№2 КОНТЕКСТ
«Ертедегі көшпелілер – сақтар, скифтер ( көне парсыша – сака, көне қытайша – сэ) мен
сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы тек археологтердің
деректерінен ғана емес, сондай-ақ көптеген жазба дереккөз арқылы да білуге болады.
Б.з.б. VI ғасырдың соңындағы ежелгі парсы жазбалары –
сақтар заманы туралы
жазылған ең алғашқы дереккөз. Екінші жазба дерек Геродоттың
еңбектері мен грек-
римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі. Үшінші дерек б.з.б.
I мыңжылдық соңына
жататын көнеқытайлық жылнамаларда баяндалады.
Парсы патшасы I Дарийдің
бехистундық жазбаларында оның Орталық Азияға сақ-тиграхаудаларға («шошақ бөрік
киетін») жасаған жорығы сипатталады. Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс
даласында сақ-тиграхаудалар көшіп-қонып жүрген болуы керек. Дахтар мен массагеттер
Сырдарияның төменгі
ағысы мен Арал маңын мекендеп, тайпалық одақ құрған.
Исседондар Орталық Қазақстанда оқшауланып тіршілік кешті.
Сақтар мен оларға
туыстас тайпалар Ұлы Даланың шығыс бөлігі – Шығыс Қазақстанды ғана емес, сондай-
ақ Алтай мен Оңтүстік Сібір және Жоңғарияны да мекендеді».
1. Сақ тайпалық одақ өмір сүрген кезең:
A) Кейінгі қола дәуірі
B) Ерте темір дәуірі
C) Кейінгі темір дәуірі
D) Ерте ортағасырлар дәуірі
2. Сақтар туралы алғашқы жазба деректер:
A) грек
B) парсы
C) қытай
D) иран
3. Берілген сақ тайпаларын мекендеген өңірі бойынша сәйкестендіру:
1. исседондар 2. массагеттер 3. аримаспылар
А) Арал маңы
В) Орталық Қазақстан
С) Шығыс Қазақстан
A) 1B, 2C, 3A.
B) 1A, 2C, 3B.
C) 1B, 2A, 3C
D) 1C, 2B, 3A
4. Берілген археологиялық ескерткіштерді сәйкестендіріңіз:
1. Бесшатыр 2. Сынтас 3. Тасмола
А) Жетісу
В) Орталық Қазақстан
С) Батыс Қазақстан
A) 1B, 2C, 3A.
B) 1A, 2C, 3B.
C) 1А, 2В, 3C
D) 1C, 2B, 3A
5. Мәтін бойынша дұрыс тұжырымдаманы анықтаңыз:
I. Дай мен массагет тайпалары Сырдарияның орта ағысын мекендеген сақ тайпалары
II. Сарыарқа даласында мекендеген исседон тайпалары болды.
III. І Дарийдің сақтарға жорығы Бехистун жазбасында сипатталған.
IV. Сақ-тиграхаудалар («шошақ бөріктілер») Оңтүстік Азияны мекендеген тайпа.
A) II, IV
B) I, III
C) I, IV D) II, III