6. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылатын өтінім тілі
1. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған өтінім мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
7. Ғылыми жетекшіге және зерттеу тобына қойылатын біліктілік талаптары,
сондай-ақ өзге де біліктілік және ерекше талаптар
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тең жағдайда қатысуға құқылы.
Қалыптастырылатын нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің бірнеше бағыттарынан тұруы тиіс.
Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама нысаналы бағдарлама аясында нақты мәселелерді шешуге бағытталған бірнеше кіші бағдарламалардан тұруы мүмкін.
Нысаналы бағдарламаны кіші бағдарламаларға бөлу шешілетін мәселелердің ауқымы мен күрделілігіне, сондай-ақ нақты нәтиже алу үшін оларды шешуді ұтымды ұйымдастыру қажеттілігіне негізделеді.
Орындаушылар бағдарламаның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін қамтамасыз етуі тиіс.
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарлама басшысы (бұдан әрі – бағдарлама басшысы) Қазақстан Республикасының резиденті болуы және мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:
- философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі немесе ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) бар болуы. Бұл ретте шетелде алынған дипломдардың баламалылығын тану рәсімінен өту талап етілмейді;
- жоба жетекшісінің ғылыми зерттеу саласы және (немесе) оның ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық жұмыс тәжірибесі ғылыми жобаның бағытына сәйкес келуі тиіс;
- 2015-2020 жылдарда Web of Science дерекқорының квартиліне (Q1, Q2, Q3, Q4) кіретін және (немесе) Scopus базасында Cite Score бойынша кемінде 30 (отыз) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және/немесе шолу болуы тиіс.
4. Жеке тұлғаның мыналарға қатысу құқығы бар:
- ғылыми жетекші ретінде – тек 2 (екі) жобаға, сондай-ақ топ мүшесі ретінде – тек 1 (бір) жобаға;
- ғылыми жетекші ретінде – тек 1 (бір) жобаға, сондай-ақ топ мүшесі ретінде – тек 2 (екі) жобаға;
- ғылыми жетекші болып табылмайтын жобадағы топ мүшесі ретінде 3-тен (үш) аспайтын жобада.
5. Зерттеу тобының 70% мүшесінде жоғарғы және арнайы орта білімі, тиісті салада жұмыс тәжірибесі, отандық және шетелдік рецензияланатын ғылыми басылымдарда мақалалары болуы тиіс.
6. Бағдарлама орындаушыларының кемінде 20%-ы 40 жасқа дейінгі қоса алғанда жас ғалымдар немесе инженерлер, оның ішінде PhD докторанттары, магистранттар болуы тиіс.
7. Конкурстың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйымды айқындауы мүмкін, ол бағдарлама аясында оны сүйемелдеуді және орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Бас ұйым үйлестірілетін ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға жауапты болады.
8. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде күтілетін нәтижелер осы Конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған техникалық тапсырмаға сәйкес шартталуы және негізделуі тиіс.
9. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражаты ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінімде көрсетілген ғылыми зерттеулерді жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға, өтінімнің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Конкурстық өтінімдегі шығыстардың түрлері Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген шығыстардың түрлеріне сәйкес келтірілуі тиіс.
10. Бағдарламаның әлеуетті орындаушыларының жетекшілеріне ғылыми зерттеулерді орындаушылар орындайтын бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудан үйлестіру және/немесе әдістемелік қамтамасыз ету мақсаттарына қаражат ұстауына жол берілмейді.
11. Өтініш беруші заңнамада белгіленген тәртіппен есеп пен есептілік жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |