Конрад Аденауэр атындағы Қор


Көлденең белдеуді өзгерту



Pdf көрінісі
бет82/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Көлденең белдеуді өзгерту
Кейбір сарапшылар атап өткендей, «азаматтық қоғам» ұғымының ресми 
түсіндірмесі әрдайым тым институционалды болды, себебі ол тек тіркел-
ген ұйымдарға ғана бағытталды, алайда олардан басқа жергілікті про-
блемаларды шешуге қатысатын азаматтардың тіркелмеген бастамашыл 
топтары бар. Бірақ мұнда негізгі қарама- қайшылық мемлекеттің әлеу-
меттік, саяси және экономикалық өмірдің барлық ойыншыларын тіркеу 
және лицензиялау тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды азайтуға 
тырысатын азаматтық қоғамның табиғаты арқылы басқаруға деген тал-
пынысымен туындайды. Азаматтық қоғам – тіркеу куәлігі бар кез келген 
мекемелердің қарапайым тіркесі емес. Осымен қатар, ол көптеген тіркел-
меген және бастамашыл топтарды ғана емес, сонымен бірге олардың 
қызметін жалпы белгілі бір құндылықтар мен принциптермен біріктіреді. 
Әлеуметтік желілердің пайда болуымен қатар, осындай топ, соның ішінде 
еріктілер қозғалысы түрінде әлеуметтік қызмет біртіндеп off-line-нан – 
on-line-ға көшті. Бұл жерде туындайтын басты мәселе: «Қазақстандағы 
протоазаматтық қоғамда желілік қауымдастық түрінде дамудың жоғары 
деңгейіне жетіп, біздің көз алдымызда азаматтық белсенділіктің мүлдем 
басқа түрі пайда бола ма, әлде әлеуметтік желілерде протоазаматтық 
қоғамның реинкарнациясын ғана көре аламыз ба?». Екеуі де болуы мүмкін.
Бір жағынан, біздің көз алдымызда әртүрлі мақсаттар мен қатысушылар-
дың құрамы бар әлеуметтік нүктелі жұмылдырудың мүлдем басқа түрлері 
бар. Әлеуметтік желілер Қазақстандағы белгілі бір оқиғаларға белсенді 
түрде жұртшылықпен үндеулері үшін «домино әсерін» жасайды. Амери-
калық саяси ғылымда бұл құбылыс «grass roots» деп аталады, яғни кейде 
қарапайым әрекеттер билікке әсер етуі мүмкін. Қазақстандағы тұрғын 
халықтың бұл белсенділігі түрі бірнеше себептер бойынша жағымды 
үрдіс болып табылады.
Біріншіден, саяси мәдениеттің деңгейі көтеріледі, себебі нақты мәселе-
лерді шешуге қатысу.
Екіншіден, көптеген адамдар өздерінің өмірлік мүдделерінің шеткі жағында 
тұрған мәселелерге де алаңдап отыр.
Үшіншіден, болашақ азаматтық қоғамның негізі болып табылатын еріктілер 
қозғалысының мәдениеті біздің көз алдымызда өсіп келеді.


136
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Төртіншіден, заң шеңберіндегі кез келген азаматтық белсенділік, экстре-
мистік немесе террористік қызметтің жасырын түрдгіе әлеуметтiк агрес-
сиясына қарағанда әлдеқайда жақсы. Бу қазандығының жарылысы бол-
мас үшін әлеуметтік бу шығуы керек. Әлеуметтік желілердің рөлі, оның 
ішінде белгілі бір проблемалар туралы билікке хабарлау тұрғысында 
қоғам мен үкімет арасындағы байланыс арналарының бірі болып табы-
латын жанама немесе тікелей емес лоббизмнің белгісі болып табылады.


137
Еуразиялық экономикалық одақтың перспективалары мен тәуекелдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет