1. Жалпы мәліметтер:
1.1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға (бұдан әрі – бағдарлама) арналған мамандандырылған бағыттың атауы: Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.
|
2. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
2.1. Бағдарламаның мақсаты: Биотехнология жетістіктерінің және заманауи зоотехникалық, селекцияның ақпараттық-статистикалық әдістерін пайдалану негізіңде құс шаруашылығында генетикалық ресурстарын селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу және әдіснамасын жетілдіру.
|
2.1.1. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міңдеттерді шешу қажет:
2.1.1.1. Жаңа отандық кросстарды шығару мақсатында суда жүзетін ауыл шаруашылығы құстарының гендік қоры сақталуы және жетілдірілуі.
2.1.1.2. Суда жүзетін құстардың гендік қорын сақтау және жетілдіру жөнінде әдістемелік ұсыным әзірлу.
|
3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың қандай тармақтары шешеді:
«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауы.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы.
|
4. Күтілетін нәтижелер.
4.1. Тікелей нәтижелер.
4.1.1.1. Жаңа отандық кросстарды шығару мақсатында суда жүзетін ауыл шаруашылығы құстарының гендік қоры сақталуы және жетілдірілуі тиіс.
4.1.1.2. Суда жүзетін құстардың гендік қорын сақтау және жетілдіру жөнінде әдістемелік ұсыным әзірленуі тиіс.
Селекциялық жетістікке 2 қорғау құжаты алынуы тиіс, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының 1 патенті;
- Еуразиялық патенттік мекемесінің 1 патенті.
Жас мамандардың тартылуы тиіс, оның ішінде кем дегенде 1 PhD докторант және 2 магистрант.
Нөлдік емес импакт-фактормен шетелдік ғылыми басылымдарда рецензияланатын және Q3 төмен емес кемінде 1 мақала және БҒССҚК ұсынған шетелдік және отандық басылымдарда кемінде 2 жарияланым жариялануы тиіс.
|
4.2. Соңғы нәтижелер.
Экономикалық және әлеуметтік тиімділік.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құс шаруашылығындағы генетикалық әлеуетті арттыру, құс өнімдерін өндіруді ұлғайту арқылы маңызды экономикалық нәтиже беруге ықпал етеді.
Экологиялық әсері.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері құс өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл әлеуметтік әсер етеді. Құс өсірудегі генетикалық ресурстарды сақтау және жақсарту үшін асыл тұқымды процесті тиімді басқару технологияларын әзірлеу нәтижелері құстардың гендік қорын және тұтастай алғанда биоәртүрлілікті сақтау мен толықтыруға оң әсер етеді.
|