Конкурстық ҚҰжаттама



бет1/3
Дата25.02.2018
өлшемі433,83 Kb.
#38286
түріКонкурс
  1   2   3
БЕКІТЕМІН

«Текелі қаласының ішкі саясат

бөлімі» ММ басшысы

_______________ Н.Шоханова

2014 жылғы «___» сәуірдегі

№ __ бұйрығы

Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы облысы, Текелі қаласында 2014 жылға әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсқа қатысуға және өтінімдерін әзірлеуге арналған

КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Бұл Конкурстық құжаттама (әрі қарай - Конкурстық құжаттама) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдарына (әрі қарай - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы «Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі» № 1301 Ережесіне сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың Алматы облысы, Текелі қаласында 2014 жылға әлеуметтік маңызды жобаларды орындау қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурсқа қатысуға және өтінімдерін әзірлеуге арналған.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші: «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы және Банкілік реквизиттері: индекс: 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет, код 4561028, ИИК KZ07070103KSN0923000, БИН 111240023338, Текелі қаласының қазынашылық басқармасындағы БИК (МФО) KKMFKZ2A.

Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі: Сүлеймен Мәулен Бағдаулетұлы – «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ жетекші маманы, телефон 8(72835)79101; 44038; 44589(факс); электрондық пошта tekeli_owp@mail.ru

Конкурстық құжаттаманың құны: Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.



1. Жалпы ережелер
1. Осы конкурстық құжаттама мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерді көрсетушілерге байқауға қойылатын талаптар туралы толық мәліметтерді жеткізу мақсатында әзірленген.

2. Ашық конкурс 2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдардың Текелі қаласында әлеуметтік-маңызды жобаларды орындау жөніндегі қызметтерді жеткізіп берушілерді анықтау мақсатында өткізіледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша аталған конкурс үшін бөлінген сома 6252.0 (алты мың екі жүз елу екі) мың теңгені құрайды.


лот




Тауардың (жұмыс, қызмет) аталуы



Әлеуметтік маңызы бар жобаларға бөлінген қаржының соммасы, теңге

1

Текелі қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар өткізу.


3000 мың теңге

2

«Қазақстан жолы-2050:бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында жалпықазақстандық мәдениет пен өнерді дамыту, ұлттық бірлік, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізу.

2000 мың теңге

3

Текелі қаласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мен аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету бойынша кешенді шаралар жүргізу.


1252 мың теңге





Барлығы: 3 лот


6252.0 мың. теңге

Осы конкурстық құжаттамадағы сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі 1-қосымшада көрсетілген.

Конкурс жеңімпазы әр лот бойынша анықталады.

3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:

1) осы конкурстық құжаттаманың 1-қосымшасына сәйкес, сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін;

2) осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық ерекшелігін;

3) осы конкурстық құжаттаманың 3-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;

4) осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметтер көрсету үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына  сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету.

4. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін.


2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық

құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның

ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 2014 жылғы 23 сәуір 13 сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы.

Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет.

6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2014 жылғы 25 сәуір 13 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.

Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы Текелі қаласы әкімдігінің ресми сайтында http://www.tekeli.gov.kz жариялайды.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, мекен-жайы бойынша кездесу өткізеді. Текелі қаласы әкімдігінің ресми сайты http://www.tekeli.gov.kz

8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін Текелі қаласы әкімдігінің ресми сайтында http://www.tekeli.gov.kz жариялайды.


3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы
Конкурсқа қатысуға өтінім
9. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес қызметтер көрсетуге конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.

10. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:

1) әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;

2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:

- заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін растайтын (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік, статистикалық картасы, СТН) нотариалды куәландырылған құжаттарды;

- заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.

- лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуге арналған басқа да құжаттардың көшірмесін;

3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;

- осы конкурстық құжаттаманың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс мәлiметтердi.

4) көрсетiлетiн қызметтердiң тізімін (қатысатын лоттарды көрсете отырып), оның ішінде;

техникалық және сапалық сипаттамалары, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің (техникалық ерекшелiктi);

тауарлардың сандық көрсеткіштері (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);

қызметтерді көрсету орны, уақыты (аралығы) (атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің);

қызметтердi көрсету мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепiлдiгiн.


Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
11. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен және мөрімен куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған түрде) жеке беріледі.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

13. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.

14. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, («Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет), конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетіледі)" және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ: 2014 жылғы 28 сәуір, сағат 15.00.

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі


15. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошталық байланысты пайдалана отырып: 2014 жылғы 28 сәуір 13 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге дейін қоса алғанда «Текелі қаласы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет, өтінімдерді қабылдауға және оларды тіркеуге жауапты Сүлеймен Мәулен Бағдаулетұлына береді.

16. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

17. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

18. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.


Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
19. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

20. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

22. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет мекен-жайы бойынша 2014 жылғы 28 сәуір 15 сағат 00 минутта жүргізеді.

Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Алматы облысы, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, қала әкімдігі аппаратының әкімшілік ғимараты, №26 кабинет мекенжайы бойынша 2014 жылғы 28 сәуір 14 сағат 30 минутта өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

26. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

- конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

- конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

- әлеуетті өнім берушілердің сұрауларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

- конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

- тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

тиісті конверттерді ашу хаттамасын рәсімдейді;

- әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.


5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді

олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне

конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болған жағдайда:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

29. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:

1) әлеуетті өнім берушінің және ол бірлесіп тартатын орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжаттарды ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол бірлесіп тартатын орындаушының біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.

30. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды) егер:

1) ол біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса.

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

31. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

32. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін Текелі қаласы әкімдігінің ресми сайтында http://www.tеkeli.gov.kz орналастырады.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.


6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
33. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

34. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ КОНКУРСЫ (конкурстың атауын көрсету) КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫН 2014 жылғы 5 мамыр сағат 15.00–ге ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.



7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын

конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс

жеңімпазын анықтау
35. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

- конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

- конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

- конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

36. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.

38. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық

баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына – конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

39. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

40. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

41. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.


8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
42. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес және осы конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес үлгi шарт негiзiнде көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.

43. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.

44. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

45. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

46. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

- қажет болған жағдайда мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып

алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        1-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің

тізбесі

Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы облысы, Текелі қаласында 2014 жылға өткізілетін әлеуметтік маңызы бар жобалардың ашық конкурсы




Лот



Тапсырыс
берушінің
атауы

Тауарлардың
(жұмыстың,
қызметтің)
атауы

Өлшем
бірлігі

Саны,
көлемі

Қызметтер
көрсету
мерзімі


Тауарлар
беру, жұмыстарды
орындау,
қызметтер
көрсету
орны

Аванстық
төлем
мөлшері,
%

Конкурс
тәсілімен
мемлекеттік
сатып алу
үшін
бөлінген
сома (N лот
бойынша),
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

Текелі қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған кешенді шаралар өткізу


Қызметтер

1 жоба

2014 жыл II,III,IV тоқсан


Алматы облысы, Текелі қаласы

30%

3000 мың теңге

2

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

«Қазақстан жолы-2050:бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында жалпықазақстандық мәдениет пен өнерді дамыту, ұлттық бірлік, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізу.

Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

II,III,IV тоқсан




Алматы облысы, Текелі қаласы

30%

2000 мың теңге

3

ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ

Текелі қаласындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар мен аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету бойынша кешенді шаралар жүргізу.


Қызметтер

1 жоба

2014 жыл

II,III,IV тоқсан




Алматы облысы, Текелі қаласы

30%

1252 мың теңге

        * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.




«Текелі қаласының ішкі

саясат бөлімі» ММ басшысы Н. Шоханова
М.О.

«__» ________ 2014 жыл



Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша

Сатып алынатын қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет