«Жібек жолы» инвестициялары «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары
белсенді инвестициялық саясатты білдіреді. Сонымен қатар, Қазақстан өз
экономикасына қытайлық инвестицияларды белсенді тартуды қолға алады.
Осылайша, Қытайдан 2009–2013 жж. Еуразия одағына мүше елдердің тіке-
лей шетелдік инвестициялары (ТШИ) 11,02 млрд доллардан – 24,67 млрд
долларға дейін өсті, ал жалпы соманың 91,5%-ы
(22,57 млрд доллары)
Қазақстанға тиесілі.
«Бір белдеу – бір жол» шеңберінде Қытай электр энергетикасынан майлы
дақылдарды өңдеуге дейін және мұнай-газ жабдығын өндіруден автомо-
бильдер шығаруға дейінәртүрлі өндірістік салаларға кең ауқымда инве-
стиция салуға дайын екенін білдірді.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2015 жылдың желтоқсан айына дейін
екі ел арасында 54 миллиард долларға жуық инвестиция туралы келісімге
қол қойылды. Қазақстан Қытайдың қазақстандық көлік инфрақұрылымын
жаңартуға байланысты жоспарларын, яғни қайтарымсыз негізде Алматы
айналма автожолын салуды
12
, Қытай шекарасына дейін Алашанькоу стан-
циясымен жүретін жолды және Астанада қоғамдық көлікті оңтайландыру
13
жөніндегі кең ауқымды жобаларын қамтитын Қытайдың қатысуымен
жүзеге асырылатын жоспарларға ерекше назар аударады.
Соңғы үш жылда бірнеше ірі «Қазақстан – Қытай» жобасы іске қосылды.
Олардың арасында «Алтынкөл – Қорғас» жаңа теміржол өткелі, «Сарыбұлақ –
Зимунай» және «Бозой –Шымкент» газ құбырлары, Ақтау битум зауыты,
сұйық отынды өндіру үшін көмірді кешенді өңдеу, калий тыңайтқышта-
рын өндіру жөніндегі жобалары бар. Сондай-ақ қытайлық «CNPC» корпо-
рациясы Қашаған жобасының акционерлері құрамында.
12
Concession projects Construction and operation of highways “Big Almaty Ring Road (BAKAD)”,
Ministry for Investment and Development of the Republic of Kazakhstan http://roads.mid.gov.kz/ru/
pages/koncessionnyy-proekt- stroitelstva-i-ekspluatacii-avtomobilnoy-dorogi-bolshaya-almatinskaya
13
“Қытайлық компаниялар Астанаға жеңіл рельсті LRT құруға көмектеседі”
Kazakhstanskaya Pravda 8 May 2015 http://www.kazpravda.kz/rubric/ekonomika/
kitaiskie- kompanii-pomogut- astane-stroit- legkorelsovii-transport-lrt/
178
Қазақстан экономикасының трансформациясы
Қытаймен бірге жүзеге асырылатын бірқатар ірі инвестициялық жоба бар: