Конрад Аденауэр атындағы Қор


Энергия көздері бөлінісінде Қазақстанда энергияны тұтыну



Pdf көрінісі
бет29/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Энергия көздері бөлінісінде Қазақстанда энергияны тұтыну
Табиғи газ
Мұнай
Көмір
Гидроэнергетика
Қазақстандағы ЖЭК-нің әлеуеті
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін тамаша жағдай-
лар бар. Атап айтқанда, ұлттық желілерге қол жеткізе алмайтын ауыл-
дық жерлерде күн панельдерін, жел генераторларын және шағын гидро-
станцияларды орнату жергілікті энергия тапшылығының проблемасын 
шеше алады. Ұзақ көліктік бағыттар мен қазба отынының жағылуы қор-
шаған ортаны ластаумен қатар, өңдеу өнеркәсібіндегі көптеген зауыт-
тардың жұмысына әсер етеді және экономикалық өсім мүмкіндігін азай-
тады. Жаңартылатын энергия осы проблемалардың барлығын жоюға 
маңызды үлес қосуы мүмкін. Бірақ бұл жаңартылатын энергия көздерін 
өндіру үшін қазба энергиясын экспорттауға уақытша субсидияларды 
талап етеді, әсіресе халықаралық бағамен салыстырғанда Қазақстандағы 
электр қуатының бағасы өте төмен.
Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері саласындағы табиғи әлеуеті 
зор: климаттық және географиялық жағдайларды, экономикалық тиімділікті 
ескере отырып, мысалы, жел энергетикасы саласында 760 ГВт-қа дейін 
125
Сонда. 44 б.
126
Сонда. 44 б.


65
Қазақстан экономикасын трансформациялаудың негізгі аспектілері
энергияны өндіру мүмкіндігі бар 
127
. Бірақ осы әлеует әлі күнге дейін өте аз 
зерттелген. Қазіргі уақытта жаңартылатын энергетика секторында жалпы 
қуаттылықтың 98% үлесі бар гидроэнергетика үстемдік етеді.
Гидроэнергетика
Бүгінгі күні Қазақстан жылына 7,78 ГВт жылу энергиясын өндіру үшін 
суды пайдалануда жетістіктерге жетті. Бұл электр энергиясының жалпы 
өндірісінің шамамен 13%-ын және Қазақстанда электр энергиясының 
жалпы өндірісінің шамамен 3%-ын құрайды 
128
. жұмыс істеп тұрған 15 ірі 
гидроэлектростанцияның жалпы қуаты – 2,248 ГВт.
Қазақстан Үкіметі ауылдық жерлерде шағын жобаларды да қолдайды. 257 жоба 
арасынан Оңтүстік Қазақстан облысында – 112, Жамбыл облысында – 77 жоба 
бар. Осылайша, елдің оңтүстік өңірлерінде қуаттылығы шамамен 2,5 ГВт бола-
тын гидроэнергетикалық жобалардың 70 проценттен астамы орналасқан 
129
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет