Конкурстық іріктеу 7 Виртуалды және каникулярлық мектеп 10



бет2/5
Дата04.07.2018
өлшемі1,65 Mb.
#46723
түріКонкурс
1   2   3   4   5



МАЗМҰНЫ




Бет

Кіріспе

3

  1. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

6

    1. Оқушылар контингенті

6

    1. Конкурстық іріктеу

7

    1. Виртуалды және каникулярлық мектеп

10

    1. Кіріктірілген білім беру бағдарламасын енгізу

11

    1. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы

13

    1. Оқу үдерісінің эвалюациясы

16

    1. Элективті курстар

17

  1. БЕЙІНДІ – ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЖҰМЫСТАР

20

    1. Критериалды бағалау жүйесін енгізу

20

    1. Кәсіптік бағдар

23

  1. ҒЫЛЫМИ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

26

    1. Педагогикалық кадрлар

26

    1. «Тәлімгерлік мектебінің» қызметі

31

    1. Мұғалімдердің кәсіби дамуы

32

    1. Тәжірибе тарату

37

    1. Олимпиадаларды, ғылыми сайыстарды, конференцияларды, жобаларды ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелері

40

  1. ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР

44

    1. Шетелдік мұғалімдерді жалдау

44

    1. Үштілді білім беру

46

    1. Ынтымақтастықты дамыту

47

    1. Халықаралық емтихандардың, зерттеулердің ( IELTS, PISA) нәтижелері

49

    1. Мектепті халықаралық аккредитацияға дайындау

50

  1. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

52

    1. Азаматтық-отансүйгігтікке тәрбиелеу

52

    1. Рухани-адамгершілік тәрбие

53

    1. Зияткерлікті дамыту

53

    1. Алуан мәдениеттілікті дмыту

54

    1. Тәні мен психикалық саулығының дамуы

54

    1. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту

55

    1. Көркем-эстетикалық даму

55

    1. Жазғы мектеп

57

    1. Ата – аналар комитетінің жұмысы

58

    1. «Шаңырақ» жүйесінің қызметі

58

    1. Мектеп жанындағы жатақхана қызметі

59

  1. БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫСЫ

65

    1. Мектептің тіршілік әрекетін және өмір қауіпсіздігін қорғау

65

    1. Кітапхана қызметі

67

    1. Психологиялық қызмет көрсету

72

    1. Медициналық қызмет көрсету

80

    1. Медиақызмет туралы

84

  1. ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

87

    1. Мектептің материалды – техникалық базасының ахуалын талдау

87

    1. Мектеп аймағын көркейту, көгалдандыру мен тазалық жумыстарын талдау

88

    1. Жабдықтар, техникалық құралдар және жиһаздардың тиімді пайдаланылуын талдау

88

    1. Мектеп мүлкін түгендеу нәтижелері

89

КІРІСПЕ

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы қызметі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2020 жылға дейін даму Стратегиясының міндеттеріне, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2017 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарында белгіленген перспективаларына және мектептің 2015-2016 жылғы Даму жоспарына сәйкес құрылды.

Педагогикалық ұжым өз жұмысын «Жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асырудың мақсаты – табысты оқушы» деген тақырыппен жүргізді.

Мектептің стратегиялық мақсаты:

Инновациялық кіріктірілген білім беру моделін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау



Басты стратегиялық міндеттер:

  • қазіргі заманғы басқару нысандарын іске асыру;

  • негізгі және жоғарғы мектептерде кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру;

  • функционалды сауатты, патриот, жауапты, көптілді, креативті және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті, жетекші қазақстандық және халықаралық университеттерге түсетін оқушыларды қалыптастыруға ықпал ететін оқу ортасын жасау;

  • критериалды бағалаудың кіріктірілген моделін енгізу мен жүзеге асыру;

  • кәсіби желілік қоғамдастықтарды құру арқылы мұғалімдер мен басқа да педагог қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан дамытуды қолдау;

  • жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті балаларды іздестіру мен конкурстық негізде қабылдау;

  • мектеп қызметіне ата-аналар жұртшылығын, үкіметтік емес ұйымдарды, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі тараптарды тарту;

  • Зияткерлік мектептер тәжірибесін облыстың орта білім беру жүйесіне тарату;

  • әлемде халықаралық деңгейде танылған ғылыми және білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту.

Девиз:

  • Барлығы табысты болатын мектеп!

Мектеп миссиясы:

  • оқушылардың бойында қазіргі заманғы әлемде табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылар қалыптастыру.

Пайымдау

Адамзат өркениетінің ақпараттық тасқындар дәуіріне және білім қоғамына енуі білім жүйесіне сапалы жаңа талаптар қояды. 21 ғасырдағы тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту басты тұлға мұғалім болып келген дәстүрлі оқытулардан білім мазмұнына, оқыту әдістеріне, сыныптағы ахуалға, бағалау мен технологияларға өзге қырынан келуімен ерекшеленеді.

Білім берудің мақсаты тұлға бойына дайын, жүйелі білімнің мол көлемін сіңіре отырып болашақ қызметіне дайындау ғана емес, сонымен қатар қабылдаған білімді меңгере отырып жаңа білімді қалыптастыратын тұлғаны дамыту.

Біздің пайымдауымызша, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (әрі қарай – Мектеп) түлектерінің бойында:



  • пәндік ғылымдар бойынша терең білімі мен түсінігі болу керек;

  • өздігінен білім алу дағдылары болу керек;

  • сыни ойлау дағдылары болу керек;

  • көптілді болуы керек;

  • АКТ құзыретті болуы керек;

  • бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек;

  • әлем азаматы болуы керек.


2015-2016 ЖЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ САНДЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР



Мазмұны

Саны

  1. Алқалық кеңестер

1

Мектептің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өткізілді

2

Қарастырылған мәселелер саны

9

2

Мектептің Педагогикалық кеңесінің отырысы өткізілді

7

Қарастырылған мәселелер саны

18

3

Педагогикалық ұжымның жиналысы өткізілді

10

Қарастырылған мәселелер саны

27

4

Директор жанындағы кеңес өткізілді

11

Қарастырылған мәселелер саны

33

5

Мектептің Әістемелік кеңесінің отырысы өткізілді

5

Қарастырылған мәселелер саны

11

6

Мектептің Ата-аналар кеңесінің отырысы өткізілді

5

Қарастырылған мәселелер саны

18

7

Оқушылардың мектепішілік Парламентінің отырысы өткізілді

4

Қарастырылған мәселелер саны

12

Алқалық кеңестер жұмысының нәтижесінде төмендегі жергілікті нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірленіп, бекітілді:

  • Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушысының білім алу траекториясының жеке даму картасы;

  • «Үздік оқушы», «Үздік шаңырақ» сайыстарының ережелері;

  • Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі пән мұғалімдерімен өткізілетін әдістемелік күн туралы ереже;

  • Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі сыналатын «Педагогикалық дуэт» сайысының ережесі;

  • Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі сыныптық-жалпылама бақылау ережесі;

  • ӘБ қызметін басқаруда жүзеге асырылатын бөлінген көшбасшылық моделінің тұжырымдамасы.

  1. Оқу-әдістемелік жұмысы

1

Өткізілген аышқ сабақтар саны

195

2

Өткізілген сыныптан тыс шаралардың саны

65

3

Өткізілген конференциялардың саны

-

4

Өткізілген семинарлар мен тренингтердің саны

39

5

Өткізілген шеберлік сабақтарының саны

47

6

Оқушылар арасында өткізілген олимпиадалар, сайыстар және ғылыми жарыстардың саны

12

7

Мұғалімдер арасында өткізілген олимпиадалар, сайыстар және ғылыми жарыстардың саны

1

Мектептің жүйелі жоспарланған оқу-әдістемелік жұмысының нәтижесінде 19 мұғалім «Мұғалім-модератор» педагогикалық шеберлік деңгейін мерзімінен бұрын алды, 334 - оқушы желілік, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен сайыстар, ғылыми жобалар жарыстарына қатысты.

  1. Тәрбие жұмысы

1

Жүргізілген мәдени-көпшілік іс-шаралардың саны

36

2

Жүргізілген спорттық-бұқаралық ic-шаралардың саны

11

3

Жүргізілген қайырымдылық жобалар мен акциялардың саны

5

4

«Балаңды жұмысқа ертіп бар» атты әлеуметтік тәжірибеге қатысқан оқушылар саны

239

5

«10 күн өндірісте» әлеуметтік жобасына қатысқан оқушылар саны

254

6

«2 апта ауылда» атты әлеуметтік тәжірибеге қатысқан оқушылар саны

238

Мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы келесі қызмет бағыттары бойынша жүзеге асырылды:

  • «Шаңырақ» жүйесі;

  • медициналық-психологиялық қызмет және мектеп жанындағы жатақхана;

  • көркем-эстетикалық бағыттағы үйірмелер;

  • спорт секциялары;

  • қызығушылығы бойынша клубтар және т.б.

Нәтижесінде экономикалық тұрғыдан ғылымның перспективалы қолданылу саласын алдын-ала болжай алатын қабілетті, ертеңгі күннің экономикасында сұранысқа ие болатын идеяларды дамытушы, өз идеялары мен жаңалықтарын капиталға айналдыра отырып прагматикалық бағалау жасап, әрбір азаматтың, қоғамның, Қазақстан Республикасының, тұтастай алғанда әлемнің игілігі үшін қызмет ететін, үздік дағдыларды бойына сіңірген, аса өнегелі тұлғаның қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасалған.



  1. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

    1. Оқушылар контингенті

Атырау қаласындағы химиялық – биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2015 – 2016 оқу жылы аяғындағы оқушы саны - 676.

Кесте. Сыныптар бойынша оқушылар саны

(2016 жылдың 1 маусым кезіндегі көрсеткіштер)

7-ші сыныптар

Барлығы

«А»

«В»

«С»

«D»

«E»

«F»

«G»

«H»




20

20

20

20

20

20

20

20

160



8-ші сыныптар

Барлығы



9-шы сыныптар

Барлығы

«А»

«В»

«С»

«D»

«А»

«В»

«С»

«D»

20

20

20

19

79

20

18

19

19

76




10-шы сыныптар

Барлығы

«А»

«В»

«С»

«D»

«E»

«F»

«G»

«H»




24

23

23

24

23

19

22

21

179




12-ші сыныптар

Барлығы

Мектеп бойынша барлығы

«А»

«В»

«С»

«D»

«E»

«F»

«G»

«H»

«I»







21

22

21

23

22

22

15

20

16

182

676

Мектеп оқушыларының отбасы әлеуметтік-экономикалық мәртебесі туралы мәлімет кестеде берілген.



Кесте. Оқушылар отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі

Көрсеткіштер

Оқушылар саны

Ата-аналары мемлекеттік қызметте немесе бюджет саласында қызмет атқарады

253

Ата-аналары жеке мекемелерде қызмет атқарады (ЖШС, АҚ және т.б.)

545

Ата-аналары жеке кәсіпкерлер

112

Ата-аналары жұмыссыздар

1

Ата-аналары зейнеткерлер

5

Ата-аналары мүгедектер

19

Толық емес жанұя балалары

77

Көпбалалы жанұя балалары

102

Аз қамтылған жанұя балалары

3

Қамқорлықтағы балалар

0

Мүгедек балалар

1

Қалада тұратын балалар

509

Кішігірім қалалардан, аудан ортылықтардан

63

Аудандардан келген оқушылар

104



    1. Конкурстық іріктеу

Оқушылар контингентін қалыптастыру үшін 2016 жылдың 12 және 13 наурызында конкурстық іріктеу жүргізілді.

2016 жылы жетінші сыныпқа түсу үшін 738 үміткер қатысты. Соның ішінде 156 оқушы оқуға түсті. Өткен жылмен салыстырғанда үміткерлердің саны 249 оқушыға артты.



Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016-2017 оқу жылында 7-сыныпта оқу үшін іріктеу конкурсына қатысқан үміткерлердің гендерлік құрамы: 420 қыз бала және 318 ұл бала.

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016-2017 оқу жылында 7-сыныпта оқу үшін іріктеу конкурсына қатысқан үміткерлердің үміткерлердің сапалық құрамы келесі кестеде көрсетілген:




Оқуға түскен оқушылардың ішінде 131 оқушы қалада, ал 25 оқушы ауданда тұрады. Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ең көп оқушылары оқуға түскен қала мектептерін атап өтсек, олар: №16 орта мектеп, дарынды балалар үшін арналған облыстық лицей, №17 мектеп-лицей, ал аудандық мектептердің ішінде – Құлсары қаласындағы №4 орта білім беретін мектеп болды.


Бос орындардың саны, сонымен қатар оқуға түсу үшін үміткерлердің саны да көбейгенін айта кеткен жөн. Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру, әсіресе облыс мектептерінің арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті оқушыларды 7-сыныпқа қабылдау үшін CITO (Педагогикалық өлшемдер институты, Голландия) және CTY (Джон Хопкинс Университетінің Дарынды Жастар Орталығы, АҚШ) стратегиялық серіктестермен бірлесіп жасалынған конкурстық іріктеу жүйесі пайдаланылды.

7-сыныпқа іріктеу жүйесі екі тестілеуден тұрады:

1. Математика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен пәндік тест.

2. Оқушылардың қабілетін бағалауға бағытталған, жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілеттілігін анықтайтын тест.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет