Авторлартуралы ақпарат Томас Хельм – 2015 жылдың қазан айынан бастап Конрад Аденауэр атын-
дағы қордың Қазақстандағы өкілдігіне басшылық етеді. Экономика және
әлеуметтану ғылымдары саласы бойынша дипломы бар маман ретінде ол
бұрын Ketchum халықаралық агенттігінің басшылық құрамында болған
және Германия Бундестагында ХДО/ХӘО партияларының фракцияла-
рында 11 жыл бойы жұмыс істеген.
***
Әлия Мусина – Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы ғылыми
қызметкері. 2007 жылдан бастап 2011 жылға дейін Конрад Аденауэр
атындағы Қор өкілдігінің басшысы қызметін атқарған, сондай-ақ Сорос-
Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі және ГФР-ның Эко-
номика академиясының доценті болған. Бірнеше жылдар бойы ол Йена
қаласындағы Фридрих Шиллер атындағы университет жанындағы Оқу
орталығының жетекшісі; Алматы қаласындағы Қазақстан- Неміс универси-
тетінде оқытушы, халықаралық серіктестік жобаларының жетекшісі болды.
DAAD стипендиясының, Германия академиялық алмасу қызметінің, Гете
институтының және Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендия иегері.
***
Рахым Ошақбаев, экономист (М. В. Ломоносов атындағы ММУ, 1999 ж.),
2016 жылдан бастап «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының (тәуелсіз
коммерциялық емес ұйым, негізгі функциясы экономика, қаржы сала-
сындағы қолданбалы зерттеулер, экономикалық либерализм және еркін
нарық базалық қағидаттары негізінде адам капиталын дамыту) төрағасы
болып табылады. Қазақстандағы түрлі мемлекеттік және жеке меншік ком-
панияларда басшылық лауазымдарды атқарған жұмыс тәжірибесі бар.
***