Конрад Аденауэр атындағы Қор


Мемлекеттік басқару сапасының индексі



Pdf көрінісі
бет45/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Мемлекеттік басқару сапасының индексі
(Қазақстан)
Рейтинг 
0-ден 100-ге 
дейін
1. Тұрғын халықтың пікірін ескеру және мемлекеттік 
органдардың есеп беруі
14.22
2. Саяси тұрақтылық және зорлық- зомбылықтың болмауы
34.6
11
https://forbes.kz/process/gonka_reform_1516946644/


87
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: жағдайы және перспективалары

Мемлекеттік басқару сапасының индексі
(Қазақстан)
Рейтинг 
0-ден 100-ге 
дейін
3. Үкімет қызметінің тиімділігі
35.41
4. Заңнаманың сапасы
36.84
5. Заң үстемдігі
30.81
6. Сыбайлас жемқорлықты шектеу
20.1
Жоғарыда аталған рейтингтер Қазақстан Республикасының сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік басқару саласындағы 
үздік әлемдік тәжірибелерді және халықаралық стандарттарды ескере 
отырып, Дүниежүзілік банк өкілдерімен ғана емес, Шығыс Еуропа және 
Орталық Азия бойынша ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желілері, 
ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекетаралық кеңесі, сонымен 
қатар басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы күресуін талап ететін тиімді, жан-жақты және жүйелі, құқықтық 
шараларды ұйымдастыруды өзекті етеді.
Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде және Doing 
Business-2018 рейтингісінде, сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің төменгі 
деңгейдегі мемлекеттік рейтингісінде Қазақстанның беделінің нашар-
лауы аясында бірқатар басқа халықаралық рейтингтерде Қазақстан өз 
позицияларын және көрсеткіштерін жақсартты.
Мәселен, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылдың қорытындысы 
бойынша «Электрондық үкіметті дамытудың индексі» (The UN Global 
E-Government Development Index) бойынша Қазақстан 2017 жылы 33-орын-
нан 28-орынға (193 елден) дейін бес позицияға жақсарды, бұ мемлекеттік 
органдардың есеп беруі мен ашықтығы, кәсіпкерлік субъектілері үшін 
әкімшілік кедергілерді азайту, ақпаратқа қол жеткізу және халыққа қол 
жеткізу құқығын қамтамасыз ету, тұрғын халыққа сапалы мемлекеттік 
қызмет көрсету сияқты көрсеткіштер бойынша мемлекеттік органдар мен 
мемлекеттік органдардың жұмысына оң баға берілді.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Менеджментті дамыту институты-
ның заң үстемдігі индексі тұрғысынан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рей-
тингісінде қазақстандық көрсеткіштерді жақсартудың оң үрдістері де бар.


88
Қазақстан экономикасының трансформациясы
2017 жылы 2017 жылы Қазақстан Менеджментті дамыту институтының 
жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 2016 жылмен салыстырғанда 
(47) 15 позицияға жақсарып, Қазақстан 32 орынды иеленді және Испания 
(34), Польша (38), Италия (44), Түркия (47), тағы да басқа елдерден жоғары тұр.
Бұл рейтингтегі сыбайлас жемқорлық көрсеткіші бойынша, Қазақстан 
2016 жылы 31-орында болса, 2017 жылы 19-орынды иеленіп, айтарлықтай 
прогреске қол жеткізді.
Заң үстемдігі индексі бойынша, Қазақстан әлемнің 113 елінің арасында 
2017 жылы 
0,51 ұпай жинап, 64орынды иеленді, 2016 ж. (73-орын) салы-
стырғанда, 9 позицияға көтерілді. Бұл – посткеңестік кеңістіктегі елдер ара-
сындағы ең үздік көрсеткіш 
(Беларусь (65), Украина (77), Ресей (89) және 
Өзбекстан (91)). Тек Эстония (12) және Грузия (38) рейтингтері бойынша 
Қазақстаннан жоғары.
Мұндай нәтижелерге жетудің маңызды факторларының бірі «Сыбай-
лас жемқорлықтың жоқтығы» индикаторы бойынша 2016 ж. (0,43) салы-
стырғанда 0,02 тармаққа 
(0,45) жақсарту болып табылады.
Сонымен қатар, соңғы үш жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
шараларын қабылдау индексін жетілдіруде шамалы, бірақ жағымды үрдіс 
байқалды.
Атап айтқанда, «Transparency International» халықаралық үкіметтік емес 
ұйымы 
2017 жылы өткізілген зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан 
әлемнің 180 елінің арасында 31 ұпай алып және 22-орынды иеленді, бұл 
2016 жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда, республиканың СЖҚИ-ін 
екі ұпайға және 9-орынға көтерді.
Рейтингтік көрсеткіштің артуы және СЖҚИ-дің 30 ұпайдан асып кетуі 
Қазақстанға әлемдегі ең коррупцияланған елдердің қатарынан шығуға 
мүмкіндік берді, бұл осы рейтингтік зерттеуге қатысудың бүкіл тарихында 
республиканың үздік көрсеткіші болып табылады.
«Transparency International» сарапшыларының пікірінше, СЖҚИ рейтингінде 
негізгі оң өзгерістер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықтың 
алдын алуға бағытталған қосымша құқықтық, ұйымдастырушылық және 
институционалдық шараларды қабылдауы арқылы жүзеге асырылды.


89
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: жағдайы және перспективалары
Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдау тұрғысынан 
жағдайды жақсартудың оң үрдістері «Transparency International сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы 
іс-қимылдың халықаралық барометрі» жаһандық 
сауалнамасының нәтижелерімен дәлелденді, Қазақстан оған 2016 жылы 
екінші рет қатысушысы болды.
Азаматтардың сыбайлас жемқорлықпен кезігуі туралы тікелей тәжіри-
бесі туралы айтатын болсақ, оның деңгейінің 10,9% төмендеуін атап өтуге 
болады. 2016 жылы респонденттердің 29%-ы пара бердік десе, ал 2013 
жылы – 39,9% болған
12
.
«Соңғы төрт жылда жемқорлық деңгейі төмендеді ме?» деген сұраққа: 
2016 жылы респонденттердің 37%-ы өзгеріс жоқ десе, 32%-ы сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрестегі прогресті байқамады, 22% респондент 
шешілген жоқ деп жауап берді. Сонымен бірге 2013 жылы респондент-
тердің тек 19%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте оң өзгерістер 
болғанын айтты
13
.
Бұл көрсеткіштер, әрине қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуына 
мемлекеттің шектеу қойып жатқандығы туралы куәландырады.
Сондай-ақ, 2017 жылы жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулер серия-
лары барысында алынған сыбайлас жемқорлық деңгейінің әлеуметтану-
лық өлшемдерінен алынған мәліметтер қызығушылық тудырады. Олар 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық баяндамаға енгізілген.
Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы төзімсіздікті қалып-
тастыру үдерісіндегі жағымды үрдістерге, сондай-ақ қазақстандық қоғам-
ның елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолдай-
тындығы мен жағымды бағалары туралы куәландырады.
Мысалы, 2017 жылы «ПРЭКО Консалтинг» компаниясы жүргізген «Сыбай-
лас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау» әлеуметтік зерттеулерінің 
нәтижелері бойынша жемқорлыққа теріс қатынасы бар адамдардың саны 
20,7%-ға (2016 жылы 
60,7% болса, 2017 жылы 81%-ға дейін) өссе, орта 
және жоғары деңгейде елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалайтын 
12
Ковалева Н. Адамдар және сыбайлас жемқорлық: Қазақстан (2016 жылғы Әлемдік 
сыбайлас жемқорлық барометрі). // http://tikazakhstan.org/
lyudi-i- korruptsiya- kazahstan-barometr- mirovoj-korruptsii-2016/.
13
Сонда.


90
Қазақстан экономикасының трансформациясы
адамдардың саны (2016 жылы 72,7%-дан 2017 жылы 70,1%-ға дейін) төмен-
деді. Сауалнамаға қатысқандардың 55,5%-ы сыбайлас жемқорлықтың 
төмендеуін қолдауға дайын екендігін мәлімдеді, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 
53,1%-ды құрады. Соңғы екі жылда жалпы алғанда, мемлекеттік органдарда 
сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған азаматтардың үлесі – 18,3% төмендеді.
2017 жылы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу 
орталығы өткізген «Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтiк өлшемі: себе-
птері, формалары, таралу деңгейі» әлеуметтанулық зерттеуінің нәтиже-
лері бойынша, респонденттердің 80% ақша немесе сыйлық берудің қажеті 
жоқ деп мәлімдеді. Сонымен бірге, респонденттердің 83%-ы соңғы он 
жылда әкімшілік реформалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 
артуы сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болды деп жауап берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет