Конкурстық құжаттама Жалпы ережелер


Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар



бет8/84
Дата21.10.2022
өлшемі330,86 Kb.
#154276
түріКонкурс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84
Байланысты:
107-comp-doc-kaz-dop.-10-02-2021-15-08-44

8. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары бойынша күтілетін нәтижелерге қойылатын талаптар



  1. Стратегиялық маңызы бар мемлекеттік мәселелерді шешу мақсатында бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет барысында алынған және (немесе) кез келген ақпарат тасығышта тіркелген жаңа шешімдер (жаңа технологиялар, эксперименталдық және тәжірибелік үлгілер, жаңа тақырыптық және басқа карталар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері, жаңа технологиялар немесе технологиялық схемалар, жаңа материалдар, препараттар, биопрепараттар, вакциналар, ұсынымдар, нормативтік техникалық құжаттама, зияткерлік меншігіне қорғалатын құжаттар, селекциялық жетістіктер, стандарттар және т.б.) түрінде ұсынылуы тиіс.

  2. ЖТН қаржыландыру туралы мәтіндегі басқа отандық бағдарламалар мен жобалардың ішінде бірінші болып тұратын бір мақала және/немесе шолу, оның ішінде патент, монография, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі бір ғана бағдарлама үшін есептеледі.

  3. Бағдарлама барысында және (немесе) аяқталғаннан кейін алынған ғылыми жұмысты, зерттеу нәтижелерін (мақалалар, шолулар, қорғау құжаттары, оның ішінде патенттер, монографиялар, конференция материалдары, форумдар мен симпозиумдар материалдары, оқу құралдары және т.б.) жариялау кезінде, авторлар бағдарламаның ЖТН және қаржыландыру көзін көрсете отырып (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі), алынған нысаналы қаржыландыруға міндетті түрде сілтеме жасауы тиіс. Ағылшын тіліндегі басылымдарда қаржыландыру туралы мәтін мынадай болуы тиіс: «This research has been/was/is funded by the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan (BR00000000)», мұндағы BR00000000 – жобаның ЖТН.

  4. Өтінім берушінің және (немесе) бағдарлама басшысының келісімін талап етпестен ЖТН, мақұлданған бағдарламаның және өтінім берушінің атауын, бағдарлама басшысының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), өтінімнің аннотациясын, күтілетін нәтижелерді және бағдарламаны іске асырудың әрбір жылы үшін алынған нәтижелердің аннотациясын (баспа және (немесе) электрондық нысанда) жариялау құқығы ҰМҒТСО беріледі.

  5. Өтініш берушінің және/немесе автордың келісімі талап етілмей, бағдарлама аннотацияларын және ол бойынша ғылыми есепті (баспа және/немесе электрондық нысанда) жариялау құқығы ҰМҒТСО беріледі.

  6. Нәтижелер туралы ақпаратты тарату, оларды енгізу және коммерцияландыру ықтималдығын арттыру үшін әрбір жоба үшін ұйымның немесе зертхананың сайтында (не жеке сайт) веб-бет құрылуы тиіс, онда жоба туралы қысқаша ақпарат көрсетілуі тиіс: өзектілігі, мақсаты, күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері, зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні және олардың сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері, жарияланымдар тізімі (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат. Веб-беттегі (немесе сайтта) ақпарат үнемі жаңартылуы тиіс (жылына кемінде 1 рет).

  7. Жоба шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен ҰМҒТСО міндетті түрде мемлекеттік есепке алуға жатады.

  8. Зерттеу тобының мүшелері іске асырылатын бағдарлама шеңберінде қажет болған жағдайда халықаралық конференцияларға қатыса алады немесе жетекші шетелдік ғылыми орталықтар мен ұйымдарда, немесе шетелдік ғылыми зертханаларда шетелдік ғылыми тағылымдамадан өте алады.

  9. Ғылыми зерттеулердің басқа нәтижелері стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында жаңа шешімдер түрінде ұсынылады және кез келген ақпараттық жеткізгіште тіркелуге тиіс: жаңа технологиялар мен әдістемелер, заңнама жобалары, ғылыми - техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, географиялық карталар мен ГАЖ, бағдарламалық қамтамасыз ету, жаңа материалдар, үлгілер, жүйелердің, техникалық құрылғылардың, құралдардың және т. б. прототиптері, пайдалы қазбалар мен жерасты сулары кен орындарының перспективалы алаңдары және/немесе учаскелері, сондай-ақ ерекше қорғалатын аумақтар, ұсынымдар, оқу материалдары.

  10. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарымен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған шарт Конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет