Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: · Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
· Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері: · Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
· Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
· Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
· Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
· Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
· Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
· Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Практикалық маңызы · Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
· Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
· Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
· Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады
Критериалды бағалаудың маңызы: Мұғалімдер үшін: · Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
· Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
· Сабақ берудің сапасын арттыруға;
· Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
· Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
· Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін: · Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
· Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
· Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
· Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін: · Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
· Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
· Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.
Мен өз сабақтарымда "Оқушылардың жұмысын критериалды бағалау" технологиясын қолданып келемін. Әсіресе оқушылардың компьютердегі тәжірибелік жұмыстарын бағалауда пайдаланған тиімді.
4. Оқу жетістіктеріне жеткізетін критериалды бағалаудың қағидалары.
Критериалды бағалау жүйесі формативті бағалауды және ішкі жиынтық бағалауды қамтиды.
Критериалды бағалау білім алушылардың өз әрекетін бақылау және бағалай білу, функционалдық сауаттылығын және кең спектрлі дағдыларын қалыптастырудағы оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету, оқытудағы алға басуын көрсету, оқыту нәтижесі бойынша ата-аналарын хабардар ету мақсатында әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады.
Мұндай бағалау жүйесі балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандырады, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағыттайды. Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.
Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларын дамыту дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсаттарын айту/көрсету мен оған жетудің критерийлерін таныстырудан басталуы керек. Білім алушы қойылған оқыту мақсаттарын түсінуге, оны ой елегінен өткізіп, оған қалай жету керектігін білуі қажет.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағды қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін, нақты анықталған, алдын-ала танылған критерийлермен салыстыруға негізделген.
Әрбір білім алушы дайындығының жалпы деңгейіндегі өзгерістерді де, бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да атап өту маңызды.
Мұғалімге мақсатқа бағытталған белсенділікті, бастамашылықты, мақсатқа жетудегі дербестікті, таңдау жасай білуді, рефлексияға қабілеттілікті, жауапкершілікті ұстану маңызды.
Бағалау жүйесі мұғалім мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты қолдауды және ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына жаңа бағалау жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.
Мұғалім ата-аналармен дескрипторларды алдын ала талқылап, критерийлері бұрыннан белгілі тапсырмаларды таратып, ата-аналармен топта және жұпта жұмыс істей отырып, ата-аналар жиналысын сабақ формасында өткізе алады. Сабақта ата-аналарға, балаларына берілгендей, өздерін бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерін талқылауға мүмкіндік беріледі.
Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.