Конкурстық іріктеу 7 Виртуалды және каникулярлық мектеп 10



бет4/5
Дата04.07.2018
өлшемі1,65 Mb.
#46723
түріКонкурс
1   2   3   4   5

Тәжірибе тарату

ҚР Президенті Н. Назарбаев Зияткерлік мектептердің басты мақсаты бәсекелесуге қабілетті түлектерді дайындап ғана қоймай, барлықтары үшін сапалы орта білімге бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуде, өз тәжірибесін тарату арқылы Қазақстанның орта білім жүйесін дамыту болатындығын айтты.

Қойылған мақсаттарға сәйкес тәжірибе тарату келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:



  • 1-бағыт – облыстық жалпы білім беретін мектептерге тәжірибе тарату (кіріктірілген білім бағдарламасы мен деңгейлік курстар бағдарламасы құрамының аясында)





Шара

Өткізу уақыты

Бағытталған аудитория

Қатысу-шылар саны

1

Семинар: «Қалыптастырушы бағалау-сапалы білім берудің маңызды құралы»

04.11.2015г.

Облыстық және қала мектептерінің математика пәнінің мұғалімдері

46

2

Әдістемелік күн: «Назарбаев Зияткерлік мектебін басқару тәжірибесі»

27.11.2015г.

Облыстық және қала мектептерінің басшылары

32

3

Семинар: «Системно-деятельностный подход на уроках биологии»

27.01.2016

Облыстық және қала мектептерінің биология пәнінің мұғалімдері

25

4

Жылыой ауданындағы әдістемелік күн: «Назарбаев Интеллектуальная школа: практика реализации инновационной образовательной модели»

04.02.2016г.

Мектеп директорлары, директордың ҒӘЖ бойынша орынбасарлары, ӘБ жетекшілері, кітапханашылар

80

5

Тренинг: «Обновление содержания образования-эффективные методы обучения»

09.06.2016г.

Облыстық және қала мектептерінің мұғалімдері

108

2015-2016 оқу жылында тәжірибе тарату аясында келесі шаралар өткізілді:






Әдістемелік бірлестіктердің аты

Саны

Онлайн сабақ

Онлайн семинарлар

1

Қазақ тілі және әдебиет

-




2

Орыс тілі және әдебиет

-

1

3

Математика

9




4

Ағылшын тілі

11




5

Биология

5




6

Информатика







7

История

-




8

Физика

2




9

Химия

5




10

ЖПЖЖ

-




11

Дене тәрбиесі

-




Барлығы:

32

1




  • 2-бағыт - облыстың пилоттық мектептерінде білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялауға көрсетілетін әдістемелік қолдау (республика бойынша 30 пилоттық мектеп анықталды, Атырау облысы бойынша эксперимент режимінде 2 мектеп жұмыс жасайды: Атырау қ. №17 мектеп-лицей және Исатай ауданының Тұшықұдық ауылындағы Ж. Мырзағалиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп).

Пилоттық мектептерде орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін Атырау қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерінің шығармашылық тобының пилоттық мектептермен кездесуі және пилоттық мектептердің мұғалімдерінің НЗМ – де кездесуі ұйымдастырылды.

Пилоттық мектептердегі кездесулер

ХББ НЗМ-гі кездесулер

23 қазан 2015 ж.

4 қараша 2015 ж

23 желтоқсан 2015 ж.

6 қаңтар 2016 ж.

4 ақпан 2016 ж.

4 наурыз 2016 ж.

17 наурыз 2016ж.




7 сәуір 2016 ж.




17 мамыр 2016 ж.



Пилоттық мектептердің мұғалімдеріне оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда және білім берудің жаңартылған бағдарламасын еңгізу үдерісіндегі пилоттық мектеп оқушыларының алдағы одан ары дамуын жетілдіруге негізделген әдістемелік көмек көрсетілді.




ӘБ атауы

Ашық сабақтар

Ашық сыныптан тыс шаралар

Шеберлік сабақтары

Семинарлар/ тренингтер

Сабаққа қатысу

Консультация-лар

Шет тілі бойын-ша сабақтар

Қазақ тілі және әдебиет

4

-

5

-

1

1

-

Орыс тілі және әдебиет

2




2

2

6

6




Математика

2

-

4

2

10

2

-

Ағылшын тілі

2

-

2

1

2

1

2

Биология

-

-

-

2

1

-

-

Информатика






















Тарих

3




2

1










Физика

-

-

7

2

8

-

-

Химия

-

1

2

-

3

3

-

Дене тәрбиесі

2

-

-

-

-

-

-

Өнер

3

-

1

-

4

-

-

Кітапхана




1
















Кураторлық

қызмет





1
















Барлығы:

18

3

25

10

35

13

2






    1. Олимпиадаларды, ғылыми сайыстарды, конференцияларды, жобаларды ұйымдастыру, өткізу және олардың нәтижелері

2015-2016 оқу жылы ішінде:

  • 522 оқушы мектепішілік пәндік олимпиадаға қатынасып, олардың 121 жүлдегер атанды.

  • Желілік пәндік олимпиадаға 20 оқушы қатысып, оның 4-і жүлделі орын иеленді.

  • Республикалық олимпиадаға 1 оқушы қатысып, 2-орын алса, Робототехника саласы бойынша республикалық олимпиадаға қатынасқан 2 оқушыдан тұратын топ жүлделі 3- орынды иеленді.

  • 8 қатысушыдан тұратын 7-12 сынып оқушыларының командасы Қазақстандық интернет олимпиадасында 1-орын алды.

Сондай-ақ оқушылар халықаралық және республикалық қашықтық олимпиадалар мен конкурстарға қатысып, жоғары нәтижелер көрсете алды:

  • Республикалық пәндік қашықтық олимпиадасы – 15;

  • Халықаралық «Фоксфорд» онлайн олимпиадасы - 127;

  • «Инфоурок» жобасының халықаралық қашықтық олимпиадасы- 20;

  • «Инфоурок» жобасының "Мириады открытий" халықаралық конкурсы – 18;

  • «Мега Талант» ресейлік қашықтық олимпиадасы - 2.


Кесте. Оқушылардың олимпиадалық жетістіктері



Оқушының аты-жөні

Олимпиада атауы

Деңгейі

Пәні

Жетістігі

1

Батырғали Нұрсәуле


желілік пәндік олимпиада


желілік

Химия


3 орын

2

Шамратов Нұрасыл


Желілік пәндік олимпиада


География


2 орын

3

Сатуова Жазира


Желілік пәндік олимпиада


Қазақ тілі

3 орын

4

Талғатова Сандуғаш


Желілік пәндік олимпиада


Химия

3 орын

5

Шамратов Нұрасыл

Республикалық пәндік олимпиада

Республикалық

География

2 орын

6

7-12 сынып оқушыларының командасы

Қазақстандық интернет олимпиада (қашықтық)

Математика, информатика, қазақ тілі және орыс тілі, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуі, логикалық тапсырмалар

1 орын

7

Мұстажап Рустем, Нудиев Нұртай

(команда)




Робототехника бойынша республикалық олимпиада


Робототехника

3 орын

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын арттыру мақсатында 2015 жылдың 24 қарашасында ғылыми жобаларды мектепте алдын ала қорғау ұйымдастырылды. Тыңдалымдар қорытындысы бойынша қазылар алқасы 74 оқушыға зерттеуді одан әрі жалғастыруды ұсынды.



Кесте. Ғылыми жобалар конкурстарындағы

оқушылар жетістігі



Оқушының аты-жөні

Конкурстың, ғылыми жобаның атауы

Пәні, бағыты, секциясы

Деңгейі

Жетістігі

1

Мақсотова Құралай


Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы

Биология, секциясы «Биология»

Республикалық

2 место

2

Серік Ажар,

Кожахметова Нургул




«Зерде» Республикалық конкурсы

Химия, секция «Химия»

1 место

3

Баймағанбет Қарлығаш


ҚР инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырған

Ұлттық инновациялық конкурс



Химия, бағыты «STEM-технологии»

Республикалық қашықтық



Благодарственное письмо

4

Адайбаева Айнур,

Занканов Арсен




«Roboland 2016» робототехника бойынша ІІ халықаралық фестиваль


Бағыты «Интеллектуальное сумо», информатика-робототехника, бағдарламалау

халықаралық



Сертификат

5

Альмухаметов Абай Лоран,

Хубиев Касымхан




«Roboland 2016» робототехника бойынша ІІ халықаралық фестиваль


Бағыты «Интеллектуальное сумо», информатика-робототехника, бағдарламалау

Сертификат


Кесте. Конференциялардағы оқушылар жетістігі



Оқушының аты-жөні

Конференция, баяндама, сексия атауы

Пәні

Жетістігі

1

Хубиев Касымхан


IV Наурыз оқулары «Наука. Технология. Инжиниринг. Математика».

Секциясы «Баламалы энергия көздері ЕХРО-2017», «Исследование возобновляемых источников энергии на основе химических соединений. Гальваническая электростанция»



Физика

Сертификат

2

Кубашева Айнур


IV Наурыз оқулары «Наука.Технология. Инжиниринг. Математика».

Секциясы «Әлемді өзгертуші технологиялар», «Система очистки и ионизации воздуха AirForge»



Физика

Сертификат

3

Беккалиев Бекнур,

Нудиев Нуртай




IV Наурыз оқулары «Наука.Технология. Инжиниринг. Математика».

Секциясы «Әлемді өзгертуші технологиялар», «Эксплуатация роботов для помощи людям с ограниченными возможностями»



Информатика

Сертификат


Оқушылар жетістігінің соңғы үш жылдағы

салыстырмалы кестесі

2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

Пәндік олимпиадалар

желілік

-

-

4

республикалық

-

1

3

халықаралық - жоқ

Ғылыми жобалар/конференциялар

желілік - жоқ

республикалық

-

-

8

халықаралық

-

-

2

Оқушыларды ғылыми жоба, олимпиада, интеллектуалды конкурстарға дайындау жұмыстары үшін мұғалімдерге сабақтан тыс үйірмелер мен элективті курстар есебінен қосымша сағаттар берілді. Сонымен қатар, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ мұғалімдері де тартылды:



  • Каражигитова Т.А., профессор, педагогика ғылымдарының докторы, «Математикалық анализге кіріспе», 10-сынып оқушыларына арналған элективті курс;

  • Токабасова А.К., биология ғылымдарының кандидаты, «Микробиология», 9, 10-сынып оқушыларына арналған элективті курс;

  • Шабдиров Д.Н., физика-математика ғылымдарының кандидаты, 8,12-сыныптарда математика пәнін оқыту.

Мектепте математика пәнінен олимпиадалық есептерді шешуге арналған қосымша сабақтар жүргізіледі

«Супер оқушы» категориясындағы оқушылармен химия, биология пәндері бойынша жұмыс жүргізуде ЖОО-ның ғалымдарымен ынтымақтастық орнатылуда. Барлығы 31 оқушының химия бойынша-10, биология бойынша-4, физика бойынша-7, математика бойынша-3-і зерттеушілік әрекет жүргізуде. Жаңадан қабылданған 7-сынып оқушылары аталған бағыттарды жалғастыруда.



2015 жылдың 1 қазанынан бастап, оқушылардың мектепішілік «Зияткер» ғылыми қауымдастығы құрылды. Мақсты – оқушылардың зерттеушілік мәдениетін дамыту, жеке тәжірибелік жұмыстарды жүргізу дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру. Негізгі жұмыс 3 бағытта жүргізіледі: жаратылыстану ғылымдары, тіл білімі және этномәдениеттану, өлкетану. Қазіргі таңда 74 оқушы зерттеушілік жобамен айналысуда.
Кесте. Дарынды балалармен жұмыстың

күшті және әлсіз жақтарына талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мәселелер

Материалдық-техникалық қорды ресурстық қамтамасыз ету


Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі жеткіліксіз кәсіби педагогикалық тәжірибе, себебі орташа педагогикалық өтілдері-3 жыл, басым бөлігі ЖОО жаңа бітірген

Олимпиадаға дайындық бойынша тренерлердің жоқтығы


Оқушылар ынтасы/мотивациясы


Тренерлерді дайындаудың жүйелі жұмысының жоқтығы

Пәндер бойынша оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырудың жеткіліксіздігі

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы оқушыларға зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.


Оқушыларды халықаралық, республикалық олимпиада, конкурстарға дайындаудың авторлық бағдарламаларының жоқтығы










  1. ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР

    1. Шетелдік педагогтарды жалдау

2015-2016 оқу жылы басында 12 шетелдік педагог жұмыс істеді: химия, биология, физика, математика, ағылшын тілі, өнер пәндері бойынша және директордың шетелдік орынбасары. Шетелдік педагогтар келесі мемлекеттерден келген: АҚШ (1), Ұлыбритания (4), Канада (2), Жаңа Зеландия (1), Румыния (1), Кения (1), Колумбия Республикасы (1), Оңтүстік-Африка Республикасы (1). Жыл аяғында мектепте жұмыс істейтін шетелдік педагогтардың саны – 5, үшеуі сынақ мерзімінен өтпеді, жұмысшының қалауы бойынша төрт педагогпен келісім шарт үзілді.

Диаграмма. 2015-2016 оқу жылындағы шетел педагогтарының сапалық

және сандық құрамы бойынша инфографика .


Жыл барысында шетелдік педагогтар отандық мұғалімдермен бірлесіп білім берді, IELTS, NUFYP халықаралық емтихандарға, ішкі жиынтық бағалау емтихандарына дайындыққа қатысты, кәсіби даму сессияларында, пәндік және кіріктірілген апталар аясында, Жазғы және Каникулярлық мектеп кезінде, Назарбаев Зияткерлік мектеп тәжірибесін тарату аясында ашық сабақтар берді.

2016-2017 оқу жылында келесі пәндер бойынша 10 шетелдік педагогты жұмысқа алу жоспарланып отыр:



Кесте. 2016-2017 оқу жылына шетелдік педагогтарға деген қажеттілік және 20.06.2016 күні бойынша жабық позициялар бойынша ақпарат

Лауазым

Қажеттілік

Қол қойылған еңбек шарты

Бос орын

Директордың шетелдік орынбасары

1

0

1

Математика мұғалімі

2

2

0

Физика мұғалімі

1

1

0

Химия мұғалімі

2

1

1

Биология мұғалімі

2

2

0

Ағылшын тілі пәні мұғалімі

2

2

0

Барлығы

10

8

2

Шетелдік педагогтарды іздеу Search Associates, TIC Recruitment, TeachAway сияқты жалдау бойынша стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

2015-2016 оқу жылында бос орындарға талаптанатын шетелдік педагогтардың 18 сауалнамасы қарастырылды, соның ішінде 11 кандидат Назарбаев Зияткерлік мектептер жүйесінен, ал 7 - жаңа педагог. Құжаттар мұқият қаралудан өтті, соның ішінде бұрынғы жұмыс орындарынан үш мінездемелік хат, кандидаттың сотталмағандығын растайтын құжат, жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық куәландырылуы. Сонымен қатар, әрбір кандидатпен скайп-тілдесулер жүргізілді. Жаңа шетелдік педагогтар сынақ мерзімінен кейін жұмысқа алынады. Конкурстық іріктеудің алдын-ала қорытындылары бойынша, 2016-2017 оқу жылында 2 мұғалім Атырау қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмысын жалғастырады, 3 - Назарбаев Зияткерлік мектептер жүйесінен ауысқан, 3 - жаңадан келген мұғалімдер.



    1. Үштілді білім беру

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 жарлығы негізінде құралған Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта білім беру жүйесін жаңартуға мүмкіндік туғызатын негізгі жобалардың бірі Назарбаев Зияткерлік мектептер болып табылады. Назарбаев Зияткерлік мектептердің Кіріктірілген білім бағдарламасы оқушының оқытудың нақты мақсаттарына жетуіне, олардың бойында ауқымды спеткрдегі дағдыларды дамытуға бағытталған. Осы дағдылар жиынтығы функционалды сауаттылықты қамтамасыз етеді және шынайы тәжірибеде алған білімдері мен біліктіліктерді қолдана алу қабілеттілігін дамытады.

Осы оқу жылында Мемлекет басшысының тапсырысын жүзеге асыру мақсатында Атырау қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін 2 пилоттық мектепке тарату жүргізілді: Исатай ауданының Тұщықұдық ауылының Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі мен Атырау қ. №17 мектеп-лицейі. Сонымен қатар, Қазақстан мектептерінде үштілді білім беруді дамыту Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жүзеге асатындықтан, Үштілді білім беру саясаты мен оны енгізу нұсқаулығымен және де командалық оқыту мен пәндік-кіріктірілген білім беруді (CLIL) қолдану бойынша нұсқаулығымен сәйкес жүзеге асырылатын үштілді білім берудің тиімді жүйесін одан әрі дамыту қажет болды.

Осы мақсатта 2015 жылдың қыркүйек айында әрбір ӘБ қатысуымен «НЗМ ДББҰ 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы», «Үштілділік саясатымен» сәйкес мұғалімдердің тілдік құзыреттіліктері бойынша стратегиялық индикаторларды зерттеу мақсатында, Атырауда 2017-2018 оқу жылына жоспарланып отырған оқытуды ағылшын тілінде жүргізуге ауысу схемасына сәйкес келешекте бейінді пәндерді ағылшын тілінде оқыта алатын мұғалімдер кадрларын қалыптастыру мақсатында жиналыстар жүргізілді. Сондай-ақ, ағылшын тілінде сабақ бере алатын 8 мұғалімдер қатарына: Қабдулов С. (физика), Рахым Т. (химия), Азирбаев К. және Арстамбаев А. (информатика), Дильмагамбетов А. және Сұлтанғалиев Р. (математика), Санжанов А. (экономика), Аманиязова А. (ГППР) және жұмыс барысында химия мұғалімдері Жанболатова Г. және Қосанов Р., физика мұғалімдері Хасанов О. және Сұлтанов М., биология мұғалімі Кимбаева Ш. қосылды. Олар үшін ағылшын тілі мұғалімдерімен жеке сабақтармен қатар, Кембридж Университетінің ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен ағылшын тілін қашықтықтан оқыту курсы ұйымдастырылды. Олар 2016 жылдың қыркүйегінде жоспарланған IELTS халықаралық емтиханын тапсырады.

Үштілді білім беруді жүзеге асырудың маңызды жақтарының бірі пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды еңгізу (CLIL) болып табылады. Белгілі болғандай, CLIL-технологияларын дұрыс қолдану кезінде үш аса маңызды бағыттар бойынша тұрақты білімдер қалыптасады:



  • Пән бойынша терең білімдер, АКТ қолдану дағдылары және пәнаралық білімдер;

  • Төзімділікті білу мен қалыптастыру (мәдениаралық кеңістікте тіршілік әрекеті дағдыларын қалыптастыру);

  • Метабілімдер (креативтілік, проблемаларды шешу, сыни ойлау)

CLIL жүзеге асырудағы басымдылықтарын анықтау мақсатымен оқу үдерісі аясында тілдік пәндер, география және дүниежүзі тарихы мұғалімдері қатарынан жұмыс тобы құрастырылды. Сабақта үштілділікті жүзеге асыру бойынша бақылаулар картасы құрастырылып cep.forum.nis.edu.kz онлайн-ресурсына салынды. Пәндік-тілдік пәндерде CLIL әдістерін қолданумен байланысты үштілділікті жүзеге асырудың күрделі қырларын анықтау мақсатымен жұмыс тобы бақылау қартасын пайдаланып оқыту үдерісін жақсарту мақсатында сындарлы кері байланыс бере алатындай пәндік мұғалімдердің сабақтарына қатысуды ұйымдастырды. Жұмыс тобымен жүргізілген зерттеу бейінді пәндер сабақтарында үштілділікті пайдаланумен байланысты екі саланы дамыту қажеттігін анықтады:

  • Тілдік және бейінді пәндер мұғалімдер арасында пәнаралық бірігу деңгейі;

  • Жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру құзыреттілігі деңгейі.

Жұмысшы топ мүшелері де осы екі күрделі аспектінің бір-біріне байланысты екендігін атап көрсетті, бірінші кезекте пәндік-тілдік кіріктірілген білімнің әдістері мен технологияларын жеткіліксіз түрде түсінумен байланысты екендігін атады, себебі мамандығы бойынша керекті оқу кешендерінің қажетті оқыту тіліндегі жоқтығы, яғни олар тек қана ағылшын тілінде жазылған. Бұл CLIL жүзеге асыратын педагогтар үшін біліктілікті арттырудың кәсіби әдістемелік курстарының қажеттілігін талап етеді. 2016 жылдың маусым айының аяғында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру саясаты мен бағдарламалары департаменті осындай курстар үшін бейінді пәндер мұғалімдері арасынан тренерлер дайындау курсын жоспарлауда. Сабақтарында CLIL технологияларын жүзеге асыратын мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету үшін 2015 жылдың қазан айында авторлары Лиз Дэйл, Вибо ваи дер Эса, Рози Таннер болып табылатын «CLIL SKILLS» оқу құралы қазақ және орыс тіліне аударылды, бұл – CLIL пайдалану бойынша толық иллюстрацияланған оқу құралы. Осы оқу құралының аудармасы cep.forum.nis.edu.kz онлайн-ресурсына салынды.

Бейінді пәндерді оқытуда халықаралық тәжірибелерді енгізу, әлемдік педагогиканың үздік тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан және халықаралық білім бағдарламаларының бірлесуі мақсатымен Зияткерлік мектептерге шетелдік мұғалімдерді тарту ұйымдастырылды. Олардың жұмысын сараптау мақсатымен Атырау қ. ХББ НЗМ-де «Шетелдік мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесі» тақырыбында зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде 2015-2016 оқу жылы қорытындысы бойынша келесі жағдайлар анықталды:



  • Team-teaching-те жұмыс жасау Атырау қ. ХББ НЗМ мұғалімдерінің Кіріктірілген білім бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін түсінуі мен пайымдауын өзгертіп жеңілдетті.

  • Тәжірибе алмасу мен әлемдік білім тәжірибелерін енгізу аясында мұғалімдер оқытудың әртүрлі белсенді формаларын тиімді қолдануын, сабақта рефлексия жасап, сабақтың әртүрлі кезеңдерін L3-те жүргізуді үйренді.

  • Жүргізілген зерттеу қорытындылары бойынша, шетелдік мұғаліммен командалық оқытудағы жұмыстың басты және анық артықшылығы үздік әдістемелік дағдылар мен тәжірибемен алмасу болып табылады.

  • Күтіліп отырғандай, тиімді қомандалық оқытуды ұйымдастырудағы басты қиыншылық мұғалімдердің тілдік құзыреттілігінің жетіспеушілігі болып табылады. Дегенмен, өзінің шетелдік әріптесімен тіл табыса алған мұғалімдер ағылшын тілінде сабақ беру үрейінің азаюын, лексикалық және терминологиялық қорының артуын және, айтарлықтай, сабақтар үшін ресурстарды L3-те іздеу мүмкіншілігінің пайда болуын атап көрсетеді.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері 2020 жылға дейінгі НЗМ ДББҰ-ның даму стратегиясымен сәйкес мектепті бейінді пәндерді ағылшын тілінде оқытуға ауыстыру жоспарын құрастыру кезінде пайдаланылды.

2020 жылға дейінгі ДББҰ-ның даму стратегиясымен сәйкес 2017-2018 оқу жылы ағылшын тілінде білім беруге ауысуға байланысты мұғалімдер мен оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және 2016 жылдың сәуір айында болған сараптау комиссиясының алдын ала сапарынан кейінгі берілген СIS ұсыныстарына сәйкес ауысу жоспары құрастырылды. Осы жоспарды 2016-2017 оқу жылына жасалған мектептің Жалпы даму жоспарына қосу жоспарланып отыр.

2015 жылдан бастап «Green Clean» экологиялық клубы жұмысын бастады, үйлестірушісі – экология мұғалімі Утешкалиев А. Құрамында 7-10 сыныптардың 50 оқушысы бар. Қазіргі кезде клубта шаралар казақ және орыс тілінде жүргізіліп жатыр. Болашақта келер оқу жылында бейінді пәндердің шетелдік мұғалімдерінің қатысуымен ағылшын тілінде өтетін шаралар жоспарлануда.

«Клуб Wikipedia» жобасы жұмысы жалғасуда. Осы оқу жылынан бастап Атырау қ. ХББ НЗМ-нің 27 оқушысы әртүрлі тақырыптағы 164 мақала жазды.

Айта кететін жағдай, өткен жылмен салыстырғанда, оқушылармен таңдап алынған тақырыптар мектептің бейінді бағытына сәйкес келеді: 82 жұмыс ғылыми тақырыпта жазылған.


    1. Ынтымақтастықты дамыту

Мектептің Қазақстан және шетелдік білім беру мекемелерімен ынтымақтастығын дамыту келесі бағыттар бойынша құрылды:

  • Пелагогикалық және ғылыми зерттеулер

Облыс ЖОО-рымен ықтымақтастық жалғастырылды: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті мен Атырау Мұнай және Газ институтының ғалымдары зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік жүргізеді.

Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-нің профессоры Т. А. Қаражігітовамен бірлесіп Атырау қ. ХББ НЗМ-нің директоры «Жүйелі іс-әрекеттік тәсіл: теория және тәжірибе» тақырыбымен әдістемелік нұсқаулық дайындады; мектеп мұғалімдері 3 ғылыми мақала жазды. Қазіргі кезде бейінді пәндер бойынша 3 ғылыми-зерттеушілік жоба іске асырылып жатыр.



  • Мұғалімдердің педагогикалық құзыреттілігін дамыту

2016 жылдың 4 наурызында математика мұғалімдері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті базасында өткен «ЖОО – мектеп серіктестігі арқылы математикалық білім беру сапасын жоғарылату» тақырыбындағы семинар – жиынына қатысты, өз баяндамаларын оқыды. Семинардың мақсаты: ҚР білім беру жүйесімен қойылған негізгі стратегиялық міндеттердің мәнмәтінінде білім берудің негізгі проблемаларын анықтау болды.

STEM оқыту бағыты аясында мектеп педагогтарын оқыту бойынша Ақпараттық технологиялардың Халықаралық университетімен келісімшартқа қол қойылды, бұдан басқа осы ЖОО-мен 8-10 сыныптардың оқушыларын «Информатика» және «Робототехника» курстар аясында оқыту жүргізіліп жатыр.



  • Оқушылардың академиялық және функционалды сауаттылығын дамыту

Оқыту үшін серіктестік мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында «Атамекен» Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасымен серіктестік туралы меморандум жасалды. Өзара серіктестік салалары:

  • "Туған елге тағзым" зерттеушілік өлкетану экспедициясы және оқушыларды кәсіби бағдарлау аясында Атырау қаласының кәсіпорындары мен мекемелеріне экскурсиялар ұйымдастыру;

  • Атырау қ. бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;

  • Тақырыптық тренингтер мен шеберлік сабақтарын жүргізу;

  • Мектептің білім беру қызметін насихаттауға бағытталған шаралар өткізу;

  • Білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды дайындау мен жүргізу.

Мектептің халықаралық байланыстары кеңейтілген. Оқу жылы басында QSI Халықаралық мектебінің директоры Jeff McGuire және оқу ісі жөніндегі директор орынбасары John Shirley сапармен келді. Сапар барысында болашақ серіктестік мәселелері қарастырылды. Екі мектептің оқушылар кеңестерінің кездесуі ұйымдастырылды, кездесу барысында жаһандық азаматтық және әлем азаматтары ретінде олардың даму мәселелері талқыланды.

Шеврон корпорациясының «Заңғар» жобасының мақсаты Атырау облысының жастарында өмірлік дағдыларды дамыту, және де STEM-білім беру (STEM - Science, Technology, Engineering, and Mathematics) деп аталатындай жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия мен математика саласындағы білімдерді дамыту болып табылады. Халықаралық жастар қорымен (ХЖҚ) және «Teaching Institute for Excellence in STEM» (TIES) мекемесімен серіктестікте жүзеге асырылатын бұл бастама оқыту үшін бірегей алаңмен, кәсіби дағдыларды дамыту үшін мүмкіншіліктермен қамтамасыз ете отырып, интерактивті оқыту, практикалық тәжірибе алу мен қоғамдастыққа қатыстыруды біріктіреді.

«Табысқа жету төлқұжаты» (ТЖТ) Халықаралық жастар қорының жобасы Атырау қ. НЗМ-де 2016 жылдың ақпан айында басталды. Мектеп жатақханасында тұратын 25 оқушы жобаға қатысты. ТЖТ жстардың бойына мектепте жетістікке апаратын, ал мектеп бітірген соң жұмыс берушінің үміттеріне сәйкес бола алатын дағдыларды сіңіреді. Бағдарлама негізінде соңғы онжылдықтың ішінде Халықаралық жастар қорымен дайындалып және жетілдіріліп келген жан-жақты қамтитын оқу бағдарламасы жатыр. Жастар өздерімен тең, яғни құрдастарының қатысуымен, алынған дағдыларды іс жүзінде қолданғанда, өзіне-өзі рефлексия жасағанда оқытудан көп пайда алатындығын зерттеулер делелдейді. ТЖТ оқу жобасы әртүрлі эмпирикалық педагогикалық тәсілдерді тек оқытудың тиімділігін жоғарылату үшін емес, жобаға қатысатын тренерлердің оқыту стилін жетілдіру үшін де пайдаланады. Мұғалім айналасында құралатын лекциялардың орнына, ТЖТ әрбір сабағы әр қатысушының өзіндік белсенді рөлі бар интерактивті лаборатория түрінде өтеді.

Бағдарламаға қатыса отырып, қатысушылар 10 негізгі салада дағдылар игереді, бұл дағдылар, эксперттердің бірауызды пікірі бойынша, өмірлік дағдылар бағдарламаларына міндетті түрде кірістірілілуі қажет:

* Өзіне сенушілікті дамыту * Жұмысқа дайындық

* Мансапты жоспарлау * Сыйластық

* Жауапкершілік * Жұмыс орнына дайындық

* Жанжал жағдайларын шешу * Жобаларды жоспарлау

* Командадағы ынтымақтастық пен жұмыс * Ашуды басқару

Барлық қатысушылар белсене қатысып, толық курстан өтіп, халықаралық үлгідегі қатысу туралы сертификаттарға ие болды. НЗМ үш мұғалімі конкурстық іріктеуден өтіп, «Жетістік көрсеткіш паспорты» тренерлері үшін оқудан өтеді.



STEM оқыту институтымен бірлесіп (Teaching Institute for Excellence in STEM) Capstone жобасы туралы семинар жүргізілді. Оған Атырау қ, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Атырау қ. жалпы білім беретін мектептерінің химия, биология, физика, математика пәндерінің 61 мұғалімі қатысты. Семинарды STEM департаментінің директоры Стив Крак (Steve Krak) жүргізді.



    1. Халықаралық емтихан, зерттеулер нәтижесі (IELTS, PISA)

IELTS - халықаралық емтихан

2015 жылдың 14 қарашасында 12-сыныптардың 182 оқушысы IELTS халықаралық емтиханын тапсырды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап қазақстандық және шетелдік педагогтары оқушыларды дайындады.



Диаграмма. Балл көрсеткіштері бойынша IELTS-2015 нәтижелері

2014 жылмен салыстырғанда 7 және 6,5 балл алған оқушылар саны көбейді. 3 және 3,5 балл алған оқушылар болмады. Оқушылардың көпшілігі 5,5 балл алғандықтан, мектеп бойынша орташа балл 5,15-тен 5,3-ке дейін болмашы өсті.


Диаграмма. IELTS 2014 және 2015 нәтижелерінің салыстырмалы кестесі

Оқыту тілі бойынша бөлімдер қимасындағы орташа балл


Оқыту тілі

Тыңдалым

Оқу

Жазу

Сөйлеу

Жалпы

Қазақ тілі

5,1

5,2

4,9

5,2

5,2

Орыс тілі

5,4

5,6

5,1

5,5

5,5

12-сынып оқушыларының аса әлсіз жақтары қазақ және орыс тіліндегі сыныптарда жазу қабілеті, ал қазақ тіліндегі сыныптарда тыңдалым қабілеті болып табылады.

2016-2017 оқу жылында IELTS емтиханы тапсырылмайды, бірақ 11-сынып оқушыларының дайындығы ұйымдастырылады.




4.5. Мектепті халықаралық акредиттеуге дайындау

CIS (Халықаралық мектептер кеңесі) халықаралық акредиттеу кезеңдерінен өту үдерісі мектепте 2015 жылдың сәуір айында басталды. Оқу жылы басталмас бұрын, мүшелікке өткізу сапары аясында CIS-ке зерттеу үшін мектеп жұмысы бойынша есеп жасақталып жіберілді. Эксперт Грэм Рейнджер (Graham Ranger) сапары 2015 жылдың 15-16 қазан аралығында өтті. Мектеппен таныстыру кампусы, педагогикалық ұжыммен, мектеп әкімшілігімен, оқушылармен, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Эксперт сабақтарға қатысты, мұғалімдердің шығармашылық зертханаларына, мектеп жаңындағы жатақханаға кіріп шықты. Мектеп қызметкерлері үшін презентация жүргізілді. Сапардың қорытындысы бойынша есеп жіберілді. Есепте келесі мықты жақтар көрсетілді:



  • ДББҰ миссиясы мен пайымдауы мектептің басшылыққа алынатын ережелеріне икемделген;

  • Халықаралық білім беру мен мәдениетаралық түсінікті дамытуға бейілділік (приверженность);

  • Оқушылардың жеке қабілеттіліктерін қолдайтын тиімді қомандалық оқыту;

  • Кіріктірілген білім бағдарламасын енгізу мен пәнаралық байланыс;

  • Директордың басшылығы және бастамасымен көшбасшы дағдыларын дамытуды қоса алғанда, кәсіби дамуға назар аудару;

  • Оқушылардың көшбасшы дағдыларын дамыту мүмкіншілігі;

  • Жатақхана қызметінің сапасы;

  • Кураторлық және психологиялық қызметтері, шаңырақ жүйесі арқылы көрсетілетін қолдаудың және оқушылардың амандығының сапасы.

Дамытуды қажет ететін тұстары анықталды:

  • Жаһандық азаматтылықты (гражданственность) дамыту;

  • Дифференциация сапасын жоғарылату;

  • Оқыту орталығы және шығармашылық қөзі ретінде кітапхана рөлін дамыту;

  • Жоғары мектепте пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау көрсету;

  • Жергілікті ұйымдармен, бизнеспен, кәсіпорындармен байланысты орнату мақсатында Қамқоршылық кеңесінің ролін дамыту;

  • Оқыту мен білім беру сапасына кәсіби дамудың әсерін бағалау;

  • ДББҰ қолдауымен «локдаун» қызметін дайындау.

Күні бұрын сапарға дайындалу мақсатымен педагогикалық ұжымнан және көмекші персоналдан жұмыс топтары құрылды, стандарттар бойынша көшбасшылар тағайындалды.

2016 жылдың 12-15 сәуірінде CIS эксперті Грэм Рейнджер (Graham Ranger) және Штутгарт Халықаралық мектебінің бастауыш мектебі директорының орынбасары Пол Моррис (Paul Morris) (Германия) сапар аясында мектепке келді. Стандарттар бойынша дәлел қорының презентациялары ұйымдастырылып, жұмыс топтарымен, ӘБ жетекшілерімен, педагогтармен, кураторлық қызметпен, Қамқоршылық кеңесінің өкілдерімен, оқушылармен, ата-аналармен кездесулер жүргізілді.



Сапар қорытындылары бойынша келесі мықты жақтар анықталды:

  • НЗМ ДББҰ миссиясын және құндылықтарын мектептің басшылыққа алатын ережелеріне және мектеп қоғамдастығының қажеттіліктеріне бейімдеуі;

  • ДББҰ мен мектеп арасындағы позитивті өзара әрекет;

  • Оқушылардың жаһандық азаматтылығын дамытумен бірге үйлестікте отансүйгіштікті дамытуға бейілділік (приверженность);

  • Оқыту сапасы: белсенді оқыту, сын тұрғысынан ойлау, технологияларды қолдану, коллаборативті ортаны құру;

  • Мұғалімдердің терең пәндік білімдері және оқыту әдістемесін жақсартуға ұмтылуы;

  • Мектепті басқаруда мектеп директоры мен әкімшілік командасының көшбасшылық рөлі, директор басшылығымен бөлінген көшбасшылықты жүзеге асыруы;

  • Мектептің Қамқоршылық кеңесінің жұмысы, серіктестік үшін оқыту үшін Атырау қ. білім беру ұйымдарымен және бизнеспен өзара әрекеттесуді дамытудың әлеуетті мүмкіндіктері;

  • Педагогикалық ұжымның мектеп ішінде кәсіби дамуға, өсуге және оқуға бейілділігі;

  • Кураторлық қызметтің, педагогтардың, психологтардың медициналық қызметкерлердің, диетбикенің оқушыларға көрсететін жан-жақты қолдауы мен дара тіл табуы;

  • «Шаңырақ» жүйесі және осы структура мен кураторлық қызметтің оқушыларға көрсеткен қолдауы;

  • Оқу үшін мүмкіндіктерді пайдалануға оқушылардың ынтасы мен мотивациясы;

  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру сапасы;

  • Мектеп жаңындағы жатақхана жұмысын ұйымдастыру сапасы;

  • Оқушыларды оқытуға қолдау көрсету үшін АКТ технологиялары;

  • Операциялық жүйелер мен қаржыны басқару;

  • Ғимараттың, жабдықтардың сапасы, мектеп аумағының тиісті күтімі, олардың оқушылар үшін қолжетімділігі.

Әрбір стандарт бойынша дамытуды қажет ететін салалар анықталды, оларды жетілдіру жұмыстары 2016-2017 оқу жылында жүргізіледі. 2015-2016 оқу жылы аяғында басқару комитетінің құрамы, стандарттар бойынша жұмыс топтары құрылды, мектептің даму жоспары мен көрсетілген әлсіз жақтарын және дамыту басымдықтарын ескеріп іс-әрекет жоспары жасақталды.


  1. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

2015-2016 оқу жылында мектептің тәрбие жұмысы «2015-2016 оқу жылына арналған іс-әрекет жоспарымен» сәйкес тәрбие жұмысының 7 бағыты бойынша жүргізілді:

    1. Азаматтық-отансүйгіштік тәрбие

1 қыркүйек – Білім күні Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республика Конституциясының 20 жылдығына арналды. Би үйірмесі мен «Актерлік шеберлік» драма үйірмесінің жетекшілерінің басқаруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына және Негізгі заң – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында оқушылар мектепте мюзикл дайындады.

Өкінішке орай, осы шара өткізу кезінде келесі кемшіліктер кездесті: оқушылар дайындығының төмен дәрежесі, өйткені кураторлар жазғы демалыстағы оқушыларды дер кезінде шақырып келтіре алмады. Жүргізушілер мәнерлеп оқу техникасын жетілдіруі қажет.

17 қыркүйекте 7-сынып оқушыларын Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылар қатарына салтанатты түрде Қабылдау өтті. 7-сынып оқушылары мұғалімдер, ата-аналар және сыныптастар алдында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мектептің лайықты оқушылары болатынына салтанатты түрде ант етті. Дәстүр бойынша 12-сынып оқушылары 7-сынып оқушыларына арнайы белгіні – НЗМ символын тапсырды.

Өлкетану жобасының аясында «Исатай», «Қайрат» Шаңырақтарының оқушылары «Сарайшық» мұражайында болып қайтты, көне қалашық жайында өз білімдерін толықтырды.

11 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай  интернационалист-жауынгерлермен кездесу өтті. Шараның мақсаты: Атырау облысында тұратын ауған соғысының ардагерлерімен танысу, қазақстандық отансүйгіштік сезімін дамытуға ықпал ету.

Оқушылар сол жылдар оқиғаларынан сахналық көрініс қойды, «Жас Сарбаз» мектеп патриоттық клубының мүшелері өзін-өзі қорғаудың тәсілдерін көрсетті.

Бірақ оқушыларда ардагерлермен әңгімелесіп, көкейінде жүрген сұрақтарды қоюға мүмкіншілік болмады. Алдағы уақытта осындай кездесулерді дөңгелек үстел ретінде де өткізуді ұсынамыз.

30 сәуірде 8,9-сынып оқушыларының қатысуымен Жайық өзені жағалауын қоқыстан тазалау мақсатында экологиялық десант құрылды. Мақсат: өз туған өлкесіне патриоттық сезімдерді дамыту. Оқушылар «Туған өлке тазалығын сақтайық», «Жас ұрпақ – табиғат қорғаушылары» ұрандарымен жағалауды аралап, қоқыстан тазалап, қала тұрғындарын жағалауды және қаланы тазалықта ұстауға шақырды. Біздің мектептен кейін №17 мектеп және қазақ – түрік лицейі дәстүрді жалғастырды.

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында мектеп дәстүрі бойынша «Жеңіс Жұлдызы» науқаны жүргізілді. Бұл науқандардың бірі «Кестелі орамал» болды. Осы науқан аясында 25 сәуірден бастап 6 мамырға дейін оқушылар «Ұлы Жеңіс жасасын» жазуымен 200 орамал тікті. Оқушылар 9 мамыр күні кестелі орамалдарын соғыс батырларына жазған хаттарымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл қызметкерлеріне таратты. «Кестелі орамал» науқанына «Әжелер клубының» мүшелерімен бірге мұғалімдер де қатысты.

Жеңіс күні құрметіне парламент белсенділері «Тамаша» және «Атырау» сауда орталықтарында қала тұрғындарының алдында Ұлы Жеңістің мәнін, маңыздылығын және мәңгілігін сезіндіру мақсатымен соғыс жылдары өлеңдері мен билерін орындады.

6 мамырда Жеңіс Күніне арналған салтанатты жиын өтті. Әрбір сыныпта Шаңырақ сағаттары жүргізілді, мұнда оқушылар батырлар ерлігін тағы бір мәрте еске түсіріп, үнсіздік минутасымен құрмет көрсетті. Шара соңында оқушылар соғыс жылдары өлеңдерін орындады.


    1. Рухани-адамгершілік тәрбие

Аптаның әрбір сейсенбісі – мектеп құндылықтары күні. Мектеп құндылықтарын дамыту мақсатымен психологтар және кураторлар әртүрлі тәрбиелік шаралар өткізді. Өкінішке орай, бұл құндылықтарды насихаттаумен тек тәрбие бөлімі айналысады, болашақта мұғалімдер ұжымы да қатысқаны жөн.

Қаңтар айында жоғары сынып оқушылары психологтар мен қосымша білім беру педагогтарының басқаруымен «Бұл достық па немесе махаббат па?» шарасын ұйымдастырды. Ток-шоу форматында өтіп, оқушыларда адамгершілікті, алғашқы сезімдерді, бір-біріне, достыққа жауапкершіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Осы мәселе бойынша балалар өз пікірлерін қорғай алды, достық пен махаббаттың әр жақтарын көрсететін көріністерді ойнап көрсетті. Қорытынды ретінде ашық дауыс беру жүргізілді. Ол оқушылардың адамгершілігі мол екенін, жынысына, адамның әлеуметтік жағдайына қарамастан шын достықтың, шынайы сезім – маххаббаттың бар болуына сенетіндерін дәлелдеді.

Бұл тақырыпқа қызығушылықты төменгі сынып оқушылары да танытты, бірақ шара 10 және 12-сынып оқушылары үшін арналған болатын. Мұндай пікірталастарды 8-9 сынып оқушыларымен де жүргізген жөн.

Оқушыларда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мен насихаттау мақсатында 9-10 сыныптар оқушыларының қатысуымен «Болашақ жемқорлыққа қарсы» шарасы жүргізілді. Балалар экономикалық қылмыс пен жемқорлық зардаптарын сахналық қойылымдар мен бейнероликтерде көрсетті.

Акт залында онкологиялық аурумен ауыратын Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Мұрзағазиев Темірланға көмек көрсету мақсатымен оқушыларға фильм көрсетілді. Жиналған қаражат арнайы шотқа аударылды.


    1. Зияткерлікті дамыту

16 шаңырақ оқушылары «Туған елге тағзым», «Екі апта ауылда», «10 күн өндірісте», «Баланы жұмысқа жетеле» әлеуметтік жобалар аясында жазғы демалыс кезінде алған әсерлерімен бөлісіп, өз жобаларын қорғады. Осыған қарамастан, бұл бағытта да кемшіліктер болды, яғни кейбір оқушылардың эсселері мен есептері талаптарға сәйкес болмады. Осындай тәжірибелер кезінде оқушылар үшін аймақтағы жетістіктер мен проблемаларды көрсететін ғылыми жобаны таңдауға қолайлы мүмкіндік беріледі.

Қыркүйек айында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралардың қорытындыларын шығару кезінде 8-10 сыныптар оқушылары арасында зияткерлік сайыс өтті. Бұл сайыс Қазақстан тарихы туралы оқушылардың терең білімдерін көрсетті. Осындай шараларды жиі-жиі өткізу керектігі жайында ұсыныс берілді.

«Нұр-Отан» партиясының қалалық филиалының қолдауымен мектеп Парламентінің мәжіліс депутаты Алдан Смайылмен және халықаралық істер, қорғау мен қауіпсіздік бойынша комитет мүшесі Еркін Мәжітұлымен «Халық тағдыры, әлеуметтік жағдай, отбасы тәрбиесі, ауыл жастары мен жұмыссыздық мәселесі туралы» тақырыбында кездесу өтті. Оқушылар мемлекет болашағы, жастар арасында жұмыссыздық және оның көбеюін болдырмау жайында өз пікірлерімен алмасты.

Әрбір тоқсан алдында оқушылар өз портфолиоларын Шаңырақ алдында қорғады. Мақсаты: өз жетістіктері мен кемшліктерін талдау, келесі тоқсанға және жаңа оқу жылына мақсаттар қою біліктіліктері.



    1. Алуан мәдениетті дамыту

Жазғы демалыс кезінде біздің балалар шетелде өткен элективті курстарға қатысты. Бірінші тоқсан бойы бұл оқушылар мектеп оқушылары алдында өз білімдерімен бөлісіп, есеп берді. Кубашева А. 12 "G", Абатов А. 12 "С", К. Жалғаспаев 9 "А" Аймұханов А. 9 "А", Утеулиева Л. 9 "С", Сущенко А. 9 "С", М. Мулюкова 9 "D" оқушылары АҚШ-та, А.Бектлеуов 9"А" Нидерланды мемлекетінде өткен курстарға қатысты, Бекетова А. 9 "D", Tореғалиева А. 10 "D", Мұханғалиева А. 10 "С", Ж. Исатаев 10 "Е», Ихсанова А. 10 "Е", Тайынбасова Н. 10 "А» Малайзияның білім беру жүйесімен танысты.

Осы жылы алғашқы рет 1 наурыз күні Қазақстан аумағында тұратын ұлыстардың «Ризашылық күні» мерекесі ресми тойланды. Осыған байланысты кураторлар мәдениетаралық қатынасу, төзімділік пен жаһандық ойлау дағдыларын дамыту мақсатымен Шаңырақ сағаттарын өткізді. 16 Шаңырақ Атырау облысында мекендейтін 16 ұлтты таныстырды, олардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен тұрақтану тарихын, тұрмысы мен дәстүрлерін зерттеді. Оқушылардың және ересектердің де көпшілігі бұл мерекені қате түсініп, Батыста тойланатын «Алғыс білдіру күнімен» шатастырды. Сондықтан бұл күнді тойлау кезінде Атырау облысының Қазақстан халық Ассамблеясының мүшелерін шақырған жөн.

1 мамыр Бірлік күні 7-сынып оқушылары арасында асфальттағы суреттер сайысы жүргізілді. Өз суреттерінде оқушылар бейбітшілікті, достықты және бақытты балалық шағын көрсете алды.


    1. Тәні мен психикалық саулығының дамуы

Қыркүйек айында Атырау қ. колледждері мен мектептерінің арасында өткен «Дені сау Қазақстан» қалалық фестивалінде біздің мектептің «Керемет» би тобы бірінші орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептер» жүйесінде Қызылорда қаласында шахматтан турнир өтті, мектебіміздің 8»А» сынып оқушысы Ғабитова Диляра бірінші орын жеңіп алды.

Тек қана бір оқушымыздың алған бірінші орны бізді қуантып қоймауы тиіс, өйткені 654 оқушының арасында шахматтан ашылмаған таланттар көп.

7 «Н» сыныбының жаңадан келген оқушыларының мектеп ортасына сәтті бейімделуі мақсатында психологтар бейімделу тренингтерінің бір қатарын жүргізді.

КХЕК тапсыруға дайындық кезінде психологиялық қызметкерлер жоғары сыныптар оқушылары үшін арнайы шаралар өткізді. Мақсаты: емтихандарды табысты тапсыруға оң қөзқарас қалыптастыру; әртүрлі қиыншылықтарды болдырмау, жұмсарту немесе жеңу, оқушылардың психикалық және психологиялық саулығын және де олардың білімге қызығушылықтарын қолдау, өмірлік құндылықтарын анықтау.

2016 жылдың 20 ақпанында QSI Халықаралық мектебінде біздің мектеп оқушылары баскетболдан жолдастық ойынға қатысты. Бұл кездесу спорттың тілі бір екенін көрсетті. Спорт биік нәтижелерге, жеңіске және жаңа спорттық рекордтарға жетуге бағытталған, белсенді, дені сау болуға бірыңғай ұмтылуда біріктіреді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қыздар мен ұлдар арасында футболдан, волейболдан, баскетболдан спартакиадалар жүргізілді. Келешекте сайыстардың кестесін оқу бөлімімен келістіру қажет.

25-30 сәуір аралығында мектепте Денсаулық аптасы өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттау. Апта барысында оқушылар мен мұғалімдер күн сайын артериялық қысымды, дене салмағын өлшеп, викторина сұрақтарына жауап берді. Оқушылар алғашқы жедел жәрдем көмегін іс-жүзінде көрсетуге мүмкіншілік алды. Апта соңында медициналық ЖОО-на түсуге үміттенетін оқушылармен, олардың ата-аналарымен кездесу өтті. Ата-аналар көкейде жүрген сұрақтарға жауап беріп, осы мамандықтың мәніне және медицина қызметкерлерінің еңбегіне ерекше көңіл аударды. Кездесу нәтижесінде оқушылардың осы мамандыққа қызығушылығы артты.

Төртінші тоқсанда спорттық шаралардың бір қатары өтті. Дарынды балалар мектебі, №31жалпы білім беретін мектеп, Х. Досмухамедов атындағы мектеп пен біздің мектеп оқушылары арасында волейболдан және баскетболдан спартакиада ұйымдастырылды. Спорттың екі түрі бойынша біздің балалар бірінші орынға ие болды.

Біздің мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасындағы футболдан өткен жарыс қызықты өтті, оқушылар жеңіске жетті.

Ұлы жеңіс қарсаңында волейболдан спорттық турнир өтті. Оған Махамбет және Құрманғазы аудандарының орта мектептері, волейбол академиясы, Жамбыл атындағы орта мектеп және спорт мектебінің оқушылары қатысты. Біздің мектептің ұлдар командасы 2-орын, ал қыздар командасы 3-орынға ие болды.

«Қызыл ай» қоғамының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, балалар іс-жүзінде алғашқы медициналық көмекті көрсету бойынша білім алып, дағдыланды.


    1. Көшбасшылық қасиетті дамыту

Оқу жылы басында «Мұғалім күніне» орай біздің мектеп парламенті дублер күнін ұйымдастырып, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсете алды. Мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, кураторлар міндеттерін керемет атқарды. Барлық оқушылар өз міндеттеріне толық жауапкершілікпен қарады.

10 қазанда мектеп парламенті «Мектеп президентінің» кезекті сайлауын ұйымдастырды. Сайлау қорындысы бойынша мектеп Президенті болып 9 «А» сынып оқышысы Жалғасбаев Қуаныш сайланды. Мектеп парламенті құрамына әр сыныптан бір оқушы кіреді. Мектеп парламентінде 32 оқушы бар: мектеп Президенті, екі Премьер-министр, 29 министр.

26-28 ақпан арасында Galaxy International School мектеп базасында алғашқы рет National Debate Champion пікірталас (дебаты) өтті. Пікірталасқа НЗМ, ҚТЛ, халақаралық мектептер сияқты үздік мектептердің оқушылары қатысты. Біздің мектепті мектеп Президенті Жалғасбаев Қуаныш пен белсенділер Серікқызы Айнұр және Өтепқалиева Айымгүл таныстырды. Пікірталас ағылшын тілінде өтті және біздің оқушылар ағылшын тілінде еркін пікірталас жүргізу қабілеттіліктерімен ерекшеленді. Турнир соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Шаңырақтар арасында КВН өтті. Мұғалімдер қатысқандықтан, КВН ерекше болды. Оқушылар өз мұғалімдерімен қатар сахнада әзіл айтты, ойнады, өзін еркін ұстады. Алайда, барлық Шаңырақтар қатыса алмады, өйткені әзілдер орынды, тапқыр және өзекті болуы тиіс. Сондықтан, кураторы Аймағамбетова Г. Ж. «Самұрық» және кураторы Төлешова А.Б. «Махамбет» Шаңырақтары байқауға жіберілмеді. КВН-ге дайындық кезінде оқушылардың назарын креативке, сонылыққа және әзіл-сықаққа аудару қажет.

Жайдарман финалдық ойнына 9 «А» сыныбы, кураторы Исатаев Б. А., 9 «В» сыныбы, кураторы Ибраимова С. Б., 9 «Д» сыныбы, кураторы Рахметуллина Н. С., 10 «А» сыныбы, кураторы Бердиева Р. К. және . 8 «Д» сыныбы, кураторы Тулебаев А. С өтті. Оқушылармен қатар мұғалімдер де қатысты. Ойын қорытындысы бойынша «Тобыл» Шаңырағы жеңімпаз атанды.


    1. Көркем-эстететикалық даму

Ақпан айында «НЗМ – фактор» сайысы өтті. Оған 7-10 сыныптардың оқушылары қатысты. Барлығы 28 қатысушының ішінде екінші айналымға 14 қатысушы, ал финалға 9 қатысушы өтті. Сайыс жүлдегері 7 «А» сынып оқушысы Қоспанов Әлішер болды. Сайыс арқылы 7-сыныптар арасында талантты балалар анықталды: Жүсіпәлі Анель, Ким Виктория, Тәжіғалиева Алия. Өкінішке орай, жоғары сынып оқушылары сайысқа қатыспады.

12-сынып оқушылары Отеген Рахман, Маратова Аделия, Темір Нұрдәуіт, Кенжалина Камилла ДЦП ауруына шалдыққан балаларға қолдау көрсету мақсатымен Атырау қаласында өткен қысқы қайрымдылық балына қатысты. Мектебіміздің оқушылары Темір Нұрдәуіт пен Кенжалина Камилланың би жұбы «Көрермендер көзайымы-2016» номинациясында жеңіске жетті.

Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне оқушылардың аналары мен әжелері шақырылды. Мақсаты: оқушыларды зайырлы үрдістерге сай тәрбиелеу, аға ұрпақты, ата-аналарды құрметтеу, ұрпақ мирасқорлығы арқылы ұлттық және отбасылық дәстүрлерді ұстану. Кездесу нәтижесінде « Әжелер клубы» құрылды, жетекшісі болып 9 «Д» сынып оқушысы Қуанышева Динараның әжесі Дәулешова Жания Сабырқызы сайланды. Қонақтарға, педагогтар мен оқушыларға «Қыз Жібек» спектакілінің тұсаукесері өткізілді. Қоюшы–режиссер – қосымша білім беру мұғалімі, «Актерлік шеберлік» үйірмесінің жетекшісі Нығыманов А. М., биін дайындаған Мукашева А. С.

Бұл қойылымның тұсаукесері табысты өтті, актер-балалардың керемет ойынының арқасында көрермендер сол жылдардың оқиғаларын елестетіп, ата-бабаларымыздың кешкен ауыр азаптарын, сүйікті адамның қазаға ұшырау азабын сезіне алды.

Қойылым барысында жаңа актерлер 7 «А» сынып оқушысы Қоспанов Алишер, 7 «В» сынып оқушысы Абуова Айбиби, 9 «В» сынып оқушысы Исатаева Инкар, 10 «А» сынып оқушысы Нурмухамбет Асыланбек алғашқы рет сахнаға шықты.

Бірақ бұл қойылымның кемшіліктері де болды. Мектеп Парламенті мектеп әкімшілігінен келісім алмай ақылы кіру билеттерін өткізу шешімін қабылдады, ал түскен қаражатты мүгедек баланың шотына аудармақшы болды. Өкінішке орай, Атырау қаласында мүгедек балалардың саны өте көп, бәріне бірдей көмектесуге мүмкіншілік жоқ. 2015-2016 оқу жылдың бірінші жартысында мектеп «Аяқ-қолының гидроцефалиясы» диагнозы бар Әділхан атты баланың шотына шамамен 200 мың теңге аударып көмек көрсете алды. Оқушылар өз ата-аналарына ақшалай тәуелді. Көп оқушылар табысы аз, көп балалы және толық емес отбасыларынан, сондықтан қойылымға билет ала алмайды. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық акцияларын мектеп әкімшілігімен келісіп өткізген жөн.

8 наурызға орай балалар нәзік жандылар үшін мерекелік концерт дайындады.

15 ақпанда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл құрметіне «Мәңгілік Ел пойызы» республикалық акциямен шықты. Акция ашылуында 8 наурыз күні Атырау Мұнай және Газ Институтында біздің белсенді оқушыларымыз «Алға, Қазақстан» флешмобын орындады.

15 сәуірде «Көктем мерекесі» мейрамы өтті. Мейрамның қонағы ретінде «Мирас» балабақшасы, Пилоттық мектептер, Халықаралық мектеп, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелері болды. Осы көктем мерекесінің ең көзге түсетін сәті қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрінің, яғни үй жануарларының, қолөнердің, ойындардың, дәстүрлердің, ұлттық тағамдардың көрінісі болды.

«Көктем аруы» сайысы өтті, 12 «Н» сыныбының оқушысы Биболова Анель жеңімпаз атанды.



    1. Жазғы мектеп

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 30.05-10.06.2016ж аралығында оқушылардың академиялық білімін және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында 7,8,9-сынып оқушылары үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылып, 311 оқушы 14 топта таңдаған курстары бойынша қосымша білімдерін жетілдірді.

2015-2016 жылғы жазғы мектеп ерекшелігі оқушылар «Инженерия», «Сабын өндіру», «STEM», «Эко-үй», «Фармакон», «Топырақ және оның бірегей сипаттары», «Science Sparks», «Робототехника», «Биотехнология» салалары бойынша білім алып, курс барысында әр сала бойынша ғылыми-зерттеу жүмыстарын жасады. Жазғы мектеп кезінде ұйымдастырылған «Жас ғалымдар» фестивалінде әр топ оқушылары өздері жасаған зерттеулерін басқа топ оқушылары мен мұғалімдеріне таныстырды.




Тобы

Куратор

Оқушы саны

Инженерия

Тулешова А.Б

31

Производство мыла1 гр

Киреметчи А

20

Производство мыла 2 гр

Баймуханов Ж.О

20

STEM Эко дом 1 гр

Рахметуллина Н.С

20

STEM Эко дом 2 гр

Қылышбекова М

20

Фармакон 1 гр

Тулебаев А

18

Фармакон 2 гр

Нұржанова Д

23

Почва и его уникальные свойства

Исатаев Б

40

Science Sparks 1 гр

Ибраимова С

20

Science Sparks 2 гр

Алдигулова Н

20

Робототехника 1 гр

Ахымбекова Ж

18

Робототехника 2 гр

Амангелдиева А.А

22

Биотехнология 1 гр

Гинаятулина И

24

Биотехнология 2 гр

Кайраткан Л

15

Жалпы саны




311

Оқушылар жазғы мектеп кезінде тек қана білімдерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар әр күн сайын оқушылардың өзіне және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін, ынтымақтастағына арттыру мақсатында әр түрлі шаралар ұйымдастырылды. Осы шаралар ішінде оқушылар үшін ерекше болған – 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» арналған «Мәңгілік Ел» идеясын қолдау мақсатында «Біз Қазақстан болашағымыз» атты тәрбие шарасы. Оқушылар бұл шарада біріншіден, өз командаларының аттары, ұрандарымен таныстырды, екінші бөлімде әр топ «Мәңгілік ел» идеясына байланысты суреттер салды, үшінші бөлімде әр топ «Мәңгілік ел» идеясына байланысты өз үндеулерін айтты.

Зияткер оқушыларымыз бұл шара барысында өздерін Қазақстанның болашағы үшін білімді де жан-жақты азамат болып, еліміздің көркеюі үшін бар күш жігер салатындықтарын өрнектеген суреттер мен айтқан үндеулерінде көрсете білді.

4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты жиында оқушылар ұлтымыздың рәміздері туралы өз білімдерін толықтырып, мектеп парламентінің президенті, 9 "а" сынып оқушысы Жалғасбаев Қуаныш Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары атынан "Мәңгілік ел" ұлттық идеясына қолдау білдіру жөніндегі оқушылар үндеуін оқыды.

Жазғы мектеп нәтижесінде курсқа белсене қатысып, шебер зерттеушілік қабілеттерін танытқан оқушылар жазғы мектептің арнайы сертификатымен, ал үздік танылған топтар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.


    1. Ата-аналар комитетінің жұмысы

Мектепішілік ата-аналар комитеті әр сыныптан құралған 32 ата-анадан тұрады. Оқу жылында ата-аналар комитетімен 2 жиналыс өткізілді. Бірінші жиналыста кіріктірілген білім беру жүйесі және тәрбие беру жүйесіндегі «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының алар орны туралы ақпарат берілді. Мектеп басшысы білім беру жүйесіндегі сыныптардың бағдарламасындағы өзгерістермен таныстыра отырып, 7-сыныпқа қабылданған оқушыларды оқу жылын жаңа оқу орнында бастауларымен құттықтады.

Оқу жылы барысында атқарған қызметі туралы ата-аналар комитеті есеп берді. Мектепішілік ата-аналар комитетінің председателі өз есебінде мектеппен бірлесіп жасалған жұмыстар туралы айтып өтті, сенбіліктер, көңілді эстафеталар, пән мұғалімдерімен байланыс, көңілді тапқырлар клубы, көктем мерекелері, актерлік шеберлік үйірмесінің қойылымдарының тұсау кесерлері, акциялар және т.б. туралы баяндады.

Кеңестің келесі отырысы 1-жарты жылдықтан соң болды. 1 және 2-тоқсандардың жақсы жетістіктері мен жаңалықтары айтылды. Ата-аналардың мектеппен тығыз байланыста болуы мен жоспар бойынша жұмыстар талқыланды. Мектеп өмірінде белсенділік таныту керектігі айтылды. Ақ жаулықты әжелеріміз бастамасы үлкен қуанышқа бөледі. «Әжелер клубы» ашылды. «Әжелер клубы» көктем мерекесін тойлауда белсенділік танытып, ұлттық әндер шырқап, «Жеңіс жұлдызы» акциясының ашылуында кестелі орамалдарды тігуде көмек көрсетті.

Ата-аналар комитетінің күшімен мектеп бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырау мерекесімен, кешкі қоштасу балы өткізілді.



    1. «Шанырақ» жүйесінің қызметі

Шаңырақ оқушылар ұжымында топтың өзіндік рухын сезінуге мүмкіндік беретін мектеп өміріндегі шағын қоғамдастықты білдіреді. «Шаңырақ» қоғамдастығының міндеті бірыңғай команда құру, көшбасшылық дағдысын дамыту, болып табылады. Осы тұрғыдан мектебімізде 16 шаңырақ қызмет атқаруда: «Алтын адам» 7A,10H; «Алатау» 7B,10G; «Қайрат» 7C,10F; «Исатай» 7D, 10В; «Қаршыға» 7E, 10C; «Батыс» 7Ғ, 10А; «Хиуаз» 7G, 7H.10D; «Самұрық» 8А, 12Н; «Сұнқар» 8В, 12І; «Сарайшық» 8С, 12В; «Үш қоңыр» 8D, 12E; «Тобыл» 9А, 12F; «Жайық толқындары» 9В, 12G; «Махамбет» 9С, 12А; «Оқжетпес» 9D, 12D; «Алтын Емел» 10Е, 12С.

Қантар айында мектепке резервтен оқушылар келіп, 7Н сыныбы «Хиуаз» шаңырағына қосылды. Әрбір шаңырақ жас ерекшеліктері әртүрлі сыныптардан құрылған. Әрбір Шаңырақтың ұраны, эмблемасы, мектеп ішінде таңғы жиындарды өткізетін тиесілі аймақтары бар.

2015-2016 оқу жылында Шаңырақтар арасында «Қазақтың 100 әні » мен «100 кітап» жобасы, «НИШ Жайдарман» ойындары, «НИШ Фактор» байқауы және «Жырым менің Планета» атты Ф.Оңғарсынованың шығармашылығына арналып шаралар өткізілді.

Шаңырақтар арасында азаматтық-патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында «Қазақтың 100 әні» патриоттық жобасы өткізілді. Осы арқылы оқушылар қазақ әнінің қадір-қасиетін ұғынып, патриоттық рухта әндерді орындап шықты.

Зияткерлікке дамытуда «100 кітап» жобасы бойынша әрбір Шаңырақ оқыған кітаптарынан қойылымдар көрсетіп, үздік шыққан Шаңырақтар «100 книг шагает по Атырау» ұранымен Атырау қаласындағы ойын-сауық орталықтарында өнер көрсетіп, қала халқын кітап оқуға шақырды.

Оқушылардың ой-өрісін дамытып, сахнада өздерін еркін ұстауға баулуда «НИШ Жайдарман» ойындарының өтуі ерекше әсермен өткізілді. Ойын 2 кезеңнен тұрды, екінші кезеңге 5 команда өтіп, «Ең үздік» команда анықталды.

Көркем-эстетикалық тәрбиге баулуда Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын дәріптеуде «Жырым менің Планета» атты кеш өткізілді. Бұл кешке 16 шаңырақ 4 топқа бөлініп: «Фаризаның балалық шағы», «Фаризаның жастық шағы», «Фаризаның еңбек жолы», «Фаризаның шығармашылығы» тақырыбында қойылымдар көрсетіп, командылық рухта бір-біріне қолдау жасады.

Сонымен қатар Шаңырақтағы оқушылар мен ата-аналар жиналыс өткізіліп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырған дәрігер ата-аналар денсаулыққа байланысты әртүрлі аурулардың алдын алып, қорғану мақсатында ақпараттар берді.



Әрбір оқушы өз портфиоларын қорғап, 2015-2016 оқу жылын қорытындылап, жеткен жетістіктері мен келесі 2016-2017 оқу жылына жоспарлаған мақсаттарымен бөлісті.




    1. Мектеп жанындағы жатақхана қызметі

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана қызметінің басты мақсаты тәрбиеленушілердің қалыпты демалысына жағдайлар туғыза отырып, шығармашылық ізденісін қолдау, көшбасшылық қасиет, үлкеннің кішіге деген қамқорлығын, оқу-танымдық қызығушылығын оята отырып, әлеуметтік ортада өзін-өзі мәдениетті ұстауға тәрбиелеу болып табылады.

2015-2016 оқу жылында жатақханаға орналасқан оқушылар саны 132 болды. Олардың ішінде ер бала саны – 40, қыз балалар саны – 92.

Педагогикалық жоғары білімді 9 тәрбиеші, 4 көмекші тәрбиеші 3 медбике бекітілген жұмыс кестесі бойынша өз міндеттерін атқарды.

Әдеттегідей оқу жылының басында атқарылатын қызмет бағыттары және тәрбие бағыттары бойынша үйлестіруші көшбасшылар белгіленді.


Азаматтық-отансүйгіштікке тәрбиелеу

03.09.2015 ж. «Ата Заңым ардағым!» тақырыбымен өткізілген тәрбие шарасының мақсаты құқықтық білім, тәрбие беру арқылы оқушылардың бойына заңға деген сүйіспеншілік сезімін ұялатып, өз құқығын білетін Конституциядағы міндеттерді орындайтын азаматты тәрбиелеу болды. Оқушылар Ата заң туралы викториналық сұрақтарға жауап бере отырып, адам бостандығы мен құқығын сыйлайтын және оны қорғайтын жеке тұлға ретінде білімдерін толықтыра түсті.

Соынмен қатар қыркүйек айының алғашқы аптасы «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясының құндылықтарына негізделген мектеп құндылықтарын зерделеуге арналды. Әр топ оқушылары Зияткерлік мектебіміздің құндылықтары туралы шағын бейнероликтер дайындап, қатарымызға жаңадан қосылған 7-сынып оқушылары үшін тәрбие мектебінің үлгісін көрсетті.

12.09.2015 ж. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлылар ісін жалғайтын, біздер батыл ұрпақпыз, Бабалардың ұлы ісін отбасымен қолдаймыз!» тақырыбында ұйымдастырылған тәрбие шарасының мақсаты ұлы бабаларымыздың ерлігін бағалай білуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру; тәрбиеленушілерді Отансүйгіштікке, батылдыққа жігерлілікке, қайсарлыққа тәрбиелеу; ата-аналар, тәрбиешілер мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынасын арттыру топтың намысын қорғауға баулу болды.

24.10.2015 ж. жалғасын тапқан тәрбие шарасы қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру; тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу; тарихи қала – Сарайшық топырағында билік құрған қазақ хандарының тарихын зерделеу; өткенді бағалап, болашаққа бағдар беруге баулу мақсатында «Сырға толы Сарайшық» тақырыбымен «Сарайшық» өлкетану мұражайына жол тартқан саяхатқа ұласты.

18.11.2015 ж. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған қоғам және мемлекет қайраткері Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаеваның «Бір адам қазған құдықтан мың адам су ішеді «Қадім» және «Жәдид» мектептерінен «Назарбаев зияткерлік мектептеріне» дейін» мақаласын талқылауға арналған оқушылар конференциясы болып өтті.

23 қараша-1 желтоқсан аралығында Елбасының сан қырлы талант иесі, әлемдік аренадағы танымал көшбасшы ретінде таныта отырып, еліміздің еңсесін тіктеп, мемлекеттігімізді нығайтып, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абройын асқақтатқан Елбасының өмірлік қағидаты мен құнды тәжірибесін зияткер оқушылардың біліуіне, түсінуіне, үлгі тұтуына ықпал ету мақсатында Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы салған сара жол» тақырыбында апталық өткізілді.

10.12.2015 ж. өздерінің құқықтарын біліп қана қоймай, жауапкершіліктерін сезіндіру, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуына үлесін қосатын жастарды тәрбиелеу мақсатында тарих пәнінің мұғалімдерімен бірлесе отырып «Қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыбында тәрбие шарасы өткізілді. Топтық жұмыстарға белсене араласқан оқушылар тәртіп, қауіпсіздік және жауапкершілік туралы мәліметтер алды.

Сәуір айында туған жерге, туған жердің белді тұлғаларына құрмет танытып, бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында жоспарланған шара аясында оқушыларымыз өлкеміздегі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қоғамымызға еңбек сіңірген қайраткерлерге арнап ризашылықтарын білдірген хаттарын жазып, жатақханамыздың айлық басылымы «Жас қыран» газетіне жариялады. Және бұл үрдісті жаңа оқу жылында жалғастырып, ризашылықтарымызды ақ тілек иелеріне, олардың отбасыларына табыс етуді жоспарладық.
Зияткерлік ой-өрісін дамытуға тәрбиелеу

17.09.2015 ж. өткізілген апталық Қазақстандағы Тілдер мерекесіне қарай ұйымдастырылып, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, өзін-өзі тануға, айналасындағы ортамен қарым-қатынас орната білуге, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу, олардың зияткерлік әлеуетін көтеру мақсатын көздеді.

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие шараларының өту әдісі, тақырыптары өзгеріп отырды. Мысалы, 7-сынып оқушылары үшін «Тапқыр достар» сайысы, 8,9- сынып оқушылары үшін тіл туралы өз ойларын тарқату мақсатында «Тіл – ұлт болашағы» тақырында эссе жазу, 10, 12-сынып оқушыларының қатысуымен Елбасымыздың тіл туралы саясатын жүзеге асырып, ҚР-ның мемлекеттік тілі-қазақ тілінің мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілеттерін арттыру мақсатын көздеген «Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.

Жыл бойы өткізілген интеллектуалдық ойындар мен тренингтер оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттырып, шығармашылық ізденіске баулуды, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеп, білімге деген құштарлығын арттыруға, олардың ақпараттық кеңістіктегі көшбасшылығын дамытып, қажетті ақпараттарды өз бетінше іздеп таба білуге және есте сақтау қабілетін дамытуға арналды. «Білімді мыңды жығар!», «Кітап-рухани байлықтың қайнар көзі», «Назарбаев Зияткерлік мектебінің лидері», «Зияткер көшбасшы» тақырыптарымен өткен интеллектуалдық бағыттағы тәрбие шаралары оқушылардың танмдық ой-өрісін арттырып ғана қоймай, олардың үнемі ынтымақтасқан ортада бірлесе жұмыс атқара білулеріне, ортада өзіндік ой-пікірлерін ашық танытып, сыни көзқарастарын дамыта білуге ықпал етті.


Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

Өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстынымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістіретін моральдық қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды, жас зияткер бойындағы рухани-адамгершілік тәрбиесін дамытуды көздеген тәрбие шараларының легі 08.10.2015 ж. өткізілген «Біз Елбасымен мақтанамыз!» атты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзін зерделеуге арналған тәрбие шарасымен басталды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болып табылар «Жаңа Болашақ» (NEW FUTURE) концепциясын әзірлеуге шақырған Елбасының ұстанымын ой түйсігінен өткізе білген шәкірттер рухани адамгершілік пен парасаттылықтың үлгісін үйренді.

«Бірлігі жарасқан Қазақстан», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Өзіңді атақты тұлғалармен салыстыр», «Көрісу мерекесі», «Қош келдің, Наурыз!», «Әдептілік-адамгершілік бастауы», «Кітап-рухани байлықтың қайнар көзі», «Шындық шыңы-ақиқат» тақырыптарында өткен тәрбие шаралары жас зияткерлердің тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалап, болашақ мамандықтары туралы ойланып, ізденуге, халық құрметіне бөленіп жүрген тұлғалар бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі тұтып, әдептілік, адамгершілік мектебінен үлгі алуларына өз үлесін қосты.

Сонымен қатар рухани қазынасын байытар кітап әлеміне үңіліп, «100 кітап» жобасы аясында өткізілген «1. 2. 3» акциялары мен «Библиосумерки», «Bookbingo», «Графикалық органайзер», «Бар мәселе – қалпақта» іскерлік ойыны, «Белгіленген поэзия», «Интеллект карта», «Әлем картасы» сияқты іскерлік ойындар мен тренингтер барысында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығы артып, жатақхана мен кітапхана арасындағы байланыс нығая түсті.
Тәні мен психологиялық саулығының дамуына тәрбиелеу

Тәні мен психологиялық саулығының дамуына тәрбиелеу, ең алдымен, оқушылардың саулығына, қауіпсіздігіне көңіл аударудан басталады. Сондықтан да оқушылар жатақхана орналасқан бойда, 01.09.2015 ж. техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстырып, төтенше жағдайларда әрекет ету ережелерін үйрету, тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілген татақхана оқушыларынң жиналысында мектептің техникалық қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженері есте сақтауға қажетті нұсқаулықтармен таныстырып, қауіпсіздік шарларымен таныстырды.

«Дені саудың жаны сау» көңілді ойындар сайысы (10.09.2015 ж.), «Ұлылар ісін жалғайтын, біздер батыл ұрпақпыз, Бабалардың ұлы ісін отбасымен қолдаймыз!» тақырыбында ата-аналармен бірге өткізілген спорттық шара (12.09.2015 ж.), «Көңілді мәре» эстафеталық сайысы (16.09.2015 ж.), «Жас шахматшы» сайысы (27.10.2015 ж.), “Толағай” эстафеталық жарысы (сенбі, жексенбі күндері) оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізіп, денсаулығы мен тән сұлулығының қалыптасуына тәрбиелесе, біршама тәрбие шаралары оқушылардың эмоционалдық ахуалын қадағалап, психологиялық түрғыдан қалыптан ауытқымауларын бақылауға бағытталды.

«Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы» (15.10.2015 ж.), «Зиянды әдеттерден сақ бол!» (16.11.2015 ж.), «Нашақорлыққа жол жоқ!» (23.11.2015 ж.), психологтармен тренинг (әр сәрсенбі сайын), “Маған өмір керек, мен өмірге керекпін” тақырыптарында медбикелер, педагог-психологтардың қатысуымен өткізілген тренингтер мен тәрбие шаралары салауатты өмір салтын ұстанып, оқушылардың психологиялық хал-ақуалын, мінез-құлық ерекшеліктерін, танымдық процестерін, оқуға деген мотивациясын анықтау, өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру, бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру, тәрбиелеу мақсаттарын көздеді.


Алуан мәдениетті дамыту

Жаһандық дағдарыс барысындағы Қазақстан экономикасының салаларын және антикризистік бағдарламаның принциптерін, қазіргі қаржы жүйесінің дамуын қарастыру мақсатында 30.10.2015 ж. «Ел және шетел жаңалықтары» тақырыбында өткізілген тәрбие шарасы оқушылардың топтық жиындарында ақпараттар легімен танысып отыру дағдыларына ұласты. Сонымен қатар әр елдің мәдени ерекшеліктері туралы фильмдерді тамашалау да балалардың демалыс күндері уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізулері үшін пайдалы болды.

Әр айдың соңында оқушылардың туған күндерін атап өтуге арналған «Сен туған күн» айдарымен өткізілп тұрған көңілді кештері барысында да оқушылар көңілді ән-күй, ойындармен қатар түрлі ұлт өкілдеріне тән ерекшеліктерден көрініс беретін қызықты сәттерді сыйға тартып отыруды әдетке айналдырды.
Көшбасшылық қасиетті дамыту

Басқару дағдылары, іскерлік, ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу мақсатында жатақхана оқушылары кеңесінің төрағасын сайлау 08.09.2015 ж. оқушылардың дауыс беруі арқылы өткізілді. Сайлауға түскен 4 үміткердің ішінен оқушылар өз көшбасшыларын және кеңес мүшелерін таңдады.

«Көшбасшы қандай болу керек?» (05.10.2015 ж.), «Зияткер көшбасшы» (20.11.2015ж.), «ХХІ-ғасыр көшбасшысы», «Ғажайып алаң» тақырыптарында өткізілген тренингтер мен интеллектуалды ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, зияткерлік ой-өресін арттыруға бағытталды.

Сонымен қатар мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Табысқа апарар жол» жобасына жатақханадағы 9,10-сынып оқушылары қатысып, нәтижесінде өздерінің әлеуметтік жобаларын қорғап шығып, Сертификаттарға ие болды.


Көркем-эстетикалық тәрбие

Халықаралық театр фестивалі декадасы аясында жазушы Рахымжан Отарбаевтың шығармаларынан Монғолия, Баян Өлгей аймақтық драма театры «Фариза мен Мұқағали» атты қойылым көрсетті (29.10.2015 ж.). Оқушылар Фариза мен Мұқағалидың достық қарым-қатынасын, поэзиядағы шығармашылық бірлескен жұмыстарын, жастық шақтарын, творчестволық ізденістерін, ақындардың ішкі бай дүниесін сахнадан көріп, олардың өмір жолдарын тереңірек таныды.



Сонымен қатар «Сарайшық» өлкетану мұражайы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер мұражайына барған сапарларында оқушылар ұлттық жәдігерлерімізбен танысып, тарих тереңіне үңіле алды. Көңілге түйген әсерлерін «Менің өлкем», «Жас фотограф» атты Арт-фото байқауларына ұсынып, достарының қошаметіне бөленді.

ЖАТАҚХАНА ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

Мониторинг бойынша іс-шаралар және тәрбие үдерісінің әдістемесі

Мақсаты: бақылауды, бақылау жүргізуді, кешенді динамикалық байқауды, аналитикалық бағалауды және толықтай жүйенің күйін болжауды жүзеге асыру, тәрбиеленуші тұлғасын және ол қалыптасып жатқан ұжымды зерттеу, оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігін анықтау.

Белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқу мен тәрбие жұмысының, жалпы жатақхана қызметінің оқушылар үшін қолайлылығын, олардың психологиялық-эмоцоналдық ахуалы мен көңіл-күйлерін, білім алу үдерісіндегі кездесетін қиыншылықтары мен жетістіктерін зерттеуге арналған сауалнамалар жүргізілді.



Сауалнама нәтижелері оқушылар үшін қолайлы жағдайды жолға қою мақсатындағы жұмыс жоспарының басымдықтарына негіз болды. Бірінші кезекте 7-сынып оқушыларының бейімделу үрдісіне психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу мақсатында мониторинг жүргізілді.

Жатақхана бойынша 7-сынып оқушылары барлығы – 32. Олардың 9-ы ұл бала, 23-і қыз балалар болды. Психологтармен 7-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін қадағалау мақсатында бақылау картасы жүргізілді. 7-сынып оқушыларына арналған бақылау картасының нәтижелері 1-5 диаграммаларда көрсетілген.



Оқу үдерісін қолдаудағы тәрбие қызметінің рөлі туралы мониторинг

Мақсаты: бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру, топтық жұмыс туралы білгендерін ортаға сала отырып, топтық жұмыстың тиімділігі туралы толық мағлұмат беру. Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді.

Оқушылар сабаққа топтасып дайындалғанда, қарым-қатынастары нығайып, жақсы білім алуға мүмкіндік туатындығы дәлелденді. Топпен жұмыстың артықшылықтары анықталды. Нәтижесінде үй тапсырмаларына және жиынтық бағалауларға бірлесіп дайындайтын топтар белгіленді.

Сонымен қатар оқушылар арасында қиындық тудыратын пәндер тізімі анықталып, тәрбиешілер мен пән мұғалімдері арасындағы байланыс оң нәтижесін берді.



«Сіз дұрыс тамақтана білесіз бе?» тақырыбындағы сауалнама оқушылар асханасының балалар үшін қолайлылығын анықтауға арналды.

Сауалнама нәтижесі бойынша асхана қызметкерлерімен пікірлесіп, тәрбиешілер мен медбикелер дұрыс тамақтана білу нормалары, тағам түрлерінің адам ағзасына тигізер пайдасы туралы тәрбие шараларында оқушыларға ақпарат берді.



Жатақхана тәрбиеленушілеріне тәрбие қызметінің қолайлығын зерттеу мақсатында жүргізілген сауалнама тәрбие шараларының оқушылар үшін қаншалықты маңыздылығын анықтады.

Зерттеу жұмыстары оқушылардың табиғатын, жан-дүниесін, олардың ұсыныстары мен талаптарын білумен ғана шектелмейді. Оқу жылындағы атқарылған әрбір жұмыстың нәтижелі болуы осылайша оқушы даусына көңіл болып, олардың оқу, білім алу, тәрбие алу үдерісіне әрбір жауапты тұлғалардың сыни тұрғыдан дер кезінде қолдау көрсете білгендерінің нәтижесі болып табылады.




  1. БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӨМЕКШІ ҚЫЗМЕТТЕР ЖҰМЫСЫ



    1. Мектептің тіршілік әрекетін және өмір қауіпсіздігін  қорғау

Мақсаты: оқушылар мен қызметкерлердің оқу және қызмет үдерісінде өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған қауіпсіздік пен еңбек қорғауын қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормалар, ережелер мен нұсқаулық талаптарын сақтауына бақылау жасау.

Міндеттері:



  • Еңбек ету мен білім беру үрдісі шарттарын үнемі жақсартуын қамтамасыз ету;

  • Оқушылар мен қызметкерлер травматизмінің алдын алу;

  • Еңбекті қорғау бойынша заңнамалық, нормативтік, соның ішінде қоғамдық актілердің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

  • Қызметкерлер мен оқушыларды жеке, ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;

  • Қызметкерлер мен оқушылардың профилактикалық медициналық тексеруден өтулерін ұйымдастыру;

  • Қызметкерлер мен оқушыларды еңбекті қорғау бойынша уақытылы оқыту.

2015-2016 оқу жылына қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары жасақталып, бекітілді.

Жоспарға сәйкес Еңбек қорғау бойынша ҚР Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері зерттеліп, таныстырылып тұрады.

2014 жылғы 30 қыркүйекте Назарбаев зияткерлік мектебінде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлерге арналған қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша және ұжымның барлық қызметкерлеріне жұмыс орнындағы «Еңбек қорғау нұсқаулығы», «Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі аумағындағы өрт қауіпсіздігі», «Өрт гидранттары, өрт шүмектері, өрт сөндіргіштері және өрт сөндіруге арналған құрал» т.с.с. нұсқаулықтары өткізілді.

Мектептегі өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша комиссия құрамы құрылып, бекітілді.

мектепте өрт қауіпсіздігі бойынша жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылып, оған жүктелетін міндеттер белгіленді:


  • Оқу және еңбек қызметі үдерісінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды бақылау;

  • Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты өткізу;

  • Ғимарат бөлмелерінде өрт сөндіру құралдарының болуын және олардың уакытылы пайдалануын қадағалау;

Ерiктi өрт сөндiру жасақтары (ЕӨЖ) құрылды.

«Төтенше жағдайларда эвакуациялау кезінде оқушыларды шанырактар бойынша орналастырудың сызбасы» жасалып бекітілді;

«Мектептің әр оқу бөлмесін эвакуациялаудың жоспары» және «Мектеп жатақханасының әр бөлмесін эвакуациялаудың жоспары» жасақталып, бекітілді;

Мектеп зертханалары мен оқу бөлмелеріндегі өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасы бойынша барлық жадынамалар тексеріліп, қажеттілігіне қарай жаңаларымен ауыстырылды;

Оқу бөлмелерінде және адам көп шоғырланатын өзге де жерлерде қажетті нұсқаулықтар мен ережелер орналастырылды.

"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті бойынша ішкі өрт шүмектерінің жұмысқа қабілеттілігі тексеріліп, техникалық қызмет көрсетілді. Жарты жылда бір рет ПК-1, ПК-2, ПК-3, ПК-4, ПК-5, ПК-5 ішкі өрт шүмектері, өртке су себетін түтік құбырлары кептіріледі, басқа қырына ауыстырылып, ұңғысы мен шүмектеріне қайта қосылады. Өрт шүмектерінің есіктері құлыпқа жабылып, мөрленеді.

Мектептің бүкіл аумағында және ғимарат ішінде өрт қауіпсіздігі және электр қауiпсiздiгi бойынша сілтеу және ескерту белгілері орналастырылған.

Әрбір жарты жыл сайын мектептің барлық қызметкерлерімен ҚТ және ӨҚ бойынша қайталама нұсқаулығы өткізіледі.

2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалдарында білім беру процесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» № 403/ОД бұйрығына сәйкес Атырау облыстық ӘБП басшысы, полиция полковнигіне мектеп маңында "Жасанды жол бұдырын" орнату: балалар жүретін орын екендігін көрсететін белгілерді орнатуды ықпалдастыру туралы хат жолданды.

Хатқа жауап ретінде 2016 жылғы 28 наурызда Атырау облыстық ІІД ӘБП басшысының орынбасары М.У. Утегалиев кемшіліктерді жою мақсатында Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарымын табыс етті.

2016 жылғы 13 сәуірде біздің тарапымыздан Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ басшысына өрт-тактикалық іс-шарасын өткізу туралы хат жолданды. Алайда, жұмыс көлемінің артуына және қызметтің күшейтiлген режиміне ауысуына байланысты аталған шараны ұйымдастыру мүмкін емес екені хабарланды.

2016 жылғы 26 мамырда Атырау облыстық ҰҚК департаментінің жұмыскері Э.Нұрғазиев «Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» жұмыскерлеріне арналған «Лаңкестік және оның заманауи әлемдегі көрінісі» тақырыбында дәріс оқыды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» № 1217 қаулысына сәйкес мектептің терроризмге қарсы қорғалуының төлқұжаты жасақталып, уәкілетті органдармен бекітілді.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау, өрт және өзге де төтенше жағдайлар кезінде кәсіби іс-әрекет жасауды насихаттау бойынша 2015 жылғы 10 желтоқсанда су апатынан құтқару қызметінің нұсқаушысы Ж. Алмағанбетова және ТЖ кұтқару қызметінің аға капитаны Т.Сансызбаевтың қатысуымен жаттығу сабақтары өткізілді. Аталған іс-шараға 16 жетекші мен 32 оқушы қатысты.

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және электр қауіпсіздігі бойынша оқыту сабақтары жүргізілді. Сонымен қатар, қазандық операторлары өндірістік қауіпсіздік бойынша оқыту сабақтарынан өтіп, куәлік алды.

2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Назарбаев зияткерлік мектебі» филиалдарында оқу процесі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы» № 403/ОД бұйрығына сәйкес жыл бойы Атырау қаласының ХББ НЗМ жұмыскерлерінің көмегімен мектеп маңындағы жол бөлігінде сағат 7.45-8.25, 17.00-18.00 аралықтарында, нағыз қарбалас сәттерінде кезекшілік ұйымдастырылды.

Оқу жылынан бастап «KZ-Отау КурылысХолдинг» ЖШС-мен жатақхана мен филиал бойынша автоматтандырылған өрт сигнализациясына қызмет көрсету жөнінде шарт жасақталды. Автоматтандырылған өрт сигнализациясы, дауыстық хабарландыру бойынша қызмет ай сайын көрсетіледі.

2016 жылғы 12-15 сәуір аралығында СIS сараптамалық тобы ХББ НЗМ мектебінің жалпы техникалық қауіпсіздігі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижесі бойынша ұсыныстар:


  • Қауіпсіздік техника бойынша комитет қалыптастыру (мектептегі ҚТ бойынша қызмет жасайтын комиссиясының орнына);

  • Комитет жұмысының сапасын арттыру мақсатында үнемі оқыту жұмыстарын жұргізу, мектептің уақытылы эвакуациялануын қамтамасыз ету, қауіпсіздік маңыздылығы туралы ұғымды қалыптастыру);

  • Локдаун процедурасын даярлап, енгізу.

Аталған ұсыныстар бойынша келесі жұмыстар өткізілді:

  • мектептегі ҚТ бойынша қызмет жасайтын комиссия ҚТ бойынша Комитет деп қайта аталды;

  • «Жалпы мектепішілік орналасу схемасы» даярланып, бекітілді. Әрбір оқу бөлмесінде, жатақханада мектептің эвакуациялау жоспарының сызбасы орналастырылды;

  • Логдаун қызметі бойынша жадынама жасақталды.

Жүйелі түрде ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, машиналар мен механизмдердің техникалық жағдайы, желдету жүйесі жұмысының тиімділігі, санитарлық-техникалық құрылғысының, санитарлық-тұрмыстық бөлмелерінің жағдайы, жұмыскерлердің жеке, ұжымдық қорғану құралдарының жай-күйі тексеріліп, олардың қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сай болуы анықталып тұрды.

Тексеру мен бақылау барысында анықталған кемшіліктер шұғыл жойылып, қосымша жұмыстармен байланысты болғандарды есепке алмағанда, кейбіреулер бойынша ақауларды жою туралы актілер жасақталды.





    1. Кітапхана қызметі

Мектеп кітапханасы - мектеп инфрақұрылымын, мектеп, мәдени және ақпараттық орталық, білім беру үдерісінің басты құрамдас маңызды бөлігі болып табылады.

Негізгі міндеттері:

  • кітапхана арқылы оқу үдерісін және өзін-өзі қамтамасыз ету, білім беру, студенттер мен оқытушылар үшін библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;

  • оқушылардың кітапханалық және ақпараттық іздеу дағдыларын қалыптастыру;

  • дәстүрлі және жаңа кітапхана дамыту технологиясын жетілдіру;

Мектеп кітапханасының функциясы:

  • Кітапхана қорын (оқушылар мен оқытушыларды білім беру, анықтама, бұқаралық ақпарат құралдары, әр түрлі көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету) толықтыру;

  • құжаттарды өңдеу және жүйелеу (құжаттардың библиографиялық сипаттамасы, қаражаттың жіктелуі, техникалық өңдеу, жобалау және орналастыру);

  • білім беру процесін ақпараттық қолдау (жаңа өнімдер, библиографиялық пікірлер, және көрме);

  • оқырмандар конференциясы, кітапхана келіссөздері, әдебиет көрмесі, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

  • пайдаланушыларға ақпараттық сауаттылығын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар ;

  • басқару есебі және жоспарлау және есеп беру құжаттамасы;

Қызмет көрсететін, сондай-ақ шығармашылық және шығармашылық, интегративті, кітапхана рөлін синтездеу. Қазіргі заманғы мектеп кітапханасы жеке оқушының , танымдық интеллектуалдық, моральдық және рухани қасиеттерін дамытуына тікелей байланысты болып табылады. Мектеп кітапханашысы оқушылардың, ақпарат және функционалды сауаттылығын зерттеу дағдыларын сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет