Жазық полярлық координаталар жүйесі.
Жазық полярлық координаталар жүйесі. Геодезиялык жұмыстарды жүргізген кезде, көптеген нүктелердің орындарын бастапқы бағыт немесе бағдар ретінде қабылданған белгілі бір нысанадан анықталатын жазық, полярлық координаталар жүйесі қолданылады. Осы координаталар жүйесінің элементтері
1) бастапқы бағыт, полярлық осі-ОХ; ОХ осінен кез-келген жаққа бағыттауға болады, мысалы, А және В нүктелеріне;
2) О-нүктесі-координаталар басы (полюс), түсірістер кезінде, полюс ретінде теодолиттік жүрістер нүктесі қабылданады.
Жазық полярлық координаталар жүйесінде нүкте екі координата арқылы анықталады: полярлық осьтен нүктеге дейінгі бағыт аралығындағы горизонталь бұрыш-ß; полюстен бастап анықталатын нүктеге дейінгі арақашықтық-d. Мысалы, А нүктесінің координаталары ß1 d1 ал В нүктесінің координаталары ß2, d2 болып келеді.
Полярлық бұрыштар полярлык осьпен сағат тілінің бойымен О мен 360° аралыгында өлшенеді. Жазық полярлық координаталар жүйесі теодолиттік түсірістер мен жобадан жергілікті жерге қүрылыс объектілерінің нүктелерін көшіргенде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |