Конкурс туралы хабарландыру (Жалғасы. Басы 222-нөмірде)


Заң бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік



бет6/9
Дата25.01.2017
өлшемі1,36 Mb.
#7629
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8. Заң бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: ??????????? ???????? ????????? ????????? ?????????? ????? ??? ???????? ?????????; ??? ??????????? ??????????? ???????? ????????????? ???????? ?????? ???? ??????? ?????????? ???; ????????? ????? ????????? ??????? ?????????? ??? ???????? ?????? ???????; ??????? ???? ?????? ???????? ?????????? ???????.

мемлекеттік кірістер органының пайдасына шешілмеген әрбір сот актісіне шағымдану; сот орындарында мемлекеттік кірістер басқармасының мүддесін қорғау және құқығын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құжаттарды заң талабына сәйкес тексеру; айыппұл салу туралы қаулының орындалуын бақылау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласында жоғары білім. Құқық саласында ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу, тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемле­кеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларда қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Мемлекеттік тілді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойын­ша функционалды міндеттерін атқару үшін басқа да міндетті білімдер қажет.

IX. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минис­трлігінің Техникалық реттеу және метрология коми­теті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11-үй, «Эталон орталығы» ғимараты, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 27-07-36, 27-07-39, факс: 44-62-34, электронды мекенжайы: s.seitkanova@mid.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің метрология және сәйкестікті бағалау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: аталған саладағы нормативтік-құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды әзірлеуге, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге, аккредиттеу және сапаны басқару саласындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастыққа, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және техникалық реттеу саласындағы комиссия жұмысына қатысу, мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және техникалық реттеу саласындағы ведомствоға бағынысты кәсіпорындармен өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес не­месе құқық немесе техника ғылымдары және технология. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақ­стан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Респуб­ликасының заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Мемлекеттік тілді білу.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің техникалық реттеу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметшінің 2017 жылғы 30 маусымына дейінгі оқу демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: техникалық реттеу, стандарттау және метрология саласындағы техникалық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, комитет бюджетінің жобасын қалыптастыруға, аталған салалардағы нормативтік-құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды әзірлеуге, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және шаралар қолдануға, техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, аккредиттеу саласындағы комиссия жұмысына қатысу. Мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ техникалық реттеу, стандарттау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және аккредиттеу саласындағы ведомствоға бағынысты кәсіпорындармен өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техника ғылымдары және технология. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақ­стан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Мемлекеттік тілді білу.

X. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минис­трлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комите­тінің «Алматы қаласы және Алматы облысы бойын­ша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 050026, Алматы қ., Жұмалиев көшесі, 108, 4-қабат, анықтама телефондары: 8 (727) 277-52-99, 8 (727) 269-81-31; электронды мекенжай: elmira.askerova@mail.ru, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы мемле­кеттік бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: жеке және заңды тұлғалардың байланыс және ақпараттандыру саласындағы заң талаптарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың лицензиялық қызмет шарттарын орындауын бақылау. Телекоммуникация желілерін, байланыс құрылғыларын қабылдауға қатысу. Байланыстың барлық түрлерiнің қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз ету және заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектронды құралдарды анықтау және олардың жұмысына тосқауыл қою мақсатында құқық қорғау және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара әрекеттесу. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласы бойынша өтініштерін қарастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техника ғылымдары және технология саласында жоғары білім (радиотехника немесе электроника және телекоммуникация немесе ақпараттық жүйелер немесе информатика) немесе экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит). Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (радиотехника немесе электроника және телекоммуникация немесе ақпараттық жүйелер немесе информатика) немесе экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит). Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс және ақпараттандыру саласындағы заң талаптарын орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың байланыс және лицензиялық қызметтер шарттарын орындауын бақылау. Телекоммуникация желілерін, байланыс құрылғыларын қабылдауға қатысу. Байланыстың барлық түрлерiнің қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз ету және заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектронды құралдарды анықтау және олардың жұмысына тосқауыл қою мақсатында құқық қорғау және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара әрекеттесу. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласы бойынша өтініштерін қарастыру. Microsoft Office стандартты бағдарламалар жиынтығымен компьютерде жұмыс жасай білу.

2. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы рұқсат қағаздары бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне).

Функционалды міндеттері: құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс және ақпарат салаларында реттеушілік, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыру; радиожиілік спектрін пайдалануды жоспарлау, сондай-ақ оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету: инспекция құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, телерадио хабарларын тарату жүйелерін дамыту мониторингін және жобаларын іске асыруға қатысу; байланыс операторларынан және ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің иелерінен ведомостволық статистикалық есептіліктер жинауды жүзеге асыру, облыс аумағында ақпараттандыру және байланыс қызметтері нарығының жағдайын талдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техника ғылымдары және технология саласында жоғары білім (радиотехника немесе электроника және телекоммуникация немесе ақпараттық жүйелер немесе информатика) немесе экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит). Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (радиотехника немесе электроника және телекоммуникация немесе ақпараттық жүйелер немесе информатика) немесе экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит). Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс және ақпараттандыру саласындағы заң талаптарын орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, байланыс қызметтерін көрсететін лицензиаттардың байланыс және лицензиялық қызметтер шарттарын орындауын бақылау. Телекоммуникация желілерін, байланыс құрылғыларын қабылдауға қатысу. Байланыстың барлық түрлерiнің қауiпсiз пайдалануын қамтамасыз ету және заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектронды құралдарды анықтау және олардың жұмысына тосқауыл қою мақсатында құқық қорғау және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара әрекеттесу. Жеке және заңды тұлғалардың байланыс саласы бойынша өтініштерін қарастыру. Microsoft Office стандартты бағдарламалар жиынтығымен компьютерде жұмыс жасай білу.

XI. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-07-02, электронды мекенжай: Shalharbaev.a@minjust.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Заңға тәуелді актілер департаменті өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша заңға тәуелді акті­лерді сараптау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік (уақытша, 2017 жылғы 12 тамызға дейін негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалысы кезеңіне).

Функционалды міндеттері: өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша жобаларға құқықтық сараптама жүргізу және келісу, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, министрлік басшылығының тапсырмасымен нормативтік-құқықтық актілердің ресми түсініктемелерін әзірлеу; министрліктің құзыреті шегінде Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесінің тапсырмаларын орындау; құзыреті шегінде Үкіметтің, Премьер-Министрдің тапсырмасы бойын­ша және өз бастамасы бойынша депутаттық сауалдарға, прокурорлық ден қою актілерін қарау, оларға құзыреті шегінде жауаптар әзірлеу; қарастырылатын мәселелерді шешуге құқықтық тәсілдері бойынша ұсыныстар енгізу мақсатында Үкіметтің отырыстарына, Министрдің және жетекші министрдің орынбасары қатысуымен өтетін кеңестерге материалдар әзірлеу; заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар әзірлеуге қатысу; «құпиялылық» таңба­лары бар құжаттармен жұмыс істеу; нормативтік-құқықтық актілерді сараптау және талдау; министрліктің және департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындау; басқарманың жұмысын басшылық ету; заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді сараптау; басқарма жұмысшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау. Басқармадағы құжаттардың орындалуын басқару. Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік органдардың жұмысын талдау бойынша департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және талдаудың нәтижесі бойынша барлық статистикалық деректері бар толық ақпаратты департамент директорына ұсыну; басқарма жұмысшыларының орындаушылық және еңбек тәртібін ұстануын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: құқықтану. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiн білу. Функционалды міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы заңнаманы білгені жөн.

2. Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бюджетті жоспарлау бойынша орталық өкілетті органға ұсыну үшін, кезекті жоспарлы кезеңіне ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасының бюджеттік өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органға ұсыну үшін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар дайындау. Ақпараттық технологиялар бойынша техникалық ерекшеліктерді дайындау және тау­арларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу тәртібін жүргізуде қатысу, сондай-ақ шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау. Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуге талдау жүргізу. Әділет министрлігі мен оның аумақтық әділет органдарының бірыңғай корпоративтік желісін сүйемелдеуді және жұмыс істеуін талдау; Әділет министрлігі мен оның аумақтық әділет органдарының ІР-телефониясының қызмет жасауына талдау жүргізу және бейнеконференция өткізу; Әділет министрлігі ақпараттық қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге ықпал ету. Заңнамамен жүктелген басқа да қызметтерді атқару. Басқарма құзыретіне жататын, оның ішінде құпиялық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер, немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе математикалық және компьютерлік модельдеу немесе радиотехника, электроника және телекоммуникациялар немесе информатика, есептегіш техника және басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі немесе экономика. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және өзге де нормативтiк актiлерді білуі. Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі болуы.

3. Ішкі бақылау басқармасының бас сарапшы-тексерушісі, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: республикалық бюджетті орындау бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар, аумақтық бөлімшелер қызметіне ішкі бақылауды іске асыру және ведомстволық бағынысты мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру. Ағымдағы және алдағы уақыттарға арналған жоспарларды әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету. Басшылықтың тапсырмаларын мерзімінде әрі сапалы орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика немесе бухгалтерлік есеп және талдау. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, ҚР Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Жарлығын, «Әділет органдары туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы» заңдарын, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды іске асыру ережесін бекіту туралы» №235 қаулысын білу тиіс. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда №5493 болып енгізілген Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қаржы және бухгалтерлік есеп саласында жұмыс өтілінің болғаны, негізгі мамандығының бағыты бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуі туралы сертификаттарының болғаны дұрыс. Компьютермен жұмыс істей білу тиіс.

4. Ішкі бақылау басқармасының сарапшы-тексерушісі, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: республикалық бюджетті орындау бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар, аумақтық бөлімшелер қызметіне ішкі бақылауды іске асыру және ведомстволық бағынысты мекемелердің қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: экономика немесе құқықтану. Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әділет органдары туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалды міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, ҚР Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Жарлығын, «Әділет органдары туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы» заңдарын, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы республикалық және жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды іске асыру Ережесін бекіту туралы» №235 қаулысын білу тиіс. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда №5493 болып енгізілген Ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлеріне арналған үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Мемлекеттік қызмет істері бойынша екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің, не мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда (бакалавриат) бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілінің болуы, не мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің болуы тиіс. Қаржы және бухгалтерлік есеп саласында жұмыс өтілінің болғаны, негізгі мамандығының бағыты бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуі туралы сертификаттарының болғаны дұрыс. Компьютермен жұмыс істей білу тиіс.

5. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті сот медицинасы орталығының қызметін бақылау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: басқарманың жұмысына жалпы басшылық жасау, қызметін жоспарлау және ұйымдастыру. Сот медицинасы саласы бойынша бюджет қаражатының игерілуіне, мемлекеттік сатып алуды жүргізуге дербес жауапкершілік жүргізу. Талдау, құқықтық және әдістемелік жұмыстарды басқару, оң жұмыс тәжірибесін зерделеу және тарату, сот медицинасы саласында сараптамалық қызмет мәселесі бойынша нұсқаулық, әдістемелік материалдар және тәжірибелік құрал әзірлеу, сот медицинасы бойынша сараптамалық қызмет мәселелері бойын­ша нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу. Басқарма қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, көтермелеу, жазалау туралы ұсыныстар енгізу; министрліктің басшылығы жүктеген өзге функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заң немесе медицина саласындағы жоғары білім. Қазақстан Респуб­ликасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасы Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы», Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлық туралы», «Әкімшілік ресімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғаларын өтініштерін қарау туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы»; «Әділет органдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның тиісті біліктілігіне сәйкес келетін саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу. Осы санаттағы лауазымдардың функционалды міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдер. Сараптамалық қызмет саласындағы заңнаманы білуі. Компьютерде жұмыс істей білуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет