түрде жүргізу бағдарламасына енгізу; Ауылдық округтегі ауылшаруашылық және егістік жерлердің жұмыстарын ұйымдастыру және есептерін жүргізу; Округ аумағындағы ауыл шаруашылық субъектілерінің жұмыстарын үйлестіру; Ветеринария саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жетілдіруді іске асыру; Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; Өзіне жүктелген басқа да міндеттерді орындау.