Көпжылдық астық түқымдас шөптер тобына жататын дақылдар және олардың шаруашылық және агротехникалық маңызы


Егістікте қолданатын еркекшөп түрлері және олардың айырмашылық белгілері?



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі28,59 Kb.
#96847
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сурактар Азыктандр Ондирис Документ Microsoft Office Word

2. Егістікте қолданатын еркекшөп түрлері және олардың айырмашылық белгілері?
Еркек шөп , еркек бидайық (лат. Agropyron cristatum) – астық тұқымдасының бидайық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанның барлық облыстарында өседі. Биіктігі 25 – 70 см. Сабағы түкті, кейде жылтыр, жіңішке жапырағы таспа тәрізді. 3 – 10 түкті гүлі болады. Гүлшоғыры – масақ, жемісі – сопақша дәнек. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Еркек шөп – құнарлы мал азығы, оны басқа өсімдіктермен (әсіресе беде не эспарцетпен) қосып егеді. Далалы жердің ойпаттарында өсетін еркек шөптің масақтары жалпақ үш бұрышты болып келеді, ал оның құмда өсетіндерінің масақтары жіңішке және ұзын болады. Бір түптен 2-3 сабақ өседі. Масақ салған соң жылына бір рет орылады. 3 – 4 жылдан кейін өнімділігі жақсара түседі. 100 кг пішенінде 48,7% азық өлшемі, 3,3 – 4,1 кг сіңімді протеин бар, га-нан 12 – 20 ц пішен, 40 – 50 ц-дей көк шөп, 3 – 4 ц тұқым алынады. Аудандастырылған сорттары: жіңішке масақты Тауқұм, жергілікті Ақсеңгір, Қарабалық-202, жіңішке масақты Орал, т.б.
Жалпақ масақты еркек шөп Орал, Ақтөбе, Қостанай, облыстарыңда, ал жіңіщке масақты еркек шөп Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында кездеседі. Дәрілік шикізат және азық ретінде өсімдік жаңадан гүлдей бастаған кезде шалғымен шабылып немесе орақпен орылып алынып, қуратылмай кептіріледі.
Оның сабағы мен масағының құрамында көп мөлшерде нәруыз, клетчатка, майлар, минералды заттар бар.
Бұл өсімдік, біріншіден, жұғымды мал азығы, екіншіден, малдың асқазан-ішек жұмыстарын жақсартып, малды тез қондандырады. Сондықтан оның алдын – ала дайындалған шөбі қыста және көктемде арықтап, көтерем болуға айналған малдың жеміне араластырып беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет