Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет13/26
Дата28.09.2023
өлшемі164,41 Kb.
#182876
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)

Қорытынды сұрақтары:
1.Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері. Кіші жүздің империя құрамына кіруі.
2.Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты. Орта және Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.
3. Әкімшілік реформалар
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5 томдық. 2 том, 2-бөлім, 7-тарау.
Мусин Ч. Қазақстан тарихы. А., 2005. 2-бөлім, 10-тарау.
4. Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией. Астана, 2000.
5.Ерофеева И.В. Абулхаир: полководец, правитель и политик. А., 1999.
10 – Тақырып. «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.


Мақсаты: Қазақ хандығының Ресейге қосылу себептері, салдары мен зардаптарын анықтау
Дәріс мазмұны:

  1. ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

2 Ұлт зиялыларының қалыптасуы және Алаш қозғалысының қоғамдық – саяси қызметі (1905-1917).


Түйін сөздер: заттық, Алаш, земство, ағартушы, идея, идеология, империализм, монополия, конституциялық (шектелген) монархия, қос өкіметтілік, аграрлық саясат, революция (төңкеріс), Мемлекеттік Дума, көтерілістің қозғаушы кіші, көтерілістің сипаты, ұлт мәселесі, диктатура, саяси партия, меньшевиктер, большевиктер, Кеңес билігі, азамат соғысы, интеллигенция (зиялылар), федерация, автономия.


Дәрістің қысқаша мазмұны

Ресей империясындағы 1905 жылғы қалыптасқан саяси ахуал қазақ халқының азаттық қозғалысының жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді. 1905 ж. cаяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен, Ә. Бөкейханов атап көрсеткендей, "бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді". Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: "Патша үкімдерінің жариялануынан бері қарай қырғыз жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барларының көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Отарлық тәуелдіктегі қазақ елінің мұң-мұқтажын білдірген петицияларды жазып, оны тиісті орындарына тапсыру ісі 1905 ж. көктем айларында-ақ қолға алынған болатын.


Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат – 17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың ұлттық мүддесін қорғау еді. Осыған байланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілдіОлардың басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев және қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін ұстану бостандығын жақтап, әсіресе үкімет пен жергілікті органдардың мұсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді.
Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді.
Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов сайланды. Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы және 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығұлов – Ақмола облысынан, би Х.Нұрекенов – Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев – Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов – Торғай облысынан, Т.Алдабергенов – Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев – Жетісу облысынан сайланды. Екінші Дума депутаттарының құрамы жағынан болсын, күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болған-ды. Негізгі пікір тартысын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық және қоныс аудару мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығұлов, Х.Нұрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал етуге тырысты. Сонымен қатар, Орынбор қаласында 1913-1918 жылдары А.Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрған ресми "Қазақ" газеті болды.
XX ғ. бас кезінде Ресей империясы азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады. Ресей патша өкіметінің отарлау саясаты Қазақстанды саяси және экономикалық езуге бағытталған еді.
1917 жылдың басына қарай Ресейде саяси және экономикалық жағдай шиеленісе түсті. 1-ші дүниежүзілік соғысының одан әрі жалғасуы, армияның майдандағы жеңілісі, еңбекшілердің жағдайының нашарлауы – осының бәрі елде революциялық дағдарыстың тууын тездетті. Майданда солдаттардың және жекелеген әскери бөлімшелердің көтерілісі басталды. Сонымен бірге 1917 жылдың ақпан айында Петроградта бірнеше ондаған мың жұмысшысы бар 60 кәсіпорынның жұмысшылары ереуілге шықты.
1917 жылдың 27 ақпанында қарулы Петроградта буржуазиялық- демократиялық революция, жұмысшылары мен революциялық пиғылдағы солдаттар патша өкіметін құлатты. Ақпан төңкерісінің бір ерекшелігі – Қосөкіметтің құрылуы: жұмысшылар және солдаттар депутаттарының Кеңестері мен Уақытша үкімет. Уақытша өкіметтің басында (буржуазияның) Керенскийй тұрды. Жұмысшылар мен шаруалардың басында В.И.Ленин тұрды. Монархия құлады.

Уақытша өкімет мақсаты:


-реформа жасау арқылы капитализмді дамыту;


-халықтардың ұлттық мемлекеттік құрылымын құруға рұқсат бермеу;


-бірінші дүниежүзілік соғысқа одақтастармен бірге аяғына дейін қатынасу;


-патша өкіметінің шеше алмаған мәселелерін шешу.


кеңестер яғни жұмысшы, солдат депутаттарының кеңесі;


- соғысушы елдердің үкіметі мен халқына демократиялық бейбітшілік бітім ұсыну;


- соғысты тоқтату;


- жерге жеке меншікті жойып, шаруаларға беру;


- зауыт, фабрикаларды жұмысшыларға беру;


- ұлттардың өзін өзі билеу құқықтарын беру.


Петроградтағы көтерілістің женісі бүкіл елде, соның ішінде Қазақстанда да қолдау тапты. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттығы идеясын қалың еңбекшілер арасына таратып, халқының сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды.


1917 жылдың науырыз-сәуірінде Семейде, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістандажәне т.б. көпшілігінде Кеңестер құрылды. Кеңестермен қатар Түркістан Комитеті жұмыс істеді, оның құрамына Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев енді. Сонымен, бүкіл елдегідей Қазақстанда да Қосөкімет пайда болды.

Буржуазиялық-демократиялық Ақпан төңкерісі патша өкіметін құлатқанымен әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, соғыстан шығу мәселелерін шешпеді. Сөйтіп, буржуазиялық Уақытша үкімет патша өкіметінің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді. Тұтас алғанда бүкіл елде буржуазиялық-демократиялық Ақпан төңкерісінің жаңа социалистік төңкерісіне ұласуы үшін алғы шарттар толысып келе жатты. Ресейде болып жатқан окиғалар Қазақстанда да қанат жайды.1917 жылғы сәуір айында Түркістан өлкесін басқару үшін Түркістан комитеті құрылды. Бұл комитеттің құрамына казақтардан Мұхамеджан Тынышбаев, Әлихан Бөкейханов кірді. Әлихан Бөкейханов сонымен бірге Торғай облысының комиссары болды. Уақытша үкімет органдарымен қатар Қазақстанда екінші үкімет - жұмысшы, солдат депутаттардың Кеңестері өмір сүрді.


Сөйтіп, Қазакстандағы губернаторлардың, уезд бастықтарының, болыстардың үкімет билігі барлық жерде жойылды.
Қазақстанның облыстары мен уездеріндегі уақытша үкіметтің сенімді тірегі Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу Казак әскерлерінен құралған "Қазақ комитеттері" еді. Қазак халқының көпшілігі патша құлатылғаннан кейін ұлттык езгі де құриды, уакытша үкімет Ресей халықтарының теңдігі мен туысқандығын қамтамасыз етеді деп сенді.
Қазақстандағы қос үкіметтің орталық аудандарға қарағанда әлеуметтіқ- экономикалық жағдайына байланысты, аймақтық отар ретіндегі саяси жағдайына байланысты және көп ұлттығына байланысты өзгешелігтері болды.
1917 жылғы көктем және жазғы айларда қазақ енбекшілерінің ұйымдары құрылды. «Қара жұмысшылар одағы» Верный каласында, "Жұмысшылар одағы" Жаркентте, «Мұсылман еңбекшілерінің одағы"» Түркістанда құрылды.
Сонымен бірге қазақтың дсмократиялық интеллигенциясын - біріктірген "Жас қазақ" ұйымы Ақмолада, "Талап" Кызылжарда, Тұрар Рыскұлов басқарған "Қазак жастарының революциялық Одағы" Меркеде кұрылды.
Елдегі революциялық қозғалыстың өсуіне байланысты бұл ұйымдардың кейбіреулері большевиктер жағына шықса, кейбіреулері "Алаш" партия- сының қолдады.
Ақпан революциясы ұлт мәселесін шешкен жоқ. Қазақстанды отар деп білген буржуазиялық уақытша үкімет қазақ халқына ешқандай право берген жоқ. Мектептерде окыту ісі және мекемелерде кеңсе ісі бұрынғыша тек орыс тілінде ғана жүргізілді.. Уакытша үкімет бұрынғы патша үкіметінің жер жөніндегі саясатын жүргізіп отырды.
Өнеркәсіпті бұрынғыша шетел капиталистері мен орыс капиталистері билеп төстеумен болды.
Қазақстанда құрылған жұмысшы солдат депутаттары кеңесінің жұмысына келетін болсақ олар жергілікті халықтың мұң-мұқтажын ескермей Қазақстанда революциялык ұрандармен ойларына келгендерін істеді. Алғашқы кезде құрылған Ксңестер тек орыстардан тұрды. Аудандардағы билікті қолына алған жүмысшылар мен солдаттар ауылдарға кетіп, үйлерді тінтіп, "революция мен оның қүрбандарының" пайдасына деп халықтан көптеген салық алып, жаксы ат, кымбат кілем, алтын-күміс сияқты заттарды тартып алып кетіп отырған.
Алғашқы кезде құрылған қазақ партияларымен, жұмысшы-солдат депутаттары Кенесіне жакындаудан тартынғандықтарының басты себебі осы еді.Міне осындай қиын-қыстау кезеңде халқымыздың көзі ашық азаматтары елді осы қиындықтан алып шығу үшін әрекет жасады.
"Шора Исламия", "Ғұлама қоғамы", "Алаш" партиясы, "Үш жүз" саяси партиясы осы кезендерде пайда болған еді.
Осы ұйымдар мен партиялардың ішіндсгі халқымыздың тарихында елеулі орын алатын "Алаш" партиясы. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор каласында бірінші бүкіл қазақ съезі болды. Съездегі ең бірінші мәселе - мемлекеттік басқару туралы мәселе болды. «Ресейде демо- кратиялык, федерациялык, парламенттік республика болуы керек. Қазақ облыстары автономия алуы тиіс» деген шешім қабыданды.Алаш партиясының басшы органдары сайланды. Оның құрамында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов,Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов және т.б. болды. Бұл партия сол жылы Орынборда 5-13 желтоқсанда екінші сьезінде қазақтың автономиясы – Алашорда үкіметі-Ұлт Кеңесі құрылды.Алаш партиясының бағдарламасы бекітілді.
Съезде Халел Ғаббасов автономия туралы баяндама жасады. Съезд баяндаманы талқылап мынадай қаулы қабылдады:
1. Қазақ автономиясы құрылсын.
2. Қазақ автономиясы «Алаш» деп аталатын болсын.
3. Алаш автономиясынын жері, суы, астындағы кені Аташ мүлкі болсын.
4. Алаш облыстарын қазіргі бүлікшіліктен қорғау мақсатымен Халық кеңесі құрылсын, оның аты «Алашорда» болсын.
Съездің шешімімен Алашорда үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды.
Съездің ұйғарымымен сайланған Алашорда үкіметінің министрлері мыналар: төраға орынбасары Халел Ғаббасұлы, ішкі істер министрі Мұхамеджан Тынышбайұлы, әділет министрі Ахмет Бірімжанұлы, оқу министрі Ахмет Байтұрсынұлы, ұлттык қорғаныс министрі Әлімхан Ермекұлы.
"Алаш" партиясының бағдарламасы 1917 жылы 21 карашада "Қазақ" газетінде жарияланды. Бағдарлама 10 тармаққа бөлінген.
Онда мынадай басты мәселелер қаралған:
1. Ресей демократиялык-федеративтік-парламенттік республика болуы керек, Қазақ автономиясы баска халықтарыен қатар Ресей федерациясына кіреді.
2. Ресей федерациясында тендік және адамның мүддссіне қол сұғылмауы, сөз бостандығы қамтамасыз етіледі.
3.Жұмысшы зандары жұмысшының мүддесіне сай болуы тиіс.
4.Сайлау правосы тегіне, дініне, жынысына қарамай, баршаға бірдей берілуі керек.
5. Дін мемлекеттен бөлінуі тиіс.
6.Сот алдымен айыптау, тергеу жұмыстарын жүргізбей тұрып ешкімді тұтқындай алмайды.
7.Халыққа білім тегін беріледі. Бастауыш мектепте сабақ ана тілінде жүргізілуі тиіс.
8.Жер мәселесі.
9.Халықтың табысына қарай салық салу.
10.Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру керек. Жаңа құрылған үкімет он бес адамнан тұрды. Үкіметтің негізгі мақсаты ұлттық бірлікті жандандыру саясаты болды.
"Алаш" партиясымен бірге құрылып, халыкты азаттық үшін күреске шақырған коғамдық ұйымдардың бірі "Үш жүз" социалистік партиясы еді.
"Үш жүз" партиясы алғашқы құрылтай кезден бастап-ақ большевиктер жағына шығып, алаштықтарға қарсы болды. Бұл партиянын қатарында жұмысшылар мен жатақтар көп еді. «Үш жүз» партиясы большевиктер жағында болғанымен олардын бағдарламаларының кейбір тұстары большевиктерден бөлек болды. Олар пролетариат диктатурасын мойындамады. Комунистер партиясының қоғамдағы басшылық ролін мойындамады. Мемлекет басқару ісіне дінді араластыру керек деді.
1917 жылғы 25 қазанда қарулы көтеріліс басталып Уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды. Смольныйда Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі ашылды, ол В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға» үндеуін қабылдады. Онда барлық өкімет билігінің орталықтан жергілікті жерге дейін жұмысшылар, солдаттар мен шаруалар депутаттарының Кеңестеріне көшкені жария етілді. Съезд Бітім туралы декретті және Жер туралы декретті бекітті, жұмысшылар мен шаруалардың тұңғыш үкіметі – Халық Комиссарлары Кеңесін құрып, оның төрағалығына В.И. Ленин сайланды.
1917 жылы 20 қарашада Кеңес өкіметінің «Ресей мен Шығыстың еңбекші мұсылмандарына» үндеуі жарияланды. Онда былай деп атап көрсетілген: «Бұдан былай сіздердің нанымдарыңыз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және дербес құқықты деп жарияланды».

Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанның облыстарында біркелкі болмады, ол таптық күштердің арақатынастарына, Орал мен Сібірге, темір жолға жақын-қашықтығына, жергілікті жұмысшылардың топтасқандығына байланысты болды.


Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы 1917 жылғы қазанның аяғынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Өлкеде үкімет билігі екі жолмен жүрді бейбіт және қарулы. Түркістан өлкесінің орталығы болған Ташкентте
28 қазанда қарулы көтеріліс нәтижесінде 1 қарашада Кеңестер өкіметі орнады. 30 қазанда Перовск, 6 қарашада Әулиеата, Шымкент Кеңестері өкімет билігін өздерінің қолына алды. Бұдан кейін Кеңес өкіметі Сырдария облысының барлық қалалары мен жұмысшы ауылдарда бейбіт жолымен орнады. Орталықта Кеңес үкіметінің орнауына байланысты жер-жерлерде, шет аймақтарда да Кеңес үкіметі орнай бастады.
Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату 1917 жылдың қазан айынан 1918 жылдың наурыз айына дсйін жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанда Кеңес үкіметі билігінің орнауының өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары болды, Қазақстанда жұмысшы ұйымдары аз болды. Патша үкіметі тұсында колайлы жерлерге орналасып, байып алған орыс шаруалары жерден айырылып қаламыз деп қауіптенді. Сондай-ақ, Қазақстанда большевиктік топтар аз болды.
Қазақ ауылдары бұл төңкерістің мәнін жете түсінген жоқ. Төңкерістің себептері, максаты тағы баска жақтары күңгірт болды.
Түркістан және Алаш автономиялары Қазақстаннын ішкі өмірінде революцияға дайындық пісіп жетілмеген еді. Қазақ халқына революциядан гөрі отарлык езгігі карсы күрес маңыздырақ еді. Сонымен бірге қазақ халқынын көпшілік бөлігі қолдаған «Алаш» партиясы Кеңес үкіметін мойындамады. Оған қарсы шықты.
Осындай елдегі аласапыран кезде кейбір халықтар автономия жариялады. Мәселен, Башқұрт, Татар автономиялары құрылды.
1917 жылы 26-28 қараша аралығында Қоқан қаласында Түркістандықтардың төтенше съезі болған еді. Бұл съездің шешімімен Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) деп аталған ұлтгық өкімет құрған болатын. Автономияның төрағасы Мұхамеджан Тынышпайұлы болды. Үкіметтің төрағасы Тынышбайұлы орнынан кеткен соң, оның орнына Мұстафа Шоқайұлы сайланды.
Бұл үкімет Түркістаннын ұлттық тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында күреске шығып, небары екі ай ғана өмір сүрді.
1918 жылы ақпан айында Қызыл армия Түркістан автономиясына қарсы соғыс ашып, оны қарудың күшімен басып тастады. Бұл автономияның басты мақсаты Орта Азиядағы түркі халықтарын біріктіріп, өз алдына тәуелсіз автономия алу еді.
Қазақстанда Кеңес өкіметі әр түрлі жолдармен орнады. Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей ордасының көптеген аудандарында большсвиктер бастаған күштер көп болғандықтан бұл жерлерде Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.
Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және Жетісу облыстарында қарудың күшімен орнады.
Кеңес өкіметі алғаш рет Сырдария облысында орнады. 30 қазанда Ташкентте, 6 қараша Перовскіде билік Кеңестер қолына көшті.
Қазақстанда Кеңес екіметін орнату ісіне Жетісу аймағында Бокин, Рысқұлов, Масанчи, Розыбакиев, Ораз Жандосов, Виноградов, Емелевтер- белсене қатынасты.
Торғай облысында Жангелдин, Амангелді Иманов, Орталык Қазақстанда Сәкен Ссйфуллин, Нығмет Нұрмаков, Әлібек Майкөтов, Батыс Қазақстанда Сейітқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Сақыпкерей Арғыншиевтер белсене катынасты
Ал 1917 ж. желтоқсанда Орынборда «Жалпықырғыз (Жалпықазақ) съезі» аталған «Алаш» партиясының съезі өтті, ол Қазақ автономиясы –
Алашорда үкіметінің құрылғанын жариялады. Революцияның осы бір тарихи қиын кезінде билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамайды. «Алаш» партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппозиция болды. Ұлт-азаттық күрес тарихында Алаш қозғалысының алатын орнын зерттеуде белгілі тарихшы ғалымдар М.Қ.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, М.Қозыбаев, Қ.Атабаев, Ә.Тәкенов, Т.Омарбеков және т.б. ғалымдар сүбелі еңбектері арқылы үлес қосты. К.Нұрпейісов: «Алаш» немесе «Алашорда қозғалысы» - бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) туралы мәселелер. Басқа сөзбен айтқанда, осы нақты үш мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдіреді» [2],- деп орынды баға береді.
Тәуелсіздік тарихында ерекше орны бар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев және олардың серіктерінің жан-тәнімен күш салып күрескен, ұлт-азаттық күрес идеологиясын қалыптастырған Алаш қозғалысының жеңіліске ұшырау себептерін қарастырсақ:
- Біріншіден, империялық билік тым күшті болатын. Ресей атты ХХ ғасырдың аса алып империясының Петербург, Мәскеу сынды орталықтарында жеңіске жеткен Қазан төңкерісі көп ұзамай барлық провинцияларға тарап, коммунистер билік басына келді. Империялық билік қазақ халқының ғана емес, сол кездегі Ресей империясының құрамындағы басқа ұлттарға да мемлекеттік теңдік, бостандық берген жоқ. Әрине, 1917 жылғы Қазан революциясы жеңіске жете салысымен В. И. Ленин бастаған Кеңес үкіметі Польша мен Финляндияның еркіндігін мойындады. Ал, Ресей империясының құрамындағы қалған өзге халықтарға мемлекеттік тәуелсіздік беруден бас тартты.
Екіншіден, Алаш зиялылары белгілі дәрежеде саяси күресте тәжірибиесіздігін, әлсіздігін байқатып алды. Ол қазақ ұлт-азаттық күресінде ғана емес, сол кездегі Ресей империясындағы басқа халықтардың да азаттық қозғалысына тән қасиет болатын. Азамат соғысы жылдарында большевиктер Алашорда автономиясын қарудың қуатымен жоқ қылды. Сондықтан да, бұл жерде біз Алаш қозғалысын сәтсіздікке ұшырауын сол кездегі тарихи кезеңнің шеңберімен бағамдауымыз қажет. Елдегі қалыптасқан саяси жағдай ұлт зиялыларына басқа жол таңдау мүмкіндігін қалдырмады. Ұлт-азаттық күрестің өн бойында Алаш қозғалысы ұлттық мүдде үшін күрестің үлгісін танытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет