Контекст тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата18.05.2023
өлшемі1,45 Mb.
#177090
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Сыныптан тыс іс-шара (5-6 сыныптар)
№12 КОНТЕКСТ 
1. Берілген 1 және 2 суреттегі тұлғаларға қатысты ортақ байланысты анықтаңыз 
A)Есік обасын зерттеген ғалымдар 
B) Қазақтың академик ғалымдары 
C) Өнер қайраткерлері 
D) Орталық Азияның тұңғыш ғалымдары 
2. Eкінші суретте берілген тұлғаны анықтаңыз 
A) К.Ақышев 
B) Қ.Сәтбаев 
C) Ә.Марғұлан 
D) М.Қадырбаев 
3. Бірінші суретте берілген тұлғаны анықтаңыз 
A) Қ.Сәтбаев 
B) К.Ақышев 
C) Ә.Марғұлан 
D) М.Қадырбаев 
4. Қ.И.Сәтбаевтың ежелгі ескерткіштерді зерттеуге қосқан үлесі 
A) Ежелгі кен істері мен мыс қорыту өндірісін анықтаған 
B) Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашқан 
C) Көне темір кен орындарын ашты 
D) Ежелгі алтын кен орындарын зерттеді 
5. Дұрыс дәйектерді анықтаңыз 
І. Ә.Марғұлан Сарыарқадағы неолит пен энеолит дәуіріндегі мекендер, қола дәуіріндегі 
қоныстар мен қорғандар, сақтардың және түркі заманындағы жерлеу орындарымен 
орта ғасырлардағы қалаларды зерттеді;
ІІ. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ашылды, ғалым Қ. Сәтбаев оның алғашқы 
президенті болды;
ІІІ. Ә.Марғұлан қазақстандық металогения ғылымы мен геология ғылыми мектебінің 
негізін қалады;
ІV. Қ. Сәтбаев Сарыарқадағы неолит пен энеолит дәуіріндегі мекендер, қола дәуіріндегі 
қоныстар мен қорғандар, ғұндардың және түркі заманындағы жерлеу орындарымен 
орта ғасырлардағы мемлекеттерді зерттеді
A) ІІІ, ІV 
B) II, IV 
C) І, ІІ 
D) І, IV 


№13 КОНТЕКСТ 
 
Жібек сауданың басты тауары саналды. Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндіру 
технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар ерте 
замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек – жұқа, жеңіл, жұмсақ мата. Таза және табиғи 
болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар. Жібек өндіруші елдер мен оны 
тұтынушылар жібектен тігілген киімге жәндіктердің жоламайтынын байқаған. Жібек 
киімдер әдемі және ыңғайлы, сәнді еді. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар 
бойы қатаң сақталды. Қытайдан шығарылған маталар Ұлы Жібек жолы арқылы 
дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс әкелген... . Жібек жолы 
түркі бөлігінің халықаралық саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың 
дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты. Бұл жол 
мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды. 
Шығыс пен Батыс мәдениеті арасында байланыстырушы көпір саналды. 
1. Мәнмәтінді пайдаланып, Жібек жолы бойында орналасып, Іле Алатауы етегінде 
транзиттік сауда орталығы болған қалаларды анықтаңыз 
A) Испиджаб, Отырар 
B) Түркістан, Тараз 
C) Сауран, Суяб 
D) Талхиз, Алмалық 
2. Мәнмәтінді пайдаланып, Ұлы Жібек жолындағы саудада Қытайдың басты тауарын 
анықтаңыз 
A) жібек матасы 
B) азық-түлік 
C) қыш ыдыстар 
D) жылқы 
3. Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдаланып, Жетісудағы аса ірі сауда және 
әкімшілік орталығы болған қаланы анықтаңыз 
A) Сарайшық 


B) Талхиз 
C) Сығанақ 
D) Отырар 
4. Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдаланып, VI-ХІІІ ғасырлардағы Ұлы Жібек 
жолының негізгі дұрыс бағыттарын анықтаңыз 
I. Сирия – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Шу алқабы – Ыстықкөл, Шығыс 
Түркістан
IІ. Византия – Дербент – Маңғыстау – Арал бойы – Оңтүстік Қазақстан
IІІ. Рим – Маңғыстау – Солтүстік Қазақстан – Батыс Сібір
IV. Үндістан – Каспий маңы – Шығыс Қазақстан – Византия
V. Арал бойы – Сырдария бойы – Маңғыстау – Жетісу – Жапония
A) І, ІІІ 
B) ІІІ, V 
C) II, IV 
D) І, ІІ 
5. Kарта бойынша, Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын қақпасын анықтаңыз 
A) Жетісу 
B) Батыс Сібір 
C) Маңғыстау 
D) Солтүстік Қазақстан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет