Жалпы ескертулер: 1. Жалпы жағдайда қосымшалар ретінде жалпы орналасқан жазықтық-тар, жеке орналасқан жазықтықтар, концентрлік немесе эксцентрлік сфералар, цилиндрлер және нақты графикалық есепке байланысты т.б.
2. Қосымша m және n сызықтары ең қарапайым (шеңберлер, түзулер, түзулер жиынтығы) болатындай, сондай (түрі бойынша) және осылай (орналасуы бойынша) болып таңдалу керек.
3. Ізделіп отырған l сызығының 1, 2 және т.б. нүктелері қиылысатын беттер проекцияларының өзара салыну ауданының шегінде орналасу керек (1-суреттің күңгірттелген аймағы).
4. Салуды "оған тән" деп аталатын нүктелерден: жоғарғы, төменгі, сол, оң, жақын, алыс, көрінушілік аймақтары шекараларынан және т.с.с. бастау керек. Егер ізделіп отырған сызықтар сипатын бір мағыналы анықтау үшін оған тән нүктелер жеткіліксіз болса, "кәдімгі" деп алатын нүктелерді табу қажет.
5. Егер қиылысатын беттердің проекциялардың қандай да бір жазықты-ғына параллель, жалпы симметрия жазықтығы болса, онда олардың очерктерінің қиылысуы оған тән екі нүктені береді, ал қалған нүктелер (соның ішінде оған тән де) бір-бірінің жармасында болады.
6. Қиылысу сызығының реті қиылысатын беттер реттерінің көбейтінді-сіне тең.
7. Нүктелердің көрінушілік-көрінбеушілік мәселелері және олардың қосылу тізбектіліктері әрбір есеп үшін жеке шешіледі.