Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»


КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі



бет21/26
Дата08.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#167944
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)

КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі. Өнідірстегі өзін-өзі басқарудағы шектеулер және оның дамуындағы қайшылықтар. Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі.
Әкімшіл басқарудың аграрлық саладағы қайшылықтарды асқындыра түсуі. Кеңестік өкіметтің ауыл мен деревняны іс жүзінде кедейшілік пен тоқырауға ұшыратуы. Ауыл еңбеккерлерін материалдық ынталандырудың төмендеуі. Аграрлық саланың басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктері. Шаруашылықаралық аудандық агроөнеркәсіптік бірлестіктерді агроөнеркәсіптік кешендерге жоғарыдан біріктірудің тиімсіздігі. Қазақ ауылының келеңсіз әлеуметтік-гуманитарлық қырлары «күнделікті тарих» деректерінде.
Еңбекақыны төлеудегі әділетсіз теңгермешілік, халықтың басым бөлігінде негізгі табыстың төмендеуі. Партиялық-мемлекеттік, әскери және шаруашылық басқару жүйесіндегілерге берілген артықшылықтар- әлеуметтік әділетсіздікті өрістете түсуге бағытталған қадам. Халықтың материалдық тұрмыс жағдайының төмендеу себептері. Тұрғын үй мәселесіндегі шешілмейтін қиыншылықтар. Орталықтың этно-демографиялық саясатының келеңсіз тұстары: ішкі миграцияны, соның ішінде қазақтардың ауылдан қалаға көші-қонды тежеуді паспорттық жүйе, «тіркеу» (прописка), тілдік кемсітушілік (дискриминация), т.б. жолдармен жүзеге асырып отыруы. Ауыл тұрғындарының азаматтық құқықтарына қысым жасау. Ақшаның құнсыздануы. Тұтыну тауарларының тапшылығы. «Көлеңкелі экономика» (қара нарық), криминалдық топтардың таралуы. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтардың асқынуы. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипаты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет