Кооперация диаграммасы және оның нотациясы. Тізбектелу диаграммасы мен кооперация диаграммасының ерекшеліктерін талдау
Әрекеттесу диаграммасы (interaction diagrams) – объектілердің мәлімдемелермен (хабарламалармен) алмасу үдерісін модельдеу диаграммасы.
Әрекеттесу диаграммасының екі түрі бар:
- Тізбектік диаграммасы (sequence diagram)- объектілердің уақыт бойынша реттелуін көрсететін диаграмма.
- Кооперация диаграммасы (Collaboration Diagram) – хабарламалармен алмасатын объектілердің құрылымдық ұйымдастырылуын көрсетететін диаграмма.
Кооперация диаграммасы қолданылады: - іс-әрекеттері бар объектілер жиынын көрсету;
- жүйенің динамикалық аспектілерін зерттеу нәтижелеріне негіздей отырып, класстар арасында функционалдылықты бөлу;
- күрделі операцияларды орындау логикасын сипаттау, әсіресе бір объект бірнеше объектілермен өзара әрекеттескен жағдайларда;
Кооперация диаграммасы элементтері
Кооперация диаграммасының басты ерекшелігі өзара әрекеттесуге қатысатын объектілер арасындағы барлық құрылымдық қатынастарды, сондай-ақ қабылданған және жіберілген барлық объектілік хабарларды графикалық түрде ұсыну болып табылады. Кооперация диаграммасының басты ерекшелігі өзара әрекеттесуге қатысатын объектілер арасындағы барлық құрылымдық қатынастарды, сондай-ақ қабылданған және жіберілген барлық объектілік хабарларды графикалық түрде ұсыну болып табылады. Хабарларды берудің құрылымдық ерекшеліктерін айқындау үшін тізбектік диаграммалардан кооперация диаграммаларына ауысады.
Кооперация диаграммасы
Кооперация диаграммасының
компоненттері
объект
байланыс
хабарлама
Объектілер
Объект кластың бөлек данасы болып табылады, модельдің жүзеге асуы кезінде қолданылады.
Объект түрлері
Активті объектінің (active object) жеке басқару процесі бар және басқа объектілерді басқару қызметін бастай алады. Кооперация диаграммасындағы активті объект қалың шекаралы тікбұрышпен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |