256
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Мысалы, ХЕҰ сарапшыларының айтуынша, Қазақстан Республикасы-
ның «Кәсіподақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы
№
211 (бұдан әрі –
Заң) қолданыстағы Заңы бірлестіктер бостандығы құқығын бұзады және
еңбек саласындағы халықаралық-құқықтық нормалар мен стандарттарға
қайшы
келеді
9
:
1. Ең алдымен ХЕҰ
№
87 «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы халықаралық пактіде Ұйымдастыру бостандығы және Ұйымда-
стыру құқығын қорғау туралы» ХЕҰ конвенциясы негізінде құрылған
кәсіподақтардың құқығы бұзылады, екі құжатты да Қазақстан Республи-
касы ратификациялаған.
Қазіргі уақытта әрбір кәсіподақ немесе кәсіподақ бірлестігінің жоғары
кәсіподақтар бірлестігінее мүше болуы үшін міндетті талаптар белгіленеді.
2. Кәсіподақты тіркеу туралы хабарламаның сипаты және кәсіподақтың өз
қызметін ұйымдастыру және ХЕҰ 87-конвенциясымен бекітілген жарғысын
әзірлеу құқығы.
ХЕҰ
№
87 конвенциясы кәсіподақты тіркеу туралы хабарламаның сипа-
тын қарастырады. Атап айтқанда, Конвенцияның 2-бабы бойынша, қыз-
меткерлер мен жұмыс берушілер ешқандай айырмашылықсыз, алдын
ала рұқсатсыз өздерінің таңдаған ұйымдарын құруға,
сондай-ақ осын-
дай ұйымдардың жарғыларына бағынудың бірыңғай шартына қосылу
құқығына ие.
Бұл ереже жұмысшылар және бизнес-құрылымдардың федерациялары
мен конфедерацияларына да қатысты.
Заңның 33-бабына сәйкес, кәсіподақтар Заңның қолданысқа енгізілген
күнінен бастап бір жыл ішінде құрылтай құжаттарына және ұйымдасты-
рушылық құрылымдарға осы Заңның талаптарына сәйкес өзгерістер
енгізуге міндетті.
Алайда, Конвенцияның 3-бабы бойынша, жұмысшылар мен іскер ұйым-
дар өздерінің жарғыларын және әкімшілік ережелерін әзірлеуге, олар-
дың өкілдерін еркін таңдауға, олардың қызметкерлерін және олардың
9
Хасенов М.Х. Еңбек қатынастары саласындағы бірлестіктер бостандығы құқығын қамта-
масыз ету бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау
мәселелері//Қазақстан Халықаралық құқық
қауымдастығының Хабаршысы, № 4 (40), 2017.
71-79 бб.
258
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Достарыңызбен бөлісу: