№10 КОНТЕКСТ
Көне түркілер, түргеш, қарлұқтар заманындағы қала мен далада сәулет ескерткiштерi
бой көтердi. Қолданбалы және бейнелеу, мүсiн өнерi дамыды. Кедер мен Жамукет
сарайлары (VII–ІХ ғасырлар) осының айқын мысалы болып табылады. Сарайлар мен
ғибадатханаларды безендiруге сырлы сурет, өрнектi сылақ, оймыш ағаш тақтайшалар
кеңiнен қолданылды. Қабырғаларды әрлендіруге өсімдік және зооморфты (хайуанат
пішінді) өрнектер пайдаланылды. Суяб пен Науакенттегi қазба жұмыстары кезiнде
будда храмдарының орындары табылды. Ғибадатханалардың қабырғалары сырлы
суреттермен безендiрiлген. Қабырға қуыстары мен көтерiңкi сәкi үстiнен будда
мүсiндерi табылған. Жамбыл облысында қарлұқ дәуірі сәулет өнерінің ескерткіші –
Ақыртас ғимараты орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау баурайында
VІ–VІІІ ғасырларда ортағасырлық Баладж қаласы болған. Ортағасырлық Баба-Ата
жұртының орнынан археологтар VІ–VІІІ ғасырларға жататын құрылыс тапты.
1. Mәнмәтін бойынша теңге шығарылған Жетісудағы ортағасырлық қала
А) Кедер
В) Жамукент
С) Науакент
D) Суяб
2. Mәнмәтін бойынша будда храмы табылған Суяб қаласы орналасқан аймақты
анықтаңыз
А) Ертіс
В) Есіл
С) Маңғыстау
D) Жетісу
3. Mәнмәтін бойынша қазба жұмыстары кезінде будда храмдарының орындары
табылған қалалар
А) Суяб, Науакент
В) Отырар, Суяб
С) Науакент, Сауран
D) Суяб, Тараз
4. Mәнмәтін бойынша Ақыртас ғимараты орналасқан облысты анықтаңыз
А) Түркістан
В) Суяб
С) Сырдария
D) Жамбыл
5. Mәнмәтін бойынша VI – VIII ғасырларға жататын Қаратау баурайындағы қала
А) Науакент
В) Суяб
С) Баладж
D) Баба ата
№11 КОНТЕКСТ
1. 1-сурет пен карталарды біріктіретін тұлғаны анықтаңыз
A) Шағатай
B) Алаша
C) Жошы
D) Үгедей
2. 1-ші және 2-ші картаны салыстыра отырып, құрылған Алтын Орданың ұлыс аумағын
анықтаңыз:
A) Шағатай ұлысы
B) Төле ұлысы
C) Құбылай ұлысы
D) Жошы ұлысы
3. Тарихи білімдерді пайдаланып, билеушілер мен тарихи оқиғаларды сәйкестендіріңіз
1. Батый; 2. Өзбек; 3. Мөңке - Темір
A. Алтын Ордада ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады; B. Алтын Орда саяси
дербестікті алады;
C. Алтын Орданың негізін қалады.
A) 1-А; 2-В; 3-С
B) 1-С; 2-А; 3-В
C) 1-С; 2-В; 3-А
D) 1-В; 2-А; 3-С
4. Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдаланып, Aлтын Ордаға қатысты дұрыс
дәйектерді анықтаңыз:
I. Билеушілері Шыңғысхан ұрпағынан болды;
II. Жаулап алу соғыстарын жиі жүргізді;
III. «Жеті Жарғы» заңдарымен өмір сүрді;
IV. Аумағына Есіл мен Ертіс аралығы ғана кірді;
V. Ресей патшалығына тәуелді болды.
A) IІІ, ІV
B) I, ІІ
C) I, ІІІ
D) ІІ, ІV
5. Тарихи білімдерді және карталарды пайдаланып, дұрыс дәйектерді анықтаңыз
І. 1227-1255 жылдары Бату хан Алтын Ордада билік етті
ІІ. 1247-1266 жылдары Берке хан Алтын Ордада билік етті
ІІІ. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сығанақ қаласын бағындырды
ІV. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Отырар қаласын бағындырды
A) І, ІІI
B) II, III
C) I, II
D) I, IV
|