Көпжылдық астық түқымдас шөптер тобына жататын дақылдар және олардың шаруашылық және агротехникалық маңызы



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі28,59 Kb.
#96847
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сурактар Азыктандр Ондирис Документ Microsoft Office Word

1.Таза сүрі жер,
2.Бірінші жылғы еркекшөп,
3.Тұқымдық еркекшөп,
4.Пішенділік еркекшөп,
5.Жаздық арпа.
Негізгі топырақты өңдеу – тереңдетіп сыдыра қопсыту. Көктемде ерте мезгілде егісті себетін болсақ, егісті себу алдында жазықтілгіштермен аздаған тереңдікте жырмалау, тырмалау-малалау және тұқымды себер алдында, содан кейін яғни сепкеннен соң, таптағыштармен тығыздау керек. Егерде тұқымдарды себуді жазды күндері жүргізген болсақ, шығатын арамшөптерді жою ретінде керектігіне байланысты 2-3 жазықтіл-гіштермен топырақты өңдеуіміз қажет.
Астық тұқымдас шөптер тыңайтқыштарға сұранысты келеді. Шөптердің тұқымдарыңың жоғары өнімдерін алу үшін, фосфорлық тыңайтқыштарды сіңіру керек: жылжымалы фосфордың көлемі өте аз танаптарға – 70-80, аздарға – 60, орташаларға – 40 кг/га ә.з-ды. Егістерді сепкеннен кейін, бір жыл өткен соң егістерді, яғни шөптерді азоттылық тың- айтқыштармен үстемелеп қоректендіру керек, сіңіру мөлшері 30-40 кг/га ә.з. Көктемде егістіктердегі қардың кетуіне байланысты және олардың ерінді суларын пайдаланып РУМ-8 агрегатымен тыңайтқыштарды шашамыз және содан кейін оларды тырмалап-малалап сіңіреміз.
Құрғақшылықты аудандардың жағдайларында, әсіресе еліміздің солтүстік өңірінде, барлық көпжылдық екпе шөптерді таза күйінде, бүрке- месіз әдісімен сепкен дұрыс. Ең жақсы себу кезеңі – ертекөктемде себу. Су-армалы және арамшөптері мол жерлерде жаздық егудің де көрсеткіштері жаман емес. Бірақ, бұл жерде есте сақтайтын жағдай, солтүстік аудандарда мұндай егістерді шілде айының бірінші жартысынан қалмай жүргізіуіміз дұрыс, неге десек, бұдан кеш мезгілде себілген егістер қыстың суығына ұрынып шыдамай үсіп кетеді. Бұны АШҒЗИ-ты, Қарағандының облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе стансасы және Астананың АШИ-ның жүргізген ғылыми-зерттеулік жұмыстарының мәліметтерінде көрсетілген.
Көпжылдық астық тұқымдас шөптерді қатараралықтары 45 және 60 см, кең қатарлы әдісімен себеміз. Кеңқатарлы себудің, қатардағы (15 см) себу әдісінен артықшылықтары Солтүстік-Қазақстан, Қарабалық және Торғайдың ауылшаруашылықтылық тәжірибе стансаларының, сондай-ақ АШҒЗИ-ның жүргізген тәжірибелік зерттеулерімен дәлелденген (А.П.Макарова, 1984).
Павлодардың топырақты жел эрозиясынан қорғау туралы стансасының жүргізген тәжірибелік жұмыстары көрсеткендей, яғни Қарағанды және Ақ- мола облыстарының қуаңшылық аудандарында еркекшөпті кең қатарлы, қатараралықтары 45-60 см әдісімен себу, ең сенімді әдіс болып табылады. Ең жақсы өнімділік, еркекшөпті құрғақшылықты аудандарда себу мөлшері 2,0-2,5 млн. га, өңгіш тұқым немесе 4,0-5,0 кг/га, ал ылғалдылығы мол аудандарда салыстырмалы есепте 3,0-3,5 және 6,0-7,0 сепкенде алынды.
Қылтықсыз арпабастың да жақсы қатараралығы - 45-60 см. Кең қатарлы әдіспен сепкендегі (100%-лық егістілік жарамдылықта) қылтықсыз арпабас- тың себу мөлшері – 6-10 кг/га.

22.



  1. Қазақстанның шабындықтары мен жайылымдарында өсетін өсімдіктердің түрлері және олардың малазықтық маңызы.

  2. Табиғи жөне себілген малазықтық жерлерде өсетін шөптердің алғашқы және кейінгі жылдардагы вегетациялық кезеңдері.

  3. Жаздық, күздік, жартылай күздік шөптердің өсу-даму ерекшеліктері.

  4. Өркен қалыптасу жэне тамыр жүйесінің қүрылысы бойынша өсімдіктер типі.

  5. Алшынкөктігі бойынша өсімдіктерді топтастыру, алшын көктікке әсер ететін факторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет