Конрад Аденауэр атындағы Қор


ЕАЭО деңгейінде еңбек қатынастарын реттеу



Pdf көрінісі
бет134/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

1.2. ЕАЭО деңгейінде еңбек қатынастарын реттеу
Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде (бұдан әрі – 
ЕАЭО) ұлттықтан жоғары тұратын Еңбек кодексі немесе Еңбек туралы заң 
жоқ. Еңбек қатынастарын реттеу ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет қабыл-
даған еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
ЕАЭО туралы шарт Одаққа мүше мемлекеттердің еңбек мигранттары-
ның тең құқығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ЕАЭО туралы шарт 
еңбек миграциясы мен бірыңғай еңбек нарығы туралы, яғни мемлекет-
тер арасында жұмыспен қамту және еңбек қозғалысы туралы ережелер-
ден тұрады. Бірақ еңбек қатынастарын реттеу ережелеріне қатысты туын-
даған ұлттық құқық нормалары қолданылады.
Сонымен бірге, заң ғылымында ЕАЭО қабылдаған жоғары мемлекеттік 
заңын ескере отырып, еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді біріктіру 
туралы ұғымдар мен идеялар пайда болады.
Осылайша, 2017 жылы Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей 
ғалымдары жариялаған «Еуразиялық еңбек заңы» халықаралық оқулығында 
халықаралық құқықтық еңбек реттеудің (еуразиялық еңбек құқығы) еура-
зиялық аймақтық моделі жас аймақтық халықаралық-құқықтық жүйе 
болып табылады және өзінің мозаикалық бейнесін ұсынады. Осы құқықтық 
модельдің соңғы сызбалары әлі анықталмаған, бірақ одан әрі даму үрдістері 
байқалады
10
.
Егер біз Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (бұдан әрі – ЕурА-
зЭҚ) ЕАЭО алдындағы тәжірибесіне жүгінсек, ЕурАзЭҚ-тың барлық кезеңінде 
тек заңнама негіздерінің тұжырымдамасымен қоса алғанда, ЕурАзЭҚ 
еңбек туралы заңдарының негіздері (Еуразиялық экономикалық қоғам-
дастықтың Парламентаралық Ассамблеясының 2010 жылғы 27 қазандағы 
шешімі, № 8) және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің еңбек заңнамасын 
үйлестіру туралы ұсынымдары әзірленді (ЕурАзЭҚ ПАА-ның 2009 жылғы 
13 мамырдағы шешімімен бекітілген).
ЕурАзЭҚ қызметі тоқтатылғаннан кейін бұл құжаттар өз күшін жоғалтты 
және ЕАЭО елдерінің еңбек заңнамасын біріздендіру үшін негіз болып 
табылмайды.
10
Еуразиялық еңбек құқығы. Оқулық. Бас редактор: М.В. Лушников, К. Раманкулов, К.Л. 
Томашевский. - М.: Болашақ, 2017. – 32 б.


259
Қазақстан еңбек нарығын құқықтық реттеу: проблемалары және шешімдер
Осылайша, ЕАЭО-дағы ұлттықтан жоғары тұратын заңнамада қызметкер-
лердің еңбегін пайдалануды реттейтін ережелер жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет