Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет1/26
Дата28.09.2023
өлшемі164,41 Kb.
#182876
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)


4.ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ

1 – Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы» курсының мақсаты мен міндеттері. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Мақсаты: Қазақстан тарихы курсының мақсат міндеттерін, ұғымының анықтамасын, алғы шарты мен әдіс-тәсілдері, қызметтері жайлы анықтама беру. Негізгі категорияларына тоқталу.
Дәріс мазмұны:
1. Кіріспе.
2.Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі.


Түйін сөздер: тарих, қоғам, палеолит, мезолит, неолит, адам.


Дәрістің қысқаша мазмұны
Карпат пен Хинган тауларының аралығындағы Еуразиялық құрылықта, 40 – 50 ендікте созылып жатқан ұлы даланы мекендеген әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың қашаннан бір тармағы болып келетін, тармағы болғанда «қазақ түрік емес, қазақсыз түрік түрік емес» деген мәтелге өзек болған түрік тектес халықтардың ең іргелісі қазақ халқы болып саналады. Оның тарихы да , тағдыры да осы ұлы даламен тығыз байланысты: сабақтас, салалас, аралас, ортақ. Сондықтан да қазақ халқының тарихын алып даладан бөле-жара қарай алмаймыз. Сайып келгенде, егер осы ұлы даланы айдынды асқар теңіз ретінде көз алдымызға елестететін болсақ, теңіздің қайнар бастауы, оның деңгей-дәрежесінің негізі – осы даланы жайлаған түрік тектес халықтар, оның ішінде қазақ халқы екенін ұмытпауымыз керек.
Кезінде Қазақстанның осы ұлы даланың елеулі бөлігін қаусыра құшақтап, қарымды қамтып жатқан бүгінгіден де үлкен жері болды. Қазақстанның бүгінгі жері 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін 20-шы жылдарда қалыптасты. Оның шеңбері Германия, Италия, Англия, Жапония сияқты ондаған мемлекетті емін-еркін сыйғыза аларлық: таулы-тасты, орман-тоғайлы, өзен-көлді. Каспийдей асқақ теңізі, ашық далалы алқаптары бар, батысынан шығысына дейін – 3 000, оңтүстігінен солтүстігіне дейін – 1 700 шақырымға созылып жатқан, жалпы көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын байтақ алқап. Өзінің көлемі мен шекарасының ұзындығы жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі жеті мемлекеттің қатарына жататын республикамыз жерінде қаптатып мал өсіріп, егіс салып, дән дайындап, кен қазып, байлық тауып, одан қоғамға қажетті өнім шығарған ежелгі қазақтардың, олармен берекелі достық, ырысты ынтымақтық жағдайында тіршіліктің қам-қарекетімен айналысқан басқа ұлт өкілдерінің күш-жігерімен зауыт, фабрикалар, мәдени-әлеуметтік ғимараттар, тұрғын үйлер шоғырланған жүздеген қалалар, мыңдаған елді мекендер бой түзеп, егеменді Қазақстанның бүгінгі болмысы, келісті келбеті мен келешегі бүкіл дүние жүзінің назарына ілігіп, оны өзіне аударуда.
Қазақстан тарихында болып жатқан бүгінгі бетбұрыс, оның саяси-экоеомикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеу, жаңару көп жылдар бойы тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткенін білуі кұңгірттеніп, ұрпағы мәңгүрттеніп,өз елінің тілі мен дінінен, дәстүр салтынан қол үзе бастаған жартылай орыстанған шала қазақтар көбейіп келе жатқан кезде қолға алынды.Осындай бетбұрыстың нәтижесінде жұртшылықтың өз халқының тарихына деген ынтасы мен ықылас пейілі, құштарлығы мен шексіз құмарлығы жаппай бой көрсетті. Білсек деген сұрақтар көбейді. «Біз қазақпыз, сонда біз кімбіз, өткенімізде ғибрат аларлық не бар, келешегіміз не болмақшы, елдің тарихындағы батырлары мен билері, бетке ұстар адамдары кімдер?» - осындай сұрақтар ашық қойыла бастады. Жасыратыны жоқ, соңғы он төрт жыл ішінде қазақ халқының тарихына, өткеніне байланысты жоғарыда айтылған сұрақтарға біршама толық жауап беретін көптеген басылымдар мен жарияланымдар, мақалалар, ірілі-уақты кітаптар жарық көрді. Қазақ жеріндегі аталып өтуге лайықты аса маңызды саяси оқиғалар мен тұлғалы азаматтардың тойлары өтілді. Тарихтың көптеген мәселелері қайта қарастырылып, жаңа бағаға ие болды. Ақтаңдақ беттерді ақиқат шындықтармен толықтыру ой-өрісімізді кеңейтуге, тарихты бүгінгі биіктер тұрғысынан түсінуге жұрттың ынта-ықыласын бұрынғыдан да арттырып отыр.
Қазір халқымыздың тарихын жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың, әсіресе, жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастырудың маңызы зор.Жастар халқымыздың келешегі, заманымыздың болашағы. Бүгінгі қоғамда атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық игі істердің бәрі солар үшін, солардың берекелі бақыты үшін істелуде. Жастар жаман болмасын, ел азбасын, халық тозбасын дейтін болсақ, бүгінгі жоғары оқу орындары шаңырағының астында жүрген қыз-жігіттердің зердесін тарихи тұрғыдан ұштау керек. Бұл тек ұстаздар үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл зиялы қауымның алдында тұрған міндеттердің келелісі, адамгершілік парыздың өрелісі болып табылады.
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).
Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар
дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,6 млн. жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Ағашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.
Сонымен палеолит дәуірінде ертедегі адамдардың қоғамдық ұйымдасуы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Мұндай ұйымдасудың бастапқы кезеңі алғашқы тобыр – бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі – қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз еді. Ол кезде қауым-үй шаруашылығы болмады, сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән болды.
Ертедегі адамзат қоғамында еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланыл- ған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.
«Homo erectus» - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытайдағы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.
Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.
Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.
Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы 12-5 және 5 – 8 мың жылдықтардың арасын қамтиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Біздің заманымыздан бұрынғы 5 мың жылдықта басталған неолит тас құралдарын барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Қиын өңделетін тастар бірте-бірте тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, келілер, дән үккіштер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі аналық рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастады.Сөйтіп, өндіруші шаруашылық пайда болды. Бұл өндіруші шаруашылық табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын-терін мен аң аулаудың орнына келді.Қазіргі уақытта Қазақстан жерінде тас дәуірінің 600-дей ескерткіш қалдықтары сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет