Конрад Аденауэр атындағы Қор


Қазақстан халықаралық рейтингте және сыбайлас



Pdf көрінісі
бет44/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

Қазақстан халықаралық рейтингте және сыбайлас 
жемқорлықтың ауқымы
Бірқатар халықаралық рейтингтерге сәйкес, елдің құқықтық статистикасы 
мен көрсеткіштерін ескере отырып, елдегі сыбайлас жемқорлықтың тара-
луы елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейіне, сондай-ақ экономикалық, 
инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға кері әсерін 
тигізетін маңызды факторлар ретінде жіктелуі мүмкін.
2017 жылдың соңындағы Қазақстанның халықаралық рейтингте бірқатар 
индекстерде ұстанымдарының әлсіреуі, біршама бәсекелестік артықшы-
лықтардың төмендеуіне әсер етті.
Осылайша, 2017–2018 жылдардағы Жаһандық Бәсекеге Қабілеттілік 
Индексіне, Бүкіләлемдік экономикалық форумға (World Economic Forum) 
сәйкес, Қазақстан 
2016 жылдың нәтижесімен (4,41 көрсеткішпен 138 
елдің арасында 53-орын) салыстырғанда, 137 елдің арасында 57-орынға 
ие болды, яғни өз ұстанымын төрт тармаққа нашарлатты.
Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізудің негізгі проблемалық 
факторларының қатарында қаржыландыруға қолжетімділіктің болмауы 
және қызметкерлердің білімі жеткіліксіздігі, сыбайлас жемқорлық көрінеді.
Doing Business-2018 рейтингісінде Қазақстан 36-орынды иеленді (190 ел 
арасында) 2016 жылмен салыстырғанда бір позициядан айырылды.


86
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Сарапшылар «Құрылысқа рұқсаттарды алу» (22-ден 52-ге дейін төмен-
деді), «Төлем қабілетсіздігін шешу» (37-орыннан 39-орынға), «Кредит-
тер алу» (77-орыннан 75-орынға), «Халықаралық сауда» (119-орынның 
орнына 123-орын) 
11
.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша позициялардың әлсіреуімен 
Қазақстан Doing Business-2018 рейтингісінің бірқатар көрсеткіштері 
бойынша оң нәтижелерге ие болды.
Атап айтқанда, «Миноритарлы инвесторларды қорғау» индикаторында 
республика бірінші орынды иеленді, «Келісімдерді орындау» индикаторы 
бойынша республика екінші орынды (алтыншы позиция), ал «Мүлікті 
тіркеу» көрсеткіші бойынша 17-орынды иеленді.
Сонымен қатар, халықаралық рейтингтер құқықтық саладағы, мемлекеттік 
басқару, сот және құқық қорғау жүйесі, ұйымдастырушылық және басқарушы-
лық салалардағы кемшіліктер мен олқылықтардың бар екендігін, сондай-ақ 
азаматтарды шешім қабылдау үдерісіне тартудың, сыртқы мемлекеттік орган-
дардың қызметін бақылаудың тиімді механизмдерінің жоқтығын атап өтті.
Мәселен, Дүниежүзілік банктің «Мемлекеттік басқарудың сапасы» (World 
Bank Policy Research: Governance Matters 1996–2013) зерттеуі бойынша, 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқарудың алты индексі бойынша 
төмен рейтингке ие, оның ішінде ең төмен екі көрсеткіш бар: тұрғын 
халықтың пікірін ескеру және мемлекеттік органдардың есеп берушілігін 
қарау (14.22) және сыбайлас жемқорлықты шектеу (20.1).
Көптеген сарапшылар сараптамалық және имидждік бағалаулардың 
ықтимал субъективтілігіне, рейтингте қатысатын бірқатар елдердің саяси 
көзқарастарына және рейтингтерге қатысатын елдер санының өзгеруіне 
байланысты осы зерттеу әдіснамасына күмәнданса да, бұл көрсеткіштер 
әлі күнге дейін әлемдегі беделге және таралуына ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет