Ақтау теңіз порты Қазақстан үшін «Жаңа Жібек жолының» тағы бір маңызды элементі –
«Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысы жанында құрылатын
көлік- логистикалық хаб болуы керек. Осы мақсатта Қазақстанның баты-
сында Ақтау теңіз портын кеңейту және Ақтөбеде логистикалық орталық
салу ұсынылуда, бұл нысандар Каспий аймағына және Еуропаға кіру үшін
Қазақстанның батыс қақпасы болуға тиіс.
Қазақстанның осы жоспарларына Иран мен Қытай қолдау көрсетті. Өйткені,
Ирандағы Энзели портының коммерциялық және индустриалды аймағын
Қазақстандағы Ақтау портымен және өз кезегінде Қытайдағы Синьцзян-
мен бірге байланыстыратын аймақтық көлік дәлізін құруға қызығушы-
лық білдірді.