Конспект: Электрлік өлшеулер және өлшеу аспаптары Негізгі анықтамалар мен ұғымдар Өлшеу



бет2/10
Дата15.12.2023
өлшемі158 Kb.
#197180
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Конспект Өлшеу және өлшеуіш аспаптар

Өлшеу шегі - өлшеу межелігінің ең үлкен немесе ең кіші мәні.
Өлшеу аспабы мүмкіндік қателіктерінің шегі - өлшеу аспабы жарамды және қолдануға мүмкін болып есептелуіне сәйкес мүмкіндік қателіктерінің ең үлкен мәні.
Өлшеу дәлдігі - өлшеу нәтижелері қателігінің нольге жақын болуын сипаттайтын өлшеу аспабының сапалық көрсеткіші.
Өлшеу аспабының дәлдігі - қателіктер нольге жақындығын сипаттайтын өлшеу аспабының сапалық көрсеткіші.
Түзету - өлшеу аспабының көрсеткішіне немесе мөлшерлегіш номиналды өлшеміне алгебралық қосылуына тиісті мән. Бұл мән қайталанып тұратын қателіктерді жоюға және өлшенетін өлшем немесе мөлшер мәнің, нақты мәнге жақындатып алуға негізделген.
Нақты дәлдік және машиналар мөлшерленетін параметрлерінің ауытқуы туралы ақпарат беретін техникалық өлшеулер

Машиналар сапасын өлшеу техникасын қолданбай қорынтындылау мүмкін емес, яғни әрбір өнімді өндеп шығару кезінде өлшеу жұмыстары қажет.


Өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары дәлдікті баламаланған, өлшем бірліктерін дәлдікті беруін қамтамасыз ететін, уақытылы тексерілген болса, сол кезде дайын өнімнің өлшемдері (есептеу немесе стандарттау негізінде орнатылған) дұрыс болады.
Еліміздің өндіріс кәсіпорындарында өзара ауыстырымдылық негізінде мамандандыру және кооперация атқару үшін, өлшеулердің қажетті дәлдігін және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету қажетті.
Өлшеу бірлігі дегеніміз өлшеу жұмыстары заңды орнатылған өлшем бірліктерімен және нормаланған дәлдікпен анықталған нәтижелер.
Ұзындық өлшемдерін беру және оларды тексеру әдістері жүйесі ғылыми дәлелденген және ол Мемлекеттік өлшеу жүйесінің бөлігі болып табылады.
Осы жүйеге байланысты барлық өлшеу жабдықтары келесі топтарға бөлінеді: физикалық мәндер эталондары, үлгілі мөлшерлер және аспаптар, жұмысшы мөлшерлер және аспаптар.
Эталондар - ең жоғары дәлдікті қамтамасыз ету және сақтау үшін арналған үлгілі өлшемдер және аспаптар. Олардың қатарына метрдің үлгісі, эталондық шетті ұзындықтар мөлшерлерінің жиынтығы (реттілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші) жатады. Бірінші реттілікті эталондарды метр үлгісі бойынша, ал екінші реттіліктіні бірінші реттілікті бойынша, ал үшінші реттіліктіні екінші реттілікті бойынша тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет