Конспект: Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары Негізгі анықтамалар мен ұғымдар Өлшеу



бет6/10
Дата15.12.2023
өлшемі158 Kb.
#197180
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Конспект Өлшеу және өлшеуіш аспаптар

Өлшеу әдістері

1. Өлшенетін өлшемдер мәндерін анықтауының негізгі екі әдісі бар: тікелей бағалау әдісі және мөлшерлермен салыстыру әдісі.


Тікелей бағалау әдісі бойынша өлшем мәнін аспап өлшеу қондырғысы бойынша тікелей анықтайды (сызғышпен өлшеген
өлшем ұзындығы, микрометрмен анықталған бұйым өлшемдері).
Мөлшерлермен салыстыру әдісі бойынша өлшем мәнін мөлшер өлшем мәнімен салыстырады. Мысалы: микрокаторды нольдік сызықшаға шетті өлшемдер көмегімен орнатады, одан кейін өлшенген өлшем дәлдігін осы нольдік сызықшадан ауытқуы бойынша қорытындылайды.
2. Сызықтық өлшемдерді өлшеу кезінде жоғарыда көрсетілген әдістерден басқа түйіспелі және түйіспелі емес өлшеу әдістері болады. Түйіспелі емес өлшеу әдісі бойынша өлшеу аспабы бөлшек бетімен түйіспейді, сондықтан олардың беттерінде деформация болмайды. Осы себепке байланысты бұл әдіс қолдануға үйлесті. Осы әдіс негізінде өлшеуші микроскоптар, өлшеуші проекторлар және пневматикалық ұзындықтарды өлшегіштер жұмысын атқарады.
Казіргі заман машинажасау саласындағы бөлшектер пішіндері күрделі болып келеді (бұрандамалы, көп кілтекті біріктірулер т.б.). Осы бөлшектер жарамдылығын анықтау үшін, бүкіл өлшемдерін және беттер өзара орналасуын бірден бақылау қажет. Ол үшін бақыланатын білікке сәйкес қапсырма-калибр, ал тесікке тығын-калибр орындайды. Егер олар өзара сәйкестенбесе, онда бүкіл өлшемдері және беттер өзара орналасуы қате, ал бөлшек жарамсыз. Бұл бақылау әдісі кешенді деп аталады.
Кешенді бақылау әдісі тек қана «жарамды» немесе «жарамсыз» деген жауап береді, ал жарамсыздық себебін анықтамайды. Сондықтан осы себепті анықтау үшін жеке элементті немесе дифференциялданған бақылау әдісін қолданады.
3. Өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу жабдықтарына байланысты құралдық, сараптық, эвристикалық және органолептикалық өлшеу әдістері болады.
Құралдық өлшеу әдісі автоматты немесе автоматты емес арнайы техникалық жабдықтарды қолдануына негізделген.
Сараптық өлшеу әдісі бірнеше сарапшылар мәліметтерін қолдануына негізделген. Бұл әдіс медицина, өнер, спорт салаларында кеңінен қолданылады.
Эвристикалық өлшеу әдісі ішкі сезім (интуиция) қолдануына негізделген. Бұл әдісті қолдану кезінде өлшенетін мәндерді жұптап өзара салыстырады, одан кейін оларды нәтижелер реті бойынша орналастырады.
Органолептикалық өлшеу әдісі адамның сезім мүшелерін (сезу, иіс түйсігі, көру, есту және дәм-татым) қолдануына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет