Конрад Аденауэр атындағы Қор


 млн теңге сомасында 276 мемлекеттік грант берілді, кәсіпкерлердің  25



Pdf көрінісі
бет58/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

490 млн теңге сомасында 276 мемлекеттік грант берілді, кәсіпкерлердің 
25 жобасына
12,1 млрд теңге сомасындағы жетіспеген инфрақұрылымы 
жеткізіліп, 74,8 мың жаңа кәсіпкерлер мен әрекет етуші кәсіпкерлер оқу 
бағдарламалары мен қызметтерімен қамтылды.
2017 жылдың соңында бағдарлама қатысушылары 3,5 трлн теңге сомаға 
өнім шығарып, 17,3 мыңнан астам жұмыс орнын ашты, 217 млрд теңге 
сомасында салық төледі.
Сонымен бірге, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қолдау 
көрсететін құралдардан басқа, жұмыссыздарға және өзін-өзі жұмыспен 
қамтыған адамдарға бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап-
пай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» бойынша қолдау шаралары бар.
2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті 
дамыту бағдарламасына» сәйкес 10,1 млрд теңге сомасына жобалар қар-
жыландырылды, мақұлданды және қарастырылуда.
Жергілікті атқарушы органдар бөлінген қосымша қаражатты ескере оты-
рып, 172 бизнес-жоба 967 млн теңгеге банктік кепілдіктер алды. 15 мың 
жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар оқытылды, оның 
ішінде 3 300-ден астам стартаптар қаржыландырылды.
Сонымен бірге Министрлік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 
«Инвестициялар және даму министрлігі», «Атамекен» ҰКП мемлекеттік 
қолдау шаралары бойынша Бірыңғай терезе құру жөніндегі жұмысты 
жүргізіп жатыр.
Келесі маңызды сала «Салалық кедергілерді алып тастау» блогы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика коми-
тетінің мәліметтері бойынша, 2017 жылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорын-
дар саны 1 145 994 бірлікті құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 3,6% артық.
Мемлекеттік қолдау бағдарламасынан басқа, Ұлттық экономика министрлігі 
кәсіпкерлердің жобаларын кейіннен несиелендіру үшін халықаралық 


105
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту
қаржы ұйымдарынан несиелік желілерді тарту (АДБ, ЕҚДБ) бойынша бел-
сенді жұмыс істейді.
Осы жұмыстың шеңберінде 2016–2017 жж. аралығында 186,8 млрд теңге 
тартылды, оның 134,8 млрд теңгесі Азия Даму Банкінен, 52 млрд теңге – 
Еуропалық қайта құру және даму банкінен түскен қаражат.
Тартылған қаражат есебінен 163,1 млрд теңге сомасына 13,5 мың қарыз 
алушы қаржыландырылды, 4 400 астам жұмыс орны ашылды.
Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға 
дейін ұзарту жоспарланып және қосымша жылына кемінде 30 млрд теңге 
қарастыру көзделіп отыр.
Үш жыл ішінде қосымша 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, 
бұл 224 млрд теңге салық түсімі мен 3 триллион теңгеге тауар өндіруді 
қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 2017 
жылға инвесторлармен 367 млрд теңге инвестициялайтын және инвести-
циялық преференцияларды ұсынатын (бұл сандық қатынасында 2016 жылға 
қарағанда 24% артық және 22,7% инвестиция сомасында)
инвестициялық 
жобаларды іске асыруға арналған 42 инвестициялық келісімшарт жасалды.
Инвестициялар құрылымында экономикалық қызметтің басым түрлерінің 
негізгі үлесін «Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау» – 
40%, «Металлургия өнеркәсібі» – 21,5%, «Білім беру» – 9%, «Басқа да металл 
емес минералды өнімдер» – 9%, «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруа-
шылығы, аң аулау және осы салаларда қызмет көрсету» – 5,4% және «Азық-
түлік өнімдері» – 3,8% құрайды.
Өңірлік бөлінісінде инвестициялардың негізгі үлесі Алматы облысына– 
24,5%, Шығыс Қазақстан облысына – 15,1%, Оңтүстік Қазақстан облысына – 
14,5%, Ақтөбе облысына – 8,4%, Қарағанды облысына – 8,4%, Ақмола облы-
сына – 6% келеді.


106
Қазақстан экономикасының трансформациясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет