91
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат:
жағдайы және перспективалары
Бұл үрдіс 2014–2016 жылдары жалғасты.
2017 жылы жағдайдың жақсаруы байқалады. 2017 жылдың аяғында
Қазақстанда 2 473 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл 2016 жылға
қарағанда 18%-ға аз (2016 жылы – 2 933), оның 74,2%, яғни 1 835 сыбай-
лас жемқорлық фактілері құрайды. Тіркелген қылмыстардың көпшілігі
парақорлық – 40% (988), ұрлық – 33% (808) және қызметтік өкілеттілігін
асыра пайдалану – 11% (261) болып табылады)
15
.
Қылмыстық істердің жалпы санының 87% тергеу аяқталды, ал 2016 жылы
бұл көрсеткіш 79% құрады. Сонымен бірге, сотқа жіберілгендердің саны
27%-дан 38%-ға дейін өсті. Сыбайлас жемқорлықпен айналысқан 1 146
адамның 828
адам сотқа берілді, бұл 2016 жылға қарағанда 13% артық
16
.
2017 жылы 19 орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомство-
лық бағыныстағы ұйымдарының басшылары, 98 аймақтық және 152 қала-
лық және аудандық билік органдарында осындай қылмыс әшкереленді
17
.
МҚІСЖҚА ақпараты бойынша, сыбайлас жемқорлық істерінің барынша
көп деңгейін барлық деңгейдегі әкімдіктердің қызметкерлері, ішкі істер
органдарының қызметкерлері және квазимемлекеттік сектор қызметкер-
лері жүзеге асырады. Сонымен қатар, жемқорлықтың жоғары тәуекелдері
аудандарында білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық
сақтау салаларында да жалғасуда.
МҚІСЖҚА ақпараты бойынша, квазимемлекеттік секторда сыбайлас
жемқорлық құқық бұзушылықтардың өсуі байқалады, бұл 2017 жылы
2016 жылмен салыстырғанда бір жарым есе артты. Осы салада тіркелген
барлық сыбайлас жемқорлық қылмыстардың
55%-ы мемлекеттік сатып
алу саласында, яғни мемлекеттік сатып алу көлемінен үш-бес есе жоғары
сатып алу шеңберінде жасалды.
Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 01-38.8
бұйрығына қосымша, Астана, 2015 ж.
15
http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/informaciya-antikorrupcionnoy-sluzhby-o-vyyavlennyh-
korrupcionnyh-prestupleniyah-za-12
16
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық есеп. Дереккөз: http://kyzmet.gov.
kz/sites/default/files/pages/nacdoklad_rus-compressed.pdf
17
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық есеп. Дереккөз: http://kyzmet.gov.
kz/sites/default/files/pages/nacdoklad_rus-compressed.pdf