Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-2 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында бір жылдан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес; ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары білім бағдарламалары бойынша шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
С-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-О-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
C-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы; сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
C-O-5 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
C-O-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
C-R-2 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
C-R-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
C-R-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
C-R-5 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтарда № 5084 тіркелген).
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
min
|
max
|
С-2
|
156954
|
212048
|
C-O-5
|
64063
|
86485
|
C-3
|
118516
|
160157
|
C-O-6
|
57656
|
78157
|
C-4
|
106344
|
143501
|
C-R-2
|
98016
|
132610
|
С-5
|
80078
|
108266
|
C-R-3
|
74313
|
99938
|
С-О-3
|
94813
|
128126
|
C-R-4
|
56375
|
76235
|
С-О-4
|
84563
|
114032
|
C-R-5
|
49969
|
67906
|
І. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 11-кіреберіс, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-23-62, факс: 74-24-23, электронды мекенжайы: Altyngul.Nazarkulova@edu.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: министрлік басшыларына мемлекеттік саясатты қалыптастыру және министрліктің құзыретіне енетін салалардың дамуында басым бағыттарды анықтау бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу. Білім және ғылым саласында министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтау және жоспарлау. Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму жұмыстарын ұйымдастыру. Министрліктің білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, стратегиялық және операциялық жоспарларын және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді әзірлеу. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын: министрліктің құзырына кіретін мәселелер бойынша стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жалпыұлттық жоспарларды әзірлеуге қатысу. Департаментке жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуына, министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен іс-қимыл жасауға, департамент бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге, еңбек және орындаушылық тәртіптің қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе техника ғылымдары және технологиялар немесе жаратылыстану ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
2. Әкімшілік департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алу үдерісін ұйымдастыру және өткізу. Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібін және мерзімдердің сақталу жұмыстарын үйлестіру. Министрлік басшылығына мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ақпараттың, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілеттік органға белгіленген есептердің ұсынылуын ұйымдастыру. Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға дербес жауапты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
3. Заң департаменті нормативтік-құқықтық актілерді мониторингтеу және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету; белгіленген тәртіпте сотта және басқа да органдарда министрліктің мүддесін қорғау; құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету; білім беру, ғылым, жастар саясаты мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және оларға құқықтық талдау жүргізу; құқық қолдану практикасын талдау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және күресу бойынша жұмыс жүргізу және министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат жинау, уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті есептер дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық мамандығының тобы бойынша жоғары білім.
4. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті статистика және талдау ақпараттық технологиялары басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне – 31.12.2016 ж. дейін).
Функционалды міндеттері: нормативтік-құқықтық актілерді, электронды оқыту жүйесін енгізу бойынша жұмыс құжаттамаларын әзірлеу және келісу. Электронды оқыту жүйесін енгізу мәселелері бойынша бірыңғай техникалық саясат пен талаптарды қалыптастыру. Мектепке дейінгі және орта білім бойынша ШҚО, БҚО, СҚО, ОҚО бойынша ҰББД-да ведомстволық статистиканы қалыптастыру. ҰБДБ статистикалық деректерін, Білім беру статистикасы орталығы ұсынған деректер негізінде ШҚО, БҚО, СҚО, ОҚО паспорттарын талдау. Оқытуды және білім беру ұйымдары порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Жобаны басқару қызметтерін, консалтингтік қызметтерді, білім беру ұйымдарының серверлері мен жабдықтарының жүйелік-техникалық қызметін және жобаның инфрақұрылымын қамтамасыз ететін басқа да қызметтерді ұсыну бойынша ЭОЖ-ны енгізуді қамтамасыз ету: - техникалық ерекшеліктерді, талаптарды әзірлеу және келісу; - негіздемелерді, баға ұсыныстарын, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, аталған қызметтер бойынша жұмыстарды актілеу. Мектепке дейінгі білім беруді ақпараттандыру бойынша БҒБАЖ-ны енгізу бойынша жалпы жұмыс құжаттамаларын әзірлеу және бекіту. Жоғары тұрған органдарға басқарманың мәселелері бойынша ақпарат ұсыну. Бюджеттік өтінімдер, жаңа бастамалар жасау кезінде ұсыныстар енгізу, ақпараттандыру мәселелері бойынша техникалық ерекшеліктер жасау. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау. Еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау, өзінің лауазымдық функцияларын орындауға дербес жауапкершілік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе техника ғылымдары және технологиялар мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
5. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті орта білімді үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне – 25.05.2018 ж. дейін).
Функционалды міндеттері: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынаста болу және үйлестіруді жүзеге асыру. Білім саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ету. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу жұмыстарын және педагогикалық мамандық бойынша кәсіптік стандарт әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Білім басқармаларының қызметін үйлестіру, педагог қызметкерлерді аттестаттау мәселелері бойынша ақпарат және ұсынылған мәліметтерге талдау жасау. Білім беру ұйымдарының азаматтық қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету шаралары бойынша ақпарат және мәліметтерге талдау жасау. Педагог қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас жасау. «Үздік педагог» атағын тағайындау бойынша республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Педагог қызметкерлерді қайта даярлау мәселелері бойынша Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы орталығымен қарым-қатынас жасау. Педагог қызметкерлердің өңірлік тамыз кеңестері және басқа да іс-шаралар жұмыстарын үйлестіру. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына мониторинг жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру, департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жаңа бастамалар, техникалық ерекшеліктерді әзірлеу. Басқарма басшысы болмаған уақытта басшының орнын алмастырады және басшының тапсырмасына сәйкес оның функцияларын орындайды. Басшылықтың басқа да тапсырмасын орындау. Өзінің лауазымдық функцияларының орындалуына, еңбек тәртібінің, мемлекеттік қызметкердің этикасының сақталуына дербес жауапты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
6. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу. Келесі мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыру: әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру: - білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатуралары мен мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидалары; - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; - мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа оқу жылына, жылыту маусымына дайындығы; - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің инфрақұрылымын дамытуда озық тәжірибелерді есепке алуды зерделеу, оның ішінде МЖӘ есебінен, құрылыс, күрделі жөндеу және т.б. -мектепке дейінгі ұйымдарды педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, және олардың біліктілігін арттыру; -республикалық маңызы бар іс-шараларды өткізу. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Білім және ғылым министрлігінің Жылдық жоспарын және Негізгі іс-шараларының желілік кестесін іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі білім беру саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды жүргізу және талдау (ф№ 85 К). «Балапан-2020» бағдарламасын іске асыру мониторингін және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу оның іске асырылу барысы туралы ақпаратты дайындауды қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша Білім және ғылым министрлігінің сайтын толықтыруды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша сұралған ақпаратты дер кезінде ұсынуды қамтамасыз ету. Бюджеттік жоспарларды, бюджеттік тапсырысты және техникалық ерекшеліктерді қалыптастыруға қатысу. Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Өзінің лауазымдық функцияларының орындалуына, еңбек тәртібінің, мемлекеттік қызметшілер этикасының сақталуына дербес жауапты.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті статистика және талдау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: жалпы ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету және басқарма қызметін мынадай мәселелер бойынша үйлестіру: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы статистикалық деректерді жинақтау, өңдеу және талдау (ЖБББЖ); қатаң есептілік құжаттардың нысандарын әзірлеу, стратегиялық, бағдарламалық құжаттардың, жоғары оқу орындарының даму жоспарларының іске асырылуын және ЖБИ көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуді мониторингтеу; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі бойынша ақпараттарды, талдамалық есептерді, анықтамаларды әзірлеу; ҚР заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, жоғары органдардың шешімдерін, министрліктің бұйрықтарын орындау. Құзыреті шеңберінде министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті мемлекеттік тапсырыс және жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне – 30.06.2017 ж. дейін).
Функционалды міндеттері: экономиканың басым бағыттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыруды ұйымдастыру; талапкерлерді кешенді тестілеуді және жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыру; магистрлер мен PhD докторларды мақсатты даярлау тетігін іске асыру; профессорлар-оқытушылар құрамын, ЖОО басшыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру; шетелден ғалымдарды тарту бағдарламаларын іске асыру және білім алушылар мен профессорлар-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы; жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіру; жоғары оқу орындары ректорлары мен проректорларын тағайындауды келісу білім алушыларға мемлекеттік атаулы стипендияларды тағайындау бойынша мәселелерді қарастыру; жоғары оқу орындарында жемқорлық байқалуының алдын алу мәселелерін қарастыру; жоғары оқу орындары ректорларының республикалық және өңірлік кеңестерінің қызметін үйлестіру. Министрлікке қарасты жоғары оқу орындарының жарғысын әзірлеу, келісу және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру; Коммерцияландыру жобасының жұмысын үйлестіру; ақпараттарды, есептерді, анықтамаларды дайындау. Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу. Құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. ҚР заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, жоғары органдардың шешімдерін, министрліктің бұйрықтарын орындау. Құзыреті шеңберінде министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жаратылыстану ғылымдары немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе техника ғылымдары және технологиялар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
9. Экономика және қаржы департаменті бюджетті орындау және бухгалтерлік есеп басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында өнім берушілермен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу. Өтінімдер мен шарттарды, төлем шоттарды тіркеу журналдарын жүргізу. Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды операциялық орындау. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының даму бюджеттеріне нысаналы даму трансферттерді және ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару. Білім алушыларды стипендиямен қамтамасыз етуге бюджеттік қаражатты аудару. Белгіленген мерзімдер мен мекенжайларға есептілікті құрастыруға және ұсынуға қатысу. Министрлік, экономика және қаржы департаменті өткізетін алқа, семинар, кеңес және басқа да іс-шараларды өткізу бойынша материалдарды даярлауға қатысу. Жинақ ақпаратты,іс-қимыл жоспары, жұмыс кестесі, басшылық тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Қаржылық жоспарлау мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерге жауап.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, әлемдік экономика) мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.
ІІ. Алматы қаласы әділет департаменті, 050010, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 47-үй, анықтама үшін телефон: 8(727) 330-80-02, факс: 291-80-23, электронды мекенжайы: du_almaty@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Достарыңызбен бөлісу: |