Конкурстық ҚҰжаттама


Көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапалық және техникалық сипаттамаларында анықталған конкустық өтінім құжаттары жоба ретінде ұсынылып, мынадай мазмұнда болуы қажет



бет2/3
Дата25.02.2018
өлшемі433,83 Kb.
#38286
түріКонкурс
1   2   3

Көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапалық және техникалық сипаттамаларында анықталған конкустық өтінім құжаттары жоба ретінде ұсынылып, мынадай мазмұнда болуы қажет:

1) лот нөмірі және қызметтің толық атауы конкурстық құжаттаманың 1 қосымшасына сәйкес:______________.


2) сатып алынатын қызметтің миссиясына сәйкестгін көрсететін негіздеме (құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйым қызметінің негізгі бағыттары мақсаттары):______________________________________.

3) Ұйымның конкурсқа қатысу мақсаты: ___________________________.


4) Жобаны іске асыру жоспары: _______________________________________________.







Іс-шара (аты мен түрі көрсетілуімен)

Мақсаты

Өткізу мерзімі

Өткізу орны (қала, аудан, кент, қала атауының көрсетілуімен)

Күтілетін нәтижелер (мақсатты топтың және сандық көрсеткіштердің көрсетілуімен)

1

2

3

4

4

5

Ескерту: Жоба аясындағы шара жоспары – шараның Төлқұжаты (өткізілетін орны, өткізу жоспары, қатысушылар саны, қызмет түрінің кезеңдік сипаттамасы, күтілетін нәтиже). Шаралар Текелі қаласының аумағында және жобада көрсетілген мерзімде өткізілуі тиіс.

Әлеуетті өтінім беруші шараларды өткізу тізбесін тапсырыс берушімен келісуі қажет (шараны өткізуден 5 күн мерзім бұрын) және арнайы хат-шақырту жолдайды. Шараны өткізу барысында тапсырыс беруші «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ көрсетуі тиіс.

Өткізілетін шаралар: акциялар, форумдар, фестивальдер, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» мен семинарларға қойылатын талаптар:

Қатысушыларды таратылатын ақпараттық материалдармен толық қамту. Әрі олардың барлығы тапсырыс берушімен келісілген болуы және мынадай мазмұнды қамтуы қажет: шара бағдарламасы, тақырыбы, өткізу орны мен күні, сөз сөйлеушілер тізімі (аты-жөні, лауазымы), қатысушылар тізімі, папка, қаламсап, қойын кітапша, шақырылған БАҚ өкілдерінің тізімі, баспасөз парағы, фото және бейне материалдар;

Әлеуетті өтінім беруші шараны, байқауды өткізу бойынша БАҚ және Текелі қаласы әкімінің ресми сайтында http://www.tеkeli.gov.kz хабарландыру орналастыруы және өткізілгендігі туралы ақпарат беруі қажет.

Өткізілетін шаралар: акциялар, форумдар, фестивальдер, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар өткізілетін орынды тапсырыс беруші «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ көрсете отырып безендіру және шығармашылық есепке тікеуі міндетті болып табылады.

Әлеуетті өтінім беруші Тапсырыс берушіге жоба аясында шығарылған баспа өнімдерін (шығарылымы, ресімдеу, таралымы, мазмұны) және байланыс мәліметтері көрсетілген таратылатын қағаздардың тізімін ұсынуы қажет.



Ескерту: 1-4 тармақтарды міндетті түрде толтыру қажет. Беріліп отырған ақпараттар техникалық сипаттаманың бір бөлігі болып табылады әрі әлеуетті өтінім беруші конкурсқа қатысуға шешім қабылдағанда ескерілуі тиіс. Берілген мәтін көшірілмейді және әлеуетті өтінім беруші ұсынған техникалық сипаттамамен толықтырылмайды.

1. Қызметтер көрсетіледі:

бірнеше кезеңмен:

қызмет көрсету аясын жан-жақты талдаған баяндама (ақпарат, әдістемелік құрал және т.б.);

техникалық тапсырмаға сәйкес және алынған талдау нәтижелерінің негізінде қызмет көрсету;

жоба нәтижесі бойынша шығармашылық есеп дайындап, мемлекеттік мекемелерге ұсынымдар әзірлеу;

Тапсырыс беруші белгілеген мерзімде;

Тапсырыс беруші мақұлдаған шаралар жоспары бойынша;

мемлекеттік және орыс тілінде.


2. Шығындардың жұмсалуы

Жобаны жүзге асыруда мынадай шығындарға жұмсауға болады: салық құны есептелген жобаға қатысушылардың еңбекақысы; кеңсе тауарлары; шара қатысушыларын отырғызатын ғимаратты жалға алу (оны бағасы нарықтағы орташа есептен аспауы тиіс); баспа шығындары; жарнамалық өнім, оның ішінде бейнеөнім әзірлеу; шараның салтанатты ашылуы мен жабылуын материалдық қамтамасыз ету (реквизитті, костюмдер, құралдар, жабдықтар, жарық-дыбыстандырғыштарды жалға алу); сараптаушылардың еңбегіне жалақы төлеу; әдістемелік әдебиеттерді сатып алу; ғимаратты безендіру; марапаттау рәсімдері; көлік қызметі (егер қызметтің бұл түрі шығын сметасында қарастырылса, жөндеу немесе саябақты жаңартудан басқасы); келісімшартпен алынған мамандардың төлемақысы; жобада көрсетілген тамақтану; залды, спорт кешендерін және құрылғыларын жалға алу және т.б. керекті шығындар. Қызметтерге қарастырылған қаражаттар жобаны жүзеге асыруға бағытталған шараларға жұмсалуы тиіс, қаржылық есепте көрсетіліп, қажетті құжаттармен нақытлану керек.

Ескерту: Қаражаттарды қоғамдық бірлестіктер үшін кеңсені жалға алуға, оргтехниканы сатып алуына жұмсауға болмайды.

3. Қаржылық операцияларды жүзеге асыруға қойылатын талаптар

- Қаржылық және шығармашылық есептер Тапсырыс беруші белгілеген Тізбеге сәйкес ұсынылады.



4. Қызмет көрсетуге байланысты барлық әрекеттер Тапсырыс берушімен келісілуі тиіс;

Өнім беруші:



  • Тапсырыс берушіге әр шара бойынша барлық қажетті құжаттарымен қоса келісімшартты орындау барысы туралы ақпарат беріп отыру тиіс, әр шараны өткізген соң 5 жұмыс күні мерзімінде;

  • Тапсырыс берушімен жұмыстың әр кезеңінің аяқталуы бойынша есепті келісуі тиіс;

5. Қызметті көрсету нәтижелері Тапсырыс берушімен келісілген конкурс қорытындысы бойынша қызмет көрсету туралы келісімшартта бекітілген тәртіп пен мерзімде берілуі керек.

Есептілікке қойылатын талаптар: Ұйымның басшысы тапсыры берушіге мынадай есептерді беруі тиіс:



Аралық және қорытынды шығармашылық есеп (қызмет көрсету туралы келісімшарт күшіне енген кезден бастап айына 1 реттен кем емес). Көрсетілген қызмет актісіне қол қоймас бұрын басшы барлық өткізілген шараларды қолданылған әдістер мен технологияларды, туындаған проблемалар мен оны шешу жолдары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктерге арналған нақты ұсынымдар толық сипатталған талдау және шығармашылық есепті дайындайды. Шығармашылық есепте әр шара туралы жеке жазылады. Өнім беруші өткізілген әр шараның есебіне тұжырымдамасын, шараны өткізу бағдарламасын, күн тәртібін, қатысушылар тізімін (аты-жөнін, жұмыс/ оқу орнын, байланыс телефондарын, қолдарымен (100 адамға дейінгі шаралар, флэ-моб, акциялардан басқасында), тренерлердің/ кеңесшілердің/ дәріс берушінің/ модератордың түйіндемесін (семинар, трненинг, кеңес, дәріс, дөңгелек үстел үшін) байланыс ақпаратымен қоса, шара хаттамасын, суреттерін (6 суреттен кем емес, пішімі 10х15см жалпы көрінісі мен баннері түсірілген), баспа және электрондық БАҚ мақаласының көшірмесін, аудио-бейне материалдар, таратылған материалдар үлгісі, баспа-полиграфиялық, имидждік, кәдесый өнімдерінің үлгіс қоса тіркелеу тиіс. Есепке қосымша фото мұрағаты, бейне, аудио және электронды материалдар қоса тіркеледі. Есептер 1 данада, сонымен қатар электрондық нұсақада беріледі.

Аралық және қорытынды қаржылық есеп (қызмет көрсету келісім шартының заңды күшіне ену күнінен бастап кем дегенде айына 1 рет). Аралық қызмет көрсету актісіне қол қояр бұрын, Басшы аралық қаржылық есепті дайындап, тапсыруы қажет. Қаржылық есепке шығындарды растайтын алғашқы құжаттардың (келісім шарттар, есеп шот фактурасы, көрсетілген қызметтер актісі, фискалды чек, төлем тапсырмалары, тауарлы жүк құжаттар және т.б.)анық көрінетін көшірмелерін тігілуі керек. Жоғарыда аталған құжаттар көрсетілген жобаның қаржылық операция тізіміне сәйкес шығындарға байланысты нөмірленуі тиіс. Көрсетілген қаржылық операцияда шығындар атауы және сомасы, көрсетілген төлемдік құжаттағы шығындар атауы мен сомасы қатаң сәйкес келуі керек. Барлық құжаттар ҚР нормативті құқықтық актілерге және заңнамаларға, ережелерге сәйкес рәсімделуі керек.

Шығарылатын баспа-полиграфиялық өнімдерінің үлгісі, мәтіні тапсырыс берушімен келісіліп, тапсырыс берушінің атауы «Текелі қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ көрсетілуі тиіс.

Тұрғындарды жоба іс-шараларымен қамтуды жоспарлау барысында келесі сандық көрсеткіштерді ескеру қажет:



Іс-шара түрі

Қатысушылар саны

Облыстық деңгей

қалалық/аудандық деңгей

конференция

100 адамнан кем емес

80 адамнан кем емес

дөңгелек үстел

40 адамнан кем емес

30 адамнан кем емес

семинар (кеңес)

45 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

Тренинг (шебер-сынып)

25 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

акция

200 адамнан кем емес

100 адамнан кем емес

форум

120 адамнан кем емес

100 адамнан кем емес

флэш-моб

30 адамнан кем емес

20 адамнан кем емес

Шығарылатын әдістемелік құралдар мынадай сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс: (пішімі А-5, көлемі 2 баспа табақтан кем емес, тығыздығы – 115 г, түр-түсі – 4+1, мұқабасы 4+4, тығыздығы 250 г, скоба/термопереплет). Әдістемелік құралдар шара қатысушыларына 1 данадан таратылуы тиіс.
6. Жоба бойынша Өтінім беруші қызмет барысы мен аяқталуы кезінде Тапсырыс берушіге келесідей шығыс құжаттардың ұсынылуын қамтамасыз етуі тиіс:

- аралық шығармашылық және қаржылық есеп;

- қорытыңды шығармашылық және қаржылық есеп;

- жоба бойынша қызмет тематикасына сәйкес анықтамалар, әдістемелік құралдар, ақпараттық материалдар;



- жоба бойынша қызметі туралы барлық шаралардың сипаттамасымен аналитикалық есеп, қазақша және орысша тілдерде, қағаз және электронды түрде;

- өткізілген шаралар бойынша қорытыңды дайджест БАҚ түсті және бөлек нұсқада ұсынылады.

7. Қаржылық операцияны жүзеге асыруға қойылатын талаптар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет