2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Жайылымдарды қалпына келтіру мен ұтымды пайдаланудың жаңа технологияларын жасау (жайылым ресурстарын пайдалану)» ғылыми – зерттеу жұмысына арналған № 19 Техникалық тапсырма
1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі – бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Жайылымдарды қалпына келтіру мен ұтымды пайдаланудың жаңа технологияларын жасау (жайылым ресурстарын пайдалану).
2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Әр түрлі табиғи-климаттық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жайылымдардың деградациялық аймақтарының жасыл өнімділігінің 1,5 есеге дейін арттыра отырып (топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсарту) жақсартудың тиімді схемаларын әзірлеу керек.
2.1.1.2. Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары жағдайында алыс жайылымдарды ұйымдастыру және пайдалану бойынша ғылыми негіздеу (геоботаника, тапшылықты есептеу, азықтық артықтығы және т.б.), жайылымдарды пайдалану әдістерін (суару және т.б.) керек.
2.1.1.3. Қазақстанның орманды-жазық дала, жазық дала, жартылай шөл және шөлейт аймақтарындағы шабындықтар мен жайылымдарды жер үсті және түбегейлі жақсарту үшін ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.
2.1.1.4. Қазақстанның орманды жазық дала, жазық дала, жартылай шөл және шөлейт аймақтарында біржылдық және көпжылдық мал азықтық дақылдардан толық жем өндіруге арналған шабындық-жайылымдық конвейер құру керек.
2.1.1.5. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында өнімділікті арттыруға және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған ГИС технологияларын қолдана отырып жайылым ресурстарын тұрақты басқару үшін жайылымдарды ұтымды пайдаланудың негізгі элементтерін ғылыми негіздеу керек.
2.1.1.6. Жер үсті және жер асты сулары қорларын тиімді пайдалану негізінде көп компонентті жоғары өнімді жайылымдық жерлерді құруындағы ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.
2.1.1.7. Гео-ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жайылымдық мал шаруашылығын игеріп дамыту үшін қордағы жерлердің топырақтық-ақпараттық жүйесін құру керек.
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Әр түрлі табиғи-климаттық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жайылымдардың деградациялық аймақтарының жасыл өнімділігінің 1,5 есеге дейін арттыра отырып (топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсарту) жақсартудың тиімді схемаларын әзірлеу керек.
4.1.1.2. Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары жағдайында алыс жайылымдарды ұйымдастыру және пайдалану бойынша ғылыми негіздеу (геоботаника, тапшылықты есептеу, азықтық артықтығы және т.б.), жайылымдарды пайдалану әдістерін (суару және т.б.) керек.
4.1.1.3. Қазақстанның орманды-жазық дала, жазық дала, жартылай шөл және шөлейт аймақтарындағы шабындықтар мен жайылымдарды жер үсті және түбегейлі жақсарту үшін ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.4. Қазақстанның орманды жазық дала, жазық дала, жартылай шөл және шөлейт аймақтарында біржылдық және көпжылдық мал азықтық дақылдардан толық жем өндіруге арналған шабындық-жайылымдық конвейер құру керек.
4.1.1.5. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында өнімділікті арттыруға және табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған ГИС технологияларын қолдана отырып жайылым ресурстарын тұрақты басқару үшін жайылымдарды ұтымды пайдаланудың негізгі элементтерін ғылыми негіздеу керек.
4.1.1.6. Жер үсті және жер асты сулары қорларын тиімді пайдалану негізінде көп компонентті жоғары өнімді жайылымдық жерлерді құруындағы ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу керек.
4.1.1.7. Гео-ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жайылымдық мал шаруашылығын игеріп дамыту үшін қордағы жерлердің топырақтық-ақпараттық жүйесін құру керек.
Әзірлеу және жариялау керек:
- әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жасыл масса шығымдылығын 1,5 есеге дейін арттыра отырып, тозған жайылым учаскелерін жақсартудың тиімді сызбанұсқалары бойынша әдістемелік нұсқаулық;
- Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтары жағдайында шалғайдағы жайылымдарды ұйымдастыру және пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар;
- Қазақстанның орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтарындағы шабындықтар мен жайылымдарды жер үсті және түбегейлі жақсартудың ресурс үнемдеу технологиялары бойынша әдістемелік ұсыным;
- геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, жайылымдық мал шаруашылығын игеру және дамыту үшін қосалқы жерлердің топырақ-ақпараттық жүйесін құру жөніндегі ақпараттық бюллетень.
Жас мамандарды тарту керек, оның ішінде кем дегенде 3 PhD докторант және 8 магистрант.
Нөлдік емес импакт-факторы бар шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда кем дегенде Q3 дәрежедегі 4 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарында кемінде 21 мақала жариялау керек.
4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік әсер. Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жайылымдарды қалпына келтіру мен ұтымды пайдаланудың жаңа ресурстарды үнемдейтін технологияларын дамыту арқылы айтарлықтай экономикалық нәтиже беруге ықпал етуі керек.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері және оны кейіннен өндіріске енгізу, сайып келгенде, мал шаруашылығының барлық өнімдерін өндіруді ұлғайтуға, сәйкесінше агроөнеркәсіптік кешенде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, бұл оң нәтиже береді.
Қоршаған ортаға әсер ету.
Жайылымдарды ұтымды пайдалану, жайылымдарды қалпына келтірудің жаңа ресурстарды үнемдейтін технологияларын жасау және оларды кейін ауыл шаруашылығы жануарларына пайдалану экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
Экологиялық әсер жайылымдардың деградацияланған аймақтарын оқшаулау және топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсарту түрінде де ұсынылатын болады.