Басым және мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы
Басым бағыт | Мамандандырылған ғылыми бағыттар | Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі |
1. Қарқынды технологиялар негізінде мал шаруашылығын дамыту.
|
2. Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
|
3. Қарқынды егіншілік және өсімдік шаруашылығы (дәнді, майлы, дәнді бұршақты, азықтық, жеміс-көкөніс дақылдары).
|
4. Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
|
5. Ауыл шаруашылығы өнімі мен шикізатты өңдеу және сақтау.
|
6. Ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту.
|
7. Ауыл шаруашылығындағы табиғи ресурстарды (жер, жайылым, су) тиімді тұрақты басқару.
|
8. Органикалық ауыл шаруашылығы.
|
9. Ауыл шаруашылығы және технологиялық процестерді механикаландыру.
|
* - «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша ҒТК отырысының 2020 жылғы 10-13 сәуірдегі № 1 хаттамасынан № 9 үзінді
3. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің нысанына және мазмұнына қойылатын талаптар, көлемі және жеке әріптес тарапынан қойылатын салым шарттары
1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім осы Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады. 3 (үш) тілдегі өтінім мәтінінің мазмұны бірдей болуы тиіс. Өтінімде бағдарламаны іске асырудың 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімі туралы ақпарат қамтылуы тиіс.
2. Өтінімнің, ілеспе хаттың және қысқаша сипаттаманың мәтіні анық тұжырымдалған және мынадай параметрлер (нұсқасы 97 және одан жоғары «WORD for WINDOWS» мәтіндік редакторды қолдана отырып) ескеріле отырып, бірыңғай қаріппен басылуы тиіс:
сол жақ шет сызығы - 2,5 см, оң жақ шет сызығы - 1,5 см, колонтитулдар - 2,5 см;
қаріп - өлшемдері № 12 «Times New Roman» (қосымшаларда кішірек, бірақ № 10 көлемінен кем болмайтын қаріп қолданылуы мүмкін);
жоларалық интервал - біржолдық;
абзацтық азат жол (бірінші жолдың азат жолы) - 1,25 см;
тақырып пен мәтін арасындағы, мәтін мен қолтаңба арасындағы интервал – біржолдық жоларалық интервал;
өтінімнің және оның қосымшаларының беттері нөмірленуі тиіс.
Өтінім көлемі А4 форматты 30-50 (отыз-елу) беттен аспауы тиіс.
3. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі мен зерттеу тобы мүшелерінің осы Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі – ҰМҒТСО) ақпараттық жүйесіндегі олардың бейінінде қоса тіркелуі тиіс.
4. Қолданбалы зерттеулер бойынша нысаналы бағдарламаны алуға, ұлттық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы зерттеулер бағдарламаларын (ауылшаруашылық дақылдары мен жануарларының және құстарм мен балықтар тектік қоры, ветеринарлық-санитариялық, фитосанитариялық және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі) қоспағанда, үміткер қатысушы жеке әріптестің бағдарламаларды қажетті ресурстармен, оның ішінде қаржылық ресурстармен ішінара қамтамасыз ете отырып, қатысуын қамтамасыз етеді. Іске асыру мерзімдері мен салым сомасы көрсетілген, еркін нысандағы салым туралы келісім тараптардың ниетін растау болып табылады.
5. Бағдарламаны іске асыру барысында жеке әріптестің салым салуда бас тартқан не тең мәнді ауыстыру болмаған жағдайда, ҰҒК шешімі бойынша жобаны қаржыландыру тоқтатылуы мүмкін.
6. ҰҒК бағдарламаны қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі орындаушымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау туралы шартты бұзады.
7. Уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган ҰҒК шешімі негізінде қаражатты ағымдағы жыл ішінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде бағдарламалар арасында қайта бөлуге жол береді.
8. Бағдарламаға 10-нан кем емес дәйексөз ету индексы (Хирш индексі) бар шетелдік ғалымдар тартылуы мүмкін.
9. Өтінімде коммерциялық құпия болып табылатын, өтінім берушінің авторлық және/немесе өзге де құқықтарына әлеуетті зиян келтіруі мүмкін ақпарат қамтылмауы тиіс.
10. Өтінім академиялық және зерттеу әдебі қағидаттары мен нормаларына сәйкес келуі тиіс.
11. Барлық өтінімдерге қойылатын жалпы талаптар:
- әрбір өтінімде әлемде апрабоциядан өткен, дайын, шаруашылықтарды кеңінен енгізуге және тиімділігін арттыруға бағытталған озық технологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс;
- IT-технологияларды барынша пайдалану;
- Қазақстанның барлық жұмылдырылған әкімшілік аудандарында өтінім шеңберінде ұсынылған технологияларды пайдалану бойынша жыл сайын түсіндіру жұмыстарын (дала күні, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) жүргізу;
- өтінім берілген саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар іске асырудағы табысты және жеткілікті тәжірибесі бар білікті ғылыми қызметкерлер.
Достарыңызбен бөлісу: |