Кітапхана қорын жасақтау (оқу, анықтамалық, көркем әдебиетпен оқушылар мен ұстаздарды әртүрлі тасығыштардағы ақпараттар арқылы
қамтамасыз ету
Кітапхана қорын қамтамасыз ету мекеменің ережесіне сай жүзеге асырылады. Әдебиеттер кіріктірілген жалпы білім беру бағдарламасына сай негізделген, оқушылардың терең білім алуларына және ғылыми ізденіс жобаларға қолдау көрсету мақсатында үш тілде жинақталған және әр деңгейге сай кітап қорымен қамтамасыз етілген.
Кітапхана қорын қамтамасыз ету барысында қазақ баспаларымен, ресейлік және шетелдік баспалармен байланыс жасаудамыз. Мәселен, «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», «Фолиант», «ЭКСМО», «АСТ», «Астрель», «Penguim», «Cambridge», «Oxford, Scholastic, McGrawHill».
Жалпы кітапхана қоры 24827 санын құрайды, оның ішінде оқулық, әдістемелік құралдар, әдеби кітаптар, ғылыми-танымдық әдебиеттер бар және үш тілде қамтамасыз етілген.
Кесте. Кітап қоры
Кітапхана қоры
|
Саны
|
Оқулықтар
|
12084
|
Оқу-әдістемелік-құралдар
|
725
|
Әдеби кітаптар
|
3987
|
Сөздіктер
|
108
|
Қосымша әдебиеттер
|
2086
|
Электронды баспалар
|
201
|
Периодикалық баспалар
|
71
|
Энциклопедиялар
|
352
|
Құжаттарды өңдеу және жүйелеу (құжаттардың библиографиялық сипаттамасы, қаражат, олардың жіктелуі , техникалық өңдеу, жобалау және орналастыру)
Қазақстандық жүйелі автоматтандырылған кітап қорын өңдеу және кітапханалық ақпараттық жүйе ( КАБИС ) жүзеге асырылады . Қол жетімді модульдер : «Оқырмандар», «Қор» , «мақалалар картотекасы». Келесі каталогтар қалыптастырылды: оқу қоры қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, әдебиет және қосымша әдебиет үш тілде, оқу-әдістемелік материалдар мен оқу-әдістемелік құралдар және үш тілде электронды басылымдар бар.
Кітаптарды тарату «Оқырмандар» модулімен жүзеге асырылады, оқырмандар картотекасы дәстүрлі бір уақытта жүргізіледі, оқулықтарды тарату есеп беру кестесі және оқырман формуляры бойынша жүзеге асырылады.
Техникалық өңдеу әдебиет және мерзімді жаңа келген кітаптарды штрих код және магниттік таспа жабысуын қадағалау, баспа және электронды каталогқа енгізу үнемі жүргізіліп отырады.
Медиатека (ноутбуктер және электрондық кітаптарды пайдалану) кітапхананың бүкіл жинау анықтамалық қорына сәйкес жабдықталған. Кітапхана библиографиялық жіктеу, алфавит қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көркем қордың орналастырылу тәртібі бар, кітапхана бірнеше аймақтарға бөлінеді.
«Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларына ұсынылған 100 кітап» тізімі , «Eлін сүйген, елі суйген Елбасы» айдарымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып жасалған тұрақты кітап көрмелері бар. Оқушылардың «Туған елге тағзым» атты, кәсіптік бағдар және өлкетану саласын зерттеуге арналған бұрышы жасақталған.
Оқу жүйесіне ақпаратты тұрғыда қолдау көрсету
(жаңа келіп түскен кітаптарды жарнамалау, виртуалды көрме т.б.)
Кітапхананың кітап қорын жарнамалау, жаңа кітаптарды насихаттау нәтижелерін веб-сайтында және әлеуметтік желілерде көруге болады.
Тұңғыш президент күніне орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» арасында «Bookcrossing – книгопутешествие от НИШ» акциясы өткізілді. Атырау қаласының мектеп кітапханасында 24-28 қараша аралығында «Білімнің көзі – кітапта» акциясына оқушылар мен мұғалімдер ат салыса қатысқан болатын. Өздерінің жеке кітапханаларынан ауылдық аймақ оқушыларымен бөлісті.
Тәлімгерлер оқушылармен бірге қысқаша эссе жазып, оқыған кітабы туралы пікірлерін және жас бүлдіршін оқырмандарға тілектерін жазды, жинаған кітаптарын әдемі қорапқа салып безендірді.
Қараша айының 30 күні Атырау облысы Исатай ауданының Тұщықұдық ауылының Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектеп оқушыларына тарту етті. Мектеп директорымен және оқушылармен кездесу сәтті өтіп, әр мектеп өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, білім беру жүйесінде өз мақсаттарын ортаға салды.
Назарбаев Зияткерлік мектеп пен жалпы білім беретін мектеп арасындағы қарым-қатынас ұзақ мерзімді жұмыстың бастамасы болып табылады.
"Мәңгілік Ел" кіріктірілген білім беру жүйесі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай кітапханада №17 мектеп лицейінің 1-сынып оқушылары қонақта болды. "В гостях в школе Президента" деп аталатын іс-шара ұйымдастырылды. Мектепте экскурсия және "Моя Родина - Казахстан" кітабы бойынша талқылау жүргізілді.
Оқырмандар конференциясы, кітапхана келіссөздері, әдебиет көрмелері
(кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру)
Мәдени іс-шаралар оқу жылына бекітілген жоспарға сәйкес өтеді. Кітапханада кітап көрмелері және ақпараттық кітапхана сағаттарын өткізу, сонымен қатар кітапқа деген қызығушылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізу жолға қойылған. Мысалы, іскерлік ойындар «Бақыт шеңбері» талқылауға арналған апталық кездесулер, «1.2.3» жобасы, «Hexagon» басқарма ойыны «Dixit», «Book Dingo», «Book Bingo», «альбом жасау» және «Bibliosumerki», «Кітапты табу» сияқты жобалар мен танымдық ойындар жүзеге асырылады.
2015 жылдың 2 ақпанында «TIMELESS» оқырман клубы ашылған болатын, оқырман клубы әлі күнге дейін өз қызметін атқарып келеді. Оқырман клубының ашылу салтанатында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасы бойынша көрініс қойылды. Бұл іс-шара кітапханадан оранжерея бекетіне дейін Ұлы Жібек жолын, қазақтың тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеген болатын.
Сонымен қатар клуб мүшелері мен көшбасшылары Наурыз мерекесі мен Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар өткізді. Клубтың ашылуына дейін олар дөңгелек үстел ұйымдастып, ұзақ уақыт бойы клубтың мақсаттары мен міндеттері жөніндегі регламенттерді әзірлеп және клубтың ұраны, клубтың атрибутикасын сатып алу жөнінде пікір алмасты. Осылайша, әр дүйсенбі және бейсенбі 16.00-17.30 қатысушылары кітаптар оқып талқылады, зияткерлік ойындар ұйымдастырды.
«Reading Time» жобасын жүзеге асыру барысында 20 минуттық үзілісте И.А.Крыловтың шығармасы бойынша шаңырақ арасында сайыс өткізілді. Әр шаңырақ шығарма бойынша көрініс көрсетіп, ең үздік презентацияларын қорғады. Сондай-ақ әр шаңырақ оқылған кітап жайлы мысалы, «Ләйлі-Мәжнүн», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Махаббат қызық мол жылдар», «Балалық шаққа саяхат», «Удивительный волшебник из страны Оз», «Ромео и Джульетта» атты шығармалары бойынша бейнебаяндар, шағын көрініс көрсетіп оқырмандардың қызығушылығын оятты.
Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар өтті, онлайн-викториналар, ребус ойындары, шығарма бойынша көріністер соның ішінде «Leadership» тақырыбында оқушылар әр ғасырдың атақты көшбасшыларын, саясаткерлерін үш тілде талқылады. (Н.А.Назарбаев, А.Линкольн, Чингисхан, С.Джобс, Б.Гейтс және т.б.). Оқырмандар клуб отырысында оқушылар Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» шығармасын оқып, фото-альбом құрастырды, басты кейіпкерді өз бетінше суреттеді.
Қазақ тілі кафедрасының мұғалімі, оқырмандар клубының үйлестірушісі Самбетова Н.К және кітапханашылар бірігіп мұғалімдер арасында қазақтың жазушысы Оралхан Бөкейдің «Атау-Кере» шығармасы бойынша іс-шара өткіздік. Әр кафедра мұғалімдері презентацияларын қорғап, көріністер қойып, дөңгелек үстел басында талқылады.
Сондай-ақ, «100 книг шагает по Атырау» акциясы бойынша Атырау қаласының ойын-сауық орталықтарында «Тамаша», «Ардагер» жастар арасында кітап оқуды насихаттау барысында оқушылар оқыған шығармалары бойынша көрініс қойып, халықтың назарын аударта білді. Қала тұрғындары ерекше ынтамен ден қойып тыңдап, сол кітапты өздері де оқып шығуға ынталарын білдірді.
Оқушылардың моральдық құндылықтарын дамыту барысында тәлімгерлермен бірігіп, «Үш қайырымды іс» акциясы ұйымдастырылды. Жиналған танымдық-әдеби кітаптар, ойыншықтар Атырау қаласының балалар денсаулығын оңалту орталығына және ата-ана қарауынсыз қалған балалар үйіне жеткізілді
Толығырақ төменде көрсетілген сілтеме арқылы кітапхана жұмысын бақылауға болады: https://www.facebook.com/pages/Library-of-Nazarbaev-Intellectual-School-in-Atyrau/632155540240045
Ақпаратты сауаттылықты дамыту мақсатымен кітапханалық сабақтар өткізу
Қаңтар және ақпан айларының 18.01-04.02.2016 аралығында барлық оқушылар мен мұғалімдер «Кітапхананың ақпараттық ресурстары» атты семинар-тренингке қатысқан болатын. Тренинг барысында Twig-Bilim, EBSCO, Bilimland ресурстары бойынша танысып, сабаққа қалай пайдалану керектігі жайлы мағлұматтар алды. Мұғалімдерге видео материалдарды жүктеуге болатыны және ізденіс жұмыстарымен жеке айналысу мүмкіндіктері ұнады. статистика бойынша электронды ресурсты пайдалану бойынша Атырау бірінші орында тұр.
Қараша айында «Зияткер» деп аталатын ғылыми ізденіс отырысы өтті. Қатысушыларға ғылыми жобаның дамуына «Графикалық органайзер» тренингі ұйымдастырылды. EBSCO дерекқорын өз қажеттіліктеріне пайдаланды.
Кітапхана жұмысын одан ары дамыту мақсатымен 2015 жылдың 14-16 күндер аралығында Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Малайзия мемлекетінің халықаралық сарапшысы кітапхана жұмысының маманы Дилджит Синх мырзаның қатысуымен «Ақпараттық кеңістікте оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытудағы мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбындағы семинары ұйымдастырылды.
2016 жылдың 23-25 ақпан аралығында Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында Оңтүстік Корей мемлекетінің сарапшыларының қатысуымен «Оқушының білім беру жетістіктерін бағалаудың халықаралық PISA бағдарламасы және мектеп кітапханасының міндеттері» атты семинар ұйымдастырылды.
Барлық семинарлар мен курстарда өткен іс-тәжірбиелерді қолдану және жалпы білім беретін мектептерге енгізу жолға қойылған. 2015 жылдың 23 қазан айынан бастап іс-тәжірибие алмасу мақсатымен пилоттық мектептер арасында семинар-тренингтер өткізіле басталды. Тақырыптары: «Заманауи оқырманға-заманауи кітапхана», «Оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының рөлі», «Кәсіби тұрғыда мектеп кітапханасының көрмелерін және картотекаларын қалыптастыру», т.б.
2016 жылдың ақпан айының 4-і күні Атырау облысының Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы Х.Ерғалиев атындағы орта мектепте «Мектеп кітапханасының жұмысын жоспарлау» тақырыбында өткен семинар өтті. Семинарға әр облыстан 20 кітапханашы қатысты.
Басқару есебі және жоспарлау және есеп беру құжаттамасы
Кітап қорын жүйеге тіркеу автоматтандырылған КАБИС жүйесі арқылы жүзеге асады және кітап қорын талдау статистикасы автоматты түрде есепке алынады. Жыл сайын жоспар мен есептер курстан өткен семинарлардың қорытындысының есептері бар жоспарға сай бекітілген іс-шаралар өткізіледі. Кітапхананың әр бұрышында техникалық кауіпсіздік ережелері және өрт қауіпсіздігінің алдын-алу шаралары туралы арнайы нұсқаулықтар бар. Әр айдың соңғы күні санитарлық күн болып есептеледі.
6.3 Психологиялық қызметтің әрекеті
2015-2016 оқу жылында оқу үдерісін психологиялық қолдаудың мақсаты оқушының жеке басын дамыту, олардың табысты оқуы мен тірбиеленуі, шығармашылық потенциалын толықтай жүзеге асыруы, психологиялық денсаулығын сақтау, оқытуды ұйымдастыруда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ортаны құру, және де оқу үдерісіне қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету үшін психологиялық жағдайлар жүйесін құру болып табылады.
Қолдаудың объектілері – оқу үдерісі (оқу-тәрбие үдерісі) болды, политілдік оқу ортасы бар жоғары деңгейлі мектепте қызметтің мәні – әлеммен, қоршаған адамдармен (ересектермен және құрдастарымен), өз-өзімен қарым-қатынас жүйесі ретінде баланы дамыту жағдайлары болып табылды.
Мақсаттармен қатар міндеттер де көп:
Дарынды баланың шығармашылық потенциалын максималды дамытуға көмектесу;
Дамудың, оқудың, әлеуметтенудің өзекті мәселелерін шешуде балаға көмек (қолдау) көрсету: оқудағы қиыншылықтар, оқу және кәсіби жолын таңдаудағы проблемалар, эмоционалдық-еріктік ортаның бұзылуы, құрдастармен, мұғалімдермен, ата-анамен қарым-қатынас проблемалары;
Оқу бағдарламаларының психологиялық қамсыздандырылуы;
Оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдерің психологиялық – педагогикалық біліктілігінің дамуы (психологиялық мәдениет);
Оқушылардың жеке және зияткерлік дамуын қолдау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту, көшбасшы қасиеттерін дамыту қабілеттіліктерін қалыптастыру;
Тез өзгеретін ақпараттық қоғам жағдайында табысты әлеуметтенуде оқушыларға психологиялық көмек көрсету;
Жеке тұлғаны психологиялық – педагогикалық зерттеудің негізінде әрбір оқушыға жеке тәсіл қолдану;
Психологиялық диагностика жүргізу және оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту;
Оқушылардың психологиялық қиыншылықтары мен проблемаларын шешуде психокоррециялық жұмыстарды жүзеге асыру;
Денсаулығына қауіпті мінез-құлық тәуекелдер жайында оқушыларға ақпарат ғана бере қоймай, сау өмірлік стилінің дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туралы идеяға негізделген оқушылардың психологиялық денсаулығын қорғау;
Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбиелік жұмыстың ұтымды тәсілдерін таңдауда ана-аналар мен мұғалімдерге кеңес беру.
Мақсат пен міндерден басқа, психологиялық қызмет оқыту үдерісін психологиялық – педагогикалық қолдаудың инновациялық, үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені біріктіретін моделін жасау мен еңгізу бойынша стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға жағдай жасауына тырысты.
Оқушылар бойынша ститистикалық мәліметтер
2015-2016 оқу жылы аяғында Атырау қ. НЗМ-де 33 сынып бар, 17 сынып қазақ тілінде, 16 сынып орыс тілінде оқытылады. 7-12 сыныптардағы оқушылардың жалпы саны 672.
Кәсіби мәселелерді шешу мен психологиялық қызметтің негізгі мақсаттарына жету үшін осы оқу жылында келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс атқарылды: консультациялық, диагностикалық, түзету-дамытушылық, профилактикалық және ағартушылық, психологиялық – педагогикалық қызметтің келешекке арналған жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік жұмыс.
Психикалық диагностикалық зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыру психологиялық қызмет әрекетінің ажырамас формасы болып табылады; жеке тұлғаның жеке – психологиялық қасиеттерін анықтауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылардың 100% психологиялық диагностикалық зерттеуден өтті, нәтижелері бойынша талдамалы анықтамалар құрылды.
Оқу жылы барысында психологиялық диагностикалық зерттеудің басымдылығы оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтау болды. Өткен жылмен салыстырғанда диагностикалық жұмысты азайту мақсатында және Ситуациялық орталығының ұсыныстарына сәйкес қолданылған әдістердің саны едәуір азайды.
Өзіміздің тәжірибемізде зерттеудің келесі әдістері қолданылды:
№
|
Атауы
|
Жүргізу мақсаты
|
1
|
«тіршілік етпейтін жануар» М.З. Дукаревич
7 сынып.
|
Диагностика оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтауға, үрей деңгейін, ұжымда бейімділік дәрежесін зерттеуге мүмкіншілік берді. Әдістеме оқушылардың қоршаған әлеммен, жеке алғанда, нақты адамдармен қарым-қатынас айналасына қатысты мәліметтерді алуға мүмкіншілік етті.
|
2
|
Айзенка сауалнамасы EPQ,
Тұлғаның мінезтану ерекшеліктерінің жедел қорытындысы Т.В.Матолина (Айзенка бойынша темперамент секілді түрлендірілген сауалнама) 7 – 12 сыныптар.
|
Статистикалық талдаудың көрсетуі бойынша оқушылар арасында ең көп кездесетін темперамент – холерик (қызба қанды) – 41,4 %; сангвиник (пысық) – 30 %; меланхолик (уайымшыл) – 13,6 %; флегматик (енжар) – 14,8 %.
|
3
|
«Үй. Тал. Адам» 7 сынып.
|
Диагностика оқушылар тұлғасының аффективті (қызба) айналасы, оның қажеттіліктері туралы жорамалдауға мүмкіншілік етті.
|
4
|
«Жаңбыр астындағы адам»
7 сынып.
|
Адамның бейімделу мүмкіншіліктерін анықтау және әртүрлі күйзелісті жағдайлардың әсерлеріне тұрақтылығы.
|
5
|
Диагностикалық кесінді 16 PF Кеттел (105 сұрақ)
7-12 сыныптар.
|
Мақсат: 16 фактор бойынша тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін бағалау. Диагностикаға қатысқан әрбір оқушыға жеке талдау жасалды, сыналатын тұлғаға профиль құрылды.
|
6
|
Шмишек сауалнамасы.
7-12 сыныптар.
|
Осы әдістеме мінез-құлықтың акцентуациясын анықтауға көмектесті.
Мәліметтерді талдау сұралғандардың жалпы саны арасында мінез-құлық акцентуациясы бойынша орташа көрсеткіштерді анықтауға мүмкіншілік етті:
Әрбір критерийлер бойынша барлық сандық көрсеткіштер орта мағына шамасында жатыр, бұл акцентуация фонының «бір қалыпты» екенін дәлелдейді.
|
7
|
Дж. Холландтың тұлғаның кәсіби бағытталуының типтері 9 кл.
|
Кәсіби бейімділіктің типтерін анықтау
|
8
|
Сауалнамалар
|
«тарих пәнінің берілуі сапасы»
«математика пәнінің берілуі сапасы»
«мен қарайтын Интернет – парақшалар»
«сабақ уақытында тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру тәжірибесі»
«маған әсер еткен 5 кітап»
«ұсынылатын тамақтың сапасымен қанағаттанушылық»
«медициналық көмекпен қанағаттанушылық»
«жыл оқушысы»
Мектеп оқушыларының ВКонтакте әлеуметтік желісіне кіруін мониторингтеу. Оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету мақсатында оқушылар (кураторлар, психологтар) тіркелген әлеуметтік желілердің мониторингісі жүргізілді.
|
Алынған нәтижелерге сәйкес пән мұғалімдеріне, кураторларға психиканың жеке өзіндік қасиеттерін ескеріп оқушылармен жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді және де оқушылардың бейімделуін бақылау картасы, оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жеке бағыт картасы толтырылды.
Оқушылардың анықталған ерекшеліктерінің негізінде және қызметтің жоспарланған әрекетінің негізінде оқу жылы барысында түзетушілік және дамытушылық жұмыс атқарылды, дамытушылық қызметке көп мән берілді.
7-сынып оқушыларымен жұмыстың негізгі міндеті – бейімделу, ІЖБ тапсыруға дайындығы болып табылады. 7-сынып оқушыларының бейімделу үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау тобының қатысушылары анықталды. Осы топтың құрамына 16 адамнан тұратын бүкіл кураторлық ұжым, мектеп жаңындағы жатақхана тәрбиешілері (9 адам), және психологиялық қызмет (3 адам) кірді. Топтың құрамы мектеп директорымен 2015 жылдың 3 қыркүйегінде бекітілді. Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау тобы өз алдына келесі міндеттерді қойды: оқу-тәрбиелеу үдерісі аясында жаңа келген оқушылардың бейімделу үдерісін бақылау, бейімсізденудің алдын алу бойынша шаралар ұйымдастыру, оқушыларда пайда болған қиыншылықтарды шешу жолдарын табу. Бұған қоса, бейімделу үдерісін қолдау мақсатымен жаңа келген оқушылардың жас ерекшеліктерін еске отырып бейімделу тренингтерінің бағдарламалары дайындалды. Әрбір 7-ші сыныппен (қазақ тіліндегі 4 сынып, орыс тіліндегі 4 сынып) жұмыстың сағат саны 8 академиялық сағатын құрады, мақсаты – оқудың жаңа жағдайларына оқушының бейімделуі. Міндеттері: сыныптастардың бір-бірімен танысуы; оқушылар қатарын нығайту; өзінің жаңа позициясын, ролін ұғыну; жаңа оқу ортасына көшуге қатысты теріс эмоцияларды анықтап алу; жаңа оқу мәнмәтінінде өзіне деген жауапкершілікті қалыптастыру. Бейімделу тренингтеріне қатысушылар топта қойылған міндеттерді сындарлы шешуге дайындығы мен біліктілігін көрсетті. Ұжымда жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуге қызығушылық танытатын көшбасшылар анықталды, міндетке жетуде командалық шешім қабылдау жағдайында оқушылардың көпшілігі әртүрлі рөлдерді атқаруға дайындығын көрсетті. Осы тренингтерді оқушылар оңды қабылдады, белсенді қатысып, әр жаңа нәрсеге ашық, жұмысқа тез кірісті. Бірақ, осыған қарамастан, тәртіп пен уақытты сақтауда қиыншылықтар кездесті. Жағымды жағы тренингтерді өткізуді ұйымдастыру болды (сабақтар кестеге қойылды).
8,9-сынып оқушыларының ортасында, алдымен, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, аутоагрессияның алдын алу мақсатында эмоциялық ақылды дамытуға негізгі көңіл бөлінді. Өз сезімдерін қадағалау, біліктілігіне, өз эмоциясына саналы әсер ету қабілеттілігін, өз сезімдерін анықтап, олар қандай болса да қабылдау біліктілігін, басқа адамдармен тиімді араласу біліктілігін, басқалардың сезімдерін анықтау және түсіну, өзін басқа адамның орнына қою, ниетін білдіру қабілеттілігін қалыптастыру бойынша сабақтар қатары жүргізілді. Тренингтер барысында командалық жұмыс жағдайында эмоциялардың бейберекеттігі байқалды, егер қойылған мақсат жеке бас үшін маңызды деп саналмаса, оқушылар оны орындамайды, бірақ, осыған қарамастан, тренингке қатысушылардың басым көпшілігі игілік, конструктивті қарым-қатынас, бірге уайымдау, ынтымақтастық сияқты маңызды ерекшеліктерді көрсетті. 2016-2017 оқу жылында осы бағытта жұмысты жалғастыру керек деп санаймыз.
Дамытушылық және түзетушілік қызметте ерекше орын 10, 12-сыныптарға бөлінген. Оларды қолдаудың мәні – кәсіптік бағдар және КХЕК тапсыруға психологиялық дайындығы болды.
Осы бағыттар аясында құндылықтық-мәндік және жеке өз тағдырын өзі шешу, өз өмірлік құндылықтарын, мүмкіншіліктерін ұғыну қабілеттілігін дамыту, жасөспірімдердің аутоагрессиялық мінез-құлығының алдын алу мәселелері қарастырылды. Жұмыстың осындай түрлері өз іс-әрекетін жоспарлауда қиыншылықтар сезінетін және талаптары өз мүмкіншіліктеріне сай келмейтін оқушылар бар екенін көрсетті. Тренинг соңында оқушыларға жеке консультациялар жүргізіліп, ұсыныстар берілді.
Мектеп оқушылары арасында тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуды қолдау мақсатында кураторларға оқушылар ұжымы арасында «Жасырын досым» науқанын өткізу ұсынылды. Талдау көрсеткендей, оқушылар бұл әрекетке сүйсініп кірісті. Осы науқанға келесі оқу жылында бірлесу мен жетістік сезімін дамыту, оқыту үдерісіне барлық қатысушылардың ынтымақтастық дағдысын белсендендіру мақсатымен пәндік мұғалімдерді де тарту керек.
Тренингтерден басқа тәрбие жұмысы ретінде 9-12-сынып оқушылары үшін А.Нығыманов және Д.Сейтқалиевпен бірлесіп, оқушылар арасында тілектестік қарым-қатынас қалыптастыру, өз ойын айту мен дәйектеу біліктіліктерін дамыту мақсатымен «Біздің өмірдегі шынайы достық», «Достық пен махаббат» ток-шоулары өткізілді. Осы шаралар жоғары сынып оқушылары үшін аса қызық болды, өйткені ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынастың, және де құрдастар арасындағы достық қарым-қатынастың этика мәселелері қозғалды. Біздің ойымызша, шаралар сәтті өтті, және келесі оқу жылына жұмысты жоспарлау кезінде жұмыстың осы түрін ескеріп қолдану керек деп есептейміз.
9-сынып оқушылары үшін өзін-өзі тану мұғалімдерімен бірлескен «Менің қалам» жобасын жүргізу дәстүрге айналды. «Менің қалам» жобасы Оңтүстік Корея мектептерінің тәжірибесіне негізделген. Мақсаты: жасөспірімдердің кәсіби өз тағдырын өзі шешуде қолдау көрсету, шығармашылықты, сыни ойлауды дамыту. Қорытындысы ретінде оқушылар жобаларын дайындады. Оқушылар өз әлеуметтік типіне орай қалалардың макеттерін жобалап құрастырды, құрдастар алдында ұсынды, белсенділік танытты, командада жұмыс істеу қабілеттілігін көрсетті.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерінің көрсеткіштері журналдарда (жеке консультациялар журналы, топтық жұмыстың есеп журналы) тіркеледі, психодиагностикалық әдістемелердің талдаулары сандық және сапалық көрсеткіштері көрсетілген талдау анықтамаларында көрсетіледі, белгіленген номенклатураға сәйкес параллель бойынша бумаларда сақталады.
Кәсіби біліктілікті жоғарылату бойынша педагогикалық ұжымды психологиялық – педагогикалық қолдау аясында дәрістер мен коучингтер ретінде шаралар ұйымдастырылды.
№
|
Атауы
|
Қысқаша мазмұны, қатысушылар
|
1
|
«Зияткерлік мектепте оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жағдайларына оқушылардың бейімделуі қыр-сырының аспектілері».
|
Бұл семинар мектеп кураторларымен, мектеп жаңындағы жатақхана тәрбиешілерімен, қосымша оқыту педагогтарымен, көмекшілермен бірге өткізілді. Бейімделу және бейімсіздену түсініктері, олардың белгілері анықталды, оқушы ұжымдарда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді.
|
2
|
«Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы: белгілер, көмек көрсету».
|
Бұл семинар мектеп кураторларымен, мектеп жаңындағы жатақхана тәрбиешілерімен, қосымша оқыту педаготарымен, ЖПЖЖ мұғалімдердің әдістемелік кеңесімен, дене шынықтыру, биология, информатика, өнер мұғалімдерімен бірге өткізілді. Тақырып бойынша ақпарат берілді, оқыту мен тәрбиелеу барысында өте қиын жағдай орнағанда мектеп қызметкерлерінің әрекет етуі бойынша ескертпелер берілді.
|
3
|
С.Краймер «Менің өз-өзімді өлтіруіме дейінгі 50 күн».
Кітапты зерттеу бойынша жобалық топты құру
|
С. Краймердің «Менің өз-өзімді өлтіруіме дейінгі 50 күн» кітабының танымалды болғандығымен, және де жасөспірімдер психикасына теріс әсер беру жағдайларына байланысты 8 адамнан тұратын жобалық топ құрылды. Мақсаты: оқушылар мен ата-аналар арасында кітапты дұрыс түсіну және талқылау бойынша шаралар дайындау. Жобалық топтың мүшелері семинар жүргізді, семинар барысында жасөспірімдер психикасына осы кітап әсерінің қыр-сырлары қарастырылды, педагогтар оның әйгілігінің феноменін анықтады, ата-аналар үшін «Балаға кітапты қалай дұрыс таңдау керек?», және де оқушылар үшін «Дұрыс кітап» ұсыныстары дайындалды. Осы ұсыныстар жиналыстарда ата-аналарға, мектеп оқушыларына кураторлық сағаттарда ұсынылды.
|
4
|
Тимбилдинг.
|
Ұжымның біртұтас командалық рухын қалыптастыру мақсатымен дене шынықтыру мұғалімдерімен тимбилдинг жүргізілді, оған мектептің бүкіл ӘБ-рі қатысты.
|
5
|
«Мектептің 1-сынып оқушыларымен психологиялық қызмет жұмысының инновациялық моделі» тақырыбындағы пилоттық мектептердің психологтары үшін семинар-тренинг
|
Мақсаты: мектептің 1-сынып оқушыларымен психологиялық қызмет жұмысының инновациялық моделін еңгізу
Міндеттер:
- қатысушылардың жұмыс тәсілдерімен танысуы; балалармен, ата-аналармен, мұғалімдермен жұмыс жасау кезінде кәсіби мәселелерді шешу үшін психотехникаларды жүргізу; жұмыста тәжірибелік әдістер мен техникаларды меңгеру;
- оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту диагностикалық әдісімен таныстыру;
- Атырау қ. пилоттық мектептерінің педагог-психологтарының кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылату.
|
Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін арттыру бойынша іс-әрекетті жүзеге асыру толықтай атқарылған деп санамаймыз, өйткені жоспарланған шаралардың кейбіреулері жүргізілмеді. 2016-2017 оқу жылындағы жұмыстың басты мәселелерінің бірі мектеп педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру бойынша қызметті жандандыру.
Оқу жылы барысында оқушылардың бейімделуі, әлеуметтенуі және өз-өзіне қол жұмсау қауіптілігі мәселелері бойынша келесі тақырыптарда ата-аналар жиналыстары жүргізілді:
7-сынып – «Зияткерлік мектепке оқушылардың бейімделуінің және әлеуметтенуінің психологиялық аспектілері»;
8, 9-сыныптар – «Зияткерлік мектеп оқушыларының жасөспірімдік кезінің психологиялық аспектілері»;
10-сыныптар – «КХЭК-ке дайындық және тапсыру кезіндегі жасөспірімнің емтихан алдындағы жағдайының психологиялық аспектілері»;
12-сыныптар – «Бітіру емтихандарына дайындық және тапсыру кезіндегі жасөспірімнің емтихан алдындағы жағдайының психологиялық аспектілері».
Ата – аналар жиналысының басты мақсаты оқушылардың аутоагрессиялық жүріс-тұрысының алдын алу, мектеп өміріндегі оқушы бойында болуы мүмкін проблемалары жайында ата-аналарға ақпарат беру, маңызды психологиялық проблемалар анықталған жағдайда ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету болып табылады. Осындай жиналыстар әрбір сыныпта бөлек жүргізілген.
Жиналыс аяқталған кезінде ата-аналардан алынған рефлексия ұсынылған тақырыптар өзекті және дер кезінде болғандығын көрсетті, ата-аналардың көпшілігі психология жағынан сауатты екен, кейбіреулері өз баласымен консруктивті сұхбатты жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
Жүргізілген жұмысты талдай отырып, өткізілген жиналыстар сапасына әсер еткен келесі мәселелерді анықтадық:
жалпы ата-аналардың 25,6% келмеді, ата-аналардың 100% қамти алмадық, ата-аналар кешікті;
тайм-менеджмент, жиналыстың «мағынасы» ата-аналарды толғандыратын басқа да тақырыптарға қайта-қайта ауыса берді;
жиналыстың бейнетаспаларын көрген кезде, аудиториядан алшақтауымыз, презентацияға тәуелділігіміз секілді өзіміздің кемшіліктерімізді анықтадық
Осындай кездесулерді келешекте жоспарлау кезінде аудиториямен диалог құрып, жаңа тәсілдер мен әдістерді пайдалану арқылы ата-аналардың назары мен белсенділігін жандандыру үшін жұмыс құру қажет.
Жұмыстың маңызды түрлерінің бірі – кеңес беру. Кеңес беру жеке және топта жүргізілді, кеңес беру есеп журналы толтырылды. Кеңес беру үдерісі, әдеттегідей, екі кезеңде өтеді: алғашқы кеңес беру барысында негізгі мәліметтер жиналады және проблема анықталады; қайталап кеңес беру – диагностикалық әдістер арқылы аса объективті ақпарат алу, проблема бойынша алдағы жұмыстың жоспарын анықтау; бұдан басқа, баламен қарым-қатынас ерекшеліктері, жас ерекшеліктері бойынша ата-аналарға ұсыныстар беріледі. Қайталап кеңес беру тек бөлек кездесулермен шектеліп ғана қомай, кейбір кездерде жүйелі түрде өтті. Бұл кезде жұмыстың динамикасы талқыланып, ұсыныстар нақтыланды.
Өткен жылы, жалпы алғанда, 192 кеңес беру жүргізілді (алғашқы кеңес беру және қайталап кеңес беру)
Психологиялық қызметке жүгінгендер санының өсу серпіні байқалады, бірақ ол өте төмен. Клиенттердің кеңес алу қалаулары (өткен оқу жылмен салыстырғанда) бұрынғыша жоғары емес, кеңес алулардың басым көпшілігі тек бір рет жүргізілді.
Негізгі мақсаттармен қатар, Ситуациялық орталықтың тапсырмасы бойынша психологиялық қызмет келесі бағдарламаларды дайындады:
Оқушыларды жеке психологиялық – педагогикалық қолдаудың бағдарламасын дайындау, алдын алу бойынша осы бағдарлама жасөспірім тұлғасын жеке психологиялық – педагогикалық түзетуге бағытталған, әлеуметтік профилактикалық шаралар кешенін құрайды. Бағдарлама көрсетілген мезгілде СО-қа ұсынылды.
Әлеуметтік қауіп тобындағы балаларды психологиялық – әлеуметтік қолдау бағдарламалары. Осы бағдарламаның мақсаты: қиыншылықтардың әртүрлерін алдын алуға, жеңілдетуге немесе жеңуге, психикалық және психологиялық саулықты, және Зияткерлік мектеп оқушыларының оқу қызығушылықтарын қолдауға бағытталған арнайы шаралар жүйесін ұйымдастыру. Бағдарлама көрсетілген мезгілде СО-қа ұсынылды.
«Германиядағы білім берудің психологиялық қызмет әрекетінің қолданбалы аспекттері» (Дюссельдорф қ.) тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарының негізінде Зияткерлік мектептің оқыту үдерісін психологиялық – педагогикалық қолдаудың тұжымдамасын дайындау. Тұжырымдама көрсетілген мезгілде СО-қа ұсынылды.
Зияткерлік мектеп оқушысының әлеуметтік – психологиялық мәртебесі карточкасын дайындау.
6.4 Медициналық қызмет жұмысы
Жылдың соңында мектепте оқитын балалар саны 676 бала болды.Оның ішінде 182 оқушы мектеп бітірген түлектер.
Жыл бойы барлық балалар профилактикалық тексеруден өтті.
Тексеру нәтижесінде денсаулықтарына байланысты балалар төмендегідей топтарға бөлінді:
|
Барлық балалар
|
1-топ
денсаулығы жақсы балалар
|
2-топ
кейбір морфофукнционалды ауытқулары бар балалар
|
3-топ
компенсация сатысындағы созылмалы патологиясы бар балалар
|
4-топ
субкомпенсацииуп сатысындағы созылмалы патологиясы бар балалар
|
2015-16ж
|
675
|
266-39,4%
|
364-54%
|
44-6,5%
|
1-0,1%
|
2014-15ж
|
698
|
221-31,7%
|
370-53%
|
106-15,1%
|
1-0,2%
|
Денсаулығына байланысты балалар дене шынықтыру топтары бойынша мынандай топқа бөлінген:
|
Балалар
саны
|
Негізгі
топ
|
Дайындық
тобы
|
Арнайы
топ
|
2015-16ж
|
675
|
630
|
29
|
16
|
2014-15ж
|
698
|
666
|
16
|
16
|
2015-16 оқу жылында дене шынықтыру сабағынан ВКК анықтамасы арқылы 16 бала босатылды. 2014-15 оқу жылында да 16 бала босатылған. Биылғы босатылған балалардың ішінде 5 оқушы бұрыннан анықтамалы бар балалар. Қалғаны биыл босатылған балалар: оның ішінде 4 оқушы жарақат алғанына және ота жасалуына байланысты дене шынықтыру сабағынан босатылды, 5 оқушы көз ауруына байланысты босатылған, оның ішінде 3-і биыл келген 7-ші сынып оқушылары және 2 оқушы невролог дәрігерінен анықтама әкеліп дене шынықтыру сабағынан босатылып отыр.
Оқу жылының барысында емдеу-профилактикалық жұмыстары келесі жүргізілді: профилактикалық тексерулер, профилактикалық егулер, амбулаториялық көмек, санитарлық ағарту жұмыстары.
Профилактикалық тексерулер. 2016жылдың ақпан мен наурыз айларында №1 аумақтық емханалық дәрігерлерінің қатысуымен профилактикалық тексерулер жүргізілді. Профилактикалық тексерудің нәтижесі кестеде көрсетілген.
|
2015-2016 оқу жылы
|
2014 -2015 оқу жылы
|
|
Қаралуға жататын
балалар
|
Қаралған
балалар
|
Алғаш рет
анықталған
|
Қаралуға
жататын
балалар
|
Қаралған
балалар
|
Алғаш рет
анықталған
|
Хирург
|
336
|
336
|
-
|
436
|
436-100%
|
2-0,5%
|
Окулист
|
515
|
515
|
13-2,5%
|
620
|
620-100%
|
86-13,9%
|
Невропотолог
|
336
|
336
|
-
|
436
|
-
|
-
|
Эндокринолог
|
257
|
257
|
5-1,9%
|
357
|
357-100%
|
10-2,8%
|
Психолог
|
260
|
260
|
-
|
255
|
-
|
-
|
Стоматолог
|
675
|
675
|
62-9%
|
698
|
698-100%
|
30-4,3%
|
Педиатр
|
675
|
675
|
6-0,8%
|
698
|
698-100%
|
14-2%
|
Лор
|
336
|
336
|
-
|
436
|
260-60%
|
-
|
Бірінші орында стоматологиялық патология тұр. Биылғы жылы келген оқушылардың арасында санацияны, яғни тістерін емдетуді қажет ететін балалар саны басым. Егер 7-сынып оқушылары арасында салыстыратын болсақ, 2015-2016 оқу жылында 39%-ды құрайды, алдыңғы жылы 36,5% болған.Басқа сынып оқушыларының арасында емделуге тиіс балалар санының пайыздық деңгейі бір қалыпты. Оның үстіне балалар тістерін емдетуге құлықсыз.
Екінші орында көз ауруларымен ауыратын оқушылар тұр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда жаңадан анықталған миопия ауруымен ауыратын балалар саны азайған. Бұл көру режимінің дұрыс сақталуын білдіреді. Дегенмен, оқушылар арасында әлі де көз ауруымен ауыратын оқушылар көпшілік. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қаназдық ауруы бар балалар саны да азайған. Оған балалардың дұрыс тамақтануы да себеп болды деп есептейміз. Профилактикалық жұмыстарын әрі қарай жалғастыру қажет.
Диспансеризация. Оқу жылы басында диспансерлік есепте 272 бала тұрды. Жыл ішінде бірінші рет есепке алынған – 23 бала,есептен шыққан –202 бала, оқу жылы аяғында диспансерлік есепте 93 бала қалды.
Аурулар атауы
|
Саны
|
Қан және қанайналым жолдарындағы аурулар
|
13
|
Несеп-жыныс жүйесі аурулары
|
3
|
Тыныс алу жолдарының аурулары
|
1
|
Ас қорыту жүйесінің аурулары
|
7
|
Эндокриндік жүйе аурулары
|
7
|
Орташа миопия
|
37
|
Жоғары миопия
|
12
|
Тірек-қимыл жүйесі аурулары
|
7
|
Тері аурулары
|
1
|
Аллергиялық аурулар
|
2
|
Жүйке аурулары
|
3
|
Мүгедек бала – 1. Ол – Беккалиев Бекнур, 9В сыныбының оқушысы. Диагнозы Көз аномалиясы, Ретинит Коатса, Орта глаукома.
Егу жұмысы. 2015-2016 оқу жылында жоспардан тыс қазан айында қызылша ауруына қарсы екпе жасалынды, жыл бойы жоспарлы түрде 16 жасқа толған балаларға жасалатын АДС-М (дифтерия-сіріспе анатоксиндер) вакцинасы жасалынды. Екпе алудан бас тартқан оқушылар жоқ. Егуден кейінгі асқынулар болған жоқ. Манту сынамасы жасалынды, оның ішінде 12 бала бірінші рет оң нәтижелі болып, тексерілуден өтті. Химиопрофилактикалық ем ешкімге берілген жоқ. 15-16 жас аралығындағы балалар флюротексеруден өтті. 397 бала тексерілді, барлығының дендері сау.
Емдеу жұмыстары. Күнделікті көмек сұрап келген оқушылар дәрігерлік қараудан өтеді. Күніне шамамен 10-15 оқушыға дейін қаралады. Респираторлық вирусты инфекциялар көтерілуі кезінде шағымданушылардың саны көбейеді. Жалпы тыныс алу жолдарының сыркаттануымен келеді. Жыл бойына жалпы сырқаттанушылар саны 323 оқушы. Оның ішінде:
Аурулар
|
Саны
|
% пайызы
|
ӨРА-ЖРВИ
|
188
|
58
|
Мұрын куыс
|
16
|
5
|
Асқазан-қуыс аурулары
|
15
|
4,6
|
Хирургиялық патология
|
12
|
3,7
|
Жүйке-жүйесі аурулары
|
17
|
5,3
|
Жарақаттар
|
9
|
2,8
|
Көз аурулары
|
19
|
5,9
|
Тіс аурулары
|
19
|
5,9
|
Инфекциялық аурулар
|
9
|
2,8
|
Соматикалық аурулар
|
19
|
5,9
|
Тіс дәрігері амбулаториялық көмек көрсетеді.Тіс дәрігерінің профилактикалық тексеру барысындағы нәтижесі:
Қаралғаны
|
Қалыпты
|
Бұрын санация болған
|
Оңалту
санациясы
|
675
|
151
|
277
|
244
|
2016 жылдың қаңтар мен мамыр айлары аралығында тіс дәрігерінде 98 бала ем алды, олардың ішінде бірінші рет анықталғандар 48 бала, пломба 40 балаға қойылды. Толығымен санация болған 11 бала.
Санитарлық-ағарту жұмыстары. Осы жыл ішінде ата-аналар мен оқушылар арасында қызылша ауруы, оны болдырмау жолдары туралы кенестер берілді. Оқушылар арасында жарақаттанудың алдын-алу, жеке гигиена туралы, зиянды қылықтарға жол бермеуге қатысты лекциялар өтті. Тұмаудың алдын-алу тақырыбына диктант өткізілді. Туберкулез ауруы, дұрыс тамақтану, қызылша ауруы, гриптен өзіңді қорға атты, ауыз қуысын тазалау жөнінде, лас қолмен тарайтын аурулар жөнінде денсаулық бұрышында ақпараттар дайындалды. Мұгалімдерге алғашқы көмек көрсету жөнінде инструктаж өткізілді.
«Тәні саудың,жаны сау!» ұранымен денсаулық аптасы өткізілді. Таңғы жиын алдында оқушылар мен педагогтер өз салмағын өлшеп, қан қысымын анықтап, салауатты өмір салты бойынша ақпарат алып, брошюралармен танысты. 2-ші күні мектеп оранжереясында оқушылар алғашқы көмек көрсету алгоритмін үйренді. 3-ші күн дұрыс тамақтануға арналды . Оқушылар және мұғалімдер қойылған сұрақтарға жауап беріп, дұрыс тамақтану туралы білімдерін көрсетті, тамақтану туралы мақал айтты. Ал түскі үзіліс кезінде балалармен көз гимнастикасын қайталадық. 4-ші күн мектептің тіс дәрігерлері тіс күтіміне байланысты кеңестер және треннинг ұйымдастырды. Осы күні 10, 12-сынып қыздары дәрігер-гинекологпен кездесті. 5-ші күні кәсіптік бағдар беру мақсатында медициналық мамандық таңдаған 12-сынып оқушыларымен дәрігер ата-аналарымен кездесу өткізілді. 6-ші күні балалардың өтініші бойынша қайтадан "Денсаулық" тақырыбына сұрақ-викторина ұйымдастырылды. Денсаулық апталығы қызықты әрі пайдалы өтті. Оқушылар белсене қатысты және өз денсаулығын сақтау, оның алдын алу жөнінде қосымша білім алды.
Гигиена және санитарлық бақылау. Күнделікті мектеп, жатақхана және асхананың санитарлық жағдайы тексеріледі. Жууға арналған заттар мен зарасыздандыру құралдары жеткілікті. Мектептің жарығы мен температуралық жағдайы қадағалануда. Санитарлық нормаларды бұзылушылық болған жоқ. Су режимі мектепте сақталған. Су жеткілікті.
Тамақтандыруды ұйымдастыру және дұрыс тамақтануды қадағалау. Тамақтану – бала ағзасына маңызды әсер ететін тіршілік ету ортасының негізгі факторларының бірі. Тиімді тамақтану ағзаны оңтайлы физиологиялық қалыпта ұстауға, иммунитеттің көтерілуіне және қоршаған ортаның жағымсыз факторларына ағзаның төзімділігін арттыруға , көптеген аурулардың алдын алуға негіз болады.
Мектеп оқушысының оқу үлгерімімен денсаулығының жағдайы дұрыс және сапалы тамақтануына тікелей байланысты. Мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру – Қазақстан Республикасында өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтаудың маңызды шартарының бірі .
Оқушылар мектепте 3 мезгіл тамақтанады , жатаханада орналасқан 132 оқушы 5 мезгіл тамақтанады.
Оқушыларға ұйымдастырылған тамақтанудың санитарлық талаптарға сай болуын, тамақтың сапасын, дұрыс дайындалуын, нормасын қадағалау мақсатында мектеп жанынан бракераж комиссиясы құрылды.
Комиссия құрамында; директордың қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, жатахана меңгерушісі, мектеп дәрігері, диетсестра, ата- аналар комитетінің мүшелері, аға куратор, жатахана тәрбиешісі бар.
Қазақстан Республикасы халқының салауатты тамақтануынының стратегиялық маңыздылығы Қазақстан Президентінің «Қазақстан 2030» «Қазақстан халқының денсаулығы, білім алуы мен әл-ауқаты» жолдауын басшылыққа ала отырып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жүйелі – әрекеттік тәсілді іске асырудың мақсатында жасалған.
Оқу жылының басында бекітілген бракераж комиссия мүшелерінің жоспары бойынша төмендегідей шара өткізілді.
Таблица. Бракераж коммиссиясының іс-әрекет жоспары.
№
|
Өткізілетін шаралар
|
мерзімі
|
орындаушылар
|
1.
|
Асхананың дайындық жағдайын тексеру
|
Қыркүйек,қаңтар,
|
Директордың ҚШ жөніндегі орынбасары, Комиссия төрағасы, медицина қызметкері
|
2.
|
Мектеп асханасының санитарлық жағдайын қадағалау.
|
Күнделікті.
|
Медицина қызметкері
|
3.
|
Тамақтану кестесінің сақталуы
|
Күнделікті
|
Бракераж комиссия мүшелері
|
4.
|
Қоймаға әкелінген тамақ өнімдерінің жарамдылығын, сақталуын қадағалау.
|
Айына 2 рет
|
Бракера комиссия мүшелері
|
5.
|
Ас мәзірінің орындалуын қадағалау
|
Күнделікті
|
Бракераж комиссия мүшелері
|
6.
|
Дайын өнімнің сапасын қадағалау
|
Күнделікті
|
Диетсестра
|
7.
|
Асхананың санитарлық жағдайын және асхана қызметкерлерінің денсаулығын қадағалау
|
Күнделікті
|
Медицина қызметкері
|
8.
|
Берілетін дайын өнімнің сапасы мен мөлшерін қадағалау
|
Жыл бойына
|
Бракераж комиссия мүшелері
|
9.
|
Оқушылармен тамақтың сапасы, дәмі, мөлшері туралы сауалнама өткізу
|
24.09.2015 ж.
25.10.2015 ж
17.02.2016 ж.
09.03.2016 ж
11.05.2016 ж.
|
Бракераж комиссия мүшелері, кураторлар, психологтар.
|
10.
|
Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану негіздері жөнінде ағарту жұмыстары
|
Тәрбие жөніндегі орынбасары.
|
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, кураторлар
|
Сауалнама қортындысы бойынша оқушылар ас мәзірінен кисель, қарақұмық ботқасын, рассольник сорпасын алып тастауларымызды сұрады. Сондықтан аптасына берілетін кисельді азайтып, 2 аптада 1 рет берілетін етті. Рассольник сорпасы мен қарақұмық ботқасының адам ағзасына пайдасының мол екенділігі ескертіліп, сол күйінде қалдырылды.
Медицина қызметкерлері күнделікті тағамдардың ағзаға пайдасы туралы оқушылармен сұхбаттасады. Мектепте денсаулық апталығы өтіп, 1 күн дұрыс тамақтану күніне берілді. Оқушылар тағамдардың , көкөністердің , жеміс жидектердің пайдасы туралы сұрақтарға дұрыс жауап беріп, дәрумендер мен көкөністер қабылдады.
Мектеп асханасының жағдайы санитарлық талаптарға сай болуын және дайын тағамның сапасын, мөлшерін қадағалап отыру медицина қызметкерлеріне жүктелген.
Бекітілген жоспар бойынша ата-аналар комитеттінің мүшелерімен біріге қоймаға әкелінген шикі өнімнің сақталуын, дайын өнімнің сапасы мен мөлшерінің ас мәзірі бойынша берілгендігі, асхананың санитарлық жағдайы, асхана қызметкерлерінің арнайы киімдері тексерілді. Тексеріс қортындысына хаттамалар толтырылды.
2015-2016 оқу жылында асхана жұмысы қанағаттандырарлық деп бағаланды.
6.5. Медиа қызмет
Облыстағы зияткерлік мектептің оң имджін қалыптастыруда, ата-аналар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуда мектеп баспасөз қызметінің орны ерекше.
Осыған орай, өткен 2015-2016 оқу жылында Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жөнінде жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында 40-тан астам бейнематериалдар, 30-дан астам әртүрлі мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда: робототехникадан жүлделі орын алған 12-сынып оқушысы Р. Мұстажап («Бүгін жексенбі» бағдарламасы), қарбыз суынан ыдыс жуғыш сұйықтық ойлап тапқан 10-сынып оқушысы К. Қалиолла («Kaznews» жаңалықтары) және ІІІ медиа-форум аясында 9-сынып оқушысы А. Қадыржанова («Таңшолпан» бағдарламасы) «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфирінде болды.
Кесте. 2015-2016 оқу жылының медиа
қызметінің статистикасы
2015-2016 оқу жылында БАҚ-да шыққан материалдардың стастистикасы
|
Теледидарда
|
Радиода
|
Мерізімді басылымдарда
|
Ғаламтор беттерінде
|
Мектеп сайтында
|
42 материал
(олардың 4-і мектеп басшыларымен сұхбаттар, 38-і мектеп өмірінен бейнематериалдар)
|
3 материал
(олардың 1-і директор орынбасарының 7-сыныпқа оқушыларды қабылдау жөніндегі конкурстық іріктеу жөнінде, 2-і конкурстық іріктеу жөніндегі хабарламалар)
|
31 мақала
(24 мақала республикалық «Білімді Ел» басылымында жарық көрсе, 7 мақала жергілікті басылымдарда жарияланған)
|
50 жазба
(«фейсбук», «вконтакте» әлеуметтік желілеріндегі қысқаша жазбалар)
|
3 материал
(барлығы 3 мақала)
|
Сонымен қатар 37 материал жергілікті «Қазақстан Атырау» телеарнасының эфирінде көрсетілді. Олардың арасында мектеп басшысы және оның орынбасарларымен тікелей эфирдегі сұхбаттар, таңғы бағдарламаға арналған танымдық және имдждік телесюжеттер. Оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен өткен сұхбаттар, хабарландырулар және жаңалықтар эфирінде көрсетілген материалдар бар.
Ал радиоға келетін болсақ, «Қазақстан Атырау» облыстық радиосының эфирінде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ж.Сапановтың қатысуымен оқушыларды 7-сыныпқа қабылдау үшін конкурстық іріктеу жөніндегі радиохабар эфирге шықты. Ал қалалық (коммерциялық) «Love radio» толқынында 1 ай көлемінде күніне 6 рет (3 рет қазақ тілінде және 3 рет орыс тілінде) оқушыларды 7-сыныпқа қабылдау үшін конкурстық іріктеу жөнінде (ресми хат арқылы ақпараттық қолдау көрсету жөніндегі көмек негізінде) аудиороликтер тегін эфирге берілді.
Оқушыларды 7-сыныпқа қабылдау үшін конкурстық іріктеу туралы хабарландырулар «Қазақстан Атырау» телерадио арналарында да екі апта бойы берілді. Ақпараттық қолдаудың нәтижесінде конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлердің саны өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп болғанын байқауға болады.
Мерізімді басылымдарға келсек, 2015-2016 оқу жылында барлығы 31 мақала шыққан. Олардың арасында 21 мақала республикалық, саяси-қоғамдық «Білімді Ел» газетінде жарияланса, «Үш тұғырлы тіл» жөніндегі директордың 1 мақаласы «Қазақстан Zaman» газетіне шықты. 10-ға жуық материалдардың арасында мектеп оқушыларының жетістіктері, мектеп ұстаздарымен сұхбаттар және әртүрлі деңгейдегі хабарландырулар жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде басылып шыққан.
Бүгінгі таңда, қоғаммен етене жақын қарым-қатынас орнатуға және лезде ақпараттарды таратуға, танымал әлеуметтік желілер өз септігін тигізіп келеді.
2015-2016 оқу жылы барысында әлеуметтік желілердегі мектептің ресми парақшаларында 50-ден астам шағын хабарламалар мен фото суреттер жарияланды. Олардың арасында мектепшілік шаралар туралы ақпараттар, хабарландырулар мен әртүрлі бейнематериалдарға «бөлісулер» енген. Ресми парақшаларға қосылушылар саны бүгін де артып келеді. Фейсбуктегі парақшада қазір 4 000-ның үстінде қолданушылар тіркелген. Олардың басым көпшілігі ата-аналар мен оқушылар, өзге мектеп ұстаздары мен жәй ғаламтор қолданушылары бар.
Мектебіміздің ресми парақшалары: facebook, vkontakte, instagram және youtube сайттарында жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда YouTube-тегі ресми арнамызда 178 бейнематериал болса, оған 608 қолданушы тұрақты көрермендер ретінде тіркелген.
Қорыта келгенде, мектеп медиа қызметінің жұмысы өткен 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда жақсы көрсеткіштерге жеткенін байқауға болады.
Өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі мен жергілікті және бірқатар республикалық БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас жаңа деңгейге жетті. Тілшілердің мектеп өміріне деген қызығушылықтары артып, оқу орнындағы жетістіктерді жариялаудағы ұстанымдары тұрақталып келеді. Осы орайда Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығы тарапынан тапқан қолдауға сәйкес облыстық арнамен жүзеге асып отырған жұмыстарға жоғары баға беруге болады. Күннен күнге түсірілімдік топтың материалдары сапалы, ақпараттық мазмұны нақты әрі эфирге берілген материалдарды кейін көшіру мүмкіндіктеріне қолжетімділік артып келеді. Жаңа 2016-2017 оқу жылында да БАҚ-да жариялымдарды көбейту және тілшілермен жұмыстарды нығайту өз жалғасын таппақ.
ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
7.1. Мектептің материалды-техникалық базасының ахуалын талдау
Мектептің жобалық қуаты 720 орынға есептелген. Атырау қаласындағы «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» 2016 жылдың 01 маусымына 676 баланы құрады. Жаңа 2016-2017 оқу жылының 1 кыркүйек айына 650 оқушы жоспарланып отыр.
Мектептің материалды-техникалық базасы:
Мектеп ғимараты – үш қабатты
Салынған жылы - 2013
Жалпы ауданы - 20194,6 м2
Проектілік күші - 720 оқушы
Трансформаторлық подстанция – 96,4 м2
Салынған жылы - 2013
Жер бөлігінің жалпы ауданы – 6,0000 га.
2016 жылға мектептің жылдық таза бюджеті 1 251 628 614,00 тенге, олардың ішінде Білім грантына – 1 127 465 454,00 тенге, Білім грантына (жатақханада тұру) 124 163 160,00 тенге жоспарланған.
2016 жылдың 5 айлық есебінде кіріс бөлігін орындау барысында келген қаржы 382 623 530,27 тенгені құрады, жоспар бойынша 563 807 005,00 тенге қаралған, немесе 67,86 % игерілді. Шығыс бөлігінің орындалуы 370 734 519,69 тенгені құрады, , жоспар бойынша 498 521 930,50 тенге, немесе орындалуы 74,37%. Шығыс бөлігінің орындалмау себебі – өндіріс қызметкерлерінің ассистенттер вакансиясының көпшілігі, мамыр айының еңбек акы қаржысы маусым айында берілуі себепті, сонымен бірге жабдықтаушылар міндеттерінің мерзімінен ауытқып екінші жартыжылдыққа өтуі; сондай-ақ қызмет көрсету және мектеп заттары бойынша өткізілген тендерден үнемдеу. Мектептің материалдық-техникалық базасының дамуы мектеп басшылығының үнемі назарынан тыс қалмайды. Бұл – сапалы оқу-тәрбие үдерісн жүргізу үшін жасалатын мектеп өміріндегі негізгі бағыт. 2015 жыл барысында және 2016 жылдың 5 айында 34 мұғалім мен 25 қызметкерге 3 441 094 682,27 тенге және 1 691 962,00 тенге еңбек ақы үнемінен қаржылық көмек көрсетіліп мектеп басшылығының қамқоршылығына ие болды.
Мектептің сыртқы шекарасы темір дуалмен қоршалған, көгалдандырылған: әр түрлі гүлдер мен теректер отырғызылған. Мектептің жер үлесінде демалыс аймағы, спорттық аймақ, шаруашылық аймақтары бөлінген.
Спорттық аймақта спорттық жабдықтар, спорт алаңы, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, теннис корты, жүгіру жолы жасақталған. Шаруашылық аймақ мектептен алысырақ орналасқан. Қатты тұрмыс қалдықтарын жинау үшін 3 контейнерлі алаң жасақталған. Мектеп аумағында сыртқы жарық пен бейне бақылау орнатылған. Мектеп ғимаратының сыртқы шекарасы бойына шамдар орнатылған. Мектеп ғимараты жоспарға сай атқаратын функциясына байланысты негізгі тұрғын жайларға бөлінеді: тұрғылықты, жалпы тәрбиелік бағытқа, медициналық қыметке, шаруашылық, басшылық, тұрмыстық, тамақ бөлігі және кір жуатын бөлім. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін мектепте 60 пән кабинеті, спорт зал, акт залы, кітапхана, психолог бөлмесі, музыка-ырғақ сабағы кабинеті, компьютерлік сынып, ақпараттық ресурс орталығы, дәрігер кабинеті, емдеу бөлмесі, 2 кереуетпен күндізгі изолятор, 132 жатын бөлмесі, жаттығу залы жұмыс жасайды.
Таблица. Оқу үдерісінде пайдаланылатын аудандар.
Атауы:
|
Жалпы ауданы
|
Мектеп бойынша жалпы ауданы, олардан:
|
18273,92
|
Сынып бөлмелері мен зертханалар
|
4291,50
|
Спорт, жаттыу залдары
|
1093,13
|
Кітапхана, кітап сақтайтын орын, медиатека
|
263,88
|
Акт залы, жарық түсіруші, сахна, грим бөлмесі
|
442,47
|
Емдеу бөлмелері
|
158,57
|
Оранжерея
|
175,30
|
Шешінетін орын
|
157,34
|
Тамақтанатын зал, тамақ бөлімі
|
540,37
|
Атауы:
|
Жалпы ауданы
|
Мектеп жатақханасының жалпы ауданы, олардан:
|
1920,68
|
Жатын бөлмелер
|
604,65
|
Педиатр бөлмесі
|
19,60
|
Изолятор, емдеу бөлмесі
|
35,11
|
Демалыс бөлмесі, сабақ дайындау және кісі қабылдау бөлмелері
|
84,73
|
Кабинеттерде: оргтехника, компьютерлер, ТСО, әдістемелік әдебиет, оқулықтар, көркем әдебиет, анықтамалықтар, сөздіктер, көрнекі құралдар, үлестірмелі материалдар бар. 60 оқу кабинеті, 2 спорт зал, акт залы паспортталған. Мектептің материалдық-техникалық базасы үнемі толықтырылып отырады.
7.2. Мектеп аймағын көркейту, көгалдандыру мен тазалық жумыстарын талдау
Мектепке ауданы 6,0 га. жер көлемі мерзімсіз пайдалануға тіркелген. Жер көлемінің бар аумағы дұрыс жағдайда, жер көлемі мен жақын орналасқан аймақ тұрақты түрде жиналады. Спорт алаңын қоршайтын дуал алынды. Бетон іргетасы бар дуал баскетбол және волейбол алаңдарының сырқы шекарасы бойымен 4 метр биіктікте орнатылған. Сонымен қатар, мектеп аумағында монтаждалған контейнерлі типті санузелді модулді ғимарат, мөлшері 4*2,4 м. автоматты өшіріліп, қосылатын жарық жүйесі бар. Спорт алаңына жолжиек тастар төселген.
Осы оқу жылының сәуір айында жазғы суару жүйесі іске қосылып, көгалдандыру жұмыстары екінші деңгейлі жұмыс жасап, жыл сайын отырғызылатын гүлдер көпжылдық гүлдерге ауыстырылып, наурыз-мамыр айларында 700 райхан гүлі, 1500 қызғалдақ, 350 үлкен жапырақты қызыл гүл отырғызылды. Мектептің демалыс аймағына 2017 жылдың көктем айларында ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
7.3. Жабдықтар, техникалық құралдар және жиһаздардың тиімді пайдаланылуын талдау
Мектепте оргтехника мен оқу техникалық заттары тиімді қолданылады. Жиһаз мақсатты бағытта пайдаланылады. Барлық оқу кабинеттерінде интерактивті тақта, компьютер, ноутбуктар, мұғалімнің жұмыс орны, көрнекі құралдарға арналған шкафтар, стол мен оқушы отырғыштары, маркерлік тақта бар.
Кабинет меңгерушілері еңбек демалысынан жұмысқа шыққанға дейін мектеп әкімшілігінен құралған комиссия кабинеттердегі жиһаздар мен құрылғылардың, дәрі-дәрмек жабдықтарының толықтығы мен қандай күйде екендігін тексереді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының кестесіне сай және жаңа 2016-2017 оқу жылына дайындық жүргізу мақсатында кабинеттер мен дәліздерді, баспалдақ алаңдарын әктеу және парталар мен отырғыштарды сырлау жұмыстары жүргізіледі.
Жұмсақ жиһаздарды өңдеу, кілемдерді тазарту жұмыстары бойынша қызмет көрсетуші мекемелер тендер жүйесімен анықталды.
Сонымен қатар 2015-2016 оқу жылының іс-әрекет жоспарында техникалық базаны нығайту бойынша белгіленген кейбір орындалмай қалған жұмыстар да бар. 2016 жылдың Бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2 серверлік бөлмелердің кафелдендірілуі мен тұмшалануы, мектеп кітапханасының шыныдан жасалған төбесіне (атриум) күннен қорғайтын құрылғылар орнату басқа мерзімге шегерілді.
7.4. 2014-2015 оқу жылының мүлікті түгендеу жұмысының қорытындысы
Мектепте НҚ және МЕА, ТМҚ бойынша түгендеу жұмыстары 2014 жылғы 29.10. №46-ОД бұйрыққа сәйкес 2015 жылы 1-20 қараша аралығында жүргізілді. ОС № 1,2,3,4,5 2015 жылдың 1 қарашасы бойынша түгендеу жалпы сомасы – 3 441 094 682, 27 теңге және НҚ (кітаптар және әдебиет) – 33 797 033,60 теңге және МЕА бойынша түгендеу жалпы сомасы - 4 056 6749 тенге және ТМҚ бойынша – 56 430 500,28 тенгені құрады. Келесі түгендеу 01.11.2016 жылға жоспарланды.
Достарыңызбен бөлісу: |