Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий тері эпидермисін құрайды. Эпителий ұлпасы бір-біріне қабаттасып жатқан көп қабат эпителий жасушаларынан тұрады.Оның жеғарғы қабаттарындағы эпителиоциттер мүйізденіп, қабыршақтарға айналады да, эпидермистің сыртқы бетін қаптап жатқан қалың мүйізді қабатты құрайды. Жануарлар терісі эпидермисінің қалыңдығы терідегі түкке байланысты. Тері түктері қалың болған сайын, эпидермис жұқара береді. Түксіз тері эпидермисі өте қалың болып келеді. Терінің түксіз аймағындағы эпидермисте бір-бірінен анық ажырап айқын көрінетін бес: базальты, қылтанақты, дәншелі, жылтырауық және мүйізді эпителиоциттер қабаттары болады.