№13 КОНТЕКСТ
Жібек сауданың басты тауары саналды. Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндіру
технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек
маталарды адамдар ерте
замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек – жұқа, жеңіл, жұмсақ мата. Таза және табиғи
болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар. Жібек өндіруші елдер мен оны
тұтынушылар жібектен тігілген киімге жәндіктердің жоламайтынын байқаған. Жібек
киімдер әдемі және ыңғайлы, сәнді еді. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар
бойы қатаң сақталды. Қытайдан шығарылған маталар
Ұлы Жібек жолы арқылы
дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс әкелген... . Жібек жолы
түркі бөлігінің халықаралық саудада маңызы зор еді. Ұлы Жібек жолы сауданың
дамуына, көптеген қалалардың пайда болуына, өркендеуіне жол ашты.
Бұл жол
мемлекеттердің қалыптасуында, әлемдік өркениеттің дамуында үлкен рөл атқарды.
Шығыс пен Батыс мәдениеті арасында байланыстырушы көпір саналды.
1. Мәнмәтінді пайдаланып,
Жібек жолы бойында орналасып, Іле Алатауы етегінде
транзиттік сауда орталығы болған қалаларды анықтаңыз
A) Испиджаб, Отырар
B) Түркістан, Тараз
C) Сауран, Суяб
D) Талхиз, Алмалық
2. Мәнмәтінді пайдаланып, Ұлы Жібек жолындағы саудада
Қытайдың басты тауарын
анықтаңыз
A) жібек матасы
B) азық-түлік
C) қыш ыдыстар
D) жылқы
3. Мәнмәтінді және
тарихи білімдерді пайдаланып, Жетісудағы аса ірі сауда және
әкімшілік орталығы болған қаланы анықтаңыз
A) Сарайшық