Конспектісі ele 3216 «Электротехника» пәні esozh 07 «Электротехника, стандарттау және өнеркәсіптік желдету»



бет11/23
Дата25.12.2023
өлшемі2,88 Mb.
#199092
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Лекции элтех каз ОПИ 3

Үш фазалық жүйе деп, бірдей жиіліктегі синусоидалы электр қозғаушы күш әсер ететін үш электр тізбегінен тұратын, бір-біріне фазасы бойынша 1200 –қа ығысқан және бір қоректендіру көзімен қосылған жүйені атаймыз.
Үш фазалы жүйенің жекелеген бөліктері фазалар деп аталады Үш фазалық жүйе симметриялы, себебі оның фазаларының (орамалардың) парамертлері ,яғни материалдары бір, ұзындықтары мен көлденең қимасының ауданы өзара тең етіп жасалады, осыған байланысты орамаларда әсер етуші ЭҚК – өзара тең болады
Үш фазалық жүйенің бір фазалық жүйеге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:
- Жүйе аса үнемді, үш фазалық генератор үш бір фазалыққа қарағанда қарапайым және арзан, қосқыш сымдары аз, сымдардағы қуаттың шығындары төмен.
- Генератордың орамаларын жұлдызша сұлбасы бойынша қосқанда кернеуді таңдаудың мүмкіндігі бар, ол сызықты немесе фазалық кернеу.
-Үш фазалық ток айналамалы магнит өрісін тудырады. Айналмалы магнит өрістерін қолдану принципіне өнеркәсіпте ең көп тараған үш фазалық асинхронды электр қозғалтқыштарының жұмыс әсері негізделген.
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін алуды орыс инженері М.О.Доливо-Добровольский 1891 жылы ұсынып,үш фазалы генератордың алғашқы жобасын жасаған.
б) Үш фазалы генератордың құрылысы:
қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктері
магниттік бөлігі
жұмыс істеу принципі
үш фазалы тізбегіндегі қуат шамалары
Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-тер жүйесін (үш фазалы тоқты) алу үшін үш фазалы синхронды генератор қолданылады.
Оның қозғалмайтын бөлігі - статорында бірі бірінен 1200-қа ығысқан және өзара оқшауланған үш фазалық орама орналасқан.
қозғалмалы бөлігі - ротор айналғанда осы орамаларда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш э.қ.к.-тер пайда болады.
Олардың біріншісі еА (ЕА), одан фаза бойынша 120кешігіп отыратын екінші фазасы еВ (ЕВ), ал екіншіден фазасы бойынша 1200 озып отыратын э.қ.к.- еС (ЕС) белгілейміз.
Генератордың орамаларын оның фазалары деп атайды да, А,В,С латын әріптері арқылы белгілейді
Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл рет ЕА , ЕВ , ЕС болса, онда мұндай кезектесу тура кезектесу деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет