Конрад Аденауэр атындағы Қор


«Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолы



Pdf көрінісі
бет98/178
Дата06.02.2022
өлшемі11,11 Mb.
#80747
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   178
Байланысты:
Book KAZ final

«Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржолы
«Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол магистралі – Қытай темір жол-
дары мен Өзбекстанды, ал содан кейін Ауғанстан арқылы бір жағынан 
Иран мен Таяу Шығысты қосатын, екінші жағынан алдында айтылған 
еуропалық теміржол желісіне қосылуға арналып жобаланған магистраль.
Си Цзиньпин Орталық Азияға сапары барысында Ташкентте және Бішкекте 
болған кезде, өз елінің Қытай шығысындағы Ляньюньган портынан Еуро-
паға және Таяу Шығысқа дейінгі теміржол магистралі туралы ұзақ мерзімді 
жоспарларын еске салды. 
«Қашғар – Әндіжан» теміржолының құры-
лысы 1996 жылдан, яғни Ташкентте Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан 


173
Қазақстан және Қытай: «Бір белдеу 

бір жол» стратегиясының факторы
өкілдерінің ғылыми- зерттеу және алдын ала техникалық- экономикалық 
негіздемені жасау туралы алғашқы кездесуі өткеннен бастап созылып 
кетті. Көптеген жылдар бойы талқылауға қарамастан, қытайлық тарап-
тың оған деген қызығушылығы өзгеріссіз қалады. Жоспарланған бағдар 
жүктерді тасымалдау уақытын шамаланған тәртіппен қысқартады, ал, ең 
бастысы, бұл жоба бойынша Қытай бастапқыда осы жол табаны еуропа-
лық өлшем – 1 435 мм болуын талап етті, ал кеңестік кеңістіктегі барлық 
жол кеңестік стандартқа сәйкес 1 520 мм болып салынған.
Алайда, Өзбекстан мен Қырғызстанның күрделі саяси қарым- қатынастары 
«Қытай – Қырғыз – Өзбек теміржол» қатынасы маңызды экономикалық жоба-
сына теріс әсер етті. Тараптар жолдың өту маршрутын бекіткенге дейін 
жылдар өтті. Ең басынан бастап «Ташкент – Иркештам» автожолының» 
шекаралық өткелінен өтетін жолды қорғады. Бірақ Қытай мен Қырғызстан 
арасындағы шекараның басқа көлік торабына – «Торугарт» бақылау- өткізу 
бекетіне артықшылық берілді. Қазіргі уақытта «Қашғар (Қытай) – Торугарт – 
Арпа аңғары – Ферғана алқабы – Узген – Кара- Суу (Ош облысы) – Әндіжан» 
желісіндегі темір жолдың ұзындығы шамамен 268 км болады.
Ташкенттің «Қашғар – Әндіжан» жолына өз қызығушылығы бар. Мысалы, 
Өзбекстанның Асака қаласында (Әндіжан облысы) «Uz- Daewoo» автокөлік 
зауыты бар, оның құрауыш бөліктерінің 80%-ы Оңтүстік Кореядан 
жеткізіледі. Қытайдың шығыс жағалауындағы Ляньюньган порты арқылы 
Трансеуроазия теміржолы Кореяның Пусан портымен байланысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет