Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет24/26
Дата08.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#167944
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)

Қорытынды сұрақтары:

1. КСРО өнеркәсібінің дамуына Қазақстанның қосқан үлесі.



    1. Мәдениет пен ғылым.

    2. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1986 жылғы желтоқсан қозғалысы.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

          1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010.

          2. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық. – Алматы: «Кітап», 2012. – 312 б.

          3. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк. - Алматы : «Дәуір» баспасы, 1994. - 446 б.

14 – Тақырып. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.
Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігін жариялау, мемлекеттің дамуына байланысты жасалған түрлі реформалар, құрылған аппараттар, мемлекеттің басқару құрылымы т.б анықтама беру
Дәріс мазмұны:

            1. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы

  2. Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясы



Түйін сөздер: Тәуелсіздік, реформалар, конституция, ТМД, партия, қозғалыс.
Дәрістің қысқаша мазмұны

Қазақстаннң мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты.Олар:


1) 1991 жылдың тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың жеңілуі;
2) КСРО-ның өмір сүруінің тоқтауы;
3) Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының құрылуы;
4) Одақтас Республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығуы;
1991жылы желтоқсанның 16-да «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы» қабылданды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.Осы жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылды.Кеңес Одағын ойға түсірмеу үшін жаңа шартты «одақ» деген сөз «достастық» сөзімен алмастырылды. Бұнда айтылған негізгі маңызды мәселенің бірі- ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісім жасалды.Ядролық қаруы болған белорусь, Қазақстан, Ресей, Украина біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды.
Тәуелсіздік жағдайындағы республиканың Жоғарғы Кеңесі Компартияның билігі тұсында ба баламасыз сайланса да, 1990жылдың басында сайланған Жоғарғы кеңестің ХІІ шақырылымының құрамы бұрынғыдай жылына екі рет формальді мәжілістерін өткізіп, тарап кетпей, шын мәніндегі парламенттің атқаратын төл ісімен – заң шығарумен тұрақты айналыса бастады.
1992 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» және «Қазақстан республикасының ішкі істер әскерлері туралы»заң қабылданды.
1992 жылы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасының Конституциялық сотын сайлау туралы» қаулысы жарыққа шықты.сөйтіп қазақстанда да үш тармақты билік пен басқару жүйесінің негізі қаланды.
1992 жылы маусымда тәуелсіз қазақстанның Елтаңбасы мен туының жаңа үлгілері қабылданды, желтоқсанда Әнұранның жаңа мәтіні бекітілді.
1992-1993 жылдар ішінде Жоғарғы Кеңес бірқатар маңызды экономикалық және әлеуметтік заңдар қабылдады.
1992 жылы тамыз айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заң жекешелендіруге қатысы бар заңдарды толықтырып, нарықтық экономиканың бағытын одан әрі нықтай түсті. Өзі өмір сүрген 4 жылдың ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен құжаттар қабылдады.
1993 жылғы Конституция Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жарияланып, әлемдік қауымдастыққа енуіне орай – Республиканың Негізгі Заңын қайта қарау мәселесі алға тартылды. Ол бойынша:
1) Тәуелсіз мемлекеттің құқықтық іргетасын түбірімен қайта қарау, құқықтық мемлекет құру;
2) Нарық қатынастарына өтуге байланысты өндіріс құрал – жабдықтарына меншіктің көп түрлігін енгізу;
3) Коппартиялық пен сөз бостандығы, демократиялық ұстанымдарды батыл енгізу;
4) Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және еркіндіктерінкеңейте отырып, олардың міндеттерін де нақтылай түсу тағы басқа қоғамдық дамудың өзекті мәселелері жаңа Конституцияда тұжырымдалуға тиіс болды.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституция қабылданды.Конституция 21 тарау мен 131 бапты біріктірді.Конституция бойынша «Қазақстан республикасы – демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет» деп жарияланды.
Жоғарғы кеңестің өзін - өзі таратуы
1993 жылдың күзінде кейбір жергілікті кеңестер өзін- өзі тарата бастады.Өзін - өзі таратқан алғашқы кеңес Алматы қаласындағы халық депутаттарының Алатау аудандық кеңесі болды.
Жаңа парламент сайлағанша мемлекетті басқару тұтастай өкілеттігі уақытша кеңейтілген Президентке тапсырылды.
Сайлау туралы жаңа кодекстің қабылдануы кеңестер таратылып, мемлекеттік және атқарушы билік тұтастай өз қарауына берілгеннен кейін, президент1993 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан республикасының сайлау туралы кодексін қабылдау туралы Жарлыққа қол қойды.Жаңа Кодекс бойынша, Қазақстан Республикасының құрамы 177 депутаттан тұратын болды.Оның 42-сі Қазақстан Президенті жасайтын мемлекеттік тізім бойынша сайланды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне және мәслихат деп атала бастаған жергілікті билік органдарына сайлау өткізу 1994 жылдың 7 наурызына белгіленді.
Коммунистік партия ыдырап жатқан кезде саяси бірлестіктердің алғашқысы Қазақстан Республикасының партиясы (ҚРП) бодды.Алайда, 1992-1993 жылдар ішінде ҚРП-да дағдарыс болып, партия жікке бөлінді. Соның нәтижесінде сайлау қарсаңында ҚРП санасуға тұратындай саяси күш ретінде көріне алмады. Осы жағдай ҚРП – на балама саяси ұйым құру қажеттігін туғызды.
1993 жылдың ақпанында Қазақстан халық бірлігі (ҚХБО) дүниеге келді.Оны құру тікелей әкімшілік шаралармен жүзеге асырылды.Сондықтан да ол ұйымдық және қаражат жағынан қиындық көрген жоқ. Құрылу маслихатында бұл одақ өзінің жетекшісі ретінде Президент н.назарбаевты атады. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген үш саяси партия - Социалистік партия, Қазақстан республикасының партиясы, Қазақстан Халық Конгресі партиялары болды.Қоғамдық қозғалыстар арасында беделді әрі танымал болған – «Невада – Семей», «Азат», және ҚХБО болды.Қоғамдық саяси бірлестіктердің жалпы саны 300-ден асты.
1995 жылы Қазақстан халықтары ассемблеясының үндеуіне және республика президентінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі жарлығына сәйкес референдум өткізді.Бұл референдумда қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Н.Назарбаевтың президенттік мерзімін ұзартуды жақтап дауыс берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның қабылдануымен елімізде президенттік басқару қалыптасты.Конституция 98-бапты біріктіретін 9- бөлімнен тұрады. Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатаданСенат және Мәжілістен тұрады.1995жылы күзде республика парламентінің жаңа сайлауы өтті.1996 жылы 30- қаңтарда Парламент өз жұмысын бастады.Тәуелсіздік жарияланған соң, Қорғаныс коммитеті құрылды.1997 жылы 7 мамырда қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.Алғашқы қорғаныс министрі генерал- лейтенат Сағдат Нұрмағамбетов болды
Тәуелсіз Қазақстан дамуының мемлекеттік стратегиясын айқындау. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегінің маңызы. Қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру. Дербес дамудың дара жолын айқындау. Дамудың қазақстандық үлгісі. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қоғамның конституциялық құрылыс негізін жасау. ҚР рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы заң. Елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және оның маңызы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. Мемлекеттік сәйкестікті дамыту, азаматтық бірлікті және саяси тұрақтылықты нығайту. Әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және күшейту.Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту. Орталық пен аймақтардың, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлу, орталықсыздандыру. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заң. Еліміздің саяси жүйесінің жаңа құрылымының қалыптасуы. Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару.Биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселе¬лерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі. Президент институты - тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі бұрын болмаған жаңа құрылым. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», ҚР дамуының ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру. Құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіп¬сіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. Құқықтық реформа және заңдарды ізгілендіру. Құқық қорғау жүйесін оңтайландыру. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды нығайту. ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандық даму жолының» іргелі құндылықтары мен ерекшеліктері туралы. Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы»: негізгі құндылығы және бірегейлігі. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Елбасы идеялары – ұлттық құндылық. Тәуелсіздіктің тұғыры – «Елбасының Қа¬зақстан жолы», ал түпкілікті мақсат – Мәң¬гілік ел болу. Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға жол» мақаласы - қазақстандықтар үшін қуатты іс-әрекет көзі жәнеболашаққа ынталандырушы. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстан Республикасы Конституциясы. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы. Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы. «Қазақстандық халықтың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.
Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы. Нақты өнімді еңбек, бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын құру – ҚР әлеуметтік жаңарту саясатының негізі. Мемлекеттік жаңғыртудағы Тұңғыш Президенттің бастамалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет