Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді



Дата13.10.2022
өлшемі15,69 Kb.
#152913
Байланысты:
жолда жүру ережесі разработкасы


  • Балалар, жолда жүру ережесі туралы не білеміз?


Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:
Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.
— Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.
— Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.
Есіңе сақта.
• Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт.
• Жол қиылысында аса абай бол.
• Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр.
• Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.
• Бағдаршамға қарауды ұмытпа.
• Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт.
• Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.
Ситувциялық жағдаяттар:

  1. Жол жиегінде доп ойнау;

  2. Самокадпен жолдан өту;

  3. Жол белгілері жоқ жерде жолды кесіп өтуге тырысу;

  4. Пешеходтан тез өтуге тырысу.

Жұмбақтар:
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Ысқырықпен түзеткен. (жол полициясы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)
3. Өміріңді күзеткен,
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»
Сергіту сәті:
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет