Конкурстық іріктеу 7 Виртуалды және каникулярлық мектеп 10


Пәндік тестілеудің қорытындысы



бет3/5
Дата04.07.2018
өлшемі1,65 Mb.
#46723
түріКонкурс
1   2   3   4   5

Пәндік тестілеудің қорытындысы:

Пәндік тестілеудің орташа көрсеткіші жинауға мүмкін ең жоғарғы 1000 балдан 522 балды құрады.

Пәндік тестілеу бойынша ең жоғары балл жинаған үміткер – Джаксигалиева Карина Аманкызы (876 баллов).

Пәндік тестілеу бойынша ең төмен балл жинаған үміткер Аблаев Фархат Лұқпанұлы (195 балл).

Қазақ тілінде оқитын оқушылардың барлық пәндер бойынша тест қорытындылары, қазақ тілі пәнін санамағанда, орыс тілінде оқитын оқушылардың нәтижелерімен салыстырғанда төмен. Математика бойынша орташа балл қазақ тілді сыныптарда 153 балл, орыс тілді сыныптарда - 168 балл; қазақ тілді сыныптарда ағылшын тілі – 76 балл, орыс тілді сыныптарда -99 балл.

Қабілеттілік тест нәтижелері:

Қабілеттілік тестісінен 134 мүмкін жоғары балдан 54 балл жиналды.

Қабілеттілік тест бойынша ең жоғары балл жинаған үміткер Олжасұлы Сержан (113 балл).

Қабілеттілік тест бойынша ең төмен балл жинаған үміткер Хабиболла Абзал Ғадылжанұлы (17 балл).




2016-2017 оқу жылына арналған жоспар:

1. Конкурстық іріктеудің ақпараттық жұмысын жетілдіру (БАҚ-та сөз сөйлеу, баспасөз құралдарында жарнамалар және телеэфирде жүгіртпе жолдар беру);

2. Пилоттық мектептермен серіктестікті нығайту, оқушыларының ең көп мөлшері оқуға түскен мектептермен байланыс орнату, осы мектептермен Назарбаев Зияткерлік мектебінің жұмысын талқылау мақсатында біріккен шаралар өткізу (шеберлік сабақтары, көшпелі семинарлар және т.б.);

3. Мектепте сall-орталығы тәрізддес, мектеп жұмысы, білім беру жүйесі, бағалау жүйесі және т.б. жайында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын кеңес беру орталығы жұмысын ұйымдастыру.





    1. Виртуалдық және каникулярлық мектеп

ҚР білім беру ұйымдары арасынан жаратылыстану-математика ғылымдарын игеруге қабілетті оқушыларды анықтау мен іріктеу мақсатында ұйымдастырылатын «Виртуалды мектеп» және «Каникулярлық мектеп» жобаларын жүзеге асыру жұмыстары 2015-2016 оқу жылында да жалғастырылды.

Жобалардың мақсаты – 5,6-сынып оқушыларының жаратылыстану-математика ғылымдарын игеру қабілеттерін арттыру және Зияткерлік мектептерде оқуға дайындау.



  • Виртуалды мектеп

Оқу жылы ішінде Виртуалды мектеп жобасына облыстың орта білім беру мекемелерінен 341 оқушы қатынасты.

Кесте. 2015-2016 оқу жылындағы

Виртуалды мектеп оқушыларының саны

Виртуалды мектеп қатынасушылары

(5-сынып)

Виртуалды мектеп қатынасушылары

(6-сынып)

Барлығы

141

200

341


- Каникулярлық мектеп

Виртауалды мектеп жобасын сәтті аяқтаған Атырау қаласы мен облысының жалпы білім беретін мектептерінің 6-сынып оқушылары үшін 2015 жылдың 21-26 желтоқсаны аралығында, ал 5-сынып оқушылары үшін 2016 жылдың 30 мамыр-4 маусым аралығында Каникулярлық мектеп жобасы ұйымдастырылды.

Виртуалды мектепке тіркелушілердің ерекше белсенділігін байқауға болады. Алайда, тіркелуші оқушылардың тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау жауапкершіліктері жоғары деп айтуға келмейді. Математика, қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі пәндері бойынша оқушылар білімінің сапалық көрсеткіштері төмен, сондықтан да Каникулярлық мектепке іріктелгендер саны аз.

Кесте. 2015-2016 оқу жылындағы

Каникулярлық мектеп оқушыларының саны

Каникулярлық мектепке қатысушылар саны

(5-сынып)

Каникулярлық мектепке қатысушылар саны

(6-сынып)

Барлығы

57

101

158

Жасалған жұмыстардың нәтижесінде:



  • Каникулярлық мектепте 5-6 сыныптың 158 баласы қамтылды;

  • «Виртуалды мектептің» 22 қатынасушысы мектепке қабылданды;

  • «Каникулярлық мектептің» 71 қатынасушысы мектепке қабылданды.




    1. Кіріктірілген білім беру бағдарламасын ендіру

2015-2016 оқу жылында өзгертілген Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу 7, 10-сыныптарда жүзеге асты. 8, 9, 12-сыныптарда оқыту бұрынғы Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Мектептің әдістемелік бірлестіктерінде КББ енгізуді қолдау бойынша үйлестірушілер анықталды. Оқу жылы барысында олар оқу бағдарламасы мен оқу жоспарлары бойынша жаңадан келген мұғалімдер үшін оқу семинарларын, оқытудың белсенді тәсілдері бойынша тренингтер ұйымдастырды, кері байланыс беріп сабақтарын бақылады, енгізіліп жатқан оқу бағдарламалар бойынша және өзгертулерді топтастыру мен құжаттарды қайта қарастыру үшін жоспарлар бойынша сұрақтарды, комментарийлер мен ұсыныстарды жинады.



Мұғалімдердің әдістемелік кеңес отырыстарында КББ енгізудің келесі өзекті мәселелері қарастырылды:

  • Пән бойынша оқу бағдарламасының ерекшеліктері және 7, 10-сыныптарда оқу үдерісін ұйымдастыру;

  • Пәнді командалық оқыту әдісінің және CLIL тәсілінің ерекшеліктері;

  • Мұғалім іс-әрекетін жоспарлау және оқушылардың жетістіктерін бағалау құралы нәтижесі ретіндегі оқытудың мақсаттары;

  • Сабақтарда АКТ-ны тиімді қолдану;

  • Формативті бағалау және оқушылардың ынтасын дамыту.

КББ енгізу процесін әдістемелік қолдау жүйелі-әрекеттік тәсіл аясында білім беру мен оқытудың мәселелері қарастырылған мұғалімдердің кәсіби даму апталықтары мен Кіріктірілген білім беру апталықтары арқылы жүзеге асырылды:

  • «Формативті бағалау сапалы білім берудің маңызды құралы ретінде» (тіл пәндерінің мұғалімдері) – 5-10 қазан, 2015 ж.

  • «Физика, математика, информатика және өнер пәндерін оқыту кезінде оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту» – 2-7 қараша, 2015 ж.

  • «Жобалық-зерттеу қызметі – жүйелік-әрекеттік тәсілдің бір түрі» (химия және биология пәндерінің мұғалімдері) – 16-21 қараша, 2015 ж.

  • «Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет» (тарих, география, ЖПЖЖ, экономика) – 19-23 қаңтар, 2016 ж.

  • «Формативті бағалау – оқытудың тиімділігін арттыру тәсілі ретінде» (дене пәні мен алғашқы әскери дайындық мұғалімдері) – 1-5 ақпан, 2016 ж.

  • «Мәңгілік ел» – 30 қараша-15 желтоқсан, 2015 ж.,

  • «Оқыту мен білім беруді ұйымдастырудағы кіріктірілген тәсіл» – 29 ақпан - 4 наурыз 2016 ж.

7, 10-сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер (72 мұғалім) арасында КББ енгізу мәселелері бойынша онлайн сауалнама жүргізілді. Ол келесі жағдайларды анықтады:

Жаңа оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқыту кезінде мұғалімдерге зор қолдау көрсету қажет

Дүниежүзі тарихы 7, дүниежүзі тарихы 10, математика 7

Мұғалімдердің пікірінше, жаңа оқу бағдарламаларын жүзеге асыру барысында қолдау түрлері/ тренингтер олар үшін аса тиімді болды

Мұғалімдердің 54,9% ДББҰ ұйымдастыруымен Астана қаласында өтетін курстардың артықшылығын атап көрсетеді, яғни НЗМ жүйесіндегі басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасу қызықты әрі маңызды

Білім беру мен оқытуға аса ықпал еткен педагогикалық тәсілдер

Мектеп мұғалімдерінің 80,5% оқытудың белсенді тәсілдері, жобалық қызмет, командалық оқыту, оқыту үшін бағалау сабақтың тиімділігіне қатты әсер ететін түсінеді.

Оқыту кезінде тіл пәндерінің мұғалімдерімен пәнаралық тәсілдерді пайдалану

Сауалнамаға қатысушылардың 29% тіл пәндерінің мұғалімдері сабақтарында физика, химия, биология және т.б. пәндер бойынша оқытылатын материалдарды қатар қолданады деп есептейді.

Тілдік емес пән мұғалімдерінің өз пәнін оқыту барысында тілді үйретуді қолдау қабілеттілігі

Сұралғандардың 52% тілдік емес пән мұғалімдері өз пәні арқылы оқушылардың тілді үйренлуеріне көметесе алады деп есептейді

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныстар:




Қысқамерзімді жоспарлау

Сабақ құрылымын жасау, сабақта уақытты тиімді бөлу, тайм-менеджмент

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Оларды орынды жүргізу, оқушылардың мұғалім алдында емес, бір-бірінің алдында сөз сөйлеуіне ықпал ету, топ ішінде рөлдерді тарату, топ жұмысының серпіні, шиеленіс және топтық жұмысты басқару, т.б.

Оқыту үшін бағалау

Оқушыларды қосымша сабаққа шақырғаннан гөрі, жаңа тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін анықтау үшін оқыту үшін бағалауды әрдайым сабақ кезінде жүргізген жөн, енжар оқушыларға көбірек назар аудару керек, тапсырманы беру кезінде оқушылардың білімін тексеріп алу қажет.

Рефлексия

Рефлексияның жай-жаспарын түсіндіру, оқушы үшін түсініксіздік, қиыншылық және жайсыздық тудырған жерін анықтауға көмектесетін көбірек сыни сұрақтар қою.

Саралау

Бағалауға бірдей талаптар қойылған кезде саралау жүргізу.

Тіл пәндері мұғалімдері үшін

Функционалдық оқу дағдыларын дамыту;

Эсселердің әр түрлерін жаздыру;

Тілді оқытудың коммуникативті тәсіл аспектісінде грамматиканы үйрету;

Оқу стратегиялары ;

Әртүрлі типтегі және стильдегі мәтіндерді талдау;

Әртүрлі типтегі және стильдегі мәтіндерді құрастыру.



Өнер мұғалімдері үшін

Кино, фотосурет, фотошоп, сәулет, дизайн және графика, т.б. жасау, өйткені сәйкес тақырыптар оқу жоспарларында бар.

КББ үйлестірушілеріне

ДББҰ нұсқаулық-әдістемелік хатында жазылған нормативке сәйкес КББ енгізу үдерісін бақылау мақсатымен сабақ бойынша кері байланыс бере отырып, сабақтарға қатысуды ұйымдастыру; «Қысқамерзімді жоспарлау: мақсатты тұжырымдау, жетістік критерийлері және рефлексия» атты коучинг-сессияларды жүргізуді ұйымдастыру.




2016-2017 оқу жылына арналған жоспар:

  1. Сабақтың әртүрлі кезеңдерін жоспарлауды жетілдіруге бағытталған тәжірибелік-бағдарланған тілдік курстарды ұйымдастыру;

  2. Пәнаралық ортақ жоспарлауды жүзеге асыру және пәндік білімдерді байланыстыратын ортақ платформа табу үшін ортақ тақырыптарды анықтау;

  3. Оқыту және оқыту нәтижелерін жақсарту мақсатында бағалау нәтижелерін қолдану жұмыстарын ұйымдастыру;

  4. Мұғалімдердің кәсіби қиыншылықтары мен қажеттіліктерін және КББ талаптарын ескере отырып кітапханамен бірлескен жұмысты ұйымдастыру.



    1. Оқушылардың үлгерімі және білім сапасы

2015-2016 оқу жылының аяғында мектепте 676 оқушы болды. 7-сыныпқа төртінші тоқсанда келген 26 оқушы аттестациядан өтпеді. Осы оқушылармен жазғы мезгілде қосымша жұмыс жүргізіледі.

Оқушылар оқу жылын келесі көрсеткіштермен аяқтады:



  • «үздік» - 150 (22 %);

  • «жақсы» - 492 (72,8 %);

  • «қанағаттанарлық» - 8 (1,2%);

Оқу жылы қорытындысы бойынша білім сапасы 94,97 % құрады, 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 0,2 % жоғары.


2015-2016 оқу жылы қорытындысы бойынша сыныптар бойынша оқушылардың білім сапасы мен үлгерімі, %

Диаграмма




Кесте


Сынып

Оқыту тілі

Оқу-шы-лар саны

Келесі көрсеткіштермен аяқтаған оқушылар саны

Келесі көрсеткіштермен аяқтаған оқушылар үлесі (%),

Білім сапасы, %

Үлге-рім , %

«үздік»

«жақ-сы»

«қана-ғат»

қанағаттанарлықсыз

«үздік»

«жақ-сы»

«қана-ғат»

қанағаттанарлықсыз







7

Қаз

80

9

68




3

11,3

85




3,75

100

100

7

Орыс

80

11

44

2

23

13,8

55

2,5

28,6

96,25

100

8

Қаз

40

9

31







22,5

77,5







100

100

8

Орыс

39

15

24







38,5

61,5







100

100

9

Қаз

38

13

25







34,2

65,8







100

100

9

Орыс

38

19

19







50

50







100

100

10

Қаз

94

20

72

2




21,3

76,6

2,1




97,9

100

10

Орыс

85

11

73

1




13

85,9

1,2




99

100

12

Қаз

109

31

78







28,4

71,6







100

100

12

Орыс

73

12

58

3




16,4

79

4,1




95,9

100

Бар-лы-ғы :




676

150

492

8

26

22,2

72,8

1,2

3,8

94,97

100


Жоғары мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы

2015-2016 оқу жылында 12-сыныпты 182 оқушы аяқтады.

Қорытынды аттестация келесі міндетті пәндер бойынша: ана тілі, екінші тіл, ҚӘҚ, математика, және таңдау бойынша келесі бір пәннен: физика, химия, биология, информатика, экономика, географиядан өтті.

Мектептің 62 оқушысы биологияны, 142-сі химияны, 101-і физиканы, 59-ы информатиканы, 57-сі географияны таңдады.



Жоғары мектеп түлектері 98% білім сапасын көрсетті.
Кесте. Пәндер бойынша түлектердің қорытынды

аттестациясының нәтижелері



Пән

Оқушылардың барлығы

Келесі бағалары бар оқушылар саны:

Барлығы:

5

%

4

%

Білім сапасы

3

%

2

%

1

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

182

11

6

91

50

56%

72

40

8

4,4

2

Математика

182

2

1

42

23

24%

86

47

52

28,6

3

Физика

101

7

6,9

68

67

74%

26

26

-

-

4

Химия

142

28

20

96

68

87%

17

12

1

0,7

5

Биология

62

11

18

38

61,3

100%

12

19

1

1,6

6

Информатика

59

1

8,5

15

25

27%

43

73

-

-

7

География

57

1

1,8

31

54,4

56%

21

37

4

7


Кесте. Жылдық және қорытынды бағалардың

салыстырмалы нәтижелері

Сынып

Оқушы саны

Оқу жылы қорытындысы

Қорытынды бағалар

«5»

«4»

«3»

«5»

%


Сапа

%


«5»

«4»

«3»

«5» %

Сапа

%


12А

21

7

14

-

33%

100%

4

17

-

19%

100%

12В

22

15

7

-

68%

100%

6

16

-

27%

100%

12C

21

8

13

-

38%

100%

6

15

-

28%

100%

12D

23

7

16

-

30%

100%

5

18

-

22%

100%

12E

22

12

10

-

54%

100%

10

12

-

45%

100%

12F

22

10

11

1

45%

95%

4

16

2

18%

90%

12G

15

5

10

-

33%

100%

3

12

-

20%

100%

12H

20

5

14

-

26%

100%

4

15

1

20%

95%

12I

16

5

11

-

31%

100%

1

15

-

6,3%

100%

Барлығы

182

74

106

1

41%

99%

43

136

3

24%

98%


Негізгі мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы
2015-2016 оқу жылында 10-сыныпты 179 оқушы аяқтады.

Қорытынды аттестация келесі міндетті пәндер бойынша: ана тілі, екінші тіл, ағылшын тілі, математика, және таңдау бойынша келесі бір пәннен: физика, химия, биология, информатикадан өтті.

Мектептің 34 оқушысы биологияны, 86-сы химияны, 52-сі физиканы, 7-уі информатиканы таңдады.

Негізгі мектеп түлектері 98% білім сапасын көрсетті.




Кесте. Пәндер бойынша 10-шы сыныптардың

КХЕК СЖБ нәтижелері



Пән

Оқушылардың саны

Келесі бағалалары бар оқушылар саны

Барлығы

А*

%

А

%

В

%

С

%

D

%

E

%

U

%

1

Қазіргі замандағы Қазақстан

179

1

0,6

36

20

70

39

56

31

12

6,7

4

2,2

0




2

Бірінші тіл

179

7

4

18

10

50

28

63

35

38

21

3

1,7

0




3

Екінші тіл

179

0




22

12,3

69

38,5

65

36

21

11,7

2

1,1

0




4

Ағылшын тілі

179

2

1,1

2

1,1

31

17

82

45,8

44

24,6

16

9

2

1,1

5

Математика

179

0




2

1,1

5

2,8

36

20

48

26,8

52

29

36

20

6

Физика

52

0




1

2

5

9,6

15

28,8

21

40,4

10

19

0




7

Биология

34

0




0




13

38

17

50

3

8,8

1

3

0




8

Химия

86

0




3

3,5

27

31,4

31

36

19

22

5

5,8

1

1,2

9

Информатика

7

0




0




0




0




5

71,4

2

28,6

0






Кесте. Жылдық және қорытынды бағалардың

салыстырмалы нәтижелері

Сынып

Оқушылар саны

Оқу жылы қорытындысы

Қорытынды бағалар

«5»

«4»

«3»

«5»

%


Сапа

%


«5»

«4»

«3»

«5» %

Сапа

%


10А

24

9

15

0

37,5

100

4

20

0

16,6

100

10В

23

8

15

0

34,8

100

5

18

0

21,7

100

10C

23

7

16

0

30,4

100

4

18

1

17,4

95,7

10D

24

9

15

0

37,5

100

7

16

1

29

96

10E

23

5

18

0

21,7

100

4

19

0

17,4

100

10F

19

4

15

0

21

100

3

16

0

10,5

100

10G

22

3

19

0

13,6

100

2

20

0

9

100

10H

21

7

14

0

33

100

2

18

1

9,5

95

Итого

179

52

127

0

29

100

31

145

3

17,3

98




    1. Оқу үдерісінің эвалюациясы

Эвалюация білім беру сапасын басқарудың көптеген өзекті мәселелерін шешуде ең маңызды болып саналатын, мектептегі оқу үрдісінің қажетті құрамының бірі болып табылады. Ол оқу нәтижелерінің білім беру мақсаттарына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді, білім беру сапасына оң да, теріс те әсер етуі мүмкін оқыту бағдарламаларының немесе білім берудегі инновациялық жобалардың әр түрлі салдарын болжауға мүмкіндік береді.

Сондықтан 2015-2016 оқу жылында білім беру сапасының пәнді Кіріктірілген оқыту бағдарламасының талаптарына сәйкестігін, мұғалімдердің тәжірибесі және кездесетін қиыншалылықтары туралы дербес ақпарат алып, әдістемелік жұмыстың бағыттарын, стратегиясын, жоспарын, бағдарламаларын белгілеу барысында қолдану үшін туындаған қиындықтарына, тәжірибе деңгейлеріне қатысты статистикалық зерттеу жүргізу мақсатында білім беру үдерісінің эвалюациясы жүргізілді.

Әр оқу тоқсанында оқушылар үлгерімінің сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау жүргізіліп отырды.

Зерттеулер келесі тақырыптар бойынша жүргізілді:



  • 10-сыныптардағы сыныптық-жалпылама бақылау қорытындылары туралы;

  • 10 және 12-сыныптарда өтетін сыртқы жиынтық бағалауға дайындық туралы;

  • 7-сыныптарда КБКМ-ін жүзеге асыру мәселелері;

  • Оқу мезгіліндегі балалар жарақаттануының алдын алу («Дене тәрбиесі» пәні);

  • Жаңа оқу жылына кабинеттердің дайындығы туралы;

  • Математика пәнінің жүргізілуі;

  • «Дүние жүзі тарихы» пәнінің жүргізілуін тексеру барысы туралы;

  • Кіріктірілген білім беру бағдарламасы шеңберінде оқушылардың зерттеу қабілеттерің шыңдалуы.

Зерттеу нәтижелері педагогикалық Кеңестер мен директор жанындағы кеңестерде қаралды және анықталған кемшіліктерді жою мақсатында шешімдер қабылданды.

Жалпы мына мәселелер атап өтілді:



  1. Оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды түрлендіру: дебаттар, сыни ойлау стратегиялары, сұрақ қою барысында Блум таксономиясын қолдану және т.б.;

  2. Дифференциацияны пайдалана отырып, сабақтарда оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың белсенді түрлерін қолдану;

  3. Бағалау түрлерін жетілдіру және тілдік мақсаттарды ұстану;

  4. Оқушылардың зерттеу қызметін дамытуға бағытталған технологияларды белсенді пайдалану;

  5. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін есепке алу, мәселелерді пәнаралық байланыспен шешу;

  6. Үй тапсырмаларының біркелкі деңгейін анықтау және үй тапсырмаларын орындауда оқушылардың жүйелі-әдістемелік кешеннің «Өз бетінше оқу» модулін қолдана алуына ықпал ету.

2016-2017 оқу жылына арналған жоспар:


  1. Педагогтардың бақылау-бағалау қызметін қамтамасыз ететін рәсімдер мен технологияларды жетілдіру;

  2. Білім беру эвалюациясын жүзеге асыруға қабілетті мұғалімдердің шығармашылық тобын құру;

  3. Мектептің білім беру қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.




    1. Элективті курстар

Мектебіміздегі алуан түрлі оқыту нысандары қойылған оқыту міндеттерін табысты орындауға бағытталған. Солардың бірі, басты мақсаты пән бойынша білімдерін тереңдетіп, өмірде қолдана білуге, зерттеушілік дағдыларын дамытуға негізделген, элективті курстар болып саналады.

Элективті курстар әрбір оқушы білім беру мазмұнының элементтерін өз қабілеттеріне, қызығушылықтарына, өмірлік жоспарларына сәйкес таңдауына ықпал ететін жеке білім беру бағдарламаларын құруға қажетті ең маңызды құрал болып табылады.

Элективті курстар екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы.

2015-2016 оқу жылының оқу-жұмыс жоспарын жүзеге асыру барысында келесі элективті курстар ұйымдастырылды:



Ішкі элективті курстардың тізімі



Аты

Сынып

1

Эссе жазудың теориясы мен тәжірибесі

8, 10

2

Тәжірибелік хатпен жұмыс

10

3

Тарих призмасымен қарағандағы әдебиет

10

4

Микробиология

12

5

Биологиядан тәжірибелік тапсырмаларды шешу

12

6

Тірі организмдердің көптүрлілігі

12

7

Молекулалық биология және генетика бойынша есептер шығару тәсілдері

12

8

Мәтін түрлері: тиімді оқу және кешенді талдау

9-10

9

IELTS practice through skills and vocabulary

10, 12

10

Development of critical thinking through reading and writing

7, 9-10

11

Тригонометрия

12

12

Кеңістіктегі математика

12

13

Математикалық модельдеу

9, 12

14

Математикадан кіріктірілген есептер

10

15

Дифференциалдық есептеулер

12

16

SET және халықаралық емтихандар есептерін шығару тәжірибесі.

12

17

Математикалық анализге кіріспе

10

18

Математика сабақтарында кіріктірілген есептер шығару тәсілдері

8a

19

Графикалық, тәжірибелік және шығармашылық есептерді шешу

7, 10, 12

20

Қазақстанда балама энергия көздері мен даму келешегі

12

21

Preparation to SET

12

22

Практикалық және тәжірибелік физика

7

23

Биотехнологиялар және адам денсаулығы

10, 12

24

Аналитикалық химиядан тәжірибелік және сапалық есептерді шешу

9, 12

25

Нанобөлшектер және айналадағы наноәлем

12

26

Химиялық зерттеулер әлемінде

8

27

ХХ-ХХІ ғ.ғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы

9

28

Химиядан стандартты емес есептер

7

29

Экология және тұрақты даму

7-12

Сыртқы элективті курстар әйгілі жетекші білім мен ғылым мекемелері базасында жүргізіледі. Курстардың тақырыптары айтарлықтай әртүрлі: оқушылардың дарындылығы мен кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, жаратылыстану-математикалық циклдегі курстар, инженерлік дағдыларын дамыту, STEAM.

Кестеде 2015-2016 жылда өткен шетелдік кустардың тізімі келтірілген.

Оқушыларды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді:



  • оқушының пәндік академиялық немесе шығармашылық қызығушылығы;

  • академиялық жетістіктері;

  • олимпиадалардағы, ғылыми жоба сайыстарындағы жетістіктері;

  • көшбасшылық қасиеттерінің көрінуі;

  • ағылшын тілін меңгеруі.

Кесте. Сыртқы курстардың тізімі



Мектептен тыс курстар

Қатысушының аты-жөні

Сынып

Мерзімі

1

Кәсіптік бағдар жұмысы бойынша курс, Сеул қ., Оңтүстік Корея

Сабырова Мөлдір

10 «E»

31.10-10.11.2015

2

Малазиядағы Готтингем Университеті

Бионаука, биомедицина, фармацевтика

Информатика және инжиниринг

Зұлбухар Нұрбек


9 «D»


18.07.2016-5.08.2016



Құрмангазин Әлішер

9 «C»

3

Дарынды жастар орталығының Жазғы лагері (СТУ)

Альмухаметов Абайлоран

9 «D»

26.06.2016-15.07.2016

4

STEAM бойынша жазғы лагерь, Besant Hill School, Лос Анджелес, АҚШ

Ибрашева Назира

8 «D»

17-31.07.2016

5

Жаратылыстану – математикалық цикл бойынша Стэнфорд Университетінің жастар бағдарламасы

Хагай Татьяна

Джангирова Сабина



9 «D»

9 «C»


2.08.2016-14.08.2016

6

Кәсіпкерлік бойынша жазғы мектеп

Абухан Кайсар

Савин Виктор

Сағиева Мадина

Байсмаков Данат

Бақтыгерей Алтынбек

Лекерова Раушан

Мағзомқызы Марта

Қаби Сұлтан

Рзиева Жанна


10 «Е»

10 «Е»


9 «D»

10 «E»


10 «E»

10 «E»


10 «E»

10 «E»


10 «E»

20.06.2016 -01.07.2016

2015-2016 оқу жылында шетелде барлығы 5 элективті курс ұйымдастырылды. 7 оқушы қатысып, соның ішінде 6 «супер-оқушы» категориясындағы 8-9-сынып оқушылары (конкурстық іріктеу кезінде анықталған әдеттегіден тыс қабілеттіліктері бар оқушылар).



2016-2017 оқу жылына арналған жоспар:

  1. Оқушылардың инженерлік және дизайнерлік ойлауын дамытуға мүмкіндік жасайтын элективті курстардың бағдарламаларын өндеу мен енгізу;

  2. Әртүрлі сыртқы элективті курстарға қатысқан оқушылардың басқаруымен уақытша шығармашылық топтарды құру;

  3. Ішкі элективті курстарды жүргізетін мұғалімдердің шеберлік сабақтарын ұйымдастыру.



  1. БЕЙІНДІ – ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ҚЫЗМЕТ

    1. Критериалды бағалау жүйесін енгізу

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 2015 жылдың 27 тамызында «Назарбаев Зияткерлік метктептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген (№43 протокол) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау Ережелерімен сәйкес жүзеге асырылды (Кіріктірілген білім бағдарламасы бойынша оқитын сыныптар үшін).

2015-2016 оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде 7-12 сыныптарда Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (ары қарай – КБКМ) қолданылды. 2015-2016 оқу жылының жоспарын жүзеге асыру барысында Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделін енгізу аясында жүргізілген шаралар:



«Критериалды бағалау» кәсіби желілік қоғамдастықтың қызметі




Мұғалім аты-жөні

КЖҚ мүшелерінің саны – 14

Ашық сабақ-тар

Басылымдар

Шебер-лік сабақ/тренинг

Әдістемелік ресурс-тар

Іс – әрекеттегі зерттеу-лер

ПК, ӘК, ӘБ, пилоттық мектептерде сөз сөйлеу

1.

Исмагулова А.Я.

2

7

1

2

1

7

2.

Кімбаева Ш.С.

2

1

3

3

-

5

3.

Демешова М.М.

2

-

-

2

-

-

4.

Ким Е.Г.

2

1

1

1

1

2

5.

Тлеулесова А.Н.

1

-

-

-

1

-




Аты – жөні

Коучинг тақырыбы

Семинар

Әдістемелік ресурс

Каменова Ақмарал

-

Семинар-практикум КБКМ мен КОБ-ты жүзеге асырудағы оқытудың негізгі мәселелері мен шешу жолдары, сәуір 2016 ж.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

7 Т1, 2015-2016ж.





Исмагулова Анар

Коучинг «Критериальное оценивание навыков говорения и письма на уроках русского языка и литературы» наурыз, 2016 ж.

-

2015-2016 оқу жылы бойынша формативті бағалау жинағы

Хасанова Кумисай

Коучинг «Кіріктірілген бағдарламаның тиімділігі» мамыр, 2016 ж.

-

2015-2016 оқу жылы бойынша ағылшын тілі пәнінен формативті бағалау жинағы, 12-сынып

Ким Екатерина

Тренинг: «Оценивание в учебном процессе», мамыр, 2016 ж

-

2015-2016 оқу жылы бойынша химия пәнінен формативті бағалау жинағы, 7-сынып

Демешова Марта

Шеберлік сынып: «Критериалды бағалау-сапалы білім негізі» ,қаңтар, 2016 ж.

-

2015-2016 жылы бойынша химия пәнінен формативті бағалау жинағы, 10-сынып

Кимбаева Шарбану

Коучинг: «Критериалды бағалау – оқу мен оқыту үдерісінің маңызды факторы», қараша, 2015 ж.

«Жүйелі-әрекеттік тәсілдегі сабақ: проблемалар мен стратегиялар»,

Қазан, 2015 ж.



2015-2016 жылы бойынша биология пәнінен формативті бағалау жинағы, 10-сынып


Критериалды бағалау мәселері бойынша әртүрлі деңгейдегі іс-әрекеттегі зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу

2015-2016 оқу жылында Action Research жобасының аясындағы жұмыстар жалғасын тапты, іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу бойынша орыс және қазақ тілінде екі топ өз жұмысын бастады. Критериалды бағалау мәселелері бойынша келесі мұғалімдер зерттеулер жүргізді: Исмагулова А. Н., Ким Е.Г., Тлеулесова А.Н. химия пәні мұғалімі А.Н. Тлеулесованың жұмысы Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өткізілген Зерттеушілердің аймақтық форумына қатысуға ұсынылды



Формативті бағалаудың тиімді әдістерін дайындау мен енгізу кезінде педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету:

Педагогикалық кеңес: «Сапалы оқытудың өзекті аспектісі ретіндегі формативті бағалау»;

Тіл пәндері мұғалімдері үшін тренингтер: «Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу дағдылары бойынша формативті бағалау тәсілдерін стандарттау»;

Химия, биология, физика пәндер мұғалімдері үшін тренингтер: «КХЕК талаптары бойынша лабораториялық жұмыстарды бағалау»;

КБКМ енгізу сұрақтары бойынша жаңадан келген және жас мұғалімдерге арналаған КБКМ үйлестірушілерінің консультациялық қолдауы.

Критериалды бағалау үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті оқу-әдістемелік ресурстарды дайындау

Барлық пәндер бойынша ФБ жинақтарының базасы құрылды.

Sk.nis.edu.kz сайтында Ішкі суммативті бағалау үшін тапсырмаларды құрастыру мен сараптау бойынша жұмыс атқарылды.

Ата – аналармен жұмыс

«Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі» бойынша 7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы;



Критериалды бағалау сұрақтары бойынша ата-аналарға арналған кеңес беру онлайн орталығы құрылмады.
Формативті және ішкі суммативті бағалауларды ұйымдастыру


Қызмет түрі

Оң жақтары

Дамытуды қажет ететін тұстары

Формативті бағалау

Химия (КБКМ үйлестірушісі Д.К. Нуржанова), қазақ тілі (КБКМ үйлестірушісі А.Т. Каменова) сабақтарында формативті бағалау аса тиімді ұйымдастырылған

Өнер, экономика, география пәндері мұғалімдерінің формативті бағалауды ұйымдастыруда қиыншылықтарды сезінеді. Себебі, орташа педагогикалық өтілдері – 3 жыл.

Электронды журналды толтырудың мониторингі жүргізілді

Журнал толтырылуы 91,39% құрайды

Ішкі суммативті бағалау

Ішкі суммативті бағалауды дайындау мен модерациялау 2015-2016 оқу жылының Пелагогикалық өлшеулер орталығының кестесіне сәйкес жүргізілді. Барлық жұмыстар Ішкі суммативті бағалау базасына уақытында салынды. Жұмыстарға дер кезінде сараптама жасалды.

Ішкі суммативті бағалау дайындау кезінде ішкі экспертиза кейбір жағдайларда сапалы жүргізілмеді. Аса сапалы экспертиза жүргізу үшін КБКМ және КББ үйлестірушілерімен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Ішкі суммативті бағалауды модерациялау тәртібін меңгеріп алу қажет. Дайындау кезінде техникалық қызметтің ұсыныстарын ұстану, модерациядан кейін өзгертулер енгізу қажет.

Ішкі жиынтық бағалау нәтижелері. ІЖБ нәтижелерінің сараптамасы жүргізілді. «2» бағасын алған оқушылар саны азайды. Тоқсан сайын ІЖБ қорытындылары бойынша төмен сапа көрсеткен мұғалімдердің сабақтарына қатысу жүргізілді. Ұсыныстар беріліп, менторлар тағайындалды.

ІЖБ қорытындыларын Әдістемелік кеңес отырыстарында қарастыру. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында сабақтарға қатысу ұйымдастыру («Lesson Study»).





2016-2017 оқу жылына арналған жоспар:

  1. Білім беру сапасын жоғарылату үшін Ішкі жиынтық бағалау қорытындылары бойынша әр деңгейдегі іс-әрекеттегі зерттеулердің жүргізілуіне бастамашылық ету, ұйымдастыру және жүргізу;

  2. Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін дайындау мен енгізу кезінде педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету үшін ӘБ-де тақырыптық семинарлар ұйымдастыру;

  3. Критериалды бағалау үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті оқу-әдістемелік ресурстарды дайындау;

  4. КБКМ үйлестірушілерінің Консультациялық кеңесін ұйымдастыру.

  5. КБКМ енгізу бойынша әдістемелік бірлестіктерде тақырыптық семинарлар өткізу.



    1. Кәсіптік бағдар

Барлық деңгейлердегі білім беру мекемелерінің жұмысында кәсіптік бағдар беру маңызды міндет болып табылады және педагогикалық, психологиялық ұжымдар мен оқытуды басқару органдары міндеттерінің тізіміне кіреді. Мамандықты дұрыс таңдау мен меңгеру деңгейі адам өмірінің сапасына әсерін тигізеді. Сондықтан, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылардың болашақ мамандықтарының талаптарын ескеріп, қалыптасқан қажеттіліктерін ескере отырып, қабілеттіліктеріне сәйкес, болашақ мамандығын таңдау үдерісін оптимизациялауға бағытталған психологиялық-педагогикалық шаралар комплексін ұсынады.

Кәсіптік бағдар беру қызметінің басты бағыттары:



  1. Кіріспе-диагностикалық. 10-12-сынып оқушылары үшін мамандық таңдауда туындайтын қиыншылықтарды зерттеу үшін кураторлық-психологиялық қызметтің жұмыс жүйесін қалыптастыру. 7-9 сынып оқушыларының кәсіптік бейімділіктері бойынша ақпарат алу үшін диагностика жүргізу.

  2. Ақпараттық. 11-12-сынып оқушыларының шамамен таңдаған мамандықтары бойынша консультациялар беру, әңгімелесу, ЖОО-нан қажетті ақпарат алуға көмектесу.

Ұсынылған мамандықтар мен ЖОО бойынша 11-12 сынып оқушыларымен кездесу, консультациялар жүргізу. Эссе жазу дағдыларын дамыту, Отандық және шетелдік ЖОО тапсыру үшін қажетті құжаттар толтыруды үйрету. IELTS, TOEFL, SET, SAT халықаралық емтихандарға дайындау. ЖОО, білім беру орталықтарының өкілдерімен кездесу, скайп-конференциялар, семинарларлар ұйымдастыру.

  1. Кәсіптік ағарту. «Ақылды бейсенбі» жобасы аясында әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру. Қала және облыс мекемелеріне сапарға шығу.

Бірінші жартыжылдықта 10-сынып оқушыларының бейінді пәндерді таңдауына байланысты кездесулер жүргізілді. Психологиялық қызметпен бірлесе жүргізілген бұл кездесулерде мамандықты таңдаудың маңыздылығы, мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі, сонымен қатар қандай пәнді таңдағанда қандай мамандыққа болашақта түсе алатындығы туралы айтылды. Сол сияқты 12-сынып оқушыларымен мамандық және жоғары оқу орындары жайында жеке кездесулер өтті. Оқушылардың мамандыққа қызығушылықтарын жандандыру үшін 10-сынып оқушыларының қатысуымен мамандықтар туралы «Мамандық деген не?» атты бейне ролик түсірілді. (https://www.youtube.com/watch?v=NV53lO2JGjs).

Сондай-ақ, қандай пәндер қандай мамандықтарға жетелейтіндіктерін көруге болатын ментальды карта құрастырылды,.

Екінші жартыжылдықта 9-сынып оқушылары арасында оқушылардың жеке адам тұрпатының типін зерттеуге арналған Холланд тесттері жүргізілді. Зерттеу аяқталған соң оқушылар өз бағыттарына сәйкес топтарға бөлінді.

5-16 сәуір арасында «Менім қалам» жобасы іске асты, мұнда балалар өз қалаларын тұрғызып, плакатқа суретін салу керек болды. 16 сәуір күні бейінді-тәжірибелік жұмыс бойынша директор орынбасары, психологтар, кәсіби бағдар беруші және өзін-өзі тану мұғалімдерінің қатысуымен болған шарада оқушылар өздерінің жобаларын қорғады.

Оқу жылы басында 8-10-сыныптардың оқушылары және бірнеше мұғалімдерден құралған Мансап орталығы ашылды. Мансап орталығымен бірлесіп «Мамандықтар жәрмеңкесі» және «Кәсіптік бағдарлау апталығы» шаралары өткізілді. Олар ақпаратқа толы болғандықтан оқушылар үшін пайдалы болды.

Өткен жылғы диагностикадан байқалғандай, Атырау қаласының НЗМ-де қоғамдық-гуманитарлық және әскери-спорттық циклге қарағанда кәсіптік бейімділіктердің техникалық бағытталуы айқын көрініп тұр. Осыған байланысты, оқушылармен ғылыми-зерттеушілік жұмысты жүргізу үшін физика, химия, биология, математика әдістемелік бірлестіктерімен бірлескен жұмысты реттеу қажет. Бұл оқушыларды өз кәсібін анықтауға көмектеседі.

Екінші кезең – ақпараттық ағарту. Бүкіл жыл бойы оқушылармен психологтардың және кәсіптік бағдар берушінің қатысуымен жеке және толық сыныппен кездесулер жүргізілді.

Биылғы жылы оқушылардың медицинаға қызығушылығы зор болды. Осы салада жұмыс атқаратын 12-сынып оқушыларының ата-аналары шақырылды. Кездесу барысында ата-аналар дәрігерлердің бүгінгі таңдағы барлық мүмкіндіктері жайлы әңгіме айтты.

15.01.16, 23.01.16 «Ренессанс» қонақ үйінде әлемнің 36 мемлекеттің 115 оқу орындарының және Қазақстан Республикасының ең табысты оқу орындарының білім беру бағдарламасының Халықаралық көрмесі өтті.

Жыл барысында университет өкілдерімен көп кездесулер жүргізілді. Олар оқуға түсу үдерісі мен университет атынан грант алу мүмкіншіліктері жайында айтты. Осындай кездесулердің біріне Нархоз Университетінің ректоры Кшиштоф Рыбиньски қатысты. Кездесу «Материалды қалай жаттау керек» тақырыбымен TЕDx форматында өтті. Оқушылар емтихандарға дайындалып жүргендіктен, кездесу өте орынды және пайдалы болды.

Осы жылы Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 182 түлек аяқтап шықты. Олардың басты мақсаты – Қазақстанның ең беделді оқу орны Назарбаев Университетіне түсу. 2015 жылдың 24 қарашасында мектептің акт залында бітіруші сыныптар Назарбаев Университеті өкілдерімен кездесті. Биыл Назарбаев Университеті атынан 4 профессор келді. Әрқайсысы өз факультетін таныстырды. НУ-не түсу 3 кезеңнен тұрады. Барлық үш кезең біздің мектеп базасында өтті. Мектеп атынан 90 оқушы тіркелді, конкурстық іріктеуден 20 оқушы өтті. Бұл 22%-ды құрады. Іріктеуден өткен оқушы санының аз болу себебі үміткер оқушылардың NUFYP емтиханын тапсыруда төмен деңгей көрсетуі болды. Конкурстық іріктеуден өткендердің арасындағы орташа көрсеткіш бойынша мүмкін болатын 240 балдың ішінен 134 балды құрады. Себептерін анықтау кезінде оқушылар ағылшын тілінен тапсырмаларды, ғылыми терминдерді аударуда қиыншылықтарға тап болғандығы және уақыт тапшылығы анықталды.

Мамандықтарды, еңбек нарығының талаптарын, кәсіби білім алудың мүмкін болатын жолдарын зерттеу аясында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ҚБТУ, КИМЭП, СДУ, ЕҰУ, АЛМА, Ақпараттық технологиялар университеті, Назарбаев Университет, сонымен қатар Пермь Мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті мен Анталия халықаралық университетінің өкілдерімен кездесулер жүргізілді.

Rene education, Caspian training group, Capital education, Aktobe education advising center сияқты Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбенің оқыту орталықтарымен кездесулер ұйымдастырылды. Орталық өкілдері шетелдік оқу орындарына түсу мүмкіндіктері жайында әңгіме қозғады.

Үшінші кезең – кәсіптік ағарту, «Ақылды бейсенбі» жобасы аясында әртүрлі мамандықтардың қызықты иелерімен кездесулер ұйымдастыру, қала және облыс мекемелеріне сапарға шығу қарастырылады. Атырау Қазақстанның мұнайлы өлкесі, мұнда мұнай компаниялар өте көп.

24.02.15 «Өндірістегі бір күн» жобасы аясында 10 «H» сынып оқушылары Шеврон компаниясының полиэтиленді трубалар және темір арқау құбыр жүргізу зауытына барып қайтты.

10 «С» оқушылары Тенгиз Шевройл компаниясының басты кеңсесіне барып қайтты. ТШО мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, мұнайды алу және тазалау тәсілдері жайында толық мағлұмат берілді.

«Ақылды бейсенбі» жобасы аясында әртүрлі мамандық өкілдерімен 5 кездесу ұйымдастырылды:



  • ЖШС «Kpi inc» HR менеджері Жаншина Алмагүл Мұратқызымен;

  • ЖШС «Полимер Продакшн» комерция бөлімінің бас менеджері Алдияр Картпаймен;

  • Almaty Management University Президенті, Бизнес басқарудың Докторы (DBA), ҚР білім беру үздігі, "Құрмет" орденінің кавалері Кожахметов Асылбек Базарбайұлымен;

  • Нархоз Университетінің Ректоры, компьтерлік ғылымдардың магистрі, экономика саласындағы PhD Кшиштоф Рыбиньскимен;

  • ЖШС «Объединенная Химическая Компания» технологиялық даму Дирекциясының менеджері Кенжебаев Нурсултанмен.

2015 жылдың 30 желтоқсан мен 7 маусым аралығында 12-сынып оқушылары мектебіміздің өткен жылғы түлектерімен кездесті. Университеттерде семетрлерді бітірген соң, биылғы түлектерге университет жайында кеңес беру үшін балалар мектепке келді. 12-сынып оқушылары үшін бұл кездесу өте пайдалы болды, өйткені олар кеше ғана өздерімен бірге оқып жүрген достарына көкейінде жүрген кез келген сұрақтарды қылмай қоя алды.

2015 жылдың 27 мамырында «Баланы жұмысқа ал» жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлығында өтті. Оған 7-8 сыныптардың 239 оқушысы қатысты.



Барлық оқушылар бұл тәжірибені өз ата-аналарының немесе туысқандарының жұмыс орындарында өткізді:

  • үлкен мекемелерде – 54

  • орта мекемелерде - 83

  • шағын бизнес мекемелерде -33

  • мемлекеттік мекемелерде - 66.

Осы жылы оқушылар өте белсенді болды, тәжірибеден екінші жыл қатарынан өткен 8-сынып оқушылары тапқырлық танытып, туысқандарының әр түрлі мамандықтарына баруды шешті.

7 маусымда жазғы мектеп мезгілінде форум ұйымдастырылды, мұнда оқушылар өз жобаларын қорғады.





  1. ҒЫЛЫМИ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

    1. Педагог кадрлар

Жалпы есептегі педагогикалық құрамның 125-і (100%) жоғары білімді мұғалімдер, 30 мұғалімнің (3%) магистрлік дәрежесі бар.

Еңбек өтілдері бойынша мұғалімдер саны: «еңбек өтілі жоқ» – 4 (3,2%), «10 жылға дейінгі» –77 (61,6%), «11-ден 20 жылға дейінгі» – 21 (16,8%), «20-дан 30 жылға дейінгі» – 23 (18,4%), «31-ден 40 жылға дейінгі»м – 5 (4%), «41 және одан жоғары» – 0 (0%).



Орташа педагогикалық өтіл – 11,7 жыл.


Мұғалімдердің жас бойынша көрсеткіші:

«30 жасқа дейінгі»-69 (55,2%), «31-ден 40 жасқа дейінгі»-23 (18,4%), «41-ден 50жасқа дейінгі»-23 (18,4%), «51-ден 58 жасқа дейінгі»-15 (12%), «59 жастан жоғары» – 0 (0%).



13 мұғалім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі марапаттарының иегерлері.

Олар:


  • «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі - 1 (Каменова А.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

  • «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі - 3 (Махмуда Б.Р., химия пәнінің мұғалімі, Сапанов С.Ж., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Адилгалиева Ж.С. математика пәнінің мұғалімі);

  • «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 2 (Исмагулова С.М., директордың БЭЖ жөніндегі орынбасары, Сапанов С.Ж.- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары);

  • «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» медалі - 2 (Адилгалиева Ж.С. математика пәнінің мұғалімі, Ищанов Ж.З., тарих пәнінің мұғалімі);

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» – 5;

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Алғыс хаты– 5.

26 мұғалім Тәуелсіздік және Мұғалімдер күні мерекелеріне орай Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Алғыс хатымен марапатталды (2015 жыл).

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша 19 педагогикалық қызметкер аттестациядан өтіп, «мұғалім-модератор» педагогикалық шеберлік деңгейін иеленді.



2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша мектептің педагог қызметкерлері оқу, тәрбие, ғылым салаларында сапалы нәтижелерге қол жеткізді.

Кесте. Мектеп педагогтерінің жетістіктері

Конкурс, конференциялар

Мұғалімнің аты-жөні, пәні,

лауазымы

Өткізілген орны

  1. «К вопросу об улучшении понимания текста художественного произведения»




Исмагулова А.З., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

"Современный учительский портал" сайты


  1. «Интерактивные методы преподавания русского и иностранного языков»




Исмагулова А.З., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Орыс тілі пәні мұғалімдеріне арналған халықара лық вебинар

  1. «Мультимедийные технологии в науке и лингвообразовании»

  2. «Внедрение современных подходов к оцениванию учащихся на уроках русского языка»

Исмагулова А.З., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

МАПРЯЛ, Москва қаласы, онлайн

  1. Ағылшын тілін үйренушілерге арналған конкурс

Мельникова Э.В., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қашықтық конкурсы «A beginner s guide to writing in English for university study university of reading»

  1. Сессия Академии педагогических наук Казахстана, 30 сәуір 2016 ж.

Джамалетдин Р.Х., биология пәнінің мұғалімі

Онлайн

  1. Қазақстандық интернет олимпиадасы

Демешова М.М., химия пәнінің мұғалімі

http://cdo.kz/ интернет порталы

Косанов Р.П., химия пәнінің мұғалімі

http://cdo.kz/ интернет порталы

Рахым Т., химия пәнінің мұғалімі

http://cdo.kz/ интернет порталы

  1. BilimLand.kz білім порталының «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы

Бейсенбекова Г.С., химия пәнінің мұғалімі

Қашықтық конкурсы

Казахстан, г.Алматы




  1. BilimLand.kz білім порталының «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы

Косанов Р.П., химия пәнінің мұғалімі

Қашықтық конкурсы

Казахстан, г.Алматы




  1. «Pedagogical Discovery – 2016» мұғалімдердің халықаралық кәсіби конкурсы

Бейсенбекова Г.С., химия пәнінің мұғалімі

Қашықтық конкурсы

Россия


  1. European Conference on innovations in Technical and Natural Sciences (қашықтықтан), тақырыбы: “From the applying experience of Lesson Study Research”

Ким Е.Г.,

химия пәнінің мұғалімі



Вена қ., Австрия, 2 ақпан 2016 жыл

  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы « Білім беру: Зерттеулер мен тұрақты даму» (баяндамалар жинағы)

Шидалина С.К., учитель физики

23-24 қазан 2014ж. Астана қ.

Мақала: «Рефлексивное преподавание. Рефлексия урока»



  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Ценности образования и современный учебник»

Султанов М.Т., физика пәнінің мұғалімі

18 мамыр 2015 жыл Астана қаласы

Мақала:«Формирование личностно-образовательных ценностей образования при командном обучении»



  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы « Білім беру: Зерттеулер мен тұрақты даму» (баяндамалар жинағы)

Джумагалиева Б.Р., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Астана, 2015ж. қазан

  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы « Білім беру: Зерттеулер мен тұрақты даму» (баяндамалар жинағы)

Избамбетова Г.Н., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Астана, 2015ж. қазан

Мақала: «Оқушы дарындылығын дамыту жолындағы кәсіби

қоғамдастық жұмысының тәжірибесі»


  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы « Білім беру: Зерттеулер мен тұрақты даму» (баяндамалар жинағы)

Каменова А.К., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Астана, 2015ж. қазан

  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы « Білім беру: Зерттеулер мен тұрақты даму» (баяндамалар жинағы)

Койшыбаева Н.О., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Астана, 2015ж. қазан

  1. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы « Білім беру: Зерттеулер мен тұрақты даму» (баяндамалар жинағы)

Шамшенова М.Б., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Астана, 2015ж. қазан

  1. Республикалық қашықтық конкурсы (халықаралық қатысулар бойынша)

Текеева Ж.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Интернет порталы

  1. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Шығармашылық Бірлестігі

Текеева Ж.Т., қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Интернет порталы

  1. Аймақтық семинар-кеңес: «Повышение качества математического образования через сотрудничество вуз – школа». Мақала: «Формативное оценивание на уроках математики»

Адилгалиева Ж.С, математика, мұғалім-модератор


Х.Досмухамедов атындағы АМУ

  1. Аймақтық семинар-кеңес: «Повышение качества математического образования через сотрудничество вуз – школа». Мақала: «Формативное оценивание на уроках математики»

Шайхиева Н.Ш,

Математика, мұғалім-модератор



Х.Досмухамедов атындағы АМУ


Кесте. Мұғалімдердің жарияланымдары

Деңгейі

Әдістемелік бірлестік

Қорытынды



Химия

Биология

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

Тарих география

Математика

Физика

Информатика и Искусство

Дене тәрбиесі

Өзін-өзі тану




Халықаралық

2

-

6

-




1




6

-







15

Республикалық

5

5

14

2

2

1

3

14

-

4

1

51

Облыстық




-

1

1




2

3

1

-







8

Жүйелі әдістемелік кешен

49

102

92

106

43

47

146


170

-




28

783

Сepforum

5

-

8

4




1

121

40

-







179

Басқалары

21

6

1

2










16

-







46

Барлығы

82

113

122

115

45

52

273

247

0

4

29

1082

Конкурстық іріктеу

Конкурстық іріктеу барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның құқықтық-нормативтік құжаттары басшылыққа алынды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарында педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына Конкурстық іріктеу өткізу туралы Ережеге сәйкес:


  1. ДББҰ белгілеген ережеге сәйкес кандидаттар тетілеуден өткізіледі;

  2. Шығармашылық турдан өтеді (эссе);

  3. Конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбаттасуға қатысады.

2015-2016 оқу жылы бойынша конкурстық іріктеуге 123 кандидат қатынасып, 33-і мектепте жұмыс жасауға ұсынылды. Олардың ішінде: 3-тарих, 5-ағылшын тілі, 1-биология, 4-өнер, 1-музыка, 1-химия, 6-математика, 1-оқу бөлімінің әдіскері, 1-география, 1-«экология» элективті курсы, 2-информатика, 1-дене тәрбиесі пәндерінің мұғалімдері және 1-куратор, 1-тәрбиеші, 1-тәрбиешінің көмекшісі, 1-ассистент мұғалім, 1-қосымша білім беру педагогы.

Қабылданған мұғалімдердің ішінде 2 мұғалім 3 (бастапқы) деңгейлік курс сертификатының иегерлері.

Конкурстық іріктеулердің қорытындысы бойынша 18 педагогикалық қызметкер кадрлық резервке алынды.

Конкурстық іріктеу нәтижелерінің көрсеткіштері:



  • әр үшінші кандидат пәндік тесттің шектік деңгейіне жете алмайды;

  • тілдік құзіреттіліктері төмен;

  • АКТ қолдану мүмкіндіктері нашар;

  • педагогикалық дайындықтары аз.

Сондықтан да әдістемелік жұмыстар аясында мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерінің дамуына ерекше көңіл бөлінді.

Педагогикалық кадрларды аттестациялау

Алдын ала белгіленген кезеңде педагог қызметкерлердің аттестациясы өткізілді. Комиссия отырысының белгіленген уақыты 28 қараша 2015 жыл.

Педагог қызметкерлерден барлығы 25 өтініш түсті. Бірінші кезеңде «Педагогикалық өлшеулер орталығы» ДББҰ-ның тәуелсіз эксперттерімен аттестатталушы педагог қызметкерлердің 25 аттестациялық тапсырмалары тексеріліп, бағаланды.

Екінші кезеңде аттестациялық комиссия мүшелері 25 өтініш берушіден 24 аттестатталушы педагогтің таныстырылымын тыңдады.

Екі кезең қорытындысы бойынша аттестациялық комиссия 19 мұғалімді өтініш білдірілген «мұғалім-модератор» педагогикалық шеберлік деңгейіне лайықты деп таныды. 6 мұғалім өтініш білдірілген «мұғалім-модератор» педагогикалық шеберлік деңгейіне лайықты емес деген шешім шығарды, негізгі себебі-ұпай жетіспеушілігі.

«2016 жылы Астана қ. Халықаралық мектебі және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларын аттестациялау туралы» 2016 жылғы 24 мамырдағы №206/ОД бұйрығы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 26 ақпан 2015 жылғы (хаттама № 7) шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бөлімшелері педагогикалық қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларын аттестациялау ережелеріне» сәйкес кезекті аттестация кезеңі 2016 жылдың 3-15 қазаны аралығына белгіленді.



Бұйрықтар мен Ережелерге сәйкес «мұғалім-модератор» шеберлік деңгейі үшін уақытынан бұрын аттестатталуға 6 өтініш берілді.




    1. «Тәлімгерлік мектебінің» қызметі

Педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында мектепте екінші жыл қатарынан «Менторлық мектеп» қызметі жүзеге асырылуда. Менторлық тәжірибе педагогикалық еңбек жолын енді бастаған мұғалімдерге мұғалімдік мамандыққа бейімделуге мүмкіндік береді.

Оқу жылының басында жаңадан қабылданған және жас мұғалімдерді, куратор мен тәрбиешілерді қатыстыра отырып, 19 менторлық жұп жасақталды.

Менторлық қызметке төмендегідей мұғалімдер саны қамтылды:




Әдістемелік бірлестік

Менторлық топтар саны

Өткізілген шаралардың саны

(сабақтар, семинарлар, коучинг, кеңестер және т.б.)



1

Биология пәні мұғалімдерінің ӘБ

2

11

2

Физика ӘБ

1

20

3

Тарих, қазіргі заманғы қазақстан, өзін-өзі тану, экономика пәні мұғалімдерінің ӘБ

1

5

4

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ӘБ

4

17

5

Математика пәні мұғалімдерінің ӘБ

5

28

6

Информатика және өнер пәні мұғалімдерінің ӘБ

2

6

7

Кураторлық қызмет

1

4

8

Қосымша қызмет көрсету (тәрбиешілер)

3

46

Менторлық қызметті іске асыру мен сапасын жетілдіру, сондай-ақ мұғалімнің жеке қажеттілігі мен қиындықтарына негізгі басымдық беретін менторлық тәжірибе арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, жаңашыл талантты педагогтерді қолдау мақсатында 2016 жылы 15-26 ақпан аралығында бірінші рет «Педагогикалық дуэт» кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды.

Байқау Ережесіне сәйкес 14 менторлық жұп (ментор және менти) қатынасты. Олардың құрамында пән мұғалімдері, тәрбие блогы мен мектеп жанындағы жатақхана қызметкерлері болды.

Ұпай көрсеткіштеріне сәйкес ІІІ орынды Шайхиева Н.Ш. мен А.А.Дюсенгалиевтің жұбы (математика пәні) иеленді. Екі ІІ орын математика пәнінің мұғалімдері Ж.С.Адилгалиева мен А.О.Дильмагамбетовке, сондай-ақ педагог-куратор Н.Рахметуллина мен З.Кумарованың жұптарына берілді. Қазылар алқасының шешімімен бірінші жүлделі орын үшін ешбір жұп лайықты деп танылған жоқ.





    1. Мұғалімдердің кәсіби дамуы

Мектептегі әдістемелік жұмыстар аясында мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл бағытта кәсіби дамуды жүзеге асырудың кешенді жүйесі жүзеге асырылуда:

  • Кәсіби желілік қауымдастықтар қызметі іске асырылды: «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», «Оқушы дарындылығын дамыту», «Сыни ойлау» қауымдастықтары (мұғалімдердің 56% қамтыған, барлығы 70 мұғалім). Аталған желілік қауымдастықтар қызметі cpm.kz порталы арқылы мектеп ішінде, НЗМ және жалпы білім беретін мектептер ауқымында мұғалімдерге өзара байланысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл желілік қауымдастықтардың Facebook сайтында ақпараттық парақшалары ашылған.

  • Аттестация талаптарына негізделе отырып, педагог қызметкерлердің кәсіби дамуының диагостикалық картасы жасақталды.

  • 19 менторлық жұпты қамтитын «Менторлық мектеп» қызметі іске асырылуда.

  • Кәсіби даму апталықтары арқылы педагогтердің кәсіби өсуі ынталандырылады. Оқу жылы ішінде төмендегідей кәсіби даму апталықтары ұйымдастырылды:

- «Қалыптастырушы бағалау-сапалы білім берудің маңызды құралы» (тілдік пән мұғалімдері) – 5-10 қазан,2015жыл.

- «Физика, математика, информатика және өнер пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» - 2-7 қараша, 2015 жыл.

- «Жобалық-зерттеушілік іс-әрекет – жүйелі-әрекеттік тәсілдің бір формасы» (химия-биология пәнінің мұғалімдері) - 16-21 қараша, 2015 жыл.

- «Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет» (тарих, география, ГППР, экономика пәні мұғалімдері) - 19-23 қаңтар, 2016 жыл



- «Қалыптастырушы бағалау оқытудың тиімділігін арттырудың құралы ретінде» (дене тәрбиесі, АӘД пәні мұғалімдері) - 1-5 ақпан, 2016 жыл.

  • Кіріктірілген білім беру апталықтары арқылы мұғалімдердің оқу мен оқытуда жүйелі-әрекеттік тәсілді іске асыру дайындықтары ұйымдастырылды:

  • «Мәңгілік ел» - 30 қараша - 15 желтоқсан, 2015 жыл;

  • «Оқу мен оқытудың кіріктірілген тәсілі» - 29 ақпан - 4 наурыз 2016 жыл.

  • Педагог қызметкерлердің аттестациясы - жеке және кәсіби дамуының үздіксіз жүру процесі. 25 өтініш берушінің 19-ы уақытынан бұрын аттестациядан («мұғалім-модераторлық») сәтті өте алды.

  • Педагогикалық қызметкерлердің 100% қамтылуымен 19 шығармашылық лаборатория жұмысы жүргізілді. Шығармашылық топтарға сертификатталған тренерлер, 1,2 деңгей бағдарламалары бойынша курстардан өткен мұғалімдер мен модераторлар жетекшілік етті. Олар: «Оқушы дарындылығын арттыру» - 55, «PISA халықаралық зерттеуіне дайындық құзіреттіліктерін дамыту» - 8, «Тест тапсырмаларын құрастыру технологиясы(CITO)» - 14, «Сыни ойлау» - 7.

  • Тең дәрежедегілердің бір-бірінен үйрену курстары бойынша оқу 12 шығармашылық лабораторияда жүргізілді: «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» - 11, «Оқытудың белсенді әдістері» - 12, «Мұғалімнің зерттеушілік тәжірибесі: сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу» - 28, «Педагогикалық рефлексия» - 10, «Оқытуда АКТ технологияларын қолдану» - 16. 122 мұғалім Moodle платформасында желілік байланыс жүргізеді.

  • ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы аясында 123 педагогикалық қызметкер курстан өткізілді (1 деңгей- 21, 2 деңгей –14, 3 деңгей - 88).

Оқу жылы ішінде мектепішілік курстардың 4 модулі бойынша 540 адам, ел ішінде 80 адам, шетелде 3 адам курстардан өтті және 1 адам Лондондағы «Глобальное гражданство и межкультурное понимание» симпозиумына қатысты. 31 мұғалім пәндік тренингтен, 54 мұғалім семинардан өткізілді.


КББ мен КБКМ-ді жүзеге асыру бойынша оқу жылы ішінде 31 мұғалім оқытылды.

Біліктілікті арттыру курстарының нәтижесінде 12 мұғалім сертификатталған тренер атанды.

Олардың ішінде, 1 - ҚР жалпы білім беретін мекеме басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша, 3 - «Оқушы дарындылығын дамыту» бағдарламасы бойынша, 2-деңгейлік бағдарламалар бойынша, 2 – тест тапсырмаларын құрастыру бойынша CITO, 1 – PISA-ға дайындық , 3 - «Білім беру мазмұнын жаңарту» курсы (тілдік) бойынша сертификатталды.

2015-2016 оқу жылында Action Research жобасы аясындағы жұмыстар да өз жалғасын тапты. Оқу жылы ішінде қазақ және орыс тілдерінде 2 іс-әрекеттегі зерттеу тобы жұмыс жасады. Жыл ішінде шығармашылық лаборатория жұмысына түрлі пәндер бойынша 29 мұғалім, 2 тренер барлығы 31 адам жұмылдырылды.

Оқу жылының соңында «Іс-әрекеттегі тәжірибені зерттеу» жинағы шығарылды. Жинаққа келесі мұғалімдердің жұмыстары енгізілді: Аблаева К.К., Каратаева А.М., Тулкибаева Г.Ж., Мухамбетгалиева А.С., Тлеулесова А.Н., Бейсенбекова Г.С., Косанов Р.П. Шығармашылық лаборатория жұмысы тақырыптық күнтізбелік жоспар бойынша жүргізілді.

Шығармашылық лабораториялар жұмысының мұғалімдер үшін тиімділігі:



  • Сыныпта, оқыту барысында анықталған проблеманы зерттеуге ынталандырады;

  • Оқыту тәжірибесін арттыру үшін оқушылардың білім сапасын арттыруға мүдделі;

  • Зерттеу жоспарын құруды, мәселелерді шешу жолдарын айқындауды, сондай-ақ оқу мен оқытудың әр кезеңінен кейін рефлексия жүргізуді үйренді;

  • Әріптестер арасындағы өзара көмек арқылы тәжірибе алмасу;

  • Біліктілігін көтеру аттестациясына дайындық.

«Іс-әрекеттегі зерттеу» шығармашылық лабораториясының координаторлары Бейсенбкова Г.С., Косанов Р.П. және «Lesson Study» шығармашылық лабораториясының координаторы Бурханова Д.С., мұғалімдер Тлеулесова А. мен Жубанова Н.Ж. Ақтау қаласындағы НЗМ базасында ұйымдастырылатын зерттеушілердің аймақтық форумына қатынасуға ұсынылды. Форумға Астана, Актөбе, Орал, Қызыл-Орда, Атырау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Астана IB мұғалімдері қатынасты. Біздің әріптестеріміз тақырыптық шеберлік сыныбын көрсетті, пленарлық мәжілісте Lesson Study және Action Research кіріктіру тәсілдері туралы баяндама жасады, зерттеулер нәтижесі бойынша постерлер ұсынды.



Статистикаға жүгінсек, біліктілікті арттыру курстарынан кейінгі тіл үйрену деңгейлерінің артқандығын көруге болады. Мысалы қазақ тілі курсы бойынша «Базалық» деңгейдегі мұғалімдер саны 17%-дан 1%-ға азайса, жоғары деңгейдегі мұғалімдер саны артты. Қазақ тілін меңгерушілердің «Ортадан жоғары» деңгейі 2014 жылғы қарашадағы статистикалық мәліметпен салыстырғанда 30%-дан 49%-ға дейін артты.

2015 жылдың мамыр айында 125 мұғалім Қазтест сынағынан өтті, 70 мұғалім өз деңгейлері бойынша сертификат иеленді.


APTIS нәтижесі бойынша да мұғалімдердің тілдік құзіреттіліктерінің артқандығы көрінеді. Ағылшын тілін орта және жетік деңгейде меңгерген мұғалімдер үлесі тестке жалпы қатысушылардың 24%-ын құрады. Ал бастауыш және қарапайым деңгейдегі мұғалімдер саны 93 адамды құрайды.



Кесте. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі (APTIS)

ӘБ бойынша педагог қызметкерлер саны

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі (APTIS)

А0

А1

А2

В1

В2

С

Қазақ тілі мен әдебиеті

10

1

1

0

0

0

Орыс тілі мен әдебиеті

7

2

0

1

0

1

Математика

6

4

3

2

0

0

Ағылшын тілі

0

0

0

3

10

3

Биология

5

2

3

2

1

0

Информатика

3

2

1

0

1

1

Тарих

7

5

2

0

3

0

Физика

2

5

1

0

1

1

Химия

3

6

2

0

1

0

Дене тәрбиесі

5

3

1

0

0

0

Барлығы:

48

30

14

8

17

6






Сонымен қатар, ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS сертификатын иеленген мұғалімдер саны да артты.

Бүгінгі күні мектепте 8 үштілді мұғалім жұмыс жасайды.



Ағылшын тілінде сабақ жүргізе алатын мұғалімдер көрсеткіші: «Глобальные перспективы и проектная деятельность» - 3; «Экономика» - 1; «Физика» - 1; «Химия» - 1; «Биология» - 0; «Информатика» - 2.

Мұғалімдердің АКТ құзіреттіліктерін арттыру шеңберінде Атырау қаласындағы ХББ НЗМ-де 2015 жылдың маусым айында АКТ тест өткізіліп, оған 74 мұғалім қатынасты.



2015-2016 оқу жылына Атырау қаласы ХББ НЗМ мұғалімдері үшін тест сынақтары жоспарланған жоқ. Алайда 2016 жылдың қыркүйек айына жоспарланған мұғалімдердің аттестациясына байланысты мектеп базасында мұғалімдерге арналған біліктілік тесттерін өткізу туралы шешім шығарылып, тест қорытындысы бойынша мұғалімдердің лайықты сертификат иелену мүмкіндіктері қарастырылды. Қазтест және АКТ сынақтары маусым айына жоспарланды. 66 педагог және оларға теңестірілген тұлғалар АКТ тестін тапсырса, 72 педагог пен оларға теңестірілген тұлғалар Қазтест тапсырды. Ал 2016 жылдың тамыз айына ағылшын тілінен халықаралық IELTS емтиханын өткізу жоспарлануда.




    1. Каталог: Atyrau -> portal -> wp-content -> uploads -> 2018
      Atyrau -> Гимназияның қалыптасу кезеңдері
      Atyrau -> Оқу жылының қорытындысы
      Atyrau -> Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 2011-2012 оқу жылындағы дене тәрбиесі пәнінің берілісі жөнінде есеб і
      Atyrau -> «Тілім, дінім, тарихым бар еркіндікпен есілген, Қазақ елі, асқақтай бер ұлы достық көшімен» гуманитарлық пәндер апталығының өтуі туралы
      Atyrau -> «Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы. Табиғатыңды тарту ет, аман бол Жердің құндағы!» Жаратылыстану ғылымдарына арналған
      Atyrau -> «Тексерілді» «Бекітемін» Облыстық дарынды балаларға
      Atyrau -> 2011-2015 жылдарға арналған Атырау қаласының Аумақтық даму бағдарламасын іске асырылуы туралы есеп
      2018 -> Конкурстық іріктеу Виртуалды және каникулярлық мектеп


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет