ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Үздіксіз және қашықтықтан оқыту институты
«Аграрлық технологиялар» кафедрасы
«Бекітемін» Үздіксіз және қашықтықтан
оқыту институтының директоры ________________Б.А. Досжанов
«______» ____________2019 жыл
|
TT2106 -«Топырақтану» пәні бойынша
6В08171(5В080100)- «Агрономия» білім беру бағдарламасының
1-курс студенттеріне арналған
КОНТЕНТ
Пән оқытылатын оқу тобы: АГР-19-31
Академиялық кезең (семестр): 1
Кредит көлемі: 5
Пән оқытушысы жөнінде мәлімет: Нұрымова Раушан Дүйсенқызы,
т.ғ.к., аға оқытушы, телефон: +7775217266, rau066@mail.ru
Пән оқытушысының қолы ________________
Қызылорда, 2019 жыл
Контентті дайындауда ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізге алынды.
Контент «Аграрлық технологиялар» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ___ «____» ___________ 2019 жыл.
Кафедра меңгерушісі:______________ т.ғ.к. Көптілеуов Б.Ж.
Контент Ауылшаруашылығы бағыты бойынша кеңес мәжілісінде
қаралып бекітілді.
Хаттама № ___ «____»___________ 2019 жыл.
1. Аннотация
Пәнді оқытудың мақсаты: Ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі нысаны топырақты әртүрлі тұрғыдан қарастыра отырып білім беру. Өйткені, топырақ біріншіден, өз бетінше дамып, өзгеріп отыратын, әрі жасанды жолмен өзгертуге болатын күрделі табиғи дене, екіншіден өсімдіктер өсетін негізгі орта болып табылады.
«Топырақтану» пәні білімгерлерге топырақты мелиорациялаудың инженерлік әдістерін, гидромелиоративтік жүйені жобалау мен тиімді пайдалануды және мелиоративтік жұмыстарды жүргізуді экономикалық негіздеуді оқып үйренуге негіз болады.
Пәнді оқытудың міндеті: білімгерлерге топырақтың қасиеттеріне мөлшерлік тұрғыдан баға беруді үйрету;
топырақты жақсарту мен топырақтың құнарлығын арттырудың әдістерімен танысу;
топырақтың су, ауа, жылу және қоректік режимдерін реттеу әдістерімен таныстырып оларды қолдануды үйрету;
топырақты және қоршаған ортаны қорғаудың тәсілдерімен танысу;
мелиорациялаудың нәтижесінен өзгертетін топырақ түзілу құбылысын болжауды үйрету;
топырақты мелиорациялаудан туындайтын экологиялық өзгерістерімен таныстыру;
гидромелиоративтік жүйенің технологиялық параметрлерін өсімдіктердің талаптары мен ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізудің жағдайларымен байланыстыруды үйрету.
Пәннің пререквизиті: Осы пәнді меңгеру үшін Топырақ эрозиясы;
Пәннің постреквизиті: климаттық тәуекелдер және оларды басқару, суғару мелиорациясы, ғылыми-зерттеу және тәжірибе әдістемесінің негіздері
2. Пәннің оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары
№
|
Сабақ тақырыбы
|
Сағат саны
|
Чат-сабақ бойынша
|
1
|
Топырақтану пәні – топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері
Топырақтану ғылымының тарихы және оның ғылыми негізін салушылар.
|
1
|
2
|
Топырақтану ғылымының ғылыми пән ретінде зерттейтін мәселелері, нысандары және зерттеу әдістері. Топырақты мелиорациялау туралы түсінік
|
1
|
3
|
Жерді қорғау және оның құнарлығын арттыру топырақтану және егіншілік ғылымдарындағы прогрестің негізгі шарты. Қазақстандағы жер қорлары және оны пайдалану. Жыртылатын жерлер, аудандары және оларға баға беру
|
1
|
4
|
Климат, топырақ сулары және ыза суларының топырақтың түзілуіндегі маңызы. Топырақтың абсолют және салыстырмалы жасы
|
|
5
|
Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақтың минералогиялық және механикалық құрамы
|
1
|
6
|
Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақтың минералогиялық және механикалық құрамы Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі және оның ылғалдылыққа байланысты болуы. Топырақтың сулық қасиеттері және су режимі
|
1
|
7
|
Топырақты топырақтық-географиялық аудандастыру және жіктеу. Далалық және орманды далалық аймақтың қара топырағы
|
1
|
8
|
Шөл аймақтың топырақтары. Тұзданған топырақтар
|
1
|
9
|
Топырақтық –мелиоративтік ізденістер. Мелиорацияланған жерлерді құрғату, суару және пайдалану жобаларын негіздеу үшін топырақтың мелиоративтік ізденістер
|
1
|
10
|
Аридті және гумидті зоналардың топырақтарын топырақтық –мелиоративтік топтастыру. Топырақтық –мелиоративтік картаны құрастыру және оларды мелиоративтік шараларды жобалауда пайдалану
|
1
|
|
Барлығы
|
10
|
Форум бойынша
|
1
|
Топырақтану ғылымының дамуы. Топырақ түзілу құбылысының жалпы схемасы
|
2
|
2
|
Топырақтың түзілуіндегі үгілу үрдісінің орны және топырақ түзуші факторлар
|
2
|
3
|
Топырақтың минерологиялық құрамы. Топырақтың химиялық құрамы. Топырақтың органикалық заты және оның топырақ құнарлылығын арттырудағы маңыздылығы
|
2
|
4
|
Топырақ гумусы. Топырақтың ауа және жылу режімі.
|
2
|
5
|
Топырақтың морфологиялық белгілері
|
2
|
6
|
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақтың табиғи зоналылығы.
|
2
|
7
|
Топырақтың ылғалдылығын және ең жоғары гигроскопиялығын кептіру және таразыға тарту әдісімен анықтау. Топырақтың су сиымдылығын, оның түрлері және анықтау жолдары.
|
2
|
8
|
Топырақтың суды сіңіру жылдамдығы мен сүзілу коэффициентін анықтау. Капилляриметрилік әдіспен құм топырақтардың капиллярлық потенциалы мен су өткізгіштік коэффициентін ылғалдылыққа байланысты болатындығын анықтау
|
2
|
9
|
Әр түрлі табиғат зоналарында топырақты-мелиоративтік аудандастыру және оның ерекшеліктері. Жобалардың әр түрлі сатыларындағы топырақты ізденіске қойылатын талаптар.
|
2
|
10
|
Топырақ құрамындағы тұздардың мөлшерін анықтау
|
2
|
11
|
Аниодтарды анықтау: хлорды, сульфатты және жалпы сілтілікті. Катиондарды анықтау: кальцийді, магнийді, натрийді
|
2
|
12
|
Топырақтағы тұздардын қатты қалдығын анықтау. Тұзданған топырақтарды шаю
|
2
|
13
|
Құнарлылықты арттырудағы топырақ мелиорациясының ролі
|
2
|
14
|
Топырақтың сіңіргіштік қабілеті. Топырақ құрамындағы суға еритін және ерімейтін кальцийдің мөлшерін анықтау
|
2
|
15
|
Топырақ –мелиоративтік карталарды жасаудың қазіргі заман талабына сай әдістері
|
2
|
|
Барлығы
|
30
|
3. Студенттің оқытушы қатысуымен өткізілетін өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары
№
|
Өзіндік жұмыстардың тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
Қазақстанның топырақтарының аймақтық таралуы
|
1
|
2
|
Топырақтың органикалық заттары және топырақ гумусы. Топырақ түзілу процесстері
|
1
|
3
|
Топырақ құнарлылығын ұдайы өндіру
|
1
|
4
|
Топырақ жүргілері /режимдері/ және оларды оңтайландыру
|
1
|
5
|
Топырақ өңдеу және оның ғылыми маңызы
|
1
|
6
|
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақтың физико-механикалық қасиеттері
|
1
|
7
|
Топырақ ерітіндісі және оның құрамы
|
1
|
8
|
Тұзданған топырақтар және олардың пайда болуы мен таралуы. Топырақ құрамындағы зиянды топырақтардың құрамы
|
1
|
9
|
Байырғы суғарылатын сұртопырақтар. Сұртопырақтарды ауыл-шаруашылығында пайдалану және мелиорация
|
1
|
10
|
Топырақты мелиоративтік бағалау
|
1
|
|
Барлығы
|
10
|
4.Глоссарий
Аллювий – өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тастар және т.б.
Бонтировка – топырақтың сапалылығын бағалау.
Бонитет – топырақ сапасының көрсеткіші.
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық процесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді.
Дефляция – топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының түйірлерін жел үрлеп ұшыруы.
Дефляция эрозиясы – топырақтың желмен ұшып кету процесі.
Диагенез – шөгінді лайлы жыныстардың қатаюы.
Десукция – өсімдіктердің топырақ суын тамырларымен соруы
Далалық ылғалсиымдылық – ыза суы терең орналасқан жағдайда топырақты үстіңгі жағынан сулағанда топырақтың ұстап қалған су мөлшері.
Ортзаңдар – тығыз, шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршықтары.
Ортштейндер – темір мен марганец тотықтарының кесек немесе тары тәріздес.
Рекультивация – топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіру.
Жасанды құнарлық – адамның еңбек нәтежиесінде пайда болады. Табиғи және жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық құнарлық құрастырады.
Жерлерді бағалау – құнарлығын және тұрған орны жер учаскелердің сапалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша анықтау.
Зонасыз топырақтар – табиғаттың барлық зоналарында өзен бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде кездесетін топырақтар.
Ирригациялық эрозия-адамдардың суды дұрыс пайдаланбауынан болатын эрозия.
Қалыпсыз топырақтар – өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.
Коагуляция – коллоидтардың ертіндіден тұнбаға көшу процесі.
Криогенді су режимі – үнемі тоң болып жататын суға төзімді қабат түзіп, соның нәтижесінде жауын – шашынның аздығына қарамастан, жылдың жылы мезгілінде топырақтың суға қанығуы.
Қалыпты зоналық топырақтар – 5 топырақ типінен тұратын құрғақ шөпт топырақтар
Құрғақшылықтың өлі қабаты – аспалы қылтүтік топырақ суының төменгі шегі мен ыза суының қылтүтік жиегінің жоғарғы шегінің арасында, қабат салу ылғалдылығына жақын жатқан ылғалды қалыңдылық.
Гравитациялық су – грунтты топырақта ауырлық күшінің әсерінен қылтүтіктерде ұстап тұрылмай, жоғарыдан төмен жылжитын су.
Гигроскопиялық су – топырақтың ауадан сіңіре алатын бу тәрізді ылғалдылықтың ең жоғарғы мөлшері.
Мезорельеф – рельефтің орташа мөлшері. Мысалы, тау аңғарлары, алқаптар, шұңқырлар.
Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Микрорельеф – рельефтің өте ұсақ түрі. Мысалы, ұсақ құм төбелер, сор ойпаңдар және т.б.
Пестицидтер – ауру туғызатын ұсақ бунақденелілерді жою үшін қолданылатын химиялық заттар.
Сорланған топырақтар – құрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлері.
Сор топырақ – суға тез ерігіш тұздардың топырақтың беткі қабатынан бастап мол кездесуі.
Сортаң топырақ – топырақтың колоидты кешені негізінен натрий катионына қаныққан топырақтар.
Солодтар – қалдықты кварц және аморфты кремний балшығы көп топырақтар.
Топырақ-биоклиматтық белдеу – топырақтардың көлбеулі зоналар мен биіктік белдеулердің радиациялык және жылу жағдайларының біртектестігі.
Топырақ-биоклиматтық облыс – топырақ зоналарының тек радиациялық және жылу жағдайлары ғана емес, сонымен катар ылғалдану және құрғақтану жағдайларының біртектестігі.
Топырақты бонитеттеу – топырақтың табиғи құнарлығын салыстырып бағалау, оларды табиғи қасиеттер бойынша жіктеу.
Топырақ провинциясы – топырақ зонасының кейбір топырақжәне оның тұзілу ерекшеліктеріне байланысты (ылғалдану, құрғактану немесе температуралық өзгерістері) – зонаның бір бөлігі.
Топырақ округі – топырақ провинциясының жер бедері топырақ түзуші жынысқа байланысты топырақ жамылғысын біркелкі құрылымда кездесетін топырақ провинциясынын бір бөлігі.
Топырақ ауданы – топырақ округінің жергілікті жағдайларға тіпті, кейде әкімшілік бөлінісіне қарай бөлінетін ең кіші бөлігі.
Топырақ зоналары – топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи аймақтар.
Топырақ типі – топырақ жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ құнарлылығы – топырақтың өсімдіктерді өніп-өсуіне қажетті су, қорек элементтерімен қамтамасыз етуі және олардың түсімділігіне керекті жағдай туғызу қасиеті.
Топырақ пісуі – топырақтың жабысқақтығы мен байланысы маңызды агрономиялық қасиеті.
Топырақтың тоңдануы – топырақтың қысқы аяздарда құрамындағы ылғалы мұзға айналып қатуы.
Топырақ тегі – аналық тау жынысы өзгешелігіне орай бөлінетін топырақ бөлігі ( кебірленген, сорланған, корбонатты).
Тип – топырақтың жіктелуінің басты белгісі.
Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің және осыларға сәйкес интрааймақтық және аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.
Топырақ аймақшасы топырақ аймағына сәйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.
Топырақ фациясы – жылу режимінің және жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.
Топырақ округы және топырақ ауданы – жер бедерінің және топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.
Тиксотропия – мәңгі тоңды өлкелердегі топырақтарда кең тараған құбылыс.
Топырақтың тұздануы – өсімдіктер үшін зиянды болып келетін тұздардың топырақтың жоғарғы қабатына жинақталу процессі.
Толық ылғалсиымдылық –топырақтың толық сумен қанығуы.
Топырақ провинциясы – топырақ және оның түзілу ерекшеліктеріне байланысты топырақ зонасының бір бөлігі.
Өтпелі топырақтар – шайылған және жер бетіне төселген топырақтар.
Үлкен геологиялық айналым– құрлық жер мен мұхит арасында жүретін химиялық элементтер жолы.
Шабындық – жаз бойы өсіп толысатын, көбнесе орташа ылғалдыққа бейімді шөптекті өсімдіктер тобы биогеоценозы.
Шөгінді – өзен суына ілесіп келген минаралдық және органикалық түйірлі заттар.
Шурф – құрғақ жерде топырақты зерттеу үшін қазылатын тік шұңқыр.
Фаза – топырақты құрайтын бөліктер.
Фиксация –топырақтың катиондарды қайта алмастырмай сіңіруі.
Фосфорлы тыңайтқыш – өсімдіктерді қоректі фосформен қамтамасыз ету үшін топыраққа шашылатын органикалық заттар.
Экономикалық эрозия – ғылыми негізсіз жер байлығын тиімсіз пайдалану нәтижесінде топырақтың бүлінуі.
5. Дәрістер жиынтығы
Дәріс №1
Тақырыбы: Топырақтану пәні – топырақ және
оның құрылымы, құрамы, қасиеттері
Топырақтану ғылымы және оның мазмұны.
Топырақтану ғылымының тарихы және оның ғылыми негізін салушылар.
Дәріс мазмұны. Топырақтану пәні – топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері, топырақтардың түзілу (генезисі) мен географиялық таралу заңдылықтары туралы, сонымен бірге топырақтың басты қасиеті – құнарлылықтың қалыптасуы мен дамуы және оларды ұтымды пайдалану туралы ғылым.
Жоғары өнім алу үшін өсімдіктерге әсер ететін барлық тіршілік факторларын реттеп отыру керек. Дегенмен, кең аумақтарды алып жатқан егістіктерге жылу мен жарық түсуін реттеп отыру мүмкін емес екені белгілі.
Су мен қоректік заттар өсімдіктерге топырақ арқылы беріледі. Топырақтарға өңдеу құралдарымен, тыңайтқыш себу арқылы, оларды құрғату немесе суару арқылы әсер ете отырып, су мен қоректік заттардың өсімдіктерге берілуін реттеуге болады.
Өсімдіктер өнімін қамтамасыз етуде топырақтың маңызы өте зор. Топырақтың басқа барлық табиғи денелерден айырмашылығы – оның ерекше құнарлылық қасиеттерінде, атап айтқанда өсімдіктерді сумен және қоректік заттармен қамтамасыз ете алу қабілетінде. Бұл топырақ топырақ пайда болуымен бірге дамып келеді.
Топырақтардың пайда болуы күрделі үрдіс, оның негізі заттардың биологиялық айналымы болып табылады.
Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыс ғалымы В.В.Докучаев. Топырақтың түзілуіне В.В.Докучаевтың атап көрсеткен келесі факторлары өте үлкен әсер етеді, олар:
1) Аналық тау жынысы;
2) Өсімдік жамылғысы;
3) Климат;
4) Жер бедері (рельеф);
5) Жасы (шақ).
Кейіннен В.Р.Вильямс тағы екі факторды атап көрсетті:
1) Топырақтардың салыстырмалы жасы;
2) Адамның шаруашылық іс-әрекеті.
Топыраққа, табиғи дене санасында, бірінші анықтаманы 1886 жылы В.Докучаев берген: «Топырақ деп - тау жыныстарының (қандай да болмасын) сыртқы ауа, су және түрлі тірі және жансыз организмдердің әсерінен табиғи өзгерген горизонттарды атау керек». Н.Сибирцев 1902 жылы оны былай деп толықтырған: «Табиғи топырақ тау жыныстарының беткі горизонгғарында жалпы жылжымалы тыс құбылыстар арқылы жаралған». П.Костычев бойынша топырақ деп, тау жыныстарының жоғарғы, өсімдік тамырлары тараған қабаты аталады. В.Вильямс оны сапалы толықтырған: борпылдақ тау жыныстарының жоғарғы, өсімдіктерді қажетті су және қоректік элементтермен қамтамасыз ететін, құнарлы қабаты топыраққа жатады деген.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б. 2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.
3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.
4. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136 бет
Бақылау сұрақтары:
Топырақтану ғылымының тарихы
Топырақтану ғылымының ғылыми негізін салушылар.
Дәріс№2
Тақырыбы:Топырақ және оның пайда болуы
Топырақ түзілу құбылысы туралы түсінік.
Дәріс мазмұны. Топырақтың ғылыми анықтамасын бірінші болып 1886 жылы белгілі орыс ғалымы Василий Васильевич Докучаев берген: «Топырақ – су, ауа және түрлі тірі және өлі ағзалардың әсерінен табиғи өзгерген тау жынысының «үстіңгі» немесе сырттқы қабаттары».
Жер бетіндегі тау жыныстарының топыраққа айналуына көптеген миллиондаған жылдар қажет.
Топырақ түзілу процесі басталмай тұрып, атмосфералық факторлар – судың, ауаның, күн жылуының әсерінен жер қыртысының үстіңгі жағында бос қабат түзудің ұзақ кезеңі өттеді.
Тау жыныстарының үгілуі физикалық, химиялық және биологиялық болып үшке бөлінеді.
Тау жыныстарының физикалық, химиялық және биологиялық үгітілуі ұзақ геологиялық процесі мен қозғалысы нәтижесінде майдаланып, химиялық құрамы, физикалық қасиеттері басқа өнімге айналады: Олардың өте біркелкі немесе біркелкі емес масса түріндегі беткі жағы топырақ түзуге арналған аналық жыныс болып табылады.
Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп, оның химиялық құрамы өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілуге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күштері, тасқын сулар, көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі температура әсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де әлгі сызат үлкен жарықшаға айналып, қатты жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары пайда болады. Оның күшімен ірі–ірі тастар домалап, бір–біріне соғылып майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жынстары құрамындағы суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Фихикалық және химиялық үгілу табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал, ауа-райы өте суық тундыра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химялық үгілулердің нәтижесінде таулар бұзылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шөгеді. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ пайда болмады. Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы – физикалық та, химиялық та емес, биологиялық құбылыс.
Физикалық және химиялық айналулармен бірге тірі ағзалармен минералдардың биологиялық үгітілуі жүріп отырады.
Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып, бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болды.
Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық–суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, сілітілгін таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі. Оларға сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.
Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздар мен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашқы құнары аздау топырақтар пайда бола бастады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.
Достарыңызбен бөлісу: |