Және жұлдызды қонақүйлерге арналған ванна бөлмесі жоқ екі орындық бөлменің ең аз көлемі 14 шаршы метр болу керек



Дата07.02.2022
өлшемі12,52 Kb.
#85644
Байланысты:
Документ Microsoft Word


3 және 4 жұлдызды қонақүйлерге арналған ванна бөлмесі жоқ екі орындық бөлменің ең аз көлемі — 14 шаршы метр болу керек. 3 және 4 жұлдызды санатындағы қонақ үйлердегі төсек-орын мен сүлгілерді ауыстыру күн сайын және қонақ кеткеннен кейін жасалуы керек. Кереуеттің ең аз ені — бір кісілік 90 см, Екі кісілік-180 см болуы тиіс. 3 жұлдызды және одан жоғары санаттағы қонақ үйлерге арналған матрастың қалыңдығы кемінде 10 см орнатылады. Бөлмеде төсектің керек-жарақтары - 2 төсек, төсеніші бар жастық, матрасқап, көрпе, төсек жапқыш болуы тиіс. 3 жұлдызды қонақ үйлерде - халықаралық асхана мейрамханасы, 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейтін кофе-бар, нөмірлерде тәулік бойы қызмет көрсету іске асырылуы қажет. 4 жұлдызды және одан жоғары қонақ үйлерде екіден көп мейрамхана, оның ішінде ұлттық тағамдар, тәулік бойы кофе-бар және бөлмелерде қызмет көрсету болуы тиіс. 3 жұлдызды және одан жоғары санаттағы қонақ үйлерде міндетті түрде персоналға арналған, ерлер мен әйелдерге арналған, жақсы жарықтандырылған, екі қабатты кереуеттері және желдеткіші бар демалыс бөлмесі, сондай-ақ кілтке жабылатын бөлме және тамақтануға арналған жеке бөлме көзделеді. Барлық санаттағы қонақ үйлерде қызметкерлер үшін толық бойлы айнасы, сабын диспенсері және қол кептіргіші бар дәретхана көзделеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет